Сабақ жоспары :: Тәрбие сағаты
Файл қосу
Камзолға өрнек таңдау
Сабақ жоспары
Күні: 23.04.2014 жыл
Пән: Үйірме сабақ
Сынып: 7 «А»
Сабақтың тақырыбы: «Камзолға өрнек таңдау»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту,
өнерге ынта-ықыласын күшейту,
үнемділікке,
тиянақтылыққа, төзімділікке,
әсемділікке баулу.
Ісмерлік, шеберлік дағдысын
қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері: - Білімділігі: камзолға өрнекті дұрыс таңдау,
симметриялы орналастыру
қажеттігін
ұғындыру;
- Тәрбиелік: ісмерлікке, сәнділікке,
халықтық
дәстүр рухында тәрбиелеу;
- Дамытушылық: қажет өрнекті
оқушылардың
өздеріне таңдату, эскизін салдыру.
Сабақтың типі: Сарамандық
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, таратпа материалдар, құрал -
жабдықтар
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу;
- Сабққа қатынастарын анықтау;
- Назарларын сабаққа аудару;
- Құрал-жабдықтарын дайындату.
ІІ. Оқушылардың білімін бақылау мазмұны
- Оқалау, зерлеу дегеніміз не?
- Ою - өрнектің қандай түрлерін білесіңдер?
- Өрнектерді қайда қолданады?
- Ою - өрнектер атауы неге байланысты аталады?
ІІІ. Жаңа тақырыптың мазмұны
Қазақтың ұлттық киімі ғасырлар бойы қалыптасқан және айналадағы ортаға
желді, аязды болып келетін аңызақ даладағы тіршілікке бейімделген халық
мұрасының құрамдас бөлігі болып табылады. Оның қарапайымдылығы,
үйлесімділігі, жүріп-тұруға қолайлылығы – басқа жұрттардың киім-кешегі
сияқты әуел баста адамның тәнін жауып, мағынасыз және ойдан шығарылған
ғаламаттардан, ал кейіннен денені ыстық-суықтан, қуаң желден, әсіресе мал
айналасында болатын маса – шыбыннан қорғауға қажет болғандығын аңғартады.
Киімді әшекейлеу, жағасына, өңіріне, етек-жеңіне кесте тігіп, оқа бастыру,
зерлі жиектер жүгірту, киімді безендіруге қымбат металдар мен асыл
тастардан түзілген әткеншектерді пайдалану көбіне әсемдікке құштарлықтан
емес, дала қауымында жеке меншіктің пайда болуымен байланысты үстемдік
етушілердің байлығын, әлеуметтік өміріндегі алатын орнын баса көрсету
қажеттігінен туған болуы ықтимал.
Мұғалім тақтадан түрлі ұлттық киімдерді және камзол түрлерін көрсетеді.
Оқушыларды назарын камзол пішіміне, ұзындығына байланысты түсіп отырған ою-
өрнектерге аударады. Негізінен қолданылатын ұласымды өрнектердің
эстетикалық жағына, талғампаздық мәнеріне зейін аударады. Камзолды өрнектеу
жоғарғы талғам мен көркемділікті, шынайы шеберлікті қажет етеді. Сондықтан
ою-өрнектің түрі, орындалу жолы өзіндік ерекшеліктерімен танылатыны, оған
әр адамның ұлттық көркем қазынаға деген жан тебіренісі, сүйіспеншілік
сезімі, мінез құбылысы берілетінін түсіндіріледі.
Камзол - әйелдің жасына қарай қызыл, көк, жасыл, қара түсті барқыт, шұға
т.б. матадан әсем безендіріліп тігілетін киім. Жағалы, жиекті, жеңді немесе
жеңсіз тігіледі. Өңір жиек, алқа, тұмарша, үкіаяқ т.б. алтын, күміс
зергерлік бұйымдары тағылады, қатырмалы түймелі болады. Жағасына, етегіне
зерлі оқалар, өрнектер жүргізіледі.
Камзол әдемі де әсем болу үшін таңдалатын өрнектің орны ерекше
екендігі айтылады. Осыдан кейін оқушыларға сұрақ қойылады.
1. Камзолға ірі ою-өрнек салуға бола ма?
2. Ою-өрнектер камзолдың қай жеріне түседі?
3. Жапсырма өрнекті камзол түстес матамен бастыруға болады ма?
ІҮ. Сарамандық жұмыс
1. Камзолға өрнекті бастыру жолдарының бірін таңдау: жапсырма
(аппликация) бастыру;
2. Камзол негізіне түс таңдау;
3. Жұмыс кезінде сақталатын қауіпсіздік ережесін айту;
4. Камзол пішіміне, ұзындығына байланысты ою-өрнекті дұрыс таңдау.
5. Өз бетінше ою-өрнек сызбасын салу. Сызба салуда дайын шаблон
трафареттерді қолдану жолдары.
6. Қағазға салынған сызбаны кесу.
Оқушылардың шапшаңдығы, іскерлігі әр түрлі деңгейде болады. Сондықтан
сабақ барысында мұғалім балалардың өзіндік шығармашылық жұмысын аралап
жүріп тексеріп қалыс қалғанына көмектесіп, әдемі де әсем етіп орындап
жатқандарын мадақтап отыруы қажет.
Ү. Қорытынды
- Оқушылардың жұмыстарынан көрме ұйымдастыру;
- Сөзжұмбақ орындау:
1. Ер балалардың және қыз балалардың бас киімі (Тақия)
2. Хан сұлтандар киетін бас киім (Айырқалпақ)
3. Ұлттық аяқ киім (Мәсі)
4. Әйелдер киімі (Камзол)
5. Әйелдердің аяқ киімі (Башмақ)
- Қорытындылау сұрақтары:
1. Ою-өрнектің қай түрін пайдаланған тиімді болады?
2. Камзолды әсемдеу кезінде қандай қиындықтар кездесті?
ҮІ. Сабақты қорытындылау.
- Оқушылардың жұмыстарын талдау;
- Мадақтау;
- Құрал – жабдықтарды орналастыру;
- Жұмыс орнын жинау;
- Сапсын тексеру.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz