Қонаев – ұлы тұлға

Сабақтың тақырыбы : «Қонаев - ұлы тұлға».
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қонаевтың қайраткерлік өмірінен
мағлұмат беру. Өмірде ұлы тұлға
болып қалыптасқан атамызбен
балаларды жақын таныстыру.
Дамытушылық: Қонаев туралы ой-пікірлерін
арттыру, ойларын еркін жеткізе
білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: «Ұлы тұлға» туралы әңгімелей
отырып, балаларды адамгершілікке,
отансүйгіштікке тәрбиелеу.
.
Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер, суреттер, буклет.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Балалардың сабаққа дайындығын бақылау.
ә) Әнұран орындау.
б) Балалардың зейінін сабаққа аудару.
Сабақтың өтілу реті:
- Жаңа сабақ. «Қонаев - ұлы тұлға».
- Қонаев туралы пікірлер.
- Монтаж.
- Нақыл сөздер.
- Дәптермен жұмыс
- Сергіту сәті «Алатау» әні. (Қонаевқа арналған ән) .
- Ойын-сұрақ. «Д. А. Қонаев атамызды білеміз бе»?
- Қорытынды.
Ғасырда емес, ғасырларда бір туатын, ел құрметіне бөленген адамдар болады. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев сондай адам. Халқына сыйлы, заманының дара туылған перзенті.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев сұңғақ бойлы, ақсары өңді, жылы жүзді, нар тұлғалы кісі болатын.
Дінмұхамед атамызды ел көзі тірісінде - ақ құрмет тұтып, Димаш атап кеткен. Димаш атамыз 1912 жылы 12 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін, 1931 жылы Қазақстан өлкелік комсомол комитеті оны Мәскеу түсті металлургия институтына оқуға жібереді. 1936 жылы институтты ойдағыдай бітіріп, тау кен инженері мамандығын алған Д. . А. . Қонаев Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогының машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры болады. Он бес одақтастас республиканы Мәскеу басқарып тұрған қиын да күрделі заманда, Қонаев атамыз Қазақстанды жиырма жеті жыл бойы басқарған. Әділетті, турашыл, қарапайым басшы болды. Ол кісінің алдына елдің бәрі кіріп, жұмысын айтып шыға алатын. Қонаев басқарып тұрған кезде Қазақстан он бес одақтас республиканың ішінде екінші орында тұрды. Бірінші - Ресей, екінші Украина мен Қазақстан қатар тұрды. Бұл Қонаевтың Қазақстан үшін қаншалықты еңбек сіңіргенін көрсетеді.
Ел ең алдымен Қонаевтың кішіпейілдігі, мәдениеттілігі жайлы тамсана әңгімелейді. Димаш атамыз Академик болған. Академик дегеніміз - жан-жақты білімді, өте сауатты, бәрін білетін адам. Академиктерге сол кезде ай сайын үш жүз сомнан артық ақша төленетін болған. Сол ақшаны Қонаев атамыз ай сайын балалар үйіне беріп отырған. Бұл да Дінмұхамед атамыздың Ұлылығының бір белгісі.
Д. А. Қонаев -Ұлы отан соғысынан әбден күйзеліп артта қалған Қазақстанды толассыз көркейтіп дамытқан, оны алдыңғы қатарлы индустриялы - аграрлық республика дәрежесіне жеткізген -xx ғасырдағы қазақ халқының дара перзенті, қазақ мемлекетінің ұлы қайраткері.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев ел басқарып тұрған кезде Қазақстанда қырықтан аса қала салынды. Ол қалалардың бәрінде атамыздың айрықша еңбегі болды. Міне, осы істердің бәрі Қонаев атамыздың «Ұлы тұлға» екеніне жеткілікті дәлел бола алады.
Өзі өмір сүрген күрделі уақыттың адал перзенті бола білген абзал азамат 1993 жылы тамыздың 22-інде, 82 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.
2. Д. . А. Қонаев туралы пікірлер.
1) Д. А. Қонаев есімі Қазақстан халқымен бірге жасары анық, ақиқат. . Ол кісі бәрімізге ұстаз болған ұлы адам. Н . Назарбаев.
2) Д. А. Қонаев Қазақстан тарихында ірі тұлға болып қалары даусыз.
Н. Назарбаев.
3) Д. А. Қонаев өз халқының көрнекті, адал перзенті бола білген адам. . Ондай адамдар тарихта көп болғанымен, әрқайсысы қайталанбас жеке тұлға.
А. Асқаров.
Өтен кеткен бұл фәниден сан алып, Тарих үшін емес олда жаңалық.
Дінмұхамед - Қонаевтың жай аты,
Шын аты оның Мейірім мен Даналық.
Н. Қашағанұлы.
3. Әдеби монтаж.
«Ұлы тұлға»Б. Мырзамбетов.
1) Балауса.
Дінмұхамед-Ұлы тұлға ардақты,
Дінмұхамед-бар асылдан салмақты.
Дінмұхамед-күллі әлемге танылған,
Кісіліктің шамшырағы жан-жақты.
Дінмұхамед заманадан биік тұр,
Даналығы мәңгілікке сыйып тұр.
Қасиетті ұл, қабырғалы еліне,
Шыққан күнмен шапағатын құйып тұр.
Нигара.
Димаш - аға ардақты әке, ұлы ата,
Ұлылығын ұлықтаймыз ұната.
Дінмұхамед Қонаевты біледі,
«Туысым» деп, бар қазақтан сұраса.
«Қонаевқа - 100 жыл». Б. Досалиев.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz