Сабақ жоспары :: Мектеп алды білім беру, бастауыш сыныптар

Файл қосу

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛІК ІЗДЕНІСТЕР

Атырау облысы
Махамбет ауданы

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛІК
ІЗДЕНІСТЕР

Бердімұратова А.

Ақтоғай орта мектебі психологы

2012 жыл
Оқушылардың дүниетанымын дамыту - таным теориясына иек артады.
Адамдардың таным іс-әрекеті орындау арқылы қоршаған ортаны дүниені тануға
қызығуы, ықыласы, тілегі мен түсінігі артып, осы арқылы дүниетанымы кеңейіп
теориялық ойлау қабілеттері жетіледі.
Оқушылар сыртқы дүниені танымдық іс-әрекет арқылы таниды. Бұл тұрғыда
психолог - ғалым Т.Тәжібаев «Адам психологиясының сипаттамасын беру үшін
оның іс-әрекетіне басты-басты белгілерін атап өткен жөн. Осындай айрықша
сипаттардың бірі – адамның дүниедегі заттарға, құбылыстарға, еңбек
обьектісіне, оның процесіне назар аударып, зейін қоюы әр уақытта адам
санасының бір затқа, құбылысқа, болмысқа бағыт алып отыруының іс-әрекеті»-
деп таниды. Психолог А.Любинская оқушы дүниетанымы қалыптасуында: «Кез-
келген мазмұнды меңгеру оқушылардан оларға ойша және іс жүзінде сан алуан
қарекеттер жасауды талап етеді. Мұғалім берген білімді меңгеруде оқушы
белсенді жұмыс істемейінше, қоғамдық тәжірибеде байқалған білімдер
оқушылардың санасына өздігінен ене алмайды және бейне таспадағы суреттер
сияқты оның миында бейнеленіп қала алмайды» - деген болатын.Сондықтан
тұлғаның дүниетанымның қалыптасуында жетекші роль – мұғалім.
Мұғалім – оқу-тәрбие жұмысының жүргізушісі әрі шәкірттердің мінез-
құлқын, дүниетанымын, сенімін қалыптастырушы. Сондықтан да мұғалім өзі
педагогикалық этиканы терең біліп үнемі ізденіп отыруы тиіс. Ұстаздық
мамандықтың ең биік сапалары оқушының мінез-құлқын, олардың жеке тұлға
ретінде қалыптасуы ерекшеліктерін, оқушы психикасын тани білу және оның
дүниетанымын одан әрі дамытып қалыптастыру.
Жаңа мектепке келген жас буынның бойында еліктеу, талпыну, бейімделу
қабілеттерімен бірге қорқу, ұялу, жасқаншақтық, беймазалық қасиеттері де
қатар болады. Осы қасиеттердің жақсысын дамытып, жаманынан арылту – ұстаз
еңбегі. Ал мұғалімге, яғни сынып жетекшілерге оқушы жанын зерттеуде
бірден-бір көмекші – мектеп психологы. Ол сынып жетекшілерімен пән
мұғалімдерімен ата-аналарымен біріге отырып, істейтін негізгі міндеттері:
жеке тұлғаның дүниетанымын қалыптасуына ықпал ету мақсатында жан – жақты
зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Ол жұмыстар диагностикалық, профилактикалық,
коррекциялық жұмыстар арқылы жүзеге асады. Мектеп психологы жеке тұлғаны
зерттеуде үнемі тиімді әдістемелік жүйені іздестірумен қатар жеке тұлғаның
физиологиялық психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, ой-өрісі мен сана
сезімінің психологиялық дамуына ерекше назар аудару қажет. Ғалым ұстаз
Ахмет Байтұрсынұлы: «Бала оқытуды жақсы білейін деген адам әуелі балаларға
үйрететін нәрселерін өзі білуі керек, екінші, балалардың табиғатын біліп,
көңіл сарайын танитын адам болуы керек. Оны білуге баланың туғанынан
бастап, өсіп жеткенше тәнімен қатар, ақылы қалай кіретінінің жолын білуге
болады.» - деген болатын психологиялық мәні бар ой тұжырымда. Мектептегі
психологиялық қызмет 3 сатыда жұмыс жасайды. Олар-төменгі буын, орта буын,
жоғарғы буын. Білім нәрі бастауыштан қаланатындықтан жеке тұлғаның дүние
танымын қалыптастыру, дамыту, дарынын анықтау бала мектепке келгеннен
бастап қолға алыну керек. Ал бұл-психологтың басты міндеті.
Психолог оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алу
қажеттігін ескере отырып, сондай-ақ, жеке тұлғаның өзіндік табиғатына көңіл
бөлуі қажет. Ол сұхбат, сырттай бақылау, сауалнама, тренинг, әңгіме,
тестілік тапсырмалар арқылы жүзеге асып зерттеледі. Осындай зерттеулер өз
тәжірибемде төмендегіше жүзеге асуда.
[pic]
Бүгінде баланы мектепке дайындығын анықтауда оның психологиялық және
физиологиялық дамуы басты назарда болуы керек. Психологиялық дайындықтың
құрылымы:
1. Жеке дайындық – баланың эмоциялық жай күйінің даму деңгейі
2. Әлеуметтік психологиялық дайындық – ортаға үйренуі, бейімделуі,
ұжымдық жұмысқа араласуы
3. Физиологиялық бала ағзасының қызметі мен денсаулық жағдайының даму
деңгейін анықтау
Осындай құрылымдарын зерттеу бағытында жеке тұлғаның танымын
қалыптастыру, қызығушылдық қабілетін зерттеп, дарындылығын ашуда мынадай
бағытта жұмыстар атқардым. Атап айтқанда:
1. Оқушының оқушымен, ата-анамен, мұғаліммен қарым-қатынасын анықтау.

2.Танымдық қабілеттерін зерттеу.

3.Қызығушылығын ояту.
4.Дарындылық қабілетін дамыту

Кейбір балалар табиғатынан өте белсенді, тым қозғалғыш, беймаза,
көңіл-күйі тұрақсыз болып келеді. Мұндай өзгерісті психология тілінде
«зейін тұрақсыздығының белгісі» деп атайды. Оны анықтауда диагностикалық
зерттеу жұмыстары жүргізіледі. 14 белгінің 8-і бар болса, баланың болашақта
үлгермеуші қатарына кететіндігі ескеріліп, күні бұрын сынып жетекшісімен
біріге отырып, коррекциялық жұмыстары жүргізіледі. Оқушылар қарым-қатынасын
анықтауда социометрия әдісі пайдаланылып,сыныптағы оқушылардың шетте
жүрген, елеусіздерімен жұмыс жасаймын. Олармен тренинг, ойындар өткізу
арқылы ортаға тартылуына көмектесемін. Мұғалімдерімен, ата-аналарымен
қарым-қатынастарын әртүрлі сауалнамалар арқылы анықтай отырып коррекциялық
жұмыстар жүргіземін.
[pic]

Өсіп дамып келе жатқан бала бойында алуан түрлі қасиеттер
байқалады. Осы бір көп сырлы қасиеттердің жағымды, жағымсыз жақтарымен
қатар, елеусіз мінез көріністері де бала бойында болады. Бала мінезінің
жағымды жақтарына қайырымдылық, инабаттылық, шынайы адалдық, жақсы-жаманды
айыра білушілік, алдағы өмір жолына ұмтылушылық жатса, ал нашар мінез
көріністеріне тұрақсыздық, өтірік айтушылық, өзімшілдік, беймазалық,
ұшқалақтық сияқты қасиеттер жатады. Балаға назар аударғанда байқалатын
қасиеттерге: өзіне-өзі сын көзбен қарап, мінездегі кемшіліктерді сезіну,
әділетті, әділетсіздікті анғаруы, ойлаған мақсатты орындап шығуы үшін
шыдамы мен іскерлігі жатады. Егер бала мінезіндегі көріністер өмірімен
сабақтасып, тәрбиемен ұштасса, бала қайырымды, байсалды, бір сөзді, батыл
жүректі, табанды болып ер жетеді. Ал, бала бойында ынжық мінез қалыптасса,
онда сылбырлық, жалқаулық, күйгелектік, қорқақтық, мылжындық мінездер пайда
болады. Бала өскен сайын көп көріп, естіп білуге ұмтылады: өз ойын айту,
басқалармен достасу, пікірлесу сияқты мінез-құлық қалыптасады. Баланы
дамытып, нақтыланып келе жатқан мінезін дұрыс жолға сала білудің маңызы
зор.
Бала мінезін тәрбиелеудің сан қырлы жолдары бар. Психологиялық-
педагогикалық әдебиеттерге жүгінсек, тәрбиелеу негізі екі арнадан тұратынын
көреміз. Біріншісі – бала көзін жеткізу, екінші – жақсы әдеп-ғұрыпқа
дағдыландыру. Осы екі жолды қатар бір-бірінен ажыратпай байланыстыра
жүргізсе, бала мінезі саналылық жолға бағытталады.
Оқушының мінез-құлқының ерекшеліктерін анықтау үшін төмендегі
тәсілдер көрсетілген:
1. Оқушының тәртібін сабақ үстінде және сабақтан тыс кезеңде бақылау.
2. Оның қызметін талдау (әр пән бойынша дәптерлерін, бақылау. жұмыстарын,
шығармаларын, т.б.)
3. Оқушыдан өзін не қызықтыратынын және жақсы көретін сабақтары жөнінде
әңгімелесу.
4. Достары жөнінде әңгіме жүргізу.
5. Оқушы жөнінде достарымен, ата- анасымен әңгіме жүргізу.
6. Темпераментін анықтау.
Бастауыш буын оқушыларының арасында есті, байқампаздықты,
елестетуді ойын арқылы дамытуға болады.
- Қоршаған орта туралы сезім мүшелері орталық ми жүйесіне сигнал
береді. Осылай біз қоршаған ортаны қабылдаймыз. Бұл танымның бірінші сатысы
деп аталады. Қабылданған ақпаратты сақтауға есте сақтау қабілетіміз
көмектеседі.
- Ес, жады – танымның екінші сатысы. Адам есте сақтау қабілетінің
арқасында білім алады, өзіне қажетті ақпаратты жинақтайды. «Есіңе түсір»
дегенде қажетті ақпаратты ойланып, есіңе түсіру деген сөз. Адам қабылдаған
ақпаратты есінде сақтап қана қоймайды. Сонымен бірге ойланады, салыстырады,
қорытынды жасайды, шешім қабылдайды. Бұл танымның үшінші сатысы – ойлану.
Ойлану қабілеті мен көз алдына келтіру қабілеті тығыз байланысты. Бұл
қабілет елестету мен қиялдау деп аталады. Шығармашылықпен айналасатын
адамның елестету, қиялдау қабілеті өте жоғары болады.
Есті қалай дамытуға болады?
- Ақпаратты не үшін есте сақтау керек екенін, мақсатын анықтау.
- Үнемі есті жаттықтыру.
- Жеңіл жаттығу жасаудан бастау.
- Үстелдің үстінде жатқан заттарды бір көргеннен есте сақтау.
- Шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойындарын білу.
- Өлең жаттау, мекен-жай, телефон нөмірін жатқа білу
арқылы есті дамытуға болады.
12 жылдық білім беру жүйесін іс жүзіне енгізу бағытында
оқушылардың бейімділігін, қабілетін, дарындылығын анықтьау үшін дер кезінде
психологиялық көмек көрсету қажет. Себебі бір адамды, екінші адамнан
ажыратуға негіз болатын ең маңызды ерекшеліктер ол психикалық қасиеттер.
Оған әр адамның мінезі мен темпераменті, қабілеті, дүниетанымы мен талғамы,
сенімі жатады. Қандай да болсын бір нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды.
Егер адамның туысынан қабілеттілік танылып, ол тәрбиеленбесе, оның қабілеті
дамымайды. Белгілі зерттеуші Н.С.Лейтес қабілетті балалардың үш
категориясын анықтап берді.
Бірінші категория ой-өрісінің қабілеті мен ерте жастан бастап
байқалған оқушылар 3-4 жастағы.
Екінші категория жеке бір іс-әрекет түрімен белгілі бір мектептегі
ғылым ретінде қабілеттілігімен көзге түскен оқушылар.
Үшінші категория дарындылығы күш –қажырымен ерекшеленетін оқушылар.
Жұмыс барысында педагогика-психология жағынан қарағанда
дарындылық қабілетімен анықталған оқушылар аз емес.
Бала дарындылығының өзіндік қырларын білген педагог оны оқыту
үрдісінде тиімді пайдалануға болады.
Ақыл-ой дарындылығы едәуір басым оқушыларды ойлауды бағалау
диагностикасын жүргізу арқылы анықтауға болады.Диагностика арқылы оқушының
ақыл-ой дамуы,танымдық әрекетіндегі тұлғалық ерекшеліктері туралы толық
мағұлмат алуға болады.
Дарынды оқушымен жұмыс жасағанда, оқушының педагогикалық,
психологиялық, әлеуметтік жағдайына назар аудару керек. Балаға әсер ететін;
ата-ана,мұғалім,мектеп,жолдастары, жұртшылық.Дарынды баланы анықтай алу
үлкен шеберлікті қажет етеді.Бала жанын түсініп,баланың табиғатын анықтау
үлкен өнер.
Баланың жеке басының ерекшеліктерін анықтап алған соң,оларды дамыту
жұмыстары басталады.Яғни, баланың мүмкіндігін толықтыру, жүйелеу ғылыми
негіздеуге құрылады. Дарынды оқушылармен жұмыс барысында мұғалім әр қырынан
көрінуі шарт. Бұл қасиет оның жеке басының ерекшеліктерінен көрінеді.
Оқушы дарындылығын анықтауда «Дарын» баспасынан шыққан
«Дарындылықтың психологиялық диагностикасы» әдістемесін басшылыққа ала
отырып жұмыстар жүргізіледі.
Ой - өрісі қабілетімен ерте жастан көзге түскен оқушыларға мектептегі оқу
кезіндегі қарқындылық тән. Кейбіреулердің ақыл – ойы табанды түрде дамиды
да, өз қатарластарын басып озады. БалДарынды балаларды қалай тануға болады?
Белгілі зерттеуші Н. С. Лейтес қабілетті балалардың үш категориясын анықтап
берді:
1. Ой - өріс қабілеті ерте жастан байқалған оқушылар
2. Жеке бір іс - әрекет түрі мен белгілі бір мектептегі ғылым түріне
қабілеттілігімен көзге түскен оқушылар
3. Жеке бір іс - әрекет түрі мен белгілі бір мектептегі ғылым түріне
қабілеттілігімен көзге түскен оқушылар
Дарындылық кейде дарындылығын байқамайтын жағдайларда кездеседі.
Тіпті баланың есейген шағында сирек кездесетін қабілеттері көрініс тауып
жатады. Осындай қабілеттер зерттеу жұмыстары арқылы ашылып отырса нұр
үстіне нұр болар еді.
Жалпы оқушы дүниетанымын қалыптастыру ерінбей іздену арқылы оқушы
жанын жан-жақты зерттеу арқылы жүзеге асады. Ендеше келешегіміздің құнары –
білімді ұрпақ дүниетаным қалыптастыру және оны тереңдете дамыту - біздің
басты мақсатымыз болмақ.
Қорыта айтатын болсақ, психокоррекциялық жұмыстар (психотүзету) және
дамытушылық жұмыстар - бұл мектеп психологының негізгі бағыттарының бірі.
Бұл бағыт негізінен белсенді әдіс ретінде топтық және жеке жұмыста балаға
психологиялық әсер ету жағдайын қарастырады. Ол мынадай міндеттерді шешеді:
- өз құндылықтарын және жағымды «мен» тұжырымдамасын қалыптастыру;
- оқушыға психологиялық қолдау көрсету;
- дұрыс қарым-қатынас жасай алуды үйрету;
- эмоциялық мазасыздық пен күйзелістерден арылу;
- оқу мотивациясын және ақыл-ой еңбегін дамыту;
- өз бетінше шешім қабылдай алатын, бәсекеге қабілетті, толыққанды
дамыған тұлға қалыптастыру болып табылады.

Пайдаланылған әдебиет:

1. «Мектептегі психология» журналы.
2. Ғ.Сұлтанова. Мектеп психологының жұмыс кітабы.
3. Ш.А.Қарабаева. Дарындылықтың психологиялық диагностикасы.
4. А.А.Лосева. Дарынды балалар анықтау үшін бағалау әдістемесі.
5. И.С.Аверина, Е.И.Щебланова. Интеллектуалдық қабілеттілікті жедел
диагностикалау әдістемесі.

-----------------------
1. “Топта”
(ойын)
2. “Сөзді аяқта”
(жаттығу)
3. “Артығын ал”
(ойын)
4. “Ойлан, тап”
(тренинг)

1. “Тыңда да жаса”
(жаттығу)
2 .“Сынған
телефон”
(ойын)
3 .“Айна”
(тренинг)
4 .“Көлеңке”
(ойын)

1. “Зейінді
бала” (жаттығу)
2 .“Шапалақ”
(ойын)
3 .“Аңқаулар”
(ойын)
4.“Цифрлік кесте”
(тренинг)

1.“Аяқта”
(жаттығу)
2.“Ал да, бер!”
(ойын)
3 .“Ине мен жіп” (ойын)
4. “Елестетіп көр”
(тренинг)

1. “Сүйікті мұғалімім”
(“әңгіме)

2. “Қандай мұғалім ұнайды?”
(сауалнама)

3. “”Ұлы тұлға”
(тренинг)

1. Социометрия

2.“Сенің досың”
(сауалнама)

3. “Темпераментті
анықтау”
(тренинг)

1. “Сіз қандай ата-анасыз?”
(сауалнама)

2.“Болдың ,міне, ата-ана …
(дөңгелек
үстел)
)

Ұқсас жұмыстар
ҒЫЛЫМ НӘРІ - ІЗДЕНІСТЕ
Сабаққа қатысудағы мақсат
Ұстаз ұлы тұлға
Жеке тұлғаға қалыптастыруда ұлттық тәрбие негіздері
Мұрагер тобының ережесі
Функцияның берілу тәсілдері
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДҮНИЕТАНЫМДЫҚ КӨЗҚАРАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ РОЛІ
Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы, оқушылардың денсаулығын сақтау аспектілері
Бастауыш сыныпта информатика пәнін оқытудың маңызы
Ынтымақты сынып шарасы
Пәндер