Файл қосу

Құпия агентінің шытырмандары


Әбілман Гүлжазира Әділханқызы
Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған
мамандандырылған мектеп-интернатының
химия-биология пәнінің I санатты мұғалімі
Орал қаласы

Химия 9-сынып
Құпия агентінің шытырмандары
Сабақтың типі: 8-сыныптың химия курсы бойынша білімді жалпылау және жүйелеу
Мақсаты: 8-сыныптың химия курсы бойынша жалпылау
Міндеті:
1. Білімділік: курстың негізгі тақырыптары бойынша қайталау және бекіту,
алған білім дәрежесін тексеру
2. Дамытушылық: пәнге деген қызығушылығын дамыту, эрудициясын, ойлау
қабілетін, анализ жасауға, қорытынды жасап анық жеткізе білуге үйрету
3. Тәрбиелілік: жеке тұлға ретінде қалыптастыру, топпен бірге жұмыс
жасауға үйрету. Байқағыштыққа, топ арасында жұмыс істеген кезде
сыпайылылыққа және өзгенің жауабын тыңдауға үйрету.
Көрнекі құралдар мен материалдар: Ұран жазылған сөз, үлестірмелер,
номірленген алфавит, тапсырмалар, жауап парағы, телеграмма, құпия агенттері
үшін код номері мен аттары бар куәлік.
Ұран: “Жеңу үшін- білім керек, істей білу керек, ойлай білу керек.”
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастырушылқ бөлім
2. Топты таныстыру
3. Дайындық бөлімі
4. Тапқырлыққа тапсырма
5. Шапшаңдық пен ептілікке тапсырма
6. Шифрдың жеткізілу уақытын анықтау
7. Телефон номерін анықтау
8. Парольді анықтау
9. Шифрды шешіп көр
10. Қорытындылау
Сабақ барысы
Мұғалім оқушыларды екі топқа бөліп, оларға реттік санмен нөмір
тағайындалады. 001,002,003 және т.б. (топтың бөліну санына қарай.) Әр топ
өзінің жетекшісін таңдайды. Сабақты бағалап қорыту үшін сарапшы таңдалып,
бағалау парағы беріледі. Бағалауға жоғары сынып оқушысын немесе ата-анадан
шақыртып қоюға болады.
Мұғалім: Балалар, сіз бәріңізде теледидардан детективті фильм көруді
ұнатасыңдар. Сіздерге жақсы таныс тыңшы батырларды атаңдаршы ? / Джеймс
Бонд, Шерлок Холмс, Ниро Вульд, Эркюль Пуаро және т.б / Ал сіздер өздерің
тыңшы болғыларын келе ме, олай болса бір сабаққа тыңшы болып көрейікші ?
Менің ойымша болады. Бүгін біздер құпия агенті боламыз, яғни құпия ұйымның
қиын да шырмалаң тізбектің аралық звеносы болып, құнды ақпаратты алып, және
оны жіберуіміз керек. Алдымен сабағымыздың тақырыбын анықтап алайық. Мына
карточкада бір жазу бар. Осыған мұқият қарап, үш сөзден тұратын тақырыбын
тауап оқыңыздар.
Карточка: ҚҰШЫАПИЯ ГЕНТЫРТІМАНДАНІҢ РЫ
Өте дұрыс, бұл сабағымыздың тақырыбы: Құпия агентінің шытырмандары.
Олай болса шытырман басталады. Құпия агенті болу үшін сіздер оқыту курсынан
өтіп, түрлі сәйкес сұрақтарға жауап берулеріңіз керек. Сіздер құпия агенті
бола аласыздар ма екен, қазір тексереміз.
Кез келген құпия агенті болу үшін, сіздер өз жұмыстарыңызды жақсы
орындауда қандай қасиет керек деп ойлайсыңыздар? (Оқушы жауаптары батырлық,
ептілік, ақылдылық тапқырлық, шыдамдылық, шапшаңдық және т.б.) Әрине өте
дұрыс, енді мен сіздердің тапқырлықтарыңызды тексергім келеді. Бірінші
байқауды бастаймыз.
1-тур: Тапқырлыққа тапсырма.
2 топ химиялық сұрақтарға жауап беру керек. Әр дұрыс жауапқа 1 балл алады.
Егер де топ дұрыс жауап бере алмаса, онда қарсы топ жауап беріп, 1 балл
табуына болады.
1. Шынының балқуы қандай құбылысқа жатады ?
2. Атом молекулалық ілімді жасаған ғалым ?
3. Атом құрамындағы бейтарап бөлшек ?
4. Скандинавия аралының құрметіне аталған элемент ?
5. Сүттің ашуы қандай құбылыс ?
6. Қандай су дем шығарудан лайланады ?
7. Қай элемент жетіспеуінен тіс ауруына ұшыратады ?
8. Құрамында кіретін заттың бөлшектерін жай көзбен көруге болатын қоспа
қандай қоспа деп аталады ?
9. Бір ғана химиялық элемент бірнеше жай зат түзе алатын құбылыс ?
10. Қышқылдар мен сілтілерде өзінің түсін өзгертетін заттар ?
Балалар, сіздер бірінші байқаудан жақсы өттіңдер. Менің ойымша құпия агенті
тапқыр болып қана қоймай, тез және епті болу керек. Олай болса, екінші
байқауды бастайық
2-тур: Шапшаңдық пен ептілікке тапсырма.
2- топқа үлестірме карточка беріледі. Карточкада тордың ішінде
заттар формуласы жазылған, екінші бөлігінде заттар атауы берілген.
Заттарды аталуымен дұрыс қойған топқа 2 балл (әр карточкаға бір-бірден)
тез жауапқа 1 балл қосылады.
|НNO3 |NaCL |MgO |
|KOH |CO2 |H2S |
|Li3PO4|Fe |CuOH |

1-алаң

№ 1 алаңдағы карточкалар: қышқыл, тұз, негіздік оксид, сілті, қышқылдық
оксид, қышқыл,тұз,металл,негіз.
2-алаң

|Күкіртті |Мыс (ІІ) |Темір (ІІ) |
|қышқыл |оксиді |хлориді |
|Натрий |сутек |Күкірт (VІ) |
|гидроскиді| |оксиді |
|Кальций |Тұз қышқылы |Мырыш |
|нитраты | |гидроксиді |

№ 2 алаңдағы карточкалар: H2SO4, CuO, FeCL2, NaOH, H2, SO3, Ca(NO3)2, HCL,
Zn(OH)2
Балалар, сіздер тапсырмаларды өте жақсы орындап шықтыңыздар.Құпия агентінің
деңгейіне жеттіңіздер, құттықтап сіздерге өте жақсы деген белгісін
табыстаймын. Ішінен өздеріңіздің жеке код пен жасырын аттарыңыз берілген.
Құпия құжаттардың тізімінде осымен өтесіңдер. Енді бұл сіздердің аттарыңыз,
оқып естеріңізге сақтап алыңыздар.
Енді ісімізге кірісейік. Мен айтқандай сіздер құпия агентсіздер,
яғни құпия жазудың кілтін (шифр) алып, оны әрі қарай жеткізулеріңіз қажет.
Егер де сіздер жолдағы кедергілерден өте алмасаңыздар, онда құнды құпия
ақпаратты жоғалтып аласыздар. Ол үшін бәрін істей білу керек. Құпия кілтін
керек уақыты мен керек жеріне жеткізулеріңіз керек. Сіздер әзірсіздер ме?
Сәттілік тілеймін. Онда кеттік.
Алдымен міндетті түрде шифрдың жеткізілу уақытын анықтап алуымыз
қажет. Сіздерге мынадай интернет арқылы хабар түсті. Тапсырманы шешу арқылы
уақытын табуымыз керек. Олай болса, 3-тур шифрдың жеткізілу уақытын
анықтау.
3 тур: Шифрдың жеткізілу уақытын анықтау.
2 топқа карточка беріледі. Сол жағында теңдеу берілген. Оқушылар
теңдеуді анықтап, коэффициенттерін қойып, теңестіру керек. Алынған суммасы
шифрдың жеткізу уақытын көрсетеді. Дұрыс жауапқа 2 балл және бірінші тапқан
топқа 1 балл қосылады. (3-5 тур үшін)
CaCO3 =
Ba(OH)2 + H2SO4 =
Li + O2 =
Zn + HCI=
Дұрыс жауабы: 20 сағат.
Өте жақсы. Енді біздер шифрдың жеткізілу уақытын білеміз, енді
оны қайда және қалай жеткіземіз. Кәне, енді қарайықшы сыбыр сөз қандай
жерге жасырылған. Мұқият айналамызға қараңдаршы. Сіздер нағыз тыңшыны
таптыңыздар. Бұл хат. Бұл хатты тезірек ашып жолдауды оқиық, мүмкін бұл
жолдауда әрі қарайғы әрекетіміз жазылған болар.
«Құрметті агент ! Шифрды әрі қарай жеткізу сіздерге міндетті түрде
телефон номерін анықтау қажет. Өте мұқият болыңыздар, әйтпесе байланыс
үзіліп, құнды ақпарат жоғалуы мүмкін. Сәттілік тілеймін!»
Кәне балалар, тырысып көрейік ? Олай болса 4-турды бастаймыз.
4- тур: Шифрды жеткізу үшін телефон номерін анықтау.
2 топқа химиялық формула жазылған карточка беріледі. Оқушылар
заттардағы элементтердің тотығу дәрежесін анықтап, асты сызылған
элементтердің тотығу дәрежесін жазып алу.
(Na, H2SO4,AL2O3) KMnO4, CuO, LiNO3, Zn, MnCL2, CO2, H2Cr2O7
Дұрыс жауабы: (063) 7250246
Балалар, сіздер қателеспепсіздер. Сіздер жақсы агент екенсіңдер.
Қиын тапсырманы оңай шештіңіздер. Енді біздер шифрдың жеткізілу уақытын,
телефон номерін білдік. Бірақ қоңырау соққан кезде парольсіз сізбен ешкім
сөйлеспейді. Енді келесі қадам-парольді табу. Сіздер телефон номерін
анықтап жатқан кезде маған тағы мынадай тапсырма келді. Тапсырманы
орындасақ парольді білуге болады екен. Олай болса 5-турды бастайық.
5- тур: Парольді анықтау
2 топқа химиялық элементтер жазылған карточка беріледі. Оқушылар протон
санын анықтап, санды номерленген алфавитке ауыстыру қажет.
N, Ne, O, Al, Cl, Cr Li,Ca, Ar, N.
Дұрыс жауабы мен паролі: Джеймс Бонд
Өте жақсы, бұл тапсырманы да оырндап шықтыңыздар. Енді біздер құпия
тапсырманы орындау үшін не керегін бәрін білеміз. Кез келген құпия агенті
шифрды беріп және алып қана қоймайды, ол оны оқи да білу керек. Ол үшін
қазір біз сіздермен әзірлік жүргіземіз. Менің бір таныс құпия агентімнен
(атын айтпай-ақ қояйын) бірнеше шифрларды алдырдым. Яғни сіздер шешуге
тырысып көріңдер. Дайынсыңдар ма ? 6-турды бастаймыз.
6- тур Құпия кілтін шешіп көр.
Дұрыс жауапқа 1 балл.
1. Иісі күшті, сары түсті
Активтігі керемет
Ондай ылаң қылған
Болмаған еш элемент. (Фтор)
2. Күміс түсті металл өзі
Ақ бор, әктас, мәрмәр еді
Жер металы десек те
Сан құрылыстың өзегі. (Кальций)
3. Жануарда да адамда да болатын
Талай снаряд, бомбаларды жаратын.
Полиграфияда да сенім артып,
Жапырақта хлорофилді түзетін. (Магний)
4. Тағады оны төсіне
Алтыннан басқа алдына
Салмақты та сабырлы
Теңеу айтып оған да. (Күміс)
5. Иісі, дәмі де жоқ ұсталмайды,
Ол болмаса тіршілік өмірде жоқ.
Ол болмаса, отын да тұтанбайды,
Қалады қарауытып көмір боп шоқ. (Оттегі)
6. Күмістей түсі жылтыр, өзі сұйық,
Буланбас, қайнатсаң да отынды үйіп.
Көрсететін суықты, жылуды анық
Қандай зат құрал жасар соны құйып (Сынап)
7. Өзі сұйық, иісі де жағымсыз,
Ғалымдар да сондықтан
Сасық деген ат беріп,
Қолданады дәріге. (Бром)
Ал, балалар, бұл тапсырманы да орындап шықтыңыздар. Мен
сіздерді құттықтаймын. Мен әзірлеген қиын шырмалаң жолдардан өтіп
шығуларыңызбен! Құпия агенті болу үшін сіздер зор құрметпен сыннан
өттіңіздер. Мүмкін өмірлеріңізге қажетке жарап қалар. Ал, бүгін
сабақта жақсы белсенділікпен қатысқан оқушыларға рахмет айтамын.
Біздің қызықты шытырман қорытындылау үшін енді сарапшыларға сөз
берейік.
Сабақты қорытындылау. Топты марапаттау. 1-орын алған топқа «өте
жақсы» деген, қалғаны «жақсы» деген баға алады. Сонымен қатар топтарға
мақтау қағазы мен сыйлықтар беріледі.

Қолданылған әдебиеттер:
1. Ковалевская Н.Б. Химия 9 класс Москва,1997 ж
2. Штремплер Г.И. «Химия» - Фрунзе, 1990
3. Мырзабаев А. «Элементтер-химия негізі». – Алматы.:Рауан, 1990.
4. Химия мектепте. 2005 ж, № 5


Ұқсас жұмыстар
Құжатқа құпия сөз орнату жолдарын үйрету
Білімді тиянақтау жайлы ақпарат - математика
Құзырлық тапсырма жайлы ақпарат
«Құмдағы құпия» Б. Баймаханов.
Internet желісінде электрондық жәшік ашып, хабар алмасу
Әр жорықтың өз бастауы бар..
Терезені жабу батырмасын шерт
Құпия сұрақ
Құпия әуен. Меңдібай Әбілұлы
Көрермендер өнімді
Пәндер