Ана тілі

Музыка әуенімен балалар залға кіріп,
орындықтарының жанына келіп тұрады.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, балалар! Бүгін біз «Қазақстан халықтарының тілдер мерекесіне» арналған «Менің ана тілім» атты тақырыптық оқуымызды сіздермен бөліспекпіз. Балалар, бір сәт назарымызды экранға аударайық . . .
Тіл туралы слайд көрсетіледі
Жүргізуші: Балалар, осы экраннан көрген ұлт өкілдері бізге қонаққа келіпті. Қонақтарды қарсы алайық . . . (залға қазақ, қырғыз, ағылшын, қытай, орыс, өзбек, монғол костюмдерін киген балалар келіп тұрады)
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, қонақтар, төрлетіңіздер! (костюм киген балалар өздері киінген ұлт тілінде амандасып, орындарына жайғасады)
Жүргізуші: Қадірлі, бағасы алтын ана тілі
Сенімен бағаланған бала түрі
Төрт бөліп түн ұйқысын жұбатам деп
Сенімен әлдилеген анам мені - дей келе бүгінгі оқуымызға арнаған балаларымыздың өлеңдерін тамашалайық . . .
Айбек: Ақыл ойын дананың
Ана тілден аламын.
Ана тілім ардақты,
Ақ сүтіндей ананың.
Гауһар: Туған тілім тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.
Алинұр: Сүйемін туған тілді ана тілім,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутым сол,
Құлағыма сіңірген таныс үнін.
Айдана: Әлдилеген анамның,
Аясында шалқыдым.
Ана тілі өлеңім,
Тербетеді бөбегін.
Бейбарыс К. : Өсірген ой білімді,
Сүйем туған тілімді.
Мақсат еткем әр сөзді,
Мәнін терең білуді
«Анамның тілі» әні
Жүргізуші: Рахмет, ботақандарым. Адамзат мәдениетінің негізі - тілде. Кез-келген ұлттың басты ерекшелігі - оның ана тілінде жатыр. Тіл - қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Келесі балаларымыздың өлең шумақтарына кезек берейік . . .
Бағжан: Ана тілі ақылшым,
Асыратын қиядан.
Малтып жүріп тереңін,
Маржандарын теремін.
Бейбарыс Ә. : Ана тілін білмесең,
Қадірлісің кімге сен.
Ана тілі арқылы,
Тарихыммен тілдесем.
Муслим: Ана тілім дара тіл,
Аталарым сөйлеген.
Ең ардақты баба тіл,
Ол біздің ана тіл.
Аружан Қ: Ана тілің- арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте
Жүргізуші: Рахмет, балалар. Енді кезекті өздеріңнің сүйікті ойындарыңа берейік . . .
«Мотылек» ойыны
Жүргізуші: Қандай тамаша, барлығымыз бір серпіліп қалдық. Орнымызға отырайық . . .
Ана тілім әрекетім азығым
Бар ғаламды танушының қазығы
Ой санамның өсуінің куәсі
Ғасырлардың кейінгіге өз үні
Ана тілім - бәрін сөйлер шежірем
Тілсіз нені білдіре алам, не білем?!
Тілім барда ғана мынау ғаламның
Кілтін табар саналысы сезінем. Енді тағы кезекті балаларымыздың өлеңдерін тамашалауға берейік . . .
Арлан: Ақындардың өлеңін,
Жүрегіне түнетіп.
Көтеріпті ұлы елім,
Ана тілін ту етіп.
Ескендір: Ана тілім бойымда,
Ағып тұрған бұлағым.
Ана тілі ойымда,
Жанып тұрған шырағым.
Медина: Ана тілің өткенің,
Гүлін ашқан көктемің.
Ана тілін ардақта,
Болашағым деп менің
Аружан Ә. : Туғанда да, қонғанда да, ұшқанда,
Өз тілінде қиқулайды құстар да.
Өз тілінде кісінейді құлыншақ,
Деген кім бар, өз тіліңді ұстанба?
Амира: Қайта туған күніңде,
Шалқып тасып дүрілде.
Ән салады кең дала,
Менің ана тілімде.
Нұрәділ: Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,
Туған тілім-анам тілі-өз тілім.
Туған тілім-далам тілі-өз тілім,
Туған тілім-адам тілі-өз тілім.
Жүргізуші: Рахмет, ботақандарым. Балалар, айтыңдаршы, біз қай мемлекетте тұрамыз?
Б. ж. : Қазақстан!
Жүргізуші: Қараңдаршы балалар, біздің Қазақстанымыз мына киіз үйдің шаңырағына ұқсайды екен. Осы кең шаңырақтың астында көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүреді. Қане, сендер біздің осындай үлкен шаңырағымыздың астында қандай ұлт өкілдері тұратынын атап келіп, мына шаңырақтың ленталарын ұстаңдар . . .
Сергіту сәті (ленталарды ұстап, әуенмен айналады)
Жүргізуші: Балалар, осындай үлкен шаңырақтың астында тұратын әр ұлттың өз ана тілі бар. Қане, айта қойыңдаршы, біздің ана тіліміз қай тіл?
Б. ж. : қазақ тілі!
Жүргізуші: Неміс халқының ана тілі қай тіл?
Б. ж. : неміс тілі!
Жүргізуші: Орыс халқының ана тілі қай тіл?
Б. ж. : орыс тілі!
Жүргізуші: Ал, татар халқының ана тілі ше тілі ше?
Б. ж. : татар тілі!
Жүргізуші: Ал енді достар, сендерді татар халқының «Горшок сатамын» ойынын ойнауға шақырамын . . .
«Горшок сатамын» ойыны
Жүргізуші: Ал, балалар, кезекті тағы да өлең шумақтарына берейік . . .
Ерасыл Қ. : Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың елдігің.
Іңкәр: Ана тілін ән қылып,
Анам айтқан әлдиім.
Ана тілсіз мәңгілік,
Келіспейді ән-күйім.
Жанель: Ана тілі бал бұлақ,
Сусындаймын қанамын.
Сүйенішім тірегім,
Ана тілін сүйемін.
Мадина О. : Бар асылын халықтың,
Құйған сана ойына.
Туған тілім өркенде,
Бола бер күшті көркем де.
Елдос: Атамекен үні деп,
Анамыздың тілі деп.
Туған елді сүйеміз,
Асыл тілдің бірі деп.
Сабина: Ана тілім,
Жүрегісің анамның.
Жүрек-ана,
Мен өзіңнен жаралдым.
Жүргізуші: Рахмет, балалар. Мінекей, құрметті ата-аналар, осылайша балаларымыз көз алдымызда есейіп келеді. Енді балаларымыздың биін тамашалайық . . .
«Жаяу» биі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz