Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Ауған соғысының ардагерлеріне құрмет

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, «№7 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Неміс тілі пәнінің мұғалімі Кабиева Бакыт Рамазановна
Сценарий тақырыбы: «Ауған соғысының ардагерлеріне құрмет»
«Комбат батяня» әні орындалып тұрады. (Қонақтар залға кіреді.)

Армысыздар, құрметті қонақтар, қымбатты көрермендер!
Бүгінгі «Ауған соғысының ардагерлеріне құрмет» атты кешімізді бастауға
рұқсат етіңіздер. ХХ ғасырдың қан түршігер оқиғаларының бірі – Ауған
соғысы. Жүздеген қазақстандықтар Ауған даласынан темір табытпен оралды. Ал
елге аман оралғандарының бүгінгі қал-ахуалы қалай деген мақсатпен бүгінгі
кешімізді Ауған соғысының жауынгер ардагерлеріне арнаймыз.
Ендеше бүгінгі кешіміздің құрметті қонағы , Ауған соғысының жауынгер
ардагерімен таныстырып өтейін: Ауған соғысының сарбазы, Сәтбаев қаласының №
3 орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Болатбек
Ашауұлы Баймұқанов. (автобиография)
Болатбек Ашауұлы Баймұқанов Қызылорда облысының Қазалы ауданында
дүниеге келіп, сол жердің орта мектебін тәмамдады. Аздан соң мектепті жаңа
бітірген жас жігіт Түркістан аймағына әскерге шақырылды. Әскерден Ленинград
Ұшқыштар мектебіне дәріс алуға жіберілді.
Ауғаныстанда 1984 жылдың қазан айынын 1986 жылдың қаңтарына дейін
Құндыз қаласында болды. Болатбек ағайдың айтуы бойынша қасында өзіндей жас
жігіттер болды. Олар десант болғандықтан Полихомерийде екі айлық операцияға
вертолетпентауға алып барды. Одан басқа Ауғаныстаннның сегіз қаласында
операцияларға қатысыпты.
Болатбек Ашауұлы Баймұқанов Ауған соғысынан оралғаннан кейін1987-1992
жыл аралығында Байқоңыр космодромында қызмет атқарды. Одан кейін Ақтөбе
қаласында аудандық әскери комиссардың көмекшісі қызметінде жүрді.1997
жылдан бастап отставкадағы Болатбек аға 2000 жылдан бері әскери жетекшілік
қызметте жүр. Бүгінгі күнде үш қызын құтты орнына қондырып, тату-тәтті өмір
сүруде.
Сіздердің құрметтеріңізге арналған « Қыздар-ай» тобының орындауында
«Сарбаздар » әнін қабыл алыңыздар.
Ауған халқының басынын не өтіп, не кетпеді?
Арыға бармай–ақ 1838жылы 30 мыңнан аса ағылшын әскері ауған жерін
тарпа бас салып,Қандағар, Гази, Кабул қалаларын басып алды. Осыдан кейін
бұл соғысқа Кеңес одағы араласып, ағылшындарды жеңген соң ауған халқын
қолтығының астына алды.60 жыл ішінде Ауғанстан оқ пен оттың, үміт пен
күдіктің ортасында өмір сүріп келді. 1979 жылы Кеңес одағының 52 мың әскері
ауған жеріне басып кірді, 9 жылға созылған соғыста онсыз да сіңірі шыққан
халық одан әрі озып, Ауған жерінің тоз-тозы шықты. Сол кездердегі ресми
деректерде Кеңес әскерінен 14 мыңға жуық адам өліп, жергілікті халықтан
құралған ауған әскерінің 1,5 млн.адамы қырылып қалғаны туралы айтылады. Бұл
соғысқа қазақстандықтар да қатысып, 5 мыңға жуығы қаза болды. Аман –есен
келгендерінің өзі аяқ-қолдарынан айырылып,мүгедек арнасына таңылды.
Есіміңізді ұмытпаймыз қастерлеп,
Жаңғыртамыз, көркейтеміз, жас бар тек,
Ұрпағыңбыз жалғастырар ізіңді
Жасық болсаң қаймығатын өзтер ме ек?
Жадымызда әркез сізді ұстаймыз
Жаңа заман ағымымен ұштаймыз.
Үлгі етіп ерлік, өнегеңізді,
әрқашан да тау қып берік ұстаймыз!-

Соңғы жылдары мақсатсыз соғыс аталып жүрген ауған соғысы
шынымен –ақ солай ма еді? Бұған жауап беру үшін сәз интернац.борышын өтеп
келген кеңес жауынгері Болатбек Ашауұлы Баймұқановқа сөз берейік. Муз.
Номер-----------------------------------------------------------------------
----------------------------------------------------------------

Келесі сөз кезегін мектебіміздің басшысы Шукенова Бигайша Усатаевнаға
береміз.
Сүйкімді болат қанжар тұрсын жайнап,
Ыстық –суық майданда шығар ойнап.
Өткен күннің белгісі ретінде сыйға
бердік,
Ұмытпа майдангер достарыңды ойлап.
Ежелден ел тілегі ,ер тілегі
Адал ұл ер боп туса-ел тірегі,
-дегендей сыйға тартқан семсерден дұшпандарыңыз сескеніп жүрсін.
( директор сөз сөйлеп отырады, подарка беріледі)
Ардақты асылзада ағалар –ай,
Сіздерді жүрміз бе біз бағаламай.
Өнеге емес пе еді өмірлеріңіз
Көңілдеріңіз болсын көктемгі шағаладай.
-дей отырып , құрметті Ауған соғысының ардагерлері, біздің мектебіміздің

оқуышысы Қамбарова Айжанның
өздеріңіздеріңіздің құрметтеріңізге арналған өлеңді қабыл алыңыз.
Кешегі кеңес одағы кезіндегі Ауған соғысы әлі ұмытыла қойған жоқ. Ол
халықтың басым көпшілігінің санасында, соның ішінде өрімдей-өрімдей
балаларынан айырылып қалған аналар қаншама, боздақтар қаншама! Ендеше,
әскерден анасына жазған хаттарының бірі ретінде «Анаға хат» өлеңін
тыңдайық.
----------------------------------------------------------------------
Кеңестер одағы жауынгерлерінің қатысуымен болған соғыс әрбір саналы
азаматтың есінен шықпауы тиіс. Бұл оқиғаны келесі бір әдеби-музыкалық
композициядан көрейік.
Әдеби-музыкалық композиция.
1. Кеңес одағы кезіндегі Ауған соғысы әлі ұмытыла қойған жоқ. Ол халықтың
басым көпшілігінің санасында. Өрімдей-өрімдей балаларынан қапыда
айырылып қалған отбасылар қаншама. Темір табытқа салынып, сол күйінде
ата-анасына да көрсетпей қара жердің құшағына берілген боздақтар
Коммунистік партия саясатының жазықсыз құрбандары болды.
2. Бұл соғыс жайында кеңес үкіметі құлағаннан кейін ғана ақтарылып айтып
жатырмыз. Алайда қаншама жерден шындықтың беті ашылғанымен, айтылмаған
ақиқаттар әлі де көп.
3. Ауғанстан
Сен үшін жасын ғайып
Ажал болдың арманға жасымайық.
Қос бүйірін таянып көнбес күндер
Аңырайды ана-жер.
4. Мамыр тумай тасымас мейманасы
Азаматтық атар таң кейуанасы.
Ауғаныстан, қаралы Ауғанстан
Жиырмасыншы ғасырдың бей даласы.
Жүздері жарқын жүректері Отан деп соққан қазақстандық жас
азаматтардың мақсаты мен ойларында бұл сұрапыл соғыс болған емес.
Санасыз саясаттың көздегені және аяғы да не соқтырғаны тарих
беттерінде айқындалып тұр. Қалай айтсақ та, Отан деген асыл сөзді ұран
еткен біздің батырларымыздың іс-әрекеттері мәңгілік біздің есімізде қала
бермек.
Арамызда жоқ, бірақ есімізде мәңгі қалған Ауған соғысының
батырларын бір минут еске алайық.(бір минут үнсіздік)

5. Жігіт болып ер жеттің,
Отанды қорғау парызың.
Қоштасып елмен сен кеттің,
Сарбаздығың- жазығың.

6. Қарамай қыршын жасыңа,
Апарды Ауған тасына.
Ерке өскен еркін бала едің,
Нәубет төнді басыңа.

7. Қайғы торлап қарауылдың шегіне
Автоматтың түрсіліне ұласқан
Қасіреттің бұлты торлап елінде.
Бой-бойымды шымырлатып солды аспан

8. Ол жақта бұйрық берілді сөздің орнына,
Ол жақта түнек берілді көздің орнына.
Ол жақта қанша қол қалды қан сорғалаған,
Арлан қақырды сойылмен қансонарда алған.

9. Әй, балам-ай, сенбе, мейлі, мойында,
Сол сұрапыл естен кетпес ойымда.
Қаншама әруақ жол тосып жүр әлі де,
Ауғанстан тас жолының бойында.

10. Сағыныштан жүректер жыртық-жыртық,
Оралдыңдар бірің ақсақ, бірің сылтып.
Болмасыншы ешқашан деп тілейік,
Сондағы сол бір соғыс, сол бір қырсық.

11. Асынып мылтық, ақ сауыт киіпсіздер,
Біздер үшін сіздер әркез биіксіздер.
Мерт болған сонда талай боздақ үшін,
Сіздер жүз жасауға тиіссіздер.
Сол кезде қанын төккен бауырларым
Өздеріңе ел-жұртың бас иеді!

12. Әрбір сарбаз елімнің боп тірегі,
Халқым аман болсыншы деп тіледі.
Егеменді ел болып етек жаптық.
Төбемізден көк байрақ желбіреді.

13. Өлімге қарсы шыққан ойланбастан.
Ерліктері ұрпаққа болған дастан.
Ауған соғысының жауынгері
Жаралған батылдық пен тек намыстан.
Ұрпақтар ұмытпақ емес есімдерін
Ауған жерін құшқан, өр ерлерін.
Уақыт өте еліміз тәуелсідік алып, бейбіт өмірдің үлгілі көрінісін беруде.
Қазақстан көп ұлтты бірлігі жарасқан ел. Намыс туын қолдан бермес азаматтар
да баршылық. Әрине, жау жоқ деме-жар астында демекші, елін жаудан әрдайым
қорғай алатын ұлдармен біз мақтан ете аламыз.
Жыл сайын 15 ақпан күні көзі тірі интернационалист жауынгерлер бір-бірімен
қауышып, сол интернационалдық борыштарын өтеуде қыршындарынан қиылған
қандыкөйлек достарын еске алуды дәстүрге айналдырды. Бұл үрдіс 1989 жылы 15
ақпанда Ауған жерінен кеңес әскерлерінің алғашқы легі шығарыла бастаған
күннен бастау алды. Осы күні бүкіл әлемді тітіркенткен сол бір соғыс
құрбандары мен тірі қалғандарына құрмет көрсетіледі. Бүгінгі құрмет
сіздерге арналады.
Ендеше елімізде бұндай соғыс болмасын. Еліміз өркендей берсін,
Отанымыз тыныш болсын, өздеріңіздей ер-азаматтар аман болсын деген ниетпен
ортамызға «Болашақ» ұйымының жас жеткіншектерін шақырамыз.
Сонымен, бүгін Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетіледі.
Бүгінгі күн атаулы күн, бүгін интернационалист – жауынгерлерді еске алу
күні. Бейбіт күннің қадірін қан кешкендерден артық білер жан бар ма екен?!
Ардагер асылзада ағалар-ай
Қалмақшы халқым қалай бағаламай.
Біз үшін дауылдарға дара барар,
Жарқылдай беріңдерші нар ағалар-ай.
Осымен «Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет » атты кездесу кешіміз
аяқталды. Сау-саламат болыңыздар. Осылай аман-есен еліміздің мақтанышы
болып жүре беріңіздер. Музыка орындалады «Комбат батяня».
Жүздері жарқын жүректері Отан деп соққан қазақстандық жас
азаматтардың мақсаты мен ойларында бұл сұрапыл соғыс болған емес.
Санасыз саясаттың көздегені және аяғы да не соқтырғаны тарих
беттерінде айқындалып тұр. Қалай айтсақ та, Отан деген асыл сөзді ұран
еткен біздің батырларымыздың іс-әрекеттері мәңгілік біздің есімізде қала
бермек.

Ұқсас жұмыстар
Ауғанстан - жүректегі жара
Ауған соғысының ардагерлері
Мәңгілік естен кетпес отты жылдар
Қазақ тарихындағы көп соғыстың бірегейі - ауған соғысы
Ауғанстан соғысы тарихына қысқаша мәлімет
Есімде Ауған соғысы
Соғы ардагерлері
Жеңістің жаңғырығы - ерліктің мәңгілігі
Ауғанның отты жалыны
«интернационалист-жауынгерлер» атты кеш
Пәндер