Сабақ жоспары :: Биология
Файл қосу
Табиғатты аялай білейік
Маңғыстау облысы
Бейнеу ауданы
Манашы орта мектебі
Биология –экология пәні мұғалімі
Ильясова Анар
Сабақтың тақырыбы: Табиғатты аялай білейік
Тәрбие сағатының мақсаты:
білімділік: Ауданымыздың экологиялық жағдайының нашар екенін
түсіндіру, экологиялық имандылық сөзінің мағынасымен таныстыру.
тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты аялауға, табиғатты қорғау арқылы
елімізді қорғайтын патриоттар тәрбиелеу,
дамытушылық: Өскелең ұрпақтың жүрегіне «Табиғат» туралы жақсылық
нәрін себу. Табиғаттың қадір-қасиетін бағалауға, құрметтеуге баулу, олардың
еліне, жеріне деген патриоттық сезімдерін ояту Оқушылардың «табиғат», «су»,
«ауа», «жер», «топырақ» туралы түсініктерін кеңейту.
Тәрбие сағатын өткізуге дайындық: Алдымен төрт оқушыға Қазақстанның
экологиясы туралы баяндама беріледі, олар баяндаманы мәнерлеп оқуға
дайындалады.
Көрнекіліктер:
Плакат, ұлы адамдардың айтқан сөздері, слайд, суреттер
Қатысушылар: оқушылар, мұғалімдер,
Апталықтың өтілу барысы: Топтың атаулары:
1. Жасыл ел
2. Жас биолог
3. Жас эколог
4. Денсаулық
Сайыс бөлімдері:
І Таныстыру (әр топ өзін таныстырады)
ІІ Жорға (баяндамалар оқу)
ІІІ Білгір болсаң тауып көр(сұрақ- жауаптар)
ІҮ Шығармашылық жұмыс (үй тапсырмасы құстың ұясын салу т.б)
Ү Суреттер әлемі(суреттері жасырылады)
ҮІ Қорытынды
Мұғалім:
Ойын-толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста.
Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.
Қазіргі кезде барлық азамат алдында күрделі міндеттердің бірі –
табиғатты қорғау. Қазіргі кезде айналамыздағы ортаны қорғау мен табиғат
байлықтарын тиімді пайдалану мәселесіне ерекше көңіл бөліп, назар аударып
отыр. Экология сөзі «тіршілік ету міндетті» немесе «өмір сүрген орта
туралы» дегенді білдіреді. Оны немістің атақты табиғат зерттеушісі Эрнест
Геккель тұңғыш рет 1869 жылғы ғылыми сөздік қорға қосады. Экология
қоршаған ортаның ластанбауын, адам өміріне тигізбей таза болуын қарайды.
Туған жер, өскен ел жүрекке жылы сөздің бәрі «Табиғат» деген ғажайып
ұғыммен бірігіп жатады. Табиғат қорғау адамзаттың міндеті, әрі парызы.
Олай болса, әр топтан бір-бір оқушылар бүгінгі кешке өздерінің
баяндамаларын дайындап келіп отыр. Ендеше оларға құлақ салайық.
ІІ Жорға (баяндамалар оқу)
1-оқушы:
«Табиғатты әрқашан аялайық»
2-оқушы:
«Табиғат өктемдікті көтермейді»
3-оқушы:
«Каспийді ластанудан қорғау»
4-оқушы:
«Ауданымыздың қоршаған ортасын қорғау»
Қазақстан табиғатының өлшеусіз байлығын игере отырып, бізді қоршаған
ортаның бүтіндігін сақтау да республикамыздағы ең күрделі мәселелердің
бірі. Біздің республикамыздың экологиялық жағдайы айтарлықтай емес,
көптеген қалаларда атмосфералық ауа зиянды заттармен мөлшерден артық
ластанған.
Экология қазіргі дәуірде адамзатты толғандырып отырған маңызды
проблемаға айналды. Табиғатты, қоршаған ортаны жою арқылы бүкіл қоғамды,
тіршілікті жойып жіберуге болатынын көптеген елдер түсіне бастады. Біздің
өмір сүріп отырған дәуірімізде техникалық құралдармен қаруланған кейбір
елдер мен адамзат баласының жер планетасын аз уақыттың ішінде құртып
жіберуі онша қиындыққа түспейді. Сондықтан бүкіл әлем халқының ортақ үйі
жер планетасын – адамзат баласы біріге отырып экологиялық апатқа қарсы
тұрып, жер анамызды сақтап қалу бүгінгі таңдағы ең маңызды мәселе.
Табиғат арқылы адам бойына сұлулық пен әсемдік дамыту идеясы қазақ
ағартушылары мен жазушыларының, ақындарының еңбектері мен өлеңдерінде толық
көрсетілген. Мысалы Абай мен Шоқанның, Жамбыл мен Ыбырайдың, Мағжан мен
Сәкеннің, Ілияс пен Қасымның, Кәкімбектің өлең-жырларынан көркем жазылған
табиғат суреттерімен танысып жан рухына бөленуге болады.
Қазақ халқының табиғатты, қоршаған ортаны, жан-жануарлар мен құстарды
аялағаны соншалықты, тіпті сонау ашаршылық жылдарының өзінде үйдің
іргесіндегі аққан судың балығына да, ұшқан құсына да, жүгірген аңына да
ешбір зиянын келтірмеген. Көшпенді халық жиі-жиі, жаз бойы қоныстарын
ауыстырып, сол қоныстанған жердің топырағы тозбасын, өсімдігі өлмесін,
шабындығы жапырылмасын деген оймен әрбір билер халықты жаңа қоныстарға
алдын ала бағыт беріп отырған.
Қазақстан топырағы киелі, жер бетінің шөбін тарсаң, шырыны шығатын көк
майса, жасыл кілем еді. Кеңбайтақ еліміздің барлық территориясында небары
30% ғана шөлді-шөлейт аймақ болған, ал қазір ХХІ ғасырдың басында шөлді
аймақ 66%-ға жетіп отыр. Ол дегеніміз халқымыздың көпшілігі табиғатты
күтуге, оның табиғи байлықтарын тиімді пайдалануға әлі де болса үйренбей
жатқандығы. Кен орындары, жер асты байлықтарды алғаннан кейін қалпына
келтіріліп, көгалдандырылмады, қопарылған жердің топырағы жел болса сол
маңайдың барлығын шаңға айналдырып басып жатады. әрбір өскен ағаш бүгінгі
таңда алтыннан да ардақты, оны қалада да, далада да кесіп жатырмыз, ағаш
шабылған жер тазаланбайды. Табиғат аясына – Қарқаралы, Баянауыл, Бурабай,
Каспий тәрізді немесе өзен, көл маңына демалуға шыққан топ барлық қоқыс
заттарды шашқан бойы қалдырып, тіпті жаққан отты сөндірмейді.

Қазақ әдебиеті
1. Ыбырай Алтынсарин кім? (қазақтың алғашқы ұстазы)
2. Абай Құнанбаевтың шын аты кім? (Ибрахим)
3. А.Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа айт?
4. 5 дос пен 5 дұшпанды ата
5. Шоқан Уәлихановтың шын аты кім? (Мұхамедханафия)
Қазақстан тарихы
1. Ата Заң қашан қабылданды? (1995 жылы 30 тамызда)
2. Тәуелсіздік күні қашан тойланады? (16 желтоқсанда)
3.Қазақстанның астаналары туралы айтып бер. (Орынбор, Қызылорда,
Ақмола, Алма-ата)
4. Қазақстанда нешеге жуық ұлттар мекендейді? (130 ға жуық.)
5. «Алтын адам» қайдан табылған (Есік обасынан (курган)
География
1. Қазақстанның ең биік тауы (Хан тәңірі 6646 метр)
2. Қазақстан неше мемлектпен шектеседі (5Ресей,Қытай, Өзбек,
Қырғызстан, Түркменстан)
3. Ең үлкен көлі (Каспий)
4. Қазақстанда қанша облыс бар (14)
5. Маңғыстау облысының негізгі пайдалы қазбаларын ата (мұнай, газ )
Биология
1.Маңғыстауда орналасқан қорықты ата?(Үстірт)
2.Республикамызда қанша қорық бар ата?( 9 )
3. Республикамызда қанша саябақ бар?(7)
4.Республикамызда Қанша қорықша бар?(57)
5.Ең алғаш қызыл кітап нешінші жылы шықты? (1978ж)
Біздің республикамыздың экологиялық жағдайы, айтарлықтай емес. Көптеген
қалаларда атмосфералық ауа зиянды заттармен мөлшерден артық ластанған.
Әсіресе ластанғандарға Алматы, Тараз, Өскемен, Зырян, Риддер, Теміртау,
Шымкент қалалары жатады. Семей өңірінің топырағының радиоактивті заттармен
ластануы адам денсаулығына әлі де болса әсерін тигізіп келеді. Каспий, Арал
бассейндеріндегі экологиялық жағдай мақтанарлықтай емес. Орал және Іле,
Сырдария және Нұра өзендері өнеркәсіп қалдықтарымен ластанып келеді. Ауыз
су, тыныс алатын атмосфералық ауа, қажетті азық-түліктің неше түрлі улы
қосылыстарымен ластануы адамдардың иммуналдық-гендік жүйесін бұзатыны
белгілі. Бұл өзгерістер адамзат баласына және биосферада тіршілік ететін
барлық тірі ағзаларға мутагендік өзгерістер туғызады. Биологилық және
экологиялық өзгерістер жер бетінде бола берсе, биосфераның табиғи теңдігі
бұзылып, жер бетіндегі барлық жан-жануарлар жойылып бітуі мүмкін. Табиғит
заңдылығы өте қатал заң.
ІҮ Шығармашылық жұмыс(құстың ұясын жасап келу үй тапсырмасы )
Өз қалауларыңмен асқар тауға, айдын көлге, ну тоғайға, қалың орманға, биік
шыңға, өсімдікке, жүгірген аңға, ұшқан құсқа, кең далаға хат жазу.
Бүкіл әлемдік тіршіліктің төрт негізі бар. Олар: Күн - ана, Жер - ана,
ауа, су адамның күнделікті тіршілігінде осы төрт кұдіретке сүйенеді.
1-оқушы: Күн – ана әлемге қуатты,
Алып күн беріп тұр. Жарық күн
беріп тұр.
2-оқушы: Жер - ана Аялар анамыз.
Саялар санамыз, Құлпырған
тіршілікпен
Дер қуатты гүл біткен.
3-оқушы: Су – ана Өңірдің
өзені,
Өмірдің өзені, Сусыз
жер өмірсіз,
Сусыз өр, өңір тұз.
4-оқушы: Ауа - ана Жер шары «дәу»
әлем
Қоршаулы ауамен Ауасыз кім
шыдар?
Ауасыз тұншығар.
Ү Суреттер әлемі (суреттері жасырылады)
1.Гүлдің бөлімдерін көрсету?
2.Адамның қаңқасын ата?
3.Гесперидий тобын көрсет?
4.Шала түрленіп дамитын бунақденелілерді ата?
5.Өсімдік жасушаларының құрылысын көрсету?
Іріктеу:
22- сәуір – «Халықаралық жер күні»,
5 маусым – «Қоршаған ортаны қорғау күні» деп аталады.
Дәйек сөз
«Қыстағы қар жерге ырыс,
Жердегі ылғал-елге ырыс»
деген мақалдың мәнін ашу.
ҮІ Қорытынды
Мұғалім:
Қоршаған ортаның бүтіндігін сақтау үшін адамның, менталитетін, оның
моральдық, этикалық дағдыларын өзгерту керек, табиғат пен адамның арасына
жаңа көзқарас қалыптастыру қажет. Әрбір қоғам мүшесі табиғат құбылыстары
заңдылықтармен таныс болуы керек. Экологиялық сауатсыздықты жою –
үкіметіміздің халық арасында жүргізетін маңызды мәселелеріне айналуы тиіс.
Табиғат пен қоршаған ортаны қорғаудың жолдарын ұғындыру жалпы халықтың
экологиялық сауатын ашу, жастарға үздіксіз білім беру нәтижесінде ғана
шешіледі. Үздіксіз экологиялық білім берудің ғылыми негіздері қазақ
халқының табиғатпен қарым-қатынас үстінде туған тарихи көзқарасы мен салт-
дәстүрінен бастау алады.
Сайып келгенде айтарымыз – қандай жұмыс атқармасақта қоршаған ортаға
абайлап қарап, оны қорғауға күш салу басты бағытымыз болып қала береді.
Қашан да болмасын табиғатты аялай білейік. Ол өктемдікті көтермейді.
Табиғаттың тарылтпайын мөлдір кәусар тынысын,
Пәк табиғат, әр жүректің тамылжыған жырысың.
Ей, адамзат! Ақылға сал қатыгездік жасама.
Өзің-дағы содан туған табиғаттың ұлысың!
Табиғатты аялау – бүкіл адамның міндеті. Онда біздің де үлесіміз бар.
Табиғат пен адам әрқашан егіз деуге болады. Табиғат байлықтарын қорғай білу
– азаматтық борыш. Президенттіміздің Қазақстан халықына жолдауында 2030-
жылға дейін стратегиялық даму бағдарламасында қоршаған ортаны ластауға,
экологиялық қалыпты жағдайды бүлдірмеуге зор көңіл бөлген.
Табиғаты қорғау үшін бәріміз
Күресейік! Бір-бір ағаш егейік.
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,
Таза ауа үшін терімізді төгейік!
Бүгінгі «Табиғатты қорғау – егеменді елімізді қорғау» атты кешімізді
қорытындылаймыз
Мұғалімдер өз ойларын айтады.
Жүргізуші:
Бүгінгі кешіміз аяқталды, құлақ салып тыңдағандарыңызға көп рахмет!
«Манашы орта мектебі»ММ
[pic]
Тақырыбы: Табиғатты қорғау егемен елімізді қорғау
Дайындаған: Ильясова Анар
9-10 сыныптар арасында
14.10.2015ж

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz