Мектепке дейінгі балалардың танымдық процестерін ойын арқылы дамытудың әдістері

Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестерін ойын арқылы дамыту жолдары.

«Балақай өсімдік сияқты өз ішінен өсіп жетіледі. Және бұл үрдіс қатал түрде әр жеке баланың өзіне ғана тән. Бала тіршілігінің негізгі заңдарының бірі осындай».

Психолог Е. А. Аркин

Мақсаты: Балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау мен қабылдауын дамытуғы, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс- әрекетін бағалап әрі құрметтей отырып, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау.

Міндеті: Баланың оқыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай жүйрік етіп тәрбиелеу.

Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып табылады. Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамтыудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы - ойын әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып, уақыт өткізудің құралы болмай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілеттін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет. Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді, себеп-салдарлық байланысты және тәуелділікті анықтауға тырысады. Мысалы, «Салыстыр да атын ата», «Қай сурет тығылды?», «Биші адамдар», «Саусақ» және т. б ойындар арқылы балалардың таным процестерін зерттеуге болады. Айналадағы өмір құбылыстарын, ерекшеліктерін байқай отырып, білуге қызығушылығы туындайды, осы сезім оны талпыныстарға жетелейді. Ойын негізінде ойлай отырып, тапсырмаларды өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүние танымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады.

Ойынның маңызы:

1. Балалар үшін- ақыл-ойы дамиды, қызығушылығы, белсенділігі,

шығармашылығы артады, тұлғалық қасиеттері қалыптасады.

2. Тәрбиешілер үшін-ойын түрінде оқыту жалықтырмайды, сабақты қызықты өткізуге, білім сапасын арттыруда ойын технологиясы тәрбиеші үшін тиімді.

3. Ата-аналар үшін- бала бойындағы жағымсыз қылықтарды ойын арқылы тәрбиелейді.

Қорыта келе, атақты психолог В. Сухомлинский: «Ойын дегеніміз - ұшқын білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты», - деген сөзі әрбір педагогтардың жүрегінен орын алса, бала тәрбиесіндегі психологиялық таным үрдістерінде ойын технологиясының үлесі одан әрі арта түседі деген сенімдемін.

Үржар ауданы әкімдігінің «Ер Төстік» балабақшасы

КМҚК-ның педагог-психологы

Далекина Гульназ Абдылхамитовна


Ұқсас жұмыстар
Халық ауыз әдебиеті мен желілі-рөлді ойын арқылы мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту
Жаңа ұлттық білім үлгісіндегі мектепке дейінгі балалардың танымдық әрекеттерін дамыту және бағалау
Қоршаған ортамен танысу арқылы мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі
Балабақшада ойын арқылы балалардың сөздік қорын дамыту әдістері
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестері мен мектепке дайындығын диагностикалау әдістемелері
3-5 жастағы мектепке дейінгі балалардың танымдық дамуы: психологтың міндеттері мен ойындық әдістер
Театрландырылған қойылымдар арқылы мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту: №16 Шағала балабақшасының тәжірибесі
Мектепке дейінгі кезеңде балалардың сөйлеу тілін түзетудегі ұсақ қол моторикасының маңызы және дамыту әдістері
Мектепке дейінгі жастағы балаларды табиғатпен таныстыру арқылы экологиялық тәрбиелеудің әдістері мен тәжірибесі
Ойын арқылы балалардың ойлау жүйесі мен тілін дамытудың сценарийі: Бала-бақшаға 100 күн сабағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz