Тақырып 7-ге көбейту және бөлу кестесі

Сабақтың тақырыбы: 7-ге көбейту және бөлу кестесі.
Мақсаты:
- Оқушыларға 7-ге көбейту және бөлу кестелік жағдайын ұғындыру, есептей алуды үйрету.
- Ой - өрісі мен логикалық ойлау, қатесіз, жылдам есептеу қабілеттерін дамыту.
- Білімділікке, ұшқыр ойлауға, елін, туған жерін сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Көбейту кестесі, тапсырмалар жазылған плакаттар, семантикалық карта, геометриялық фигуралар.
Түрі: Жаңа білім беру.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Оқу - білім бұлағы,
Білім - өмір шырағы.
ІІ. Өткен сабақты қайталау.
Үй жұмыстарын тексеру.
Дәптерлерін ауыстыру, ауызша көбейту кестесін сұрау.
Кестені толтыру (плакат)
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Балалар, бүгін біздің өтетін тақырыбымыз: «7-ге көбейту және бөлу кестесі»
- Біз бүгін не істейміз деп ойлайсыңдар?
- 7-ге көбейту мен бөлуді есептей алу керек.
- Дәптерге әдемі жазуымыз керек.
- Өте дұрыс.
Сабақтың міндеттері:
- 7-ге көбейту мен бөлуді есептей алады.
- 7 санына байланысты ұғымдарды біледі.
- Сұрақтарға жауап береді.
- Семантикалық картамен жұмыс жасайды.
- Фигуралардың ауданын таба алады.
- Балалар, ертең қандай күн? (16. ХІІ) Ол қандай мереке?
- Тәуелсіздік дегеніміз не?
- Біздің бүгінгі ұранымыз: «Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ»
- Балалар, сендер 7-санына байланысты қандай ұғымдарды білесіңдер?
Жеті жетекші:
- Адамның басшысы - ақыл
- Жетекшісі - талап
- Жолаушысы - ой
- Жолдасы - кәсіп
- Қорғаны - сабыр
- Қорғаушысы- мінез
- Сынаушысы - халық
Жеті қазына:
- Ер жігіт
- Сұлу әйел
- Ақыл, білім
- Жүйрік ат
- Қыран бүркіт
- Берен мылтық
- Жүйрік тазы
Жеті ғалам:
Шығыс, Батыс, Оңтүстік, Солтүстік, Аспан (жоғары ғалам), Жер (орта ғалам), Жер асты (төмендегі ғалам)
Жеті күн:
Бүгін, ертең, бүрсігүні, арғы күн, ауыр күн, соңғы күн, азына.
Жеті күн:
Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
Жеті жұт:
Құрғақшылық, жұт, өрт, оба (ауру), соғыс, топан су, зілзала.
Жеті жоқ:
Жерде өлшеуіш жоқ.
Аспанда тіреуіш жоқ.
Таста тамыр жоқ.
Тасбақада талақ жоқ.
Аллада бауыр жоқ.
Аққуда сүт жоқ.
Жылқыда өт жоқ.
Жеті ата:
Бала, әке, ата, арғы ата, баба, түп ата, тек ата.
Жеті қат жер:
Ай, Күн, Шолпан, Меркурий, Марс, Сатурн, Юпитер.
Жеті амал:
Күннің тоқырауы.
Қарашаның қатуы.
Үркердің батуы.
Мұздың қатуы.
Киіктің матауы.
Қыс тоқсан.
Ай тоғамы.
Әз Тәукенің Жеті жарғысы.
Жеті шелпек.
Жеті нота:
До, ре, ми, фа, со, ля, си.
- Өте жақсы, балалар, енді дәптерлеріңді, оқулықтарыңды ашыңдар.
Оқулықпен жұмыс
№ 1, 2, 3, 4 ауызша
№ 5 Бос орынға тиісті санды қой (плакат )
63
7 * 7 63 : 7 49 : 7 8 * 7 7 * 9 9
№ 6 Теңдеу құр және оларды шеш
Х + 253=609 63 : X = 9
X = 609-253 X = 63 : 9
X = 356 X = 7
№ 7 Тиісті санды орнына қой (плакат)
* 7 = 2 * 6 + 2 56 : = 4 * 2 5 * 9 + 18 = 9 *
№ 8 Ауызша
(35 + 49) : 7 = 84 : 7 = 12
7 * 3 + 6 * 2 = 33
№ 9 Ауызша
Буратино S = 4см 2
Мультфильм кейіпкерлері
Шапокляк S =5см 2
№ 10 Тақтаға орындау. Қалдықпен бөлу.
8 : 7 = 1 (қ1) 10 : 7 = 1 (қ3) 12 : 7 = 1 (қ5)
15 : 7 = 2 (қ1) 17 : 7 = 2 (қ3) 19 : 7 = 2 (қ5)
9 : 7 = 1 (қ2) 11 : 7 = 1 (қ4) 13 : 7 = 1 (қ6)
16 : 7 = 2 (қ2) 18 : 7 = 2 (қ4) 20 : 7 = 2 (қ6)
Сергіту сәті:
ІV. Сабақты бекіту.
Семантикалық картамен жұмыс.
Жауаптар
Тапсырма
Тақтаға түрлі-түсті әртүрлі фигуралар ілу, ауданын табу.
7см
3см S = 3см * 7см = 21см 2
Тіктөртбұрыш
3см
3см S = 3см * 3см = 9см 2
Шаршы
5см
S = 3см * 5см = 15см 2
3см Тіктөртбұрыш
Фигуралардың артынан «Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ» деген нақыл сөз шығады.
V. Үйге:
№ 11, № 12 129 бет.
Көбейту кестесін жаттау.
VI . Бағалау.
Жамбыл облысы
Шу ауданы
Белбасар ауылы
Ш. Уәлиханов атындағы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі:
Утарбаева Күлайша Райымбекқызы.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz