Қалмақан Әбдіқадыров Қажымұқан хикаяты

Өскемен қаласы әкімдігінің «№27» орта мектебі КММ
5-сынып
Өткізген: қазақ әдебиеті
пәнінің мұғалімі Муканов
Муканов Бек Шынгазинович
2014-2015 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Қалмақан Әбдіқадыров "Қажымұқан" хикаяты.
Мақсаты:
Түрі: жаңа білімді меңгерту
Пәнаралық байланыс: дене тәрбиесі
Әдістері: болжау, талдау, жинақтау. (СТО жобасы)
Көрнекіліктері: электронды слаидтар, электронды окулық.
Барысы:
Үй тапсырмасын тексеру.
- С. Бегалин «Бала Шоқан» реферат жазу
- 1. «Түсіну» стратегиясыА) Қ. Әбдіқадыровтың өмірінен хронологиялық кестеМерзімі Болған оқиғалар1903 жыл Қазіргі Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кентінде дүниеге келген1925 жыл жыл Алғашқы “Сырдария” деген өлеңі “Еңбекші қазақ” газетінде жарияланған1928 жыл Тұңғыш өлеңдер жинағы “Жалшы” деген атпен жарық көрді1935-51 ж. ж. “Май”, “Батыр”, “Сәтбаев”, “Еділ-Дон”, “Келес қызы” поэмалары жарық көрген1954, 1956, 1959 ж. ж. “Қажымұқан” повесі қайта басылды1970 жылы “Қажымұқан” повесі орыс тілінде жарық көрді1935, 1936, 1937ж. ж. “Алатаудың бауыры”, “Амантай”, “Тапқыш” кітаптары жарық көрді.
- Туған жерлеріңнің табиғатын суреттеу, әңгімелеу.
-Балалар, сіздердің туындыларыңыздан туған жерлеріңізге деген шексіз екенін аңғардым.
-Туған жерлеріңізге болашақта қалай еңбек сіңіремін, мәртебесін асырамын деп ойлайсыздар?
-Біздің бүгінгі кейіпкеріміз де туған халқына адал еңбегімен қызмет атқарып, даңқын асқақтатты, әлемге танытты. Ол туралы таныспас бұрын тақтадағы суреттер арқылы әңгіме құрайық.
І. Қызығушылықты ояту
«Тірек символдар» стратегиясы.
«Болжау кестесі» стратегиясы
ІІ. Мағынаны тану
-Бүгінгі өтетін тақырыбымыз Қ. Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» хикаяты.
Повесть (хикаят) - баяндау түрінде қара сөзбен жазылған оқиғалы көркем шығарманың түрі. Ол көлемі жағынан әңгімеден ұзақтау, романға жақындау болады.
Әңгімеде көбіне өмірдің бір мезеті, қысқа оқиғалар суреттелсе, романда аса күрделі әрі көлемді, бүкіл бір кезеңнің оқиғалары тұтастырыла суреттеледі. Ал повестегі оқиғалар жинақы, сюжеттік желі негізінен бір арнада өрістейді, кейіпкерлер саны да аса көп болмайды.
-Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмір жолы, южетістіктері туралы әңгімелеу.
Қажымұқан Мұңайтпасұлы - қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген.
Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 28 мемлекетте күреске түсіп, 56 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды. Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Поль Понс сынды жампоздармен қатар жүру, боз кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу - сол заманда нағыз ерлік еді.
Тарихи деректерге сүйенсек ол 1871 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезі, Сарытерек болысына қарасты Жәдік деген жерде дүниеге келген. Қажымұқан кедей шаруаның баласы болғандықтан, орыс байларына және дәулетті адамдарға жалданған. Сөйте жүріп, күреске түсіп, той томалақтарда елге көрініп, бала балуан деген атқа ие болған
Қажымұқанның тұңғыш рет әлемдік деңгейде көрінген шағы - 1906 жыл. Алманияда өткен дүниежүзілік сайыста ол әлем чемпионы атанады. Бірақ орыс әкімшілігіне бұратана халықтың атын шығарған палуан онша ұнай қоймайды. Сол үшін де Қажымұқан орыс палуандарының атымен күресуге мәжбүр болды. Қажымұқанға неше түрлі лақап аттар беріледі. Қажымұқанды «Ямагата Мухунури» деген лақап атпен күрестіреді. Сонымен қатар, Мухан, «Иван Чёрный» сияқты лақап есімдері болған.
1909 жылғы халықаралық палуандар жарысына ол «Қара Мұстафа» деген атпен шыққан. Сөйтіп бүкіл дүние жүзіне Мұқанның неше түрлі лақап аттары тарай бастайды.
1910 жылы Мұқан тұңғыш рет Оңтүстік Америка құрлығына табан тірейді. Аргентинаның астанасы Буэнос-Айрес қаласында өткен еркін күрестен болған біріншілікте чемпион атанады.
1911 жылы Мұқан Мұңайтпасов Ыстамбулға барады. Сол кезеңде әлемде түрік палуандарынан мықты палуандар жоқ сияқты көрінетіндігі соншалық, ол жаққа орыс палуандары аяқ баспайтын-ды. Осы ретте намысқой Қажымұқан өзі түркі халқының өкілі ретінде Түркияға баруға бел буады.
Ұлы Отан соғысы басталған кезде Қажымұқан ҚКСР Жоғарғы кеңестің төрағасы Қазақбаевқа жолығып, оған «Ел аралап, цирк өнерін көрсетсем, сол арқылы ақша тауып, майданға көмектессем» - деген ұсыныс айтады. Бұл ұсынысты үкімет қолдап, екі жылға жуық жүріп цирк өнерін көрсетіп, 100 мың сомдай ақша тауып майданға жолдайды.
Ол 1948 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданында қайтыс болды. Темірлан деген ауылда, қабырының басына ескерткіш орнатылған.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz