Менің мектебім

Сабақтың тақырыбы: «Менің мектебім»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
мектеп өмірі бойынша өткен материалды қайталау, бекіту. Оқып үйренген материалдың қаншалықты меңгергендерін байқау.
Дамытушылық:
танымдық белсенділігін арттыру, тілдік қорын молайту, алған білімін жаңа жағдайда пайдалана білуге баулу.
Тәрбиелік:
мектепке, қоршаған ортасына, қазақ тілі пәніне сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.
Сабақтыңтүрі:
аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, кестемен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: өз мектебі жөнінде өз пікірін айта білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Сәлемдесу, Шаттық шеңбер «Жүректен жүрекке». Бір-біріне сәттілік тілеу.
Балалар айтады:
Армысың, алтын күн,
Армысың, көк аспан.
Армысың, жан досым,
Жылуыма жылу қос,
Мынау менің қолым.
Оқушыларға сабақ, мұғалім, сынып жазулары бар сөздер таратылады. Соған байланысты 3 топқа бөлінеді.
Оқушылар орындарына отырған соң мұғалімнің айтқаның қайталайды.
Дыбыстық жаттығу
- Ыр - ыр - ыр ырылдайды қасқыр,
- кі - кі - кі бұлаңдайды түлкі,
- Ян - ян - ян жүгіріп жүр қоян.
- Ю - ю - ю қорбаңдайды аю.
- Ар - ар - ар жерді жапты қар.
- ыс - ыс - ыс келіп қалды қыс
Дыбыстық жаттығудан соң, сөзжұмбақты анықтау.
Ой шақыру
.
Сөзжұмбақ
Сөзжұмбақты шешу.
Учитель. Широкий. Дежурный. Книга. Окно. Класс.
Видео арқылы сабақтың тақырыбын анықтау.
. - Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Менің мектебім».
- Біз бүгін мектеп туралы алған білімдерімізді тереңдетіп, қызықты ойындар, кәртішкелер, суреттер арқылы сауаттылығымызды тексеріп, тілімізді ұстартуға күш саламыз. Бірге отырып қиындықты жеңуге тырысамыз. Енді осы оқып-үйренген материалды қалай меңгергенімізді отырған қонақтарға көрсетейік
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
І кезең: «Шыршаның ойыншықтарын жинау» ойыны
- Осы 2016 жыл қай жануар жылы?
- Мешін жылы. Дұрыс, олай болса мына тұрған маймылға көмек ойынын ойнайық. Ол үшін мына ағаштағы банандардың артыңдағы сұрақтарға жауап беріп, мына себепке жинауымыз керек.
1. Біз тақтаға немен жазамыз? (бор)
2. Сынып жабдығы, барлық сыныпта бар? (үстел)
3. Сабақта жиі қолданамыз, ол да сынып жабдығы, біз оған жазамыз? (тақта)
4. «Урок» сөзінің қазақша аудармасы? (сабақ)
5. Оқушыларға кім білім береді? (мұғалім)
6. Мектептегі ең жақсы баға қандай? (бес)
7. Күнде барлық сабақта қолданатын оқу құралы? (кітап)
8. Оқушылар сол бойынша сабақтарға барады немесе дайындайды? (кесте)
9. Оқушылар мектепке не үшін келеді? (білім)
ІІІ. Жаңа сабақ
Біз сабағымызды бастамас бұрын сөздікпен жұмыс жасайық.
Тақтада сөздер жазылып тұрады. Балалар сол сөздерді кезекпен-кезек оқиды және аударады. Тақтаға барып жазады аудармасын.
ІІ кезең: Сөздікпен жұмыс
Мектеп - школа - school
Кітап - книга - book
Мұғалім - учитель - teacher
Сынып - класс - class
Оқушы - ученик - puple
Қалам - ручка - pen
ІІІ кезең: «Мозаика құрастыру»
Мәтін бойынша жұмыс
1- топ. Лекция парадокс (бұрыс)
Біздің мектебіміз екі қабатты. Ұстаздар оқушыларға журнал береді. Оқушылар үзілісте оқиды. Мектептің спортзалы екінші қабатында орналасқан. Мұғалімдер кабинеті қараңғы, таза. Мектеп ауылдың ортасында орналасқан.
2- топ. «Мозаика» оқыта үйрету ойынын ұйымдастыру.
сөйлемдерді жеке - жеке параққа жазып, олардың әрқайсысын жеке хатқалта салады. Хатқалтаны сөйлемнің әр сөзі жекелеп қиылған. Тапсырма: оқушы берілген сөздерді ретімен орналастырып, сөйлемдерді қалпына келтіреді. Осылайша барлық сөйлем дұрыс құрастырылып, оқылады. Ендігі кезекте оқушылар сол сөйлемдерді мағынасына қарай нөмірлеп, мәтін құрастырады.
Құрастырылған мәтінді толық оқытып, мазмұнын айтқызу.
Айнұр мектепке келді. Қоңырау соғылды. Мұғалім сыныпқа кірді. Сабақ басталды. Бірінші сабақ - қазақ тілі болды. Оқушылар жаттығуды оқыды. Айнұр өлең оқыды.
3-топ. Мәтінмен жұмыс жасайды. Аударады және 3 сұрақ құрастырады.
Менің мектебім!
Менің атым Саян. Мен үшінші сыныпта оқимын. Біздің мектеп үш қабатты, іші үлкен, жарық. Менің сыныбым екінші қабатта, іші кең, жылы және жарық. Менің мұғалімім өте жақсы адам. Маған мектебім ұнайды.
ІV кезең: Сергіту сәті
Видеосюжетте көргеніміз бойынша билейміз.
V кезең: Суретпен жұмыс үш қатарға үш сурет беріледі.
І топ: «Менің мектебім» тақырыбына әңгіме құрастырамыз.
ІІ топ: «Сынып» тақырыбына диолог құрастырамыз.
ІІІ топ: «Менің оқу құралдарым» сөйлемдер құрастыр және олар не үшін керек деген сұраққа жауап бер.
VІ кезең: Кластер құру
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz