Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Бунақденелілердің көбеюі және дамуы
Сабақтың тақырыбы: Бунақденелілердің көбеюі және дамуы. Даму типтері
Сабақтың мақсаты: Бунақденелілердің көбеюі және дамуын, даму типтерін,
даму ерекшеліктерін оқып үйрену.
Білімділігі:Білім маңыздылығын түсініп, қажетті іс-әрекетті белсене және өз
бетінше орындауға, тапсырмаларды өзі таңдап, іздеп табуға, құр мәлімет
алумен шектелмей, сабақ барысында өз пікірін ашық айтып, сұқбат жүргізуге,
рухани және әлеуметтік жағынан білімдерін көтеру.
Дамутышылығы: Баланың дүниетанымын кеңейтіп, рухани өсуіне, жеке тұлға
ретінде өзіндік пікірін қалыптастыруға жағдай жасау.
Тәрбиелілігі: Табиғатты сүюге және қорғауға,туған елін, жерін сүюге,
адамгершілікке, еңбекке, ұқыптылыққа, жан-жануарларды аялап күтуге
тәрбиелеу.
Көрнеклілігі. Үлестірмелер, плакат, жәндіктер жинақтамасы, слайд,
бейнеролик, кестелер, тірек сызбалар
Сабақтың түрі. Аралас сабақ..
Пән аралық байланысы. Маңғыстау жануарлар дүниесі. Авторы: Г.А. Бейсенова,
Ж. Ж. Мамаева. А. В. Кривогуз. Е. К. Искалиев. Биология 7-сынып оқулығы.
Авторы: Қ. Қайым, Р. Сәтімбеков. Ә. Әметов. Қ. Қожантаев.
Валеология. Авторы: А. С. Әділханов География, Биология, Экология орта
мектепте журналы.
Сабақтың әдісі. Түсіндіру, сұрақ жауап, биологиялық диктант, кесте, СТО
стратегияларының түрлері, сәйкестендіру тесті, тест сұрақтары.
Сабақтың барысы. Ұйымдастыру кезең.
а) Оқушыларды түгендеу.
ә) Керекті құралдарын реттеу
б) Үй тапсырма сұрау.
Үй тапсырма
Жаңа сабақ
Бунақденелілердің дамуы үш түрлі жолмен өтеді.Олар:тура даму,(қанатсыз
бунақденелілер)шала түрленіп даму,(инелік,дәуіт, шегіртке,бұзаубас, бит,
қандала) және толық түрленіп даму(қоңыз, көбелек, бүрге, шыбын, маса,
құмырсқа, балара)
Тура даму дегеніміз-ұрықтанған жұмыртқадан тікелей ересек бунақденеге
ұқсасжас жәндіктердің шығуы. Олардың тек денесі өседі және жыныстық жағынан
толысып дамиды.
Толық түрленіп даму деп-дамуы 4 сатыдан тұратын және дернәсілі ересегіне
ұқсамайтын бунақденелілерді айтамыз.
Шала түрленіп даму деп -дамуы 3 сатыдан тұратын және дернәсілі ересегіне
ұқсайтын бунақденелілерді айтамыз.
Дамудың сызбанұсқасын былай кескіндей аламыз:тура даму:жұмыртқа—имаго; шала
түрленіп даму:жұмыртқа –дернәсіл---имаго;толық түрленіп даму:
жұмыртқа—дернәсіл—қуыршақ-- имаго.Бунақденелілердің ересек күйге
ауысу сатысы имаго деп аталады.Имаго(латынша имаго- ересек жәндік)
Бунақденелілерді зерттейтін ғылым –энтомология (гректің «нентома»-
бунақдене+ «логос»-ғылым) Ол зоология ғылымының бір саласы
.Бунақденелілердің табиғатта және адам өмірінде үлкен рөл атқарады. Егер
олар өсімдіктерд тозаңдандырмаса ,табиғат аясынан сан құбылып ,көздің жауын
алатын түрлі өсімдіктерді кездестіре аларма едік.Ағаш жапырағында жорғалап
жүрген құртқа ұқсас жәндікті көреміз.Бұл көбелектің дернәсілі жұлдызқұрт.
Оның 5-жұп жалғанаяқтары бар.Ересек көбелекте 3-жұп аяқтары бар.Ересек
көбелектің ауыз мүшесі –түтік тәрізді ұзын иірілген тұмсықша. Бұл
тұмсықшамен ол гүл шырынын сорады. Көбелектің дернәсілін жұлдызқұрт деп
атайды. Жұлдызқұрт өсімдіктің жапырақтары мен қоректенеді және тез өседі,
бірнеше рет түлейді.ең соңғы түлеудің алдында ағаш діңіне өрмелеп шығып
қуыршаққа айналады.Ол бұл кезде ешбір қозғалыссыз
қалады,қоректенбейді.Дегенмен хитинмен қапталған қуыршақта өте күрделі
өзгерістер жүріп жатады. Онда ересек көбелектің дене мүшелері қалыптасады.
Қыстап шыққан қуыршақтан көктемде бірден көбелек шығады. Көбелектің даму
сатыларын тізіп көрсетелік:жұмыртқа,дернәсіл, қуыршақ, ересек көбелек.
Жұмыртқа салу мерізімі ,орны, даму мерізімі әр түрлі бунақденелілердің
түріне қарай әрқалай болады. Мысалы зауза қыңызы жұмыртқаларын топыраққа
,шыбын ластанған жергелерге, көбелектер өсімдік жапырақтарына ,ағаш
жемісіне т.б.жерлерге салады. Зауза қыңыз дернәсілінің дамуы4 жылға,шыбын
дернәсілінің дамуы бірнеше тәулікке созылады.Түрленіп дамудың маңызы
бунақденелілердің табиғатта кеңінен таралып ,өз түрлерін сақтауға едәуір
мүмкіндігі бар. Дернәсілі ересек жәндіктің қорегіне «ортақтаспайды»,әрі
тұрағы да басқа болады. Мысалы,зауза не картоп қоңызының дернәсілі
топырақта тіршілік етеді,өсімдік тамырларын ,жер асты бөліктерін жеп
қоректенеді.Ал,ересек қоңыздар ағаш жапырақтарын қорек етеді.Химикаттан жер
бетіндегі бунақденелілер қырылады да,топырақ арасында жүрген немес еәлі
қуыршақ күйінде жатқан дернәсілдер аман қалады.Сонымен түрленіп даму тәсілі
де-бунақденелілерді жойылып кетуден сақтайтын бейімділіктің бірі. Олардың
табиғаттағы пайдасы мыс.көңқоңыз топырақты қопсытады,қанқыз, құмырсқа ауыл
шаруашылығына зиян келтіретін сан алуан зиянкестерді жояды.Баларалар адамға
бал және балауыз береді, өсімдіктерді тозаңдандырады. Көбелектер
өсімдіктерді тозаңдандыруда маңызды өызмет атқарады, алайда олар дүниеге
әкелетін жұлдызқұрттар ауылшаруашылығы үшін нағыз зиянкестер санатында.
Жібек көбелектері жібек жіп алу үшін өсіріледі. Тұт көбелегі 5 мың жыл
бұрын Қытайда қолға үйретілген. Оның пілләлары тарқалады, алынған жіптен
жібек маталарын тігеді. Бір пілләдан 1,5 мың метр жіп қолға тиеді.
Бунақденелілер далада және орманда қалған жануарлардың өлексесі мен
өсімдіктің шірінділерімен қоректенеді. Кейбір елдерде бунақденелілерді
тағам ретінде пайдаланады.Ал, табиғатта тіршілік ететін зиянды
бунақденелілерде кездеседі мыс. бүйі,қарақұрт,құршаян улылығымен,
паразиттік тіршілігімен ауру таратқыштығымен ,омыртқалы жануарларға және
адамдарға зиянды. Паразит бунақденелілерге маса,қандала, бит, бүрге,тарақан
көптеген қауіпті ауруларды таратып,адамдарға зиянын тигізеді.Ауыл
шаруашылығына өте қауіпті бунақденеліге –Азиялық шегіртке
жатады.Жәндіктердің санына және шоғырлануына байланысты шегірткелердің
үйірлі және саяқ түрлері болады. Үйірлі шегірткелер дернәсілдерінің тығыз
топтасуынан –жаушоғыл (кулига),ересектерінің жиналуынан үйір түзеді. Сөйтіп
бұлар бір жерден екінші жерге топтасып көшеді. Саяқ шегірткелер ұзақ
ұшпайды-көшпенді емес.Азиялық шегіртке (көкқасқа шегіртке)өте
қауіпті,зиянкес жәндік. Көкқасқа шегірткенің аналығынан өрбіген ұрпақтары
екі қойды тойдыратын азықты жояды.Ал олардың жаушоғылдары мен үйірлері 1-2
сағатта жүздеген гектар егістікті тып-типыл етеді. Жаушоғыл түзетін
қанатсыз дернәсілдер жаяушегіртке деп аталады. Жаяушегірткеден құралған
жаушоғыл жолында кездескен өсімдік атаулыны жайпайды.Сөйтіп бір жерден
екінші жерге көшеді.
Үкіше агриппа-Самғап бара жатқан үкіше-агриппаны түнгі құс деп ойлап
қаласыз. Оның үстіне қанаттарының өрнекті бояуы үкіні еске түсіреді, ал
қонақтап отырған көбелекті ағаш қабығынан ажыратып алу қиынның қиыны.
Бәңгі-Мадагаскарда гүлінің тереңдігі
23 см-ге жететін орхидея табылған кезде, Чарлз Дарвин оны ұзын тұмсықты
бәңгі тозаңдандырған деген жорамал айтқан.
Жарқырауық- қоңыздар шұғыласының жоғарғы
тиімділігі таң қалдырарлық-барлық жұмсалған қуаттың 98% -ы бірден сәулеге
айналады, ал энергия сақтаушы шырақта бұл тек 45% –ды ғана құрайды.
Барлық қабық жегілердің-өзіне тән ерекшеліктері бар: денелерінің артқы
ұштарын терең тісшелер қаптаған
Дамудың сызбанұсқасы.
Тура даму: жұмыртқа ---имаго.
Шала түрленіп даму: жұмыртқа –дер
Нәсіл --- имаго.
Толық түрленіп даму: жұмыртқа –дер
Нәсіл —қуыршақ --- имаго.
1. тапсырма
Қонды ара,
Ұшты шыбын.
Жүзді суда, суқандала.
Түрленеді қоңыз шала,
Гүлге қонды, көбелек ала
Шаншып-сорғыш сары маса
Шағып алып, болды таса.
Етті еңбек топ құмырсқа. кіріседі көп жұмысқа,
Типыл қылды бар егісті. Азиялық ол көкқасқа. Барлығы
қанша ( 8 жәндік)
2-тапсырма
Күн суытқан соң шыбын, маса, балара, шегіртке 4-і орман ішіндегі
үйлеріне келіп жайғасты. Бірақ, жәндіктердің қайда орналасқаны
белгісіз.
1.Есігі күндіз-түні ашық тұрған үйдегі жәндік шала түрленіп дамиды.
2.Жасыл бояумен
боялмаған үйдегі жәндіктің ауыз мүшесі кеміріп-жалағыш,
3. От жанып тұрған үйдегі
жәндік адамдарға зиянды.
4. Ал пердесі жоқ үйдегі жәндік толық түрленіп
дамиды.
Жауабы (1-шегіртке, 2-балара, 3- шыбын, 4- маса)
Бекіту тапсырмалары: Сандық диктант 1 “иә” 0 “ жоқ”
1.Бунақденелілер буынаяқтылар типіне жатады
2.Дене бөлімдері: баскөкірек және құрсақ
3.Демтүтік арқылы тыныс алады
4.Масаның ауыз мүшесі-кеміріп-жалаушы.
5.Толық түрленіп даму 4 сатыдан тұрады.
6.Имаго-дернәсілдің бір түрі.
7.Инелік толық түрленіп дамиды.
8. Қанқыз –зиянды жәндік.
9.Жаяушегірткелер -қанатсыз дернәсілдер
10.Энтомология –бунақденелілерді зерттейді
Сәйкестендіру тесті
|Бунақденелілер түрлері |Шала түрленіп даму |Толық түрленіп |
| | |даму |
|қоңыз | |+ |
|инелік |+ | |
|үй шыбын | |+ |
|түкті ара | |+ |
|шегіртке |+ | |
|маса | |+ |
|тарақан |+ | |
|дәуіт |+ | |
Биологиялық диктант
1. Көбелектің дернәсілін ... деп атайды.
2. Шыбынның дамуы ... тұрады.
3. Бал араның көкірегінде ... жұп қанаты бар.
4. Дамуы 4 сатыдан тұратын бунақденелілерді ... атайды.
5.Дамуы 3 сатыдан тұратын бунақденелілерді ... атайды
Ойлан
Әріптерден сөздерді құрастырып, оларға суреттерді таңдап ал
Қыхазн, мекөрші , қыжаруқыра қызоң, кқасқкөа гірештке (суреттерімен
көрсетіледі)
Деңгейлік тапсырмалар
1 Паразиттік бунақденелілерге қандай жәндіктер жатады?
2 Зиянды бунақденелілерге қандай жәндіктер жатады?
3 Ауыл шаруашылығына зиянды бунақденелілер қайсылар?
4 Бунақденелілердің табиғаттағы пайдасы қандай?
Бағалау Оқушылардың алған білімін бағалаймын
Үйге тапсырма: Бунақденелілердің көптүрлілігі жайлы оқып келу
Бунақденелілердің суретін салу, кесте сызу.
Ауылымызда жойылып бара жатқан бунақденелілер жайлы баяндама жазу
Сабақтың тақырыбы: Қосмекенділердің көптүрлілігі. Құйрықты және құйрықсыз
құйрықсыз
Сабақтың мақсаты: Қосмекенділердің сан алуандығын, олардың тыныс
тіршілігін, көбею ерекшеліктерін оқып үйрену
Білімділігі: Білім маңыздылығын түсініп, қажетті іс-әрекетті белсене және
өз бетінше орындауға, тапсырмаларды өзі таңдап, іздеп табуға, құр мәлімет

Өткен сабақты қорытындылау Қосмекнділер – алғаш құрлықта өмір сүруге
бейімделген төртаяқты омыртқалы жануарлар.Олар екі ортада: суда да,
құрлықта да кездесетіндіктен, қосмекенділер деп аталады. Қосмекенділер суда
көбейеді және дернәсілдері сулы ортада дамиды.
Қазіргі кезде қосмекенділердің 4 000 – нан астам түрі Жер
шарының тропиктік, субтропиктік және қоңыржай аймақтарында
кездеседі.Қазақстанда қосмекенділердің 12 түрі таралған.Оның 3 түрі сирек
кездесетіндіктен, Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.
Құйрықсыз және құйрықты қосмекенділер отряды.Денесі бас, тұлға және
көбінесе бес саусақты төрт аяқтардан тұрады.Кейбір түрлері аяқсыз және
құйрықты болады.Тене тұрқы 2 – 3 сантиметрден 180 сантиметрге дейін
жетеді.Қосмекенділердің терісі жұқа,тегіс және безді болып келеді.Бездерден
бөлінген сұйықтық терісін үнемі ылғалдап, тыныс алуына жағдай
жасайды.Демек олар терісі арқылы да тыныс алады.
Қаңқасы балықтармен салыстырғанда күрделі, 4 бөлімге бөлінеді.Олар:
Бассүйек, омыртқа жотасы, иық белдеуі мен алдыңғы аяқтарының және жамбас
белдеуі мен артқы аяқтарының қаңқасынан құралады. Омыртқа жотасы мойын,
тұлға, сегізкөз және құйрық бөлімдеріне бөлінген.Мойын мен сегізкөз
бөлімдерінде бір ғана омыртқадан болады.
Аяқтарында жеке – жеке бұлшықеттер жақсы дамыған. Жақсүйектеріндегі
ұсақ тістер мен тіл қоректі ұстауға көмектеседі.Бақа тілінің ұшы
ойыс.Тілінің түбі аузының алдына бекіген, ұшы артқа қайрылып, бос жатады.
Қорегін ұстар кезде тілін алға қарай лақтырады. Аузы өте үлкен. Сілекей
бездері ең алғаш қосмекенділерде пайда болды. Оның өзектері ауыз қуысына
ашылды. Қысқа өңеші кеңейіп, қарынға, ол аш ішекке жалғасады. Аш ішекке
бауырдан келетін өт және ұйқыбездің өзектері ашылады. Тоқ ішектің соңғы
бөлігі тік ішек деп аталады да, ол кеңейіп келіп, клоакаға айналады.
Дернәсілдері суда тек желбезектері арқылы тыныс алады.
Ересектерінде құрлыққа шығуына байланысты өкпе пайда болған. Бірақ өкпесі
нашар дамығандықтан, теріс арқылы қосымша тыныс алады. Ауыз-жұтқыншақ
қуысының қозғалуы арқылы ауа өкпеге өтеді.
Құрлықта атмосфералық ауамен тыныс алуына байланысты қан тарату
жүйесінде күрделі өзгерістер пайда болған. Қосмекенділердің жүрегі үш
қуысты 2 құлақша, 1 қарыншадан тұрады, екі қанайналым шеңбері бар.
Қосмекенділерде алғаш рет кіші қанайналым шеңбері пайда болған. Оны өкпелік
шеңбер деп те атайды.Денесіне аралас қан тарайды. Екі қанайналым шеңбері де
қарыншадан басталады. Үлкен шеңбер-оң құлақшаға, ал кіші шеңбер сол жақ
қүлақшаға келіп аяқталады.
Қосмекенділер миының көлемі балықтарға қарағанда үлкендеу.Алдыңғы миы екі
ми сыңарларына айқын бөлінген. Баяу қозғалуына байланысты мишығы нашар
дамыған. Ортаңғы миы жақсы дамыған.
Ауыз қуысына ашылатын жұп иәс сезу қапшықтарының болуына байланысты, иіс
сезу жақсы дамыған.Көзінің қасаң қабығы дөңес, көз бұршағы екі жақты дөңес
шыны пішінді. Көзінің айналасында қозғалмалы жұқа терілі қабақтары
болады.Қосмекенділерде, ішкі құлақтан басқа, ең алғаш ортаңғы құлақ қуысы
пайда болған. Ортаңғы құлақ қуысында бір ғана үзеңгі сүйегі болады. Оның
сырты дабыл жарғағымен қапталған.Ортаңғы құлақ қуысы арнайы түтік арқылы
ауыз- жұтқыншақ қуысымен де байланысты. Дәм сезуі,тері арқылы сезуі нашар
дамыған.
Қосмекенділер зиянды жәндіктермен қоректенетіндіктен, пайдалы. Кейбір
түрлері:бақалар саламандрлар тағам ретінде пайдаланылады. Көл бақалар
тәжрибелік зерттеу жұмыстарында кеңінен қолданылады. Қосмекенділер ежелгі
саусаққанатты балықтардан (стегоцефалдар) пайда болған. Олардың бас сүйегі
тұтасқан сүйекті сауытпен, денесі сүйекті қалқандарымен қапталған.
Стегоцефалдар су жағалау ларында тіршілік еткен. Қосмекенділер құрылысына,
тіршілік әрекеттеріне байланысты 3 отрядқа бөлінеді. Олар аяқсыз, құйрықты
және құйрықсыз қосмекенділер. Аяқсыз қосмекенділердің 170- дей түрі
Африкада, Америкада, Үндістанда, Цейлон жерінде тіршілік етеді. Солардың
бірі сыртқы бейнесі құртқа және жыланға ұқсас болғандықтан сақиналы
құртпошым деп аталады. Бұлар аяқтары жойылғандықтан, аяқсыз қосмекенділер
деп аталған. Олар жер астында ін қазып тіршілік етуге бейімделген
қосмекенділердің қарапайым тобы.Терісінде бездері өте мол. Аяқсыз басқа
қосмекенділерде көз де, дабыл жарғағы да болмайды. Бұлардың басқа
қосмекенділерден ерекшщелігі –іштей ұрықтанады. Құйрықтылар отрядына
жататын қосмекенділердің 350 дей түрі бар. Оған тритондар мен саламандрлар
жатады. Дене пішіні созылыңқы әрі құйрығы айқын байқалады. Құйрықтылар
отрядына жататын қосмекендінің бірі –жетісулық бақатіс. Оны жергілікті
тұрғындар «аяқты балық» деп те атайды. Дене тұрқы 20-25 см. Оның жартысы
құйрығының үлесіне сәйкес келеді. Құйрығының үстінде жал тәрізді тері
қатпары бар. Басы-жалпақ, тұмсығы –доғал. Алдыңғы аяқтарында төрт, артқы
аяқтарында 5 саусағы болады. Түнде белсенді тіршілік етеді. Сырттай
ұрықтанады.Дернәсіл кезеңінде қыстап шығып, келесі жылы ересек түріне
айналады. Қазақстанда мекендейтін жетісулық бақатіс өте сирек кездеседі. Ол
Жетісудағы Жоңғар Алатауы мен оған шекаралас Қытайдың биік таулы
өзендерінддалалы, кездеседі. Жетісулық бақатіс шағын аймақта
таралғандықтан, Қазақстанның Қызыл кітабына 1996 ж тіркелген.
Құйрықсыз қосмекенділер отряды. Бұлардың3500-дай түрлері бар .Олардың
ересектерінде құйрық болмайды. Артқы аяқтары алдыңғы аяқтарынан ұзын әрі
жақсы дамыған. Секеңдеп қозғалады. Артқы саусақтарының арасындағы терілі
жарғақтар жүзуге көмектеседі. Өзімізге таныс көл бақа, тоған бақасы,
құрбақалар осы отрядқа жатады.
Құрбақалар тұқымдасынан жасыл құрбақа, кәдімгі құрбақа және даната
құрбақасы Қазақстанда мекендейді. Жасыл құрбақа кеңінен таралған.
Құрбақалардың түсі қоңырқай, тері бұдырлары айқын байқалады. Олар құрғақ
далалы, кейде шөлейтті жерлерде де кездеседі. Көбіне ертеңгілік, кешкілік
уақыттапрда, түнде белсенді тіршілік етеді. Зиянды бунақденелілермен
қоректеніп, ауыл шаруашылығына көп пайда келтіреді. Даната құрбақасы
Қазақстанның Қызыл кітабына 1996 ж тіркелген. Ол Зайсан, Балқаш, Алакөл
өңірінде таралған, бірақ саны барлық жерде аз.
Бақалар тұқымдасының өкілдері дүние жүзінде кеңінен таралған. Қазақстанда
бұл тұқымдастың 5 түрі мекендейді. Олар көл бақа, сүйіртұмсық бақа, шөп
бақа, сібірлік бақа, қызылаяқ бақа. Қызылаяқ бақа Балқаш көлінің маңында,
Шу өзенінің аймағында ғана таралған. Саны аз болғандықтан, Қазақстанның,
Қазақстанның Қызыл кітабына 1996 жылы тіркелген. Олар қорғауды қажет етеді.
Бекіту тапсырмалыры
Бақаның сыртқы құрылысы
1 – Танау тесігі
2 – Дабыл жарғағы
3 – Резонатор
4 – Арқа – бүйір қатпарлар
5 – Клоака тесігі
Кесте толтыру
|Құйрықсыз қосмекенділер |Құйрықты қосмекенділер |Аяқсыз қосмекенділер отряды|
|отряды |отряды | |
|Жасыл бақа |Саламандра |құртпошым |
|Құрбақа |Жетісулық бақа | |
|Қызыл аяқ бақа | | |
Лездік сұрақтар
1. Қазақстанның Қызыл кітабына енген қосмекенділердің түрлерін атаңдар
2.Жүрегі неше қуысты?
3.Қажетсіз заттарды шығаруға не қатысады?
Тест тапсырмалары:
1.Қосмекенділер омыртқа жотасы қандай бөліктерге бөлінген
А) мойын Б) сегізкөз, құйрық В)
барлығы дұрыс
2. Қосмекенділердің жүрегі неше қуысты
А) 2 Б) 3 В) 4
3. Қосмекенділердің екі қанайналым шеңбері қай қуыстан басталады
А) оң жақ құлақшадан Б) сол жақ құлақшадан
В) қарыншадан
4. Қосмекенділердің үлкен қанайналым шеңбері қай қуыста аяқталады
А) оң жақ құлақшада Б) сол жақ құлақшада
В) қарыншада
5. Қосмекенділердің кіші қанайналым шеңбері қай қуыста аяқталады
А) сол жақ құлақшада Б) оң жақ құлақшада В)
қарыншада
6. Қосмекенділердің баяу қозғалуы қай миға байланысты
А) ортаңғы Б) алдыңғы ми В) мишығы
нашар дамыған
7. Қазақстанның қызыл кітабына тіркелген құрбақа
А) жасыл құрбақа Б) кәдімгі құрбақа В) даната
құрбақасы
8. Қосмекенділер неше отрядқа бөлінеді
А) 3 Б) 4 В)
5
9.Құйрықтылар отрядына жатады
А) тритон Б) даната В)
сақиналы құртпашы
10. Көзі болмайтын қосмекенділер
А) аяқсыз Б) құйрықты В)
құйрықсыз
Сөзжұмбақ
1. Көп кездесетін бақалар. 2 - Қазақстанда мекендейтін бақа аты?
3 – Қосмекенділер
қандай жынысты? 4 – Дернәсілдерін шөмішбалық дейді, басқаша қалай атайды? 5
– Құйрықтылар отрядына жататын қосмекенді? 6 – Құйрықсыздар отрядына
жатады?
7 – Қазақстанда Қызыл кітапқа тіркелген бақа
Бағалау:
Үй тапсырма: Қосмекенділердің көптүрлілігі Құйрықты және құйрықсыз
қосмекенділер
Ауылымызда мекен ететін қосмекенділер жайлы
баяндама жазу

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz