Сан есім

Тақырыбы: Сан есім. 1-6 жаттығулар.
Мақсаты:
- Оқушыларға сан есім туралы түсінік беріп, сөйлем ішінен сан есімді таба алуға үйрету;
- Оқушылардың ақыл-ойын, байқағыштық қабілеттерін, каллиграфиясын жетілдіру, сөздік қорын, күнделікті сөйлеу тілін дамыту;
- Оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа, өзара ынтымақтастыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекіліктері:
Суреттер, нақыл сөздер жазылған плакат, семантикалық карта,
тірек сызбалар.
Сабақтың түрі:
Жаңа сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Оқу - білім бұлағы,
Білім - өмір шырағы.
ІІ. Өткенді еске түсіру.
1) Үйге берілген жаттығуларын оқыту, талдау.
7-жаттығу. Берілген сын есімдердің қарсы мәндес сыңарларын тауып жазу.
Терең - . . . (таяз), ыстық - . . . (суық), адал - . . . (арам), жұмсақ - . . . (қатты), жуан - . . . (жіңішке) .
2) Ауызша.
Сын есім дегеніміз не?
Сұрақтары қандай?
Сын есімнің түрлері қандай?
3) Үй тапсырмасын қорытындылау. Плакат ілу.
түсі
сапасы дәмі
түрі пішіні
салмағы көлемі
дара күрделі негізгі туынды қарсы мәндес
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Міне, балалар, өткен тапсырманы еске түсірдік, өте жақсы.
- Балалар, бүгін нешінші наурыз? (Он үшінші)
- Нешінші сыныпта оқисыңдар? (төртінші)
- Сыныпта неше оқушы бар? (он алты)
- Әр партаға нешеуден отырамыз? (екі-екіден)
- Сыныпта неше терезе бар? (екеу)
- Дұрыс, балалар, осы сөздерге қандай сұрақтар қойлып отыр?
- Қанша? Неше? Нешінші? Нешеу?
- Ендеше, бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Сан есім»
Тақтаға суреттер ілінеді. Оқушылар сөйлем құрастырады. Сұрақтар қояды.
Аққу өзінің төрт көгілдірімен су бетінде жүзіп барады. Тауық алты балапан басып шығарды. Оқушылар екі-екіден бөлініп, ойын ойнап жатыр.
-Өте жақсы, сөйлем ішінен сан есімді тауып алдыңдар. Плакаттағы кестеге көңіл бөлеміз.
Қанша?
Неше?
Нешінші?
Нешеу?
Нешеден?
Қаншадан?
екінші
оныншы
елуінші
т. б.
төрт
тоғыз
мың
т. б.
біреу
екеу
үшеу
төртеу
бесеу
алтау
жетеу
үштен
оннан
жүзден т. б.
бестің бірі
алты жарым
ширек т. б.
екілерден
отыздардан
қырық екілерден т. б.
бес
төрт
алты
тоқсан
миллион т. б.
он екі
елу бес
жүз сексен бес
екі жүз он т. б.
Оқулықпен жұмыс 144 бет
1-жаттығуды мәнерлеп оқып, жұмбақты шешу. Сан есімдерді тауып, теріп жазу.
Жауабы: домбыра Үш, екі, тоғыз-есептік сан есім.
2-жаттығуды көшіру, сан есімнің қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсету.
Бір кісі қазған құдықтан,
Мың кісі су ішеді.
3- жаттығуды ауызша орындау.
Әділет бес дәптер сатып алды. - неше?
Ақжан бесінші пәтерде тұрады. - нешінші?
Біреу көріп күледі,
Біреу еріп күледі. - нешеу?
4-жаттығуды көшіріп, сан есімдердің астын сызу.
Стансы ауылдан жиырма шақырым жерде. Пойыз сағат бесте жүреді. Әділ стансыға екінші автобуспен келді. Ол - үшінші курс студенті.
Сергіту сәті.
IV. Сабақты қорыту:
1) Семантикалық картамен жұмыс
Сөздер
Сан есімдер
екеу
үшеу
бесінші
отызыншы
бір, он,
жүз
төрттің бірі
екі жарым
2) Ребус шешу
100 -ік, 100 -ім, 100 -дік.
3) Плакатпен жұмыс
Плакатта жазылған мақал-мәтелдерді толықтырып, тиісті сан есімді жазу.
. . . күндік жолға шықсаң, - (бір)
. . . күндік жол азық ал. - (үш)
. . . болсаң, бір біріңмен кеңес, - (екеу)
. . . болсаң, қабырғаңмен кеңес. - (біреу)
V. Үйге тапсырма:
5-жаттығу, ережені жатқа айту.
Сан есімдері бар мақал-мәтелдер жазып келу.
VІ. Бағалау. Мадақтау
Жамбыл облысы
Шу ауданы
Белбасар ауылы
Ш. Уәлиханов атындағы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі:
Утарбаева Күлайша Райымбекқызы.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz