Сабақ жоспары :: Психология

Файл қосу

Жас мұғалімдердің педагогикалық тұлғалық орнын қалыптастыруға мақсатында жүргізілген психологиялық тренинг

Жас мұғалімдердің педагогикалық тұлғалық орнын қалыптастыруға мақсатында
жүргізілген психологиялық тренинг
Мақсаты: Жас мамандардың ұстаздық қасиеттерінің қалыптасуына бағыт беру,
кездесетін қиыншылықтардан, кедергілерден шығу жолдарын ұғынуға көмектесу,
шығармашылыққа, тұлғалық орнын анықтауға бағыт беру.

Міндеті:

Бір-біріне деген сенімділік, адамгершілік қатынасын қалыптастыру.

Психологиялық қолдау көрсету.

Шығармашылыққа бағыт беру.

Жұмыс түрі: Топтық

Қажетті құралдар: А4 қағаз, қарындаш, қалам, түрлі-түсті қағаздар, доп,
түрлі түсті шарлар.

Жүріс барысы:

1.Танысу.

Нұсқау: Жұмысымызды таныстықтан бастаймыз. Жас маманның есімі жазылған
парақ қағаз тәлімгерлерге беріледі. Әр тәлімгер жас маманның есімінің әр
әріпінен басталатын қасиеттерін жазып, таныстырып айтып шығады.

Мысалы:

Нұргүл- Н-нәзік,Ұ-ұқыпты,Р-рақымшыл,Г-гүлдей жайнаған,Ү-үлгілі, Л-лайықты
ұстаз

Қорытындылау: Енді бір-бірімізді жақсы таныдық,жұмысымызды әрі қарай
жалғастырайық

2. «Жұбыңды тап» жаттығуы

Мақсаты: Ұстаздардың бір-біріне мейірімділігі мен назар аударуын
қалыптастыру, түйсік арқылы қабылдауды дамыту.

Нұсқау: Сіздер менің бұйрығымды бойынша аудиторияда араласып жүрулеріңіз
керек. Мен «Жұбыңды тап»-дегенде, әр адам өз жұбын табу керек. Одан кейін
тағыда тапсырма беріледі.

Сонымен басталық: «Жұбыңды тап!»... Енді бір-біріңнің қолыңды қысасыз,
аяқтарыңды тақаңдар, мұрындарыңды түйістіріп, бас пен бас, құлақ пен құлақ,
бет пен бетті тигізіңдер.

Тағыда зал ішінде қозғалыңыз және жаңа жұп табыңыз. Ойын жаңа жұптарда
жалғасады.

Талдау:

Өз көңіл-күйіңізді бөлісіңіз. Бұл ойын неге бағытталған?

Оны кімдер және қашан қолдануға болады?

3. «Қасиеттер жиыны» ойыны

Нұсқау:Ұстаздар ортаға шығып, дөңгеленіп тұрады. Жүргізуші қолына допты
алып, ортаға шығады.Кез келген қатысушының біреуіне допты лақтырып
қалып,бір әріпті айтады. Допты қағып алған ойыншы сол әріптен басталатын
бір қасиетті айтады.

Мысалы:

Жүргізуші: «Ә» әрпі

Ойыншы: «Әдемі»

4. «Менің мінез-құлқым» жаттығуы

Нұсқау:Мына кестеге өздеріңіз қалаған аң немесе құстың атын жазыңыз.

Үйде
ЖұмыстаЖас4

| | |
| | |

Жора-жолдас Өзіндік баға

5.Жас мұғалімдерге арналған сауалнама

1.Сіз мамандығыңызды дұрыс таңдағаныңызға сенімдісіз бе?

2. Сіз пәніңізді ұнатасыз ба?

3.Сізге мектепте жұмыс жасаған қиын ба?

4.Сіз өз оқушыларыңызбен ортақ тіл табысасыз ба?

5.Бірлестікке көзқарасыңыз қандай?

6.Сіздің шығармашылық мүмкіндігіңіз?

(оқушыларды немен қызықтыра аласыз?)

7.Сіздің қатты ренжіген сәттеріңіз болды ма?

8.Ата-анаңызбен қарым қатынасыңыз жақсы ма?

9. Сіз жұмыстан кейін үйге асығасыз ба?

10. Сізге біздің ұжымда жақсы ма?

( мүмкін қосатын ойыңыз болар)

6. «Аяқталмаған сөйлемдер» жаттығуы

Мақсаты: аяқталмаған сөйлемді аяқтау және жас мұғалім кәсіптік іс-
әрекетін көрсету.

Нұсқау:-Егер де сізді қуантқан нәрселер көбірек болса, қағаздан қиылған
қызыл жүрекшеге алып «Жұмыста соңғы кезде мені қуантқан......» деген
сөйлемді аяқтау керек, ал егер де ренжіген сәттеріңіз басым болса,
қағаздан қиылған жасыл бұлттарды алып «Жұмыста соңғы кезде мені
ренжіткен....» осы сөйлемді аяқтау керек.

Түйін сөз: мұғалімдердің таңдауларына қарай қорытынды сөз айтылады.

7. «Тілектен тілекке»(рефлексия)

Қатысушыларға түрлі түсті шарлар ұсынылады,сол шарларға өздерінің
тілектерін жазып,бүгінгі кездесуден алған әсерлерімен бөліседі және бір-
біріне сыйлыққа тартады.

Ұқсас жұмыстар
Педагог-психолог, 2013-2014 жылдық есеп
Психологтың жылдық жоспары. 2014-2015ж
Мектеп директоры
Қазіргі кезеңдегі психологиялық қызметтің негізгі жұмыс бағыттары мен іс - құжаттарының түрлері
Пәннің әлеуетін арттыру мақсатында басқа пәндермен пәнаралық байланыс жасап оқытуды тәжірибеге енгіздік
Отбасы тәрбиесінде баланың жас және дербес ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиелеу
Шығармашылық белгілер
Психологиялық аспект
Оқытудың белсенді әдістерін топтастыру
Ақпараттық технологиялар негізінде жаңа тұрпатты мұғалім даярлау
Пәндер