Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ана тілім - бал тілім


Астана
қаласы

Балалар үйінің тәрбиешісі:
Шайзат Жетпісбайқызы Нуркеева

Тақырыбы: Ана тілім – бал тілім
Мақсаты: Балаларға Қазақстан мемлекеті жайында, қазақ тілі жайында,
толық түсінік беру. Балалардың сөйлеу қабілетін арттыру. Балалардың
отансүйгіштік, патриоттық сезімін ояту.
Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының рәміздері, Астана қаласы
жайында альбом, буклет және оқулық.
Тәрбиеші: Балалар, біз тәрбие сағатын бастамас бұрын, өзіміздің
мемлекеттік әнұранымызды орындайық. (Әнұран орындалады.)
Арайлап таң атты,
Алтын сауле таратты,
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң қонақтар!
- Балалар, сендер таңертең ұйқыдан оянғанда терезеден нені
көресіңдер?
- Күнді, күннің жарқыраған нұрын көреміз.
- Күннің көзін көргенде сендер қалай қуанасындар?
- Алақай деп қуанамыз! (Қол шапалақтау)
- Далаға шыққанда жоғарыдан не көреміз, төменнен не көреміз?
- Жоғарыдан аспан, күнді, бұлтты, төменнен жерді, суды, шөпті
көреміз.
- Ендеше біз де аспанға, жерге, күнге және көруге келген қонақтарға
сәлем беріп, қарсы алайық!
-Қуан шаттан, алақай!
-Қуанатын келді күн!
-Қайырлы таң, қайырлы күн!
-Күліп шықты күн бүгін!
-Сәлеметсің бе? Есенсің бе! Амансыз ба?
-Бәріміз күндей жарқырайық!
-Бәріміз дос болайық!
-Бәріміз тату болайық!
-Балалар, біздің жеріміз, суымыз және орман-тауымыз, өмір сүретін
ортамыз бәрімізге ортақ.
-Осыны ешқашан естеріңнен шығармаңдар!
-Жарайсыңдар балалар, орындарыңа отырып жайғасындар.
Алдымен өткен тәрбие сағатын қайталаймыз.
-Балалар, біз күз мезгілімен танысқан болатынбыз, кәне кім айтып
береді?
-Қазір жылдың қай мезгілі екен?
-Қазір жылдың күз мезгілі.

-Күз мезгілінде ауа-райы қандай болады?
-Ауа-райы салқын болады.
-Жапырақтардың түсі қандай болады?
-Сары, қоңыр, сарғыш болады.
-Балалар, неге біз күз мезгілін жомарт күз, алтын күз дейміз?
-Себебі, күзде астықтың барлығы піседі, жемістер және көкеністер
де піседі.
-Жарайсыңдар балалар.
-Балалар бүгін қандай мереке?
-Бүгін «Тіл» мерекесі.
-Дұрыс айтасйңдар, бүгін «Тіл» мерекесі.
Ал бүгінгі тәрбие сағатынын тақырыбы «Ана тілім - бал тілім» -
деп аталады.
-Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз?
-Қазақстан Республикасында тұрамыз.
-Балалар, Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?
-Астана қаласы.
-Қазақстан Республикасының рәміздері нешеу?
-Үшеу.
-Кәне кім маған атап береді?
-Елтаңба, көк ту, әнұран.
-Елтаңбаның суреті, пішіні қандай?
-Дөңгелек, екі шетінде қос тұлпар, ортасында шаңырақ, астында
Қазақстан деген жазуы бар.
-Ал тудың түсі қандай?
-Көгілдір, пішіні тік төртбұрыш, ортасында күн сәулесі, астында
қыран құс, шеті өрнекпен өрнектелген екен.
-Балалар біздің ұлтымыз қалай аталады?
-Қазақ деп аталады.
-Біз қай тілде сөйлесеміз?
-Қазақ тілінде сөйлесеміз.
-Жарайсыңдар балалар, сендер еліміздің рәміздерін жақсы
білгендіктеріңді таныттыңдар.
Тосын сәт. Әже мен қоян кіреді.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар?
-Біз орманнан сендерге арнайы келіп отырмыз.
-Мына менің көжегім орманнан жапырақ теріп алыпты, олар жай
жапырақ емес екен, сиқырлы екен.
-Кәне, мен көрейінші, қандай жапырақ екен, ой балалар, бұл
жапырақтың астында жазулар бар екен.
1- жапырақтың астында Қазақстан Республикасы жайында өлең
шумақтар айтып беріңдер – деген тапсырма жазылыпты. Қане, кім тақпақ
айтады?

Серік:
Аспанды жас кәріміз де,
Туған жер деп сүйеміз,
Өйткені онда бәріміз де,
Туып өмір сүреміз.
Карина:
Асқар тауым – Қазақстан
Әсем әнім – Астанам,
Қазақстан – отаным деп,
Әрқашан да мақтанам.
Сабина:
Қазақстан жері – сәніміз,
Мәуесі мол бағымыз,
Саясында жетілер.
Балдай бала шағымыз.
Ал мына жапырақта не жазылған екен. Отан туралы мақал-мәтелдер
айтып беріңдер – деп жазылыпты.
Наташа:
Отан – оттан да ыстық.
Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
Аман:
Жері байдың – елі бай.
Өнерлі елден-өнерлі ұл-қыз шығады.
Сиқырлы жапырақтағы тапсырмалар жақсы орындалған соң сандық
ашылады. Сандық толған жеміс-жидек екен.
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрамыз,
Бойымызды жазамыз.
Бір отырып, бір тұрып,
Орнымызға барамыз.
Қорытында: Балалар сұрақ қойып, жауабын толық алу арқылы,
қорытындылап, мақтап-мадақтау айтылады.

Ұқсас жұмыстар
Қасиетті менің ана тілімде
Шешеннің тілі
Ана тілім-дана тілім
Қазақ тілі аса бай, икемді тіл
Жасай бер ана тілм -қазақ тілі
Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету
Ана тілім қазақ тілім, туған тілім
Айтылған сөз
Туған тілім - айбыным
Қадірменді көрермендер
Пәндер