Сүйек сынықтары, буын шығуы және байламдар созылуы кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері

Сыныбы: 8 «б»
Тақырыбы: Сүйек сынғанда, буын шыққанда және байламдар созылғанда алғашқы көмек көрсету
Мақсаты: Сүйек сынған кезде алғашқы көмек көрсету ерекшеліктерін түсіндіру, танғыш және шендеуіш салу әрекетін көрсету.
Білімділік: Оқушыларға сүйек сынғанда, буын шыққанда, байламдар созылғанда көрсетілетін алғашқы көмек туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Денсаулықтарын сақтауға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, аурулардың алдын алуға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Өмірде кездесетін сүйек, буын аурулары туралы білімдерін дамыту, тәжірибе жасау арқылы қабілеттерін дамыту.
Құрал-жабдықтар: Қатты қатырмақағаз, тақтай, шендеуіш, орамал, мультимедия
Сабақ түрі: Зертханалық жұмыс
Әдіс-тәсілдер: Демонстрациялау, шығармашылық ізденіс, тәжірибе жасау, баяндау, сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша ББК кестесі.
Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру
Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
ІІ. Зертханалық жұмыс
- Сынық түрлері (Шығармашылық жұмыс)
- Таңғыш салу (Дәрігер таңғыш салуды көрсетеді)
ІІІ. Қорытындылау
- Жұмысты қорытындылау
- Оқушыларды бағалау
№6 Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Сүйек сынғанда, буын шыққанда және байламдар созылғанда алғашқы көмек көрсету
Жұмыс мақсаты: Сіңір созылғанда қысатын таңғыш сала білу. Білек, иық, тізе, санға таңғыш сала білу. Бас сүйегі, омыртқа жотасы, кеуде қуысының сүйектері сынған кезде алғашқы көмек көрсету ерекшкліктерін түсіндіре білу.
Керекті-құрал жабдықтар: қатты қатырмақағаз, тақтай, шендеуіш, орамал
Жұмыс барысы:
Жұмысты қорытындылау