С дыбысын дұрыс айтуға үйрету

Бекітемін: Келісемін:

Қарауылкелді балалар Қарауылкелді балалар

бақшасының меңгерушісі : бақшасының әдіскері:

С. С. Утеталиева Г. Н. Абишева

Тақырыбы : «С» дыбысын дұрыс айтуға үйрету.

Мақсаты:

Білімділік : «с» дыбысының айтылу артикуляциясымен таныстыру; с дыбысы бар сөздерді буынға дұрыс бөлуге үйрету; с дыбысы дауыссыз дыбыс, ол сөздің басында, ортасында және соңында кездесетінін түсіндіру.

Түзету-дамытушылық : балалардың артикуляциялық мүшелерінің қозғалыс белсенділігін арттыру. Дұрыс тыныс алуын, фонематикалық есту қабілетін жетілдіру.

Тәрбиелік : логопедті мұқият тыңдауға, өз бетінше жұмыс жасай алуға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар : слайд, видео.

1. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

-Балалар, қараңдаршы, бүгін бізге көп деген қонақтар келіпті, Кәне, бәріміз келген қонақтармен амандасып алайықшы.

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал, қанекей, бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге.

/балалар қонақтармен амандасады/

Біздің ұранымыз:

Біз көңілді балалармыз!

Ештенеден қорықпаймыз!

Келген қонақтарды сыйлап

Ортаға білімімізді саламыз!

2. -Балалар, бүгін біз үлкен саяхатқа шығамыз. Ал саяхатқа шығу үшін бізге бір көлік керек. Кәне, балалар, тыңдайықшы, ненің дыбысы?

/үнтаспадан поиздың дыбысы естіледі /.

-Өте дұрыс балалар. Біз бүгінгі саяхатқа поизбен шығамыз. Осы поиздың тапсырмаларын орындап, вагондарды ашамыз. Әр вагон тапсырмасын орыңдасаңдар, поиз бізді бір үлкен қалаға алып барады.

-Кәне, кеттік пе? Қандай қалаға баратынымызды білгілерің келе ме?

-Ия.

-Ендеше бірінші вагонның тапсырмасын орындайық.

3. Тыныс алу жаттығулары

-Балалар, қазір біз ойын ойнаймыз. Ол ойынды мұрнымызбен ойнайық. Айтыңыздаршы, кәне мұрыңдарың бар ма? Көрсетіңдерші?

/балалар мұрындарын көрсетеді/.

-Міне, біздің мұрнымыз. Мұрын серуенге шықты. Мұрнымыз терең тыныс алу үшін аузымызды жауып қоямыз. Мұрнымызбен тыныс алып, мұрынмен дем шығарамыз.

-Мұрын жақсы иіс иіскегісі келеді. Мұрын тесігін кезек-кезек басу арқылы жаттығу орындаймыз.

-Балалар, біз бірінші вагонның тапсырмасын орындадық. Келесі вагонның тапсырмасын көрейік.

4. Жұмбақ шешу

Сыртылдайды күнімен,

Сыртылдайды түнімен.

Білгің келсе уақытты,

Көрсетеді тілімен.

/сағат/

-Дұрыс, балалар ол сағат.

-Балалар, сағат деген сөзде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?

-С дыбысы.

-Кәне, бәріміз бірге с-с-с-с деп айтайықшы.

-Балалар, бүгін біз «С» дыбысын дұрыс айтуға үйренеміз.

5. «С» дыбысының айтылу артикуляциясымен таныстыру

-«С» дыбысы айтылған кезде тілдің ұшы астыңғы тіске тіреле отырып белгілі кедергі арқылы шуылдап шығады. С дыбысы сөздің басында, ортасында, және соңында кездеседі.

-Кәне бәріміз тағы да бір рет с-с-с-с деп айтайықшы.

-Енді менің артымнан буындарды қайталаймыз.

Са-со-су-сы

Со-су-са-сы

Сұ-со-са-сы

-Міне, біз екінші вагонның тапсырмаларын орындадық. Ал үшінші вагон бізге қандай тапсырма алып келгенің көрейік.

6. Видео «С» дыбысы мен әрпі

/балалар видео көреді/

7. «С» дыбысы бар сөздерді буынға бөлу

-Балалар, «с» дыбысына әрпіне қандай көп сөздер бар екен. Ендеше осы сөздерді тағы бір рет қайталап буынға бөлейікші.

Са-ғат

Са-бын

Сә-біз

Са-қи-на

Сүт

Сыр-ға

Си-ыр

-Осы сөздердің бәрінде «с» дыбысы сөздің басында естіліп тұр.

-«С» дыбысы бар аңдар: қасқыр, арыстан-«с» дыбысы сөздің ортасында естіледі. Жолбарыс-«с» дыбысы сөздің соңында естіледі.

-«С» дыбысы бар кісі аттары: Сымбат, Самат, Асылай, Қасым.

-ІІІ вагонның тапсырмасын орындадық

8. Артикуляциялық жаттығулар

-Келесі вагонның тапсырмасы -артикуляциялық жаттығуларды орындау.

«Тәтті тосап»- жалпақ тілді шығарып жоғары ерінді жалап, тілді ауыз қуысына тереңірек апару .

«Ат шауып келеді»- - ауызды кең ашып тілді таңңдайға жапсыру-айыру немесе таңдай қағу.

«Инеше»- ауызды кең ашып алға қарай жіңішкертіп шығарып 10-15 секунд ұстап тұру керек.

«Күрекше»- жалпақ тілді шығарып астыңғы ерінге ұстап тұру керек.

«Әткеншек»- жіңішке тілді ауыздан шығарып біресе мұрынға созып, біресе иекке созу, жаттығуды жасағанда ауыз ашық болу керек.

«Сағат»- тілді жіңішкертіп ұстап оңға солға жайлап қозғау керек. Осылай санап отырып 15-20 рет қайталау керек .

9. Тіл ұстарту жаттығуы

-Келесі 5 вагонның тапсырмасы. «С» дыбысына байланысты 4 жол тақпақ жаттаймыз.

Са-са-са

Ызындайды маса.

Іс-іс-іс

Аппақ екен тіс.


Ұқсас жұмыстар
С дыбысын сөзде дұрыс айтуға машықтандыру
Р дыбысын буын, сөз ішінде бекіту
Тақырыптық-күнтізбелік жоспар, 1 сынып, әліппе
Сұр қоян
Ш дыбысын сөзде, буында, сөйлемде дұрыс айтуға үйрету
Бізді жалмауыз кемпі
Р дыбысын дұрыс айтуға машықтандыру
Л дыбысын дұрыс айтуға машықтандыру
Қыс қызығы
Үй жануарлар. төрт түлік мал. қ дыбысы мен әрпі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz