4-сыныпқа арналған Сызықтық алгоритм: сабақ жоспары мен практикалық тапсырмалар

Информатика пәні мұғалімі : Батталова Гульшат Бакиевна

Павлодар облысы, Лебяжі ауданы

Лебяжі жалпы орта білім беретін мектебі

Күні- 06. 03. 2015жыл

Сыныбы: 4 «А»

Сабақтың тақырыбы: Сызықтық алгоритм.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың алгоритм туралы түсініктерін қайталай отырып, циклдік

алгоритм туралы түсініктерін қалыптастыру, саналарында жаңғырту.

Тәрбиелілік: Оқушыларды топпен бірлесе жұмыс жасауға, жұмыс жасау кезінде

техникалық қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтай білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыта отырып,

танымдық қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, жұмыс дәптері, тапсырмалар

Пәнаралық байланысы: математика

Күтілетін нәтиже: - Оқушылар алгоритм туралы алған түсініктерін одан әрі кеңейтеді;

- Топпен жұмыс жасауды үйренеді;

- Әрекеттерді тиянақты орындауды үйренеді;

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Өткен материалдарды қайталау
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4. Сабақты бекіту
5. Үйге тапсырма

Ұйымдастыру кезеңі.

- оқушылармен амандасу;

- оқушыларды түгендеу;

- тақтаның тазалығын қадағалау;

- оқу құралдарын түгендеу;

- оқушыларды екі топқа бөліп отырғызу;

- топ басшыларын сайлау;

- оқушылардың назарын сабаққа аудару;

Өткен тақырыпқа шолу жасау

• Алгоритм ұғымы қайдан шықты?
• Алгоритм дегеніміз не?

Слайд арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру

Тапсырмалар (оқушыларға (топрарға) карточкалар таратылады) .

1. Тiзбектi толтыр:

2 ∙ 2 + 10 ∙ 2 : 4 = 7

3 ∙ 4 : 6 ∙ 9 : 3 = 6

2. Арифметикалық амалдар таңбаларын қой:

4 + 6 + 10 + 26 - 1 = 45

3. Әлiмге “есiктi ашу” алгоритмiн жазуға көмектес.

1. Кiлттi алу.

2. Кiлттi құлыпқа салу.

3. Кiлттi бұрау.

4. Есiктi ашу.

4. Сызықтық алгоритмдi орындап, ҚОЛА сөзiнен ЖҰРТ сөзiн ал.

«Л»ны «Р»-ға ауыстыр

«О»-ны «Ұ»-ға ауыстыр

«А»-ны «Т»-ға ауыстыр

“Қ”-ны “Ж”-ға ауыстыр

Сергіту сәтін өткізу: Компьютер арқылы

5. ҚҰЛАН сөзiн ҚҰРАҚ сөзіне айналдыру алгоритмiн жаз.

ҚҰЛАН/ ҚҰЛАҚ /ҚҰРАҚ

6. Арунаға жармадан ботқа пiсiру алгоритмiн жазуға көмектес.

1) Қазанды алу.

2) Сүт құю.

Жауабы:

1. Қазанды алу.

2. Сүт құю.

3. От(газ) жағу.

4. Қазанды отқа қою.

5. Сүт қайнағанда, оған жарма салу.

6. 5 минут араластыра отырып, пiсiру.

7. Газды өшiру.

Алгоритмдi атқарушы - Аруна

Сабақты Бекіту: Слайд арқылы сабақ бекітіледі.


Ұқсас жұмыстар
Алгоритм түрлері: сызықтық, тармақталған және циклдік алгоритмдер, блок-схемалар мен практикалық тапсырмалар
Сызықтық алгоритм: сабақтың оқу-әдістемелік жоспары
Тармақталған алгоритмдер: 9-сыныпқа арналған сабақ жоспары мен QBasic-пен практикалық тапсырмалар
Алгоритм түрлері және сызықтық алгоритм: анықтама, блок-сызба және Pascal бағдарламалау
7-сынып: Паскаль тілінде сызықтық алгоритмдерді программалауға арналған практикалық сабақ жоспары
Алгоритм командалары мен құрылымы (сызықтық, тармақталған және қайталану алгоритмдері) - 7 А сынып
5-сынып: командамен жұмыс арқылы алгоритм түрлері (сызықтық, тармақталған, циклдік)
Информатика: Алгоритм ұғымы - 9-сыныпқа арналған оқу-әдістемелік сабақ жоспары
Алгоритм командалары мен блок-схемалар: сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер
Алгоритм типтері: сызықтық, тармақталу және циклдік (8-сынып, информатика)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz