Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Б. Майлин Күлпаш

Сабақтың тақырыбы: Б. Майлин «Күлпаш»
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Мәтін мазмұнымен таныстыру. Жүйелі сөйлеуге
үйрету, ролмен оқи білу.
ә) дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілетін, есте сақтау
қабілетін дамыту.
б) Тәрбиелік: Шыдамды, төзімді болуға, өз елін, туған жерін сүюге
тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақт түсіндіру.
Сабақтың түрі: Ролдік сабақ
Сабақтың әдістері: Ой қөзғау, әңгімелеу, сұрақ- жауап,
Сабақтың көрнекілігі: Мәтінге байланысты сурет, Б. Майлиннің суреті, слайд.
Сабақтың барысы: І Алғашқы ұйымдастыру
- амандасу;
- түгелдеу;
- назарын сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
- 4 оқушыдан бөліктердің түсінігін сұрау;
- Әр бөлікке ат қойғызу;
Үй тапсырмасын пысықтауға «Бәйге» ойынын ойнату.

60- Тоқаш Бокин не үшін күрескен адам?
30- Түрмеде оған қандай айып тағылды?
20-Тоқашқа жолығуға кім келді?
30- Мәтіннен Тоқаштың анасына айтқан сөзін тауып оқы.
40- Анасымен бірге Тоқашқа кім келді?
10- Тоқаш неше күннен кейін айыптау қорытындысымен танысты?
20- Тоқаш кіммен тығыз байланыста болған деп жала жабылды?
10- Топ ішінен кімнің зарланған даусы естілді?

ІІІ Жаңа сабақ.
- Автор өмірімен таныстыру;
- Мәтінді түсіндіру;
- Мәтіннің мағынасын толығымен ашу;
- Оқиғаның болған кезеңіне тоқталу;

ІҮ Сөздікпен жұмыс
Өрім- өрім- тозған, жыртылған.
Бөкебай – басқа жамылатын шәлі.
Ызғырық – суық жел
Өлмелі кедей- өте кедей.

- Бөлікке бөліп оқушыларға оқыту
- Өздері оқып шыққан екі бөлікке ат қойғызу;

Ү Бөлікке ат қою
1 Үміт сәулесі
2 Азапты күн

«Сөз терім» ойыны
1. Б. Майлин кім? Қайда оқыған?
2. Күлпаш пен Қалидың сыртқы тұрпаты қандай? Қали неліктен бүк түсіп
оранып жатыр?
3. Қали мен Күлпаш неліктен Мақтымның келуін асыға күтеді?
( ШЫҚПА, ЖАНЫМ, ШЫҚПА)
- Осы сөздің мағынасын балаларға түіндіріп, ашып айту.

ҮІ Шығармашылықпен жұмыс.
Күпашқа сипаттама беру.

ҮІІ Сабақты бекіту. «Қазаққа» Б. Майлин
Келді теңдік, туды теңдік басыңа,
Қатын, еркек, кәрі менен жасыңа.
Туысқанды, құрдастықты асыға,
Алалықты араңдағы жой қазақ!
Не сұрасаң қабыл қазір тілегің
Сен тілексіз оңалмайсың білемін
Жан біткендер іздеп жатыр керегін,
Тұр, қалғыма, көтер басты, әй қазақ!

ҮІІІ Үйге тапсырма беру.
- мәтінді оқып, түсінгеніңді айту;
- Б. Майлин өмірінен материалдар жинау.

ІХ Бағалау
Мадақтау

( ашық сабақ)

Ұқсас жұмыстар
Күлпаш, 3 сынып
Күлпаш Б.Майлин
Анасымен арасындағы әңгіме
Б.майлин “күлпаш”. с.торайғыров “кедей”
Бейімбет майлин күлпаш
Жоңғарлармен күрес
Кедей ұқсастығы
Б. Майлин - Күлпаш жайлы ақпарат
"ана тілі" пәні бойынша
Әңгіменің мазмұнын түсіндіру
Пәндер