Қыс мезгіліне арналған оқу-тәрбиелік сабақ жоспары: Қыс қызықтары

Тақырыбы: «Қыс қызықтары»
Мақсаты: Қыс мезгілінің өзіндік ерекшеліктері табиғат құбылыстарымен таныстыру, оны сүюге тәрбиелеу.
Білімділік: Қыс мезгілі, қысқы ойындар, қысқы табиғат, қысқы көрініс жайлы түсінік беру. Дамытушылық: Қысқы ойын түрлерін атау, жұмбақтар шешу арқылы тапсырмаларды орындау, қысқы табиғат көрінісіндегі ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету.
Тәрбиелік: Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру және еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: кубизм әдісі, ойындар, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: қыс қызықтары суреттері, қар, аққала, шырша, шырша ойыншықтары.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
І. Шаттық шеңбері
Балалар қолдарыңды жоғары көтеріп биікке қарап қолдарыңа өте үлкен үрлемелі шар бар деп көз алдарыңа елестетіңдер. Шар жеп-жеңіл, мөп-мөлдір одан ғажайып бір жылу сезіліп тұр. Оны қолымызға алып, жүрегімізге жақындатайық, жеңіл ұстайық. Сендер жылулықты сездіңдерме ал енді осы жылулықты бір бірімізге берейік.
ІІ. Кубизм әдісі арқылы сұрақ-жауап алу.
- Қазір жылдың қай мезгілі? Айларын ата?
- Қыста ауа-райы қандай болады?
- Қыс мезгілінде адамдар қандай киім киеді?
- Қыста қандай ойындар ойнайды?
- Қыс мезгілінде қандай мереке болады?
ІІІ. Триз әдісі бойынша жұмыс жасау. Балалар енді жұмбақ шешіп көрейікші.
Жұмбақ шешу:
- Қолы жоқ, сурет салады,
Тісі жоқ, тістеп алады. (аяз)
(майшаммен сиқырлы сурет салып, қарындашпен бояу және әңгімелеу)
![]()
ІҮ. Жұмбақ шешу:
- Әуеде ақ мамық,
Қалбалақтап ұшады.
Қанаты талып, Жерді барып құшады. (қар)
Ойын: «Қарды қағып ал»
Ойынның шарты: Қарды қағып алған бала қыс туралы тақпақ, жұмбақ, өлең айтулары тиіс.
Ү. Сергіту сәті:
- Қандай суық қыс деген?Қалтырайды құс деген. Құлақшынды кимесен, Қүлағыңды тістеген.
ҮІ. Жұмбақ шешу:
- Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы.
Қыста қардан туатын,
Тауып көрші сен оны. (аққала)
Ойын: «Аққала құрастыру»
Ойынның шарты: Берілген қиындылардан аққаланы құрастырып шығу.
ҮІІ. Жұмбақ шешу:
- Тікен-тікен тік пісте,
Қысы, жазы бір түсте. (шырша)
Ойын: «Шыршаны безендіру»
Ойынның шарты: Тілек айтып шыршаға ойыншықтар ілу.
ҮІІІ.
Қорытынды . Балалар сендердің барлығың да өте жақсы жұмыс жасадыңдар. Біз не үйрендік? Сендерге ұнады ма? Кімге не ұнады?
Рахмет сендер өте тамаша балаларсыңдар менің сендерге азғантай сыйлығым бар. Көңіл-күйіміз қандай? Тамаша!
Қыс мезгілі қандай? Тамаша!.
Ауа райы қандай? Тамаша!
Қысқы ойындар қандай? Тамаша. !
Келген қонақтарымыз қандай? Тамаша!
Келгендеріңізге рахмет. Сау болыңыздар!