№37 жалпы орта білім беретін мектептің Білімді мыңды жығар тақырыбындағы қазақ тілі пәні сыныптан тыс сайыс-ойын жоспары

№37 жалпы орта білім беретін мектеп

"Білімді мыңды жығар"

Қазақ тілі пәні бойынша сыныптан тыс шара

Өткізген: Максутова Х. М.

Орал қаласы

Тақырыбы: "Білімді мыңды жығар . . . "

Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларында білім негізін қалыптастыру, қазақ тілі пәніне деген қызығушылығын ояту, сөздік қорын дамыту, ауызша логикалық ойлауға баулу.

Көрнекілігі: Әріптер, сөздер т. б.

Түрі: сайыс

Әдісі: сұрақ-жауап, ойын, ребустар шешу

Өту барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

Ал, қанекей балалар

Бері қарай қарайық

Алаңдамай басқаға

Сайысқа назар салайық

Дұрыс тапсырма шешімін

Мұқиятпен табайық

Әділқазылар алқасын сайлау, сайыскерлерді таныстыру

Ойынның мақсаты: Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, интеллектуалды оқушылардың дарынын ашу, белсенділігін арттыру, білімдерін көтеру.

Ойынның кезеңдері:

І кезең "Таныстыру"

ІІ кезең "Лездеме сурақтар"

ІІІ кезең "Үндемес ойыны"

ІV кезең "Адасқан әріптер" ойыны

V кезең "Постер қорғаау"

VІ кезең Қорытынды

І-кезең: "Таныстыру"

(Бұл кезең "4" немесе "5" ұпаймен бағаланады)

Екі топта ортаға шығып, топтың аты мен ұранымен таныстырып, сәлемдеседі.

Екі топта ортаға шығып, хормен:

Білер қазақ баласы,

Сәлем сөздің анасы.

Алдымыздан кезіккен,

Көп танысты көреміз.

Бәрінеде ізетпен,

Біздер сәлем береміз.

І-топ: "Сұңқар": ІІ-топ: "Тұлпар":

Топтың аты "Сұңқар" бұл, "Тұлпар" атты тобымыз,

Келдік біздер жарысқа. Көп нәрседен хабармыз.

Қазақ тілдің сырларын, "Сұңқар" атты топпенен

Баяндаймыз сайыста. Сайысуга даярмыз.

ІІ-кезең: "Лездеме сұрақтар"

(Бұл кезеңде қанша сұраққа жауап берсеңіздер, сонша ұпай аласыздар)

"Сұңқар" тобына:

1. Сөз дегеніміз не?

2. Сөйлемнің неше түрі бар?

3. Лепті сөйлемнің соңына қандай тыныс белгі қойылады?

4. "Қария" сөзіне мәндес сөздерін ата.

5. Қандай сөз таптарын білесіңдер?

6. Зат есім дегеніміз не?

7. Зат есімнің түрлерін ата.

8. Түбір дегеніміз не?

9. Көптік жалғауды ата.

10. "Келемеж" - деген қандай мағынаны білдіреді?

11. "Л" қандай дауыссыз дыбыс? "С" ше?

12. "Кітап" сөзіне дыбыстық талдау жаса. (ауызша)

"Тұлпар" тобына:

1. Сөйлем дегеніміз не?

2. Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?

3. "Агайын" сөзінің мәндес сөздерін ата.

4. Заттың атын білдіретін сөздерді . . . дейміз.

5. Жалқы есімге мысал келтір.

6. Жұрнақ дегеніміз не?

7. Етістік дегеніміз не?

8. "Ыстық" сөзінің қарама - қарсы мағынасы -

9. "Қ" қандай дауыссыз дыбыс? "Д" ше?

10. "Аңнан" деген қандай мағынаны білдіреді?

11. Қосымша деген не?

12. "Теңіз" сөзіне дыбыстық талдау жаса.

ІІІ-кезең: "Үндемес" ойыны.

(Бұл ойынның шарты: әр топтан екі оқушы шығады. Біреуі суретті екіншісіне көрсетеді, бірақ ол өзі сол суретке қарамайды. Екіншісі іс - қимыл арқылы суреттерді көрсетеді. Суретті көрсетіп тұрған оқушы қандай сурет екенін айтуы қажет. Әр дұрыс тапқан жауапқа "5" - тік баға қойылады)

ІV -кезең: "Адасқан әріптер" ойыны

(Қатты соққан боранның әсерінен, әріптер орындарын ауыстырып алыпты. Сол себептенде бұл әріптер көмек сұрайды. Әріптерді дұрыс орнымен қойсақ, ұлы ақын-жазушылардың, ғұламалардың есімдері шығады. Олай болса көмектесеміз бе?)

"Сұңқар" тобына: ХМТҰРА, АМЖЫЛБ, РЕМКЕ

"Тұлпар" тобына: МКӘШРӘІ, ХАЕТМ, ӨЕБТЙА

V-кезең: "Постер қорғау"

(Бұл кезеңде 4 хат беріледі. Соның ішінен 2 хат таңдалады. Хаттардың ішінде қима суреттер бар. Оларды құрастырған кезде, сюжетті суреттер шығады. Сол суреттер қарап постер қорғайсыздар. Яғни, сол тақырып бойынша не білесіз соны ортаға саласыз. )

Осы кезде жанкүйер болып отырған көрермендермен "Мың бір мақал" ойыны ойналады. Яғни, мақалдың жалғасын табу.

Ананың көңілі балада, . . .

Қына тасқа бітеді, . . .

Досы көпті жау алмайды, . . .

Ер жігіт елі үшін туады, . . .

Ақыл тозбайтын тон, . . .

Өзге елде сұлтан болғанша, . . .

Білекті бірді жығар, . . .

Туған жердің күні де ыстық, . . .

Еңбектің наны тәтті, . . .

Бірлік болмай, . . .

Ердің көркі елімен, . . .

Туған жердей жер болмас, . . .

Оқу - білім бұлағы, . . .

Еңбегін қатты болса, . . .

Төртеу түгел болса, . . .

Ырыс алды, . . .

Еңбек етсең ерінбей, . . .

Білім қымбат, . . .

Отансыз адам - . . .

Жақсы туса - ел ырысы, . . .

Әдепті бала арлы бала, . . .

Үлкенге - құрмет, . . .

Жақсыдан үйрен, . . .

Қына тасқа бітеді, . . .

Ата көрген оқ жонар, . . .

Оқусыз білім жоқ, . . .

Туған жердің қадірін, . . .

Жақсы кісі көпшіл, . . .

Бірлігі жоқ ел тозады, . . .

Оқусыз білім жоқ, . . .

Сулы жер - . . .

VІ кезең: Қорытынды

Әділқазылар алқасынан жалпы сайыс қорытындысы сұралады.

Ұпай бойынша жеңген топ дипломмен марапатталады. Сабаққа жақсы қатысқан оқушылар мақтау қағазымен марапатталады.


Ұқсас жұмыстар
Білімді мыңды жығар: қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша сайыс сабақ жоспары
Білімді мыңды жығар - физика пәні бойынша танымдық сайыс
8-сыныпқа арналған сабақтан тыс биологиялық сайыс Білімді мыңды жығар
Кенбай орта мектебінің Білімді мыңды жығар сайыс сабағы - электростатика
5-сыныпқа арналған Білімді мыңды жығар математикалық сайыс сабағы
1-4 сыныптарға арналған дүниетану пәні бойынша Білімді мыңды жығар сайыс сабағының жоспары
Малыбай жалпы орта білім беретін мектептің 6-10 сыныптарына арналған сыныптан тыс сайыс сабағы Білгір биологтар (Айгожин А.Б., 2015)
Білімді мыңды жығар: бастауыш сыныптарға арналған интеллектуалдық ойын-сабақ
9-сынып оқушыларына арналған Білімді мыңды жығар химия кеші: білім және сайыс бағдарламасы
Қ.Қ. Тоқмұхамедов атындағы №14 орта мектептің математика пәні бойынша Білімді сынып атты сыныптан тыс іс-шараның сценарийі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz