Сабақ жоспары :: Психология
Файл қосу
Менің тәрбие жұмысыма алып қосарым
[pic]
[pic]
[pic]
[pic]
[pic]
Эссе
«Менің тәрбие жұмысыма алып қосарым»
Ұстаз болу-жүректің батырлығы,
Ұстаз
болу-сезімнің ақылдығы.
Ұстаз болу-мінездің күн шуағы,
Ұстаз болу –адамның асылдығы.
(Ғафу Қайырбеков)
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті,
икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет
ететін мамандық та-ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі
біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім
беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттермен қарым-қатынаста болып,
білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді
мойнына алған маман. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет
беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне
шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз
ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу,
арындай таза ұстау -әр мұғалімнің борышы. Ол-өз кәсібін, өз пәнін, барлық
шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Осы іске деген қызығушылықпен
сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл
кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі
ұстаз болып қалады. Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін
қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен
қарым-қатынас жасауында. Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі,
мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке
де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге. Ұлы ағылшын ағартушысы УильямУорд:
«Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім
көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады», -дейді. Білім беру жүйесі
мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет
пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет
етеді. Өйткені қазіргі жас буын-еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты- саяси-
экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ
ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп
қалыптастыру»,-деген тұжырым жасады.
«Ұстаз» сөзінің 2 түрлі сипаты бар. Бірі-белгілі сабақ беретін оқытушы
да, екіншісі-жоғары беделді адамдарға ықпал етуші дана адам. Мектептегі,
мектепке дейінгі ұйымдардың ұстазы-баланың екінші ата-анасы, болашаққа
айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы
талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты
талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып,
есейтіп, ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған
сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. Осы тұста Абайдың:
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға,-
деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір
кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал
еңбектің ақталғаны емес пе?!
Мұғалім-барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі.
Мұғалімнің негізгі басты мақсаты-рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол
адамды қалыптастыру болып табылады.
Ал менің осы Қарауылкелді балалар бақшасында логопедтік мақсатым:
-ауызша тіл кемістіктері бар балаларды анықтап, дер кезінде көмек
көрсету.
Міндеттер:
-балалардың тіл қызметінің даму деңгейін диагностикалау және талдау;
-балалардың ауызша тіл кемістіктерін жою және алдын алу бойынша
логопедтік сабақтарда қабылданған түзеу жұмысының мазмұнын жасап, оны
жүзеге асыру;
-тіл кемістіктері ауыр балаларды дұрыс тілге тәрбиелеу бойынша түзете
дамыту сабақтарының бағдарламасын жасау;
-тәрбиешілермен ата-аналар арасында арнаулы білім зерделеу.
Осыған орай, менің өмірлік қағидам-ешқашан өз қадір-қасиетімді
жоғалтпау, әрқашан тек шыншыл, адал, өз ісіне берілген тұлға болып қалу.
Өз мамандығым жайлы ойлана отырып, мен өзімнің педагогикалық
жұмысымның мәнін аша алатын сөздер іздедім: педагог тәуліктің 24 сағатында
педагог болуы тиіс, себебі ол-өмірдің мәні. Бір күнде тек 3 сабақ қана
мұғалім болып, одан кейін мұғалім бетпердесін лақтырып тастап, босаңсуға
болмайды. Педагог тұлғасы тәрбие беру құралы болуы керек. Педагог
шәкірттердің алдында өзін-өзі жетілдіре білуі керек.
Қолыма диплом алып, мұғалім мамандығын алып, мен бір ұстанымға келдім:
оқушыларды оқыту үшін, бірінші өзің оқуың керек, оқушыларға тәрбие беру
үшін, тәрбиені өзіңнен бастауын қажет, оқушыларды дамыту үшін, әрдайым өзің
іздену, даму үстінде болуым қажет. Сонда ғана осы мамандыққа лайықтымын
деп санаймын.
Осыдан шығарар қорытынды: әрбір педагог мұғалім мамандығын таңдап
алған соң, ол жауапкершілігін бірге ала жүруі керек. Ұстаз өз пәнін ғана
емес, дүние сырын, қоғамдағы өзгерістерді, адам мінездерін, өнердің қуат
әсерін білетін жан болуы қажет. Оқушыларын тек біліммен қаруландырып қана
қоймай, назарын, білгендерін жадында сақтауға, қабілетін, ойлауын, тіл
шеберлігін ұштауға, дүниеге деген құштарлығын, өмірге деген көзқарасын
дұрыс қалыптастырып, ықыласын, сенімін, төзімділігін, іскерлігін,
ізденімпаздығын тағы басқадай танымдық қасиеттерін жетілдіріп,
адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуді өзінің өмірлік мақсаты, ізгілік
мұраты деп санайтын адам.
Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған.
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай рақат, шын бақытын тапса адам.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz