Ата-ана қарым-қатынасының бала тәрбиесіне әсері: теориялық және практикалық аспектілер

Батыс Қазақстан облысы

Тасқала ауданы, Тасқала ауылы

МКҚК «Тасқала колледжі»

психология пәнінің

ІІ санатты оқытушысы

Закишева Айнаш Куанышевна

Баяндама. «Ата-ана қарым-қатынасының

бала тәрбиесіне әсері »

Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп-инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып, олардың өздеріне деген қарым-қатынстарында мүлтіксіз жүзеге асырып отыруларына байланысты.

Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі - баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл - жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.

Бала - ата- ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін, » деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, ертеде «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған.

Бала тәрбиесі - қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс. «Бала бақшадағы гүлің-оны тәрбиелей білу -үлкен ғылым. », «Құс балапаны үшін тұзаққа түседі, адам баласы үшін азапқа түседі»Шындап келгенде, отбасы бақыты ата-аналардың өз қолында!І

Ата-аналардың жастығы мен бала тәрбиесіндегі тәжірибенің жоқтығы, болмаса тәрбие жұмыстарында тек қана өз ойлары мен көзқарастарына ғана жүгінуі немесе қажетті педагогикалық білімдерінің жетіспеушілігі салдарынан тәрбие процестері көптеген қателіктерге ұшырап отырады.

Сондықтан да колледж өміріндегі ата-аналардың педагогикалық білімін жетілдіру, мәдениетін арттыру, бала тәрбиесіне белсене араластыру, соның нәтижесінде ата-ананы баланың алғашқы ұстазына айналдыру мақсатында осындай ата-аналар жиналыстарының маңызы орасан зор.

  • 1. Балаға дұрыс тәрбие беру - ата-ананың
  • моральдық қана емес, заң жүзіндегі міндеті.
  • 2. Бала тәрбиесі мәселесінде ата-ана арасында
  • толық келісім болуға тиіс.
  • 3. Баланың бойындағы ізгілік, жақсылық
  • атаулының бәрін, оның үлгілі болуға
  • тырысқан талабын көтермелеп отыру керек.
  • 4. Баланың адал да ізгі адам болып өсуі үшін
  • оған ата-анасы үлгі болуға тиіс.
  • 5. Баланы еңбекке құрметтеу мен сүю рухында жас кезінен тәрбиелеп, оның бойына адамгершілік және рухани мәдениеттің негізін, қоғамдағы мінез-құлық дағдыларын дамыту керек.
  • 6. Ересектер балаларды күн сайын сипайылыққа, сергектікке, үлкендерді құрметтеуге, әділдікке өз үлгісімен тәрбиелеп отыруға тиіс.
  • 7. Үйдегі жайлылық пен салауаттылықтың алғы шарттары - тазалық пен тәртіп, сондай-ақ барлық отбасы мүшелерінің тату-тәтті тұруға ұмтылуы.

Ата-аналарға кеңес:

  • Егер үнемі баланы сынап отырса, оның оқуға құлқы болмайды;
  • Балаға үнемі күлсе, ол бұйығы болып өседі;
  • Баланы үнемі мақтап отырса, ол өз қадірі үшін оқиды;
  • Баланы қолдап отырса, ол өз бағасы үшін оқиды;
  • Бала төзімділікте өссе, ол басқаларды түсінуге үйренеді;
  • Бала адалдықта өссе, ол адал адам болып жетіледі;
  • Бала қауіпсіз жағдайда өссе, ол адамдарға сеніммен қарайды;
  • Бала кекшілдікте өссе, ол қатігез болып өседі;
  • Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ол бұл әлемнен махаббат табуды үйренеді.

АТА-АНА КЕЛЕҢСІЗ ЖАҒДАЙЛАРДА ӨЗІН ҚАЛАЙ ҰСТАУ КЕРЕК?

  • Баланы түсінуге тырысу;
  • Сеніміне қолдау жасау;
  • Бәрінің өткінші екендігін түсіндіру және тыныштандыру;
  • Жиі мақтап жаман ойлардан арылту;
  • Кейімеу, жазаламау;
  • Өмірін жақсартып, оны жақсы көру;
  • Қарым-қатынасты қалыпқа келтіру:
  • Қорқынышты фильмдерге уақытша шектеу жасау.

Жанұяның негізгі міндеттері:

  • Баланың үздіксіз дамуын қадағалап отыру;
  • Баланың денсаулығына қамқорлық жасау;
  • Баланың оқуына көмек беріп отыру;
  • Еңбек тәрбиесі және мамандық алып шығуына көмектесу;
  • Баланың жан-жақты дамуына көмектесу;
  • Баланың қызығушылығын, бейімділігін, шығармашылығын дамыту;
  • Баланы өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі дамытуға дайындау;
  • Балаға жақсы тәрбие беру, болашақ өмірге дайындау

Жанұя мынадай 5 түрге бөлінеді:


Ұқсас жұмыстар
Мұғалімнің оқушылармен және ата-аналармен кәсіби қарым-қатынасының мәдениеті
Ата-аналарға арналған ата-ана мен бала қарым-қатынасын нығайту семинар-тренингі
Ата-ана мен мектептің серіктестігі: бала тәрбиесіндегі жауапкершілік пен құқықтық-денсаулықтық аспектілер
Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас: тәрбие, сенім және отбасылық бақыт
Мектепалды даярлық топтарында ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту тренингі
Мен және жанұям: ортаңғы буын оқушыларының ата-аналарына арналған тренинг - ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту
8-сынып ата-аналар жиналысының СТО жобасы арқылы әзірленген сценарийі: ата-ана мен бала қарым-қатынасын нығайту
Отбасы - тәрбие мектебі: ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайтудың психологиялық тренингі
Ата-ана бақыты және бала тәрбиесі: ата-аналармен кездесу жоспары
Бақытым да, байлығым да - отбасы: ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайтатын тренинг
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz