Сабақ жоспары :: Биология
Файл қосу
Құстар жайлы
Сабақтың тақырыбы: Құстар.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мәтін туралы түсінік беру. Әр түрлі
суреттер арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын
молайту. Оқушыларды табиғатты аялауға, құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Видиопроектор, слайд, дөңгелекшелер, кітап.
Сабақтың түрі: Аралас, ойын сабақ.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру
А) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
II. Өткенді пысықтау.
-Балалар, бүгінгі сабағымыз күндегіден ерекше болады. Бізге бүгін қонақтар
келіп отыр. Қонақтарды жақсы қарсы алуымыз керек. Ол үшін өткен сабақты
пысықтаймыз.
-Ойын ойнағыларың келе ма? Экранға назар аударайық.
I. Ойын. «Қалағаныңды таңда»
Сурет сыртындағы сұраққа жауап.
«Қалағаныңды таңда»
[pic] [pic] [pic]
[pic] [pic] [pic]
«Жабайы аңдарды» ата?
Үй жануарларын ата?
Сүтқоректі жануарлар деп нені атайды?
Жабайы аңдардың пайдасы туралы айтып бер.
Үй жануарларының пайдасы туралы айтып бер.
Жабайы аңдар қалай бейімделген?
Өткен сабақты қорыту.
ВЕНН диаграмасы.
II. Ойын. «Ойна да, ойла» Шарты
Жұмбақ беріледі. Шешуіне сәйкес сурет экраннан көрсетіледі.
Шарлап келіп даланы,
Үйіне үйін салады.
( Қарлығаш)
Сайрайды бір талмайды,
Әнші құс бал таңдайды.
( Бұлбұл)
Күндіз тіпті ұшпайды,
Түнде тышқан ұстайды,
Көзі шамға ұқсайды.
( Жапалақ)
4. Ақ сарайын талтаңдап,
Шықты біреу талтаңдап.
( Балапан)
-Бұларды бір сөзбен не деп атаймыз?
- Құстар.
Құстар
Топтастыру стратегиясы
[pic]
Оқулықпен жүмыс.
Құстардың атын атау. 5 құсты таңда.
Ойын. «Артық болмас білгенің,...»
Дуадақ, тырна, аққу, бүркіт, тоқылдақ.
Дуадақ- өте ірі құс. Күшті ұзын аяқтарында кеудесі, ұзын жуан мойнында
кішілеу басы орналасқан,тұмсығында мұрты, қауырсыны бар. Дуадақтың жаулары
өте көп. Ересек дуадақты бүркіт сияқты жыртқыш құстар аулайды. Жұмыртқасы
мен балапандарын қасқыр, түлкі, қарсақтар тауып жейді. Қазір бұл құс сирек
кездеседі. Бір кездері еті үшін адамдар аулаған, ал қазір оларға тыйым
салынған.
Тырна-ұзын сирақты, ұзын мойынды болады. Балшықты жерлер мен ылғал
шабындықтарды мекендейді. Жұптасып ылғал жерлерге қоныстанады. Ұясын таяз
жерлерге, томар, төмпешіктің үстеріне салады. Тырналар өте сақ құс. Топтары
қоректеніп жатқанда, бір-екеуі айналаны бақылап, қауіп төнсе хабар береді.
Кейбір мемлекетте тырналарды үй жануарларын қорғау үшін қолға үйретуде.
Тоқылдақ-дене пішіні орташа. Кәрі ағаштар көп, ұңғылауға ыңғайлы жуан
діңдері бар қараңғы орманда қоныстанады. Мекендейтін ормандары азайған
сайын, сандары да азайып барады. Тоқылдақтың тұмсығы қашау сияқты өткір,
мықты болады. Ағашты тесіп, қабықтың астынан ірі алуан құрттарды ұзын
тілмен салып жеу үшін, қарағай, шырша бүрлерінің қатты қабыршағын шағып,
қураған ағаш діңін ұңғып, ұя жасау үшін мұндай өткір, мықты тұмсық
тоқылдақта кездеседі екен.
Бірқазан-еліміздің су қоймаларында тіршілік етеді. Бұл ерекше ақшыл құс,
ерекше үлкен тұмсығы бар, оның төменгі жағы өте қатты созылатын тері
қапшықтан тұрады. Олар өте жақсы ұшады. Бірқазан балықпен қоректенеді, ожау
сияқты тұмсығымен ұстайды.Ұясын қамыстың кептелген шетіне, кейде аралшықтың
ашық жеріне салады.
Аққу-аппақ, ерекше ұзын да әсем мойны бар құс. Аққулар уақыттың көбін суда
жузіп өткізеді, бірақ сүнгімейді. Таяз суларда басын суға батырады. Су
үстінде ұзақ екпіндеп барып ұшады. Ұясын қамыс пен қоғаның қопасында
салады.
Бүркіт-өте ірі қыран. Қауырсынының түсі қоңыр, басы мен мойнының төменгі
жағында жалтырап ұшталған қауырсыны болады. Көп жерде ұялайды, бірақ өте
сирек, Ағаштар мен құзда салған ұясын бірнеше жыл пайдаланады. Бүркіт нағыз
аңшы құс. Ол суыр, қоян, сарышұнақ, кекілік, ұлар т.б. жейді, өлекселерден
жеркенбейді. Бұл құсты аң аулауға үйрететін бүркітшілер мектебі бар. Күшті
үйретілген бүркіттер қоян, түлкі тіпті қасқыр да аулайды.
Сергіту сәті.
Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқыту.
Ой қозғау. «Құстың пайдасы бар ма?» дегенді қалай түсінесіңдер.
Суретпен жұмыс. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Ойын. «Құстарды құтқарайық» Оқушылар қалаған құстың суреттерін алып,
артындағы сұраққа жауап береді.
Құстарды қандай жануар дейміз?
Жабайы құстар қалай тіршілік етеді?
Дуадақ қандай құс?
Тырна қандай құс?
Сабақты қорыту.
Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Не үйрендік?
Оқушыларды сабаққа қатысына қарай мадақтау.(Түрлі машиналар мен қуыршақтар
беру)
-----------------------
Қолда бағылады
Саны азайған
өздігінен тіршілік етеді
Түрі көп
пайдалы
Қанатты жануар

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz