Сабақ жоспары :: Тәрбие сағаты
Файл қосу
Баланың бас ұстазы- ата-анасы
Ақмола облысы
Жарқайың ауданы
Өмірлік орта мектебі
Бастауыш сынып жетекшісі
Мықтыбекова Зинат Қайыржанқызы
Сыныптан тыс іс-шара
Сабақтың тақырыбы: «Баланың бас ұстазы- ата-анасы»
Мақсаты: Бала бойына сүйіспеншілікті , жылылықты ұялату,ата-анасын құрмет
тұтып, адал да парасатты ұл мен қыз болуға тәрбиелеу; Халқымыздың
тәлім- тәрбиесінің ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен,ата ақылымен
берілетіндігін,өзіндік ұлттық қасиетімізді балалар бойына дарыту.Отбасы
мүшелері арасындағы бауырмалдық,қайырымдылық,достық қарым-қатынасқа
тәрбиелеу
Сабақтың түрі: сайыс
Сабақтың көрнегілігі: нақыл сөздер,интерактивті тақта,маркер, плкаттар,
шарлар,суреттер
Сабақтың барысы
1.Артық болмас таныстық
2.Білгенге маржан
3. Жағдаяттан қалай шығасыз?
4. Отбасымның құпиясы
5.Сиқырлы жүрек
6.Қорытынды
Мұғалім: Мен өз сөзімді еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен
бастағым келіп тұр.
Отбасы - қоғамның маңызы буыны және өзінше бір кішігірім ұжым. Көп ұлт
өкілдері мекен еткен мемлекетіміздің негізі осы шағын ужымдардан қаланады.
Осы жағынан кез-келген отбасы өзің қоғамның бір бөлігі деп түсінеді.,-деген
екен.
Осынау іс-шараға
Келіпсіздер жиылып
Сәлем бердік сіздерге
Біз де міне иіліп
Ұлың өсіп келеді,
Ата-ананың үміті
Тәрбиелеп келесіз
Ел қорғайтын жігітті,
Қыз бой жетіп келеді
Шуақ шашып әр үйге
Гүлдей жайнап өссінші
Сыйлы болып бәріне
Ата-ананың жүрегі
Бала деп қана соғады
Баласы жақсы адамның
Басына бақыт қонады.-дей келе құрметті ата-аналар,оқушылар олай болса біз І
бөлімімізді бастаймыз.
«Артық болмас таныстық»
Шарты: Алдымен өз есімдеріңіздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттің
біреуін айтып, өзіңіз туралы қысқаша мәлімет беруіңіз керек.
Мысалы: Мен нұрлы – Нұргүлмін;
Мен көрікті - Әсеммін;
Мен дарынды – Дидармын. Солай әр ата-ана және әр оқушы өздерін таныстырып
кетеді.Және әр топ өздеріне топ аттарын қоюуы керек.
Сонымен қатар әр топтың белсенділігін анықтау үшін сарапшылар тағайындап
алайық,со кісілер өз ойларын айтады және ұпаймен бағалайды.Ең көп ұпайды
кім жинайды,сол топ жеңіске жетеді.
Ата-ана, бақытымсың,барымсың
Тірегімсің,сүйенішім,бағымсың
Жалғасындай ата-ананың балалар
Жақсы атымен бар әлемге танылсын!-дей келе еінші бөлімімізді бастаймыз.
ІІ.Білгенге маржан
Бұл бөлімде екі топтың оқушылары мақал-мәтел айтып жарысады.Ал ата-аналарға
мен ұлағатты сөздер беремін.Сол сөздерді ортаға шығып мағынасын
түсіндіріп,қорғайды.
1-топқа
«Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер»
2-топқа
«Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер»
Мұғалім: ІІ бөлімнің қорытындысын білу үшін сарапшыларымызға сөз кезегін
берейік.
/сарапшылардың сөзі тыңдалады/
Мұғалім:
Алдымен сүй, ардақты ата-анаңды,
Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.
Бар жақсылық балаға бұл ғаламда
Мейірімінен ананың жасалады.
Мұғалім: Енді келесі бөлімге көшейік
«Жағдаяттан қалай шығасыз?» Бұл бөлімде оқушыларға сөзжұмбақтар
беремін.Оқушылар сол суреттерді қорғайды. Ал ата-аналарға ситуациялық
сұрақтар қойылады.Сол сұрақтарға жауап береді.
1-жағдаят
Тоқсандық қорытындысы бойынша сіздің балаңыз бір сабақтан үшке кетті
делік.Сіздің іс-әрекетіңіз.
2-жағдаят
Балаңыз мектептен жылап келді”мұғалім маған ұрысты” деп ... Сіз не
істер едіңіз?
3-жағдаят
Бала мен бала мектептен шығып келе жатқанда бір-бірімен төбелесіп
қалды.Ол бала сіздің балаңыздың өте жақын жолдасы еді.Сіздің іс-
әрекеріңіз
4-жағдаят
Балаңыз -өте жақсы оқитын бала.Бір күні сабақтан екі алып,мұғалімнің
ескертпесі күнделікке жазылып келді..Сіз не істер едіңіз?
5-жағдаят
Егер ұлыңыз мектептен келе сала: «Құрысын мектеп! Мұғалімдердің бәрі
әділетсіз! » деп күйіп піседі.Сіз не істейсіз?
6-жағдаят
Балаңыз «Математика сабағы тіпті ұнамайды» - дейді.Сіз қандай шара қолданар
едіңіз.
7-жағдаят
Егер сіздің балаңыз басқа сыныптың бір баласын ұрып,қатты жаралап
тастады.Сізге сол баланың ата-анасы звандап ренжіді.Бұндай жағдайда сіз не
шара қолданасыз?
8-жағдаят
Сіздің үйге бір бала мені ұрды деп өтірік айтып келді.Сіз бұл жағдайда
қандай шара қолданасыз?
Міне құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар біз бәрімізде ситуациялық
жағдайдан әрдайым шыға білуіміз керек.Өздеріңіз көріп отырғандай барлық ата-
аналарымыз жауап берді.
Мұғалім:
Пікірсайыс кезегін
Берейік ата-анаға
Кімнің ойын дұрыстығын
Зерделесін бала да
Кімнің сөзі келісті
Аналар пікір бөліссін
Тақырып болсын тәрбие
Ой қозғалсын жемісті- дей енді келесі бөліміміз «Отбасымның құпиясы» деп
аталады.Бұл бөлімде ата-аналарға да,оқушыларға да жеке-жеке сұрақтар
қойылады.
Балаларға:
-Анаңның сүйіп жасайтын жұмысы не?
-Анаңның туған күні қашан?
-Үйдегі адам саны қанша?
-Бауырың неше жаста?
-Үйде ыдысты кім жуады?
-Үйді кім жинастырады?
-Таңертең сені кім оятады?
-Әкеңнің туған күні қашан?
Ата-аналарға
-Балаңыздың туған күні қашан?
-Балаңыздың ең жақын досы кім?
-Балаңыздың оқитын кітап- журналдарын атаңыз?
-Бос уақытын қалай өткізеді?
-Балаңыздың үйдегі сүйікті ісі?
-Балаңыз қай пәнді жақсы көреді?
-Балаңыздың арманы не?
-Балаға үлгі болатын адам кім?
Соңғы бөлім «Сиқырлы жүрек» деп аталады
Бұл бөлімде оқушылар тақтадағы жүрекке 1-ші топ «Бақытты отбасына» керекті
сөздерді жабыстырсын,ал екінші топ «Өнегелі отбасына» керекті сөздерді
жазып жабыстырады.Ал ата-аналарға мен мына жүректі беремін,сол жүректің 1-
ші бетіне балаларын мадақтағанда қандай сөз айтады және жазалағанда қандай
сөз айтады.Соны жазады.
Енді сарапшыларымызға сөз кезегін берейік.
Қорытынды:
Енді бәрі жақсы көңіл күймен аяқталсын деген оймен мен балаларды видеоға
түсірген болатынмын.Сол сәттерді көріп,тыңдайық.
Қымбатты ата-аналар мен оқушылар,ұстаздар бүгінгі іс-шарамызда көптеген
мазмұнды пікірлер тәрбиелік мәні бар озық іс-тәжірибелер ортаға
салынды.Ата-анаға да, балаларға да қажетті тартымды ойлар айтылып,нақты
қорытындылар жасалды.Оқушылар сендер айтылған әрбір ақыл-кеңестерден
өмірге қажетті тұжырымдарды ойға тоқып,еліміздің білімді де білікті
азаматтары болып өсіңдер.
Әкең- қазақ, шешең-қазақ қарағым
Сен де ұлысың мынау дархан даланың
Әр халықта ұлттық намыс деген бар
Оны биік қасиет деп санағын. –дей келе іс-шарамызды аяқтаймыз және мынау
естелік сыйлықтарды тарту еткім келіп тұр.
[pic]

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz