Балабақшадағы Қарлығаштар тобының Мерейлі күз, мырза күз мерекелік ертеңгілігінің сценарийі

Әсем безендірілген музыка залына балалар музыка әуенімен кіреді

Жүргізуші: Қош келдіңіздер құрметті ата-аналар, қонақтар! Бүгінгі «Қарлығаштар» тобының дайындаған «Мерейлі күз, мырза күз» атты ертеңгілігін тамашалауға шақырамыз!

Қарашы күз келді, күз келді

Сары алтын жауыпты іздерді

Құс біткен керуен түзеді

Көңілсіз неліктен күз енді

Жүргізуші: Шөп сарғайып, өңі тайып,

Дала сұрғылт тартады.

Бой жаза алмай, ойнай алмай,

Денең мұздап тоңады.

Балапандар айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

Балалар жауабы: Күзде.

Жүргізуші: Айналаға қараңдаршы, қазір жылдың қай мезгілі?

Б. ж: Күз.

Жүргізуші: Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Б. ж: Күн суытады, жаңбыр жауады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

Жүргізуші: Күз мезгілі сендерге ұнай ма?

Б. ж: Ұнайды.

Жүргізуші: Несімен ұнайды?

Б. ж: Күз бізге жемістерін, көкөністерін, астықтарын сыйлайды.

Жүргізуші: Жарайсыңдар, енді балаларымыздың күз мезгіліне арналған тақпақтарын тыңдайық!

Айхан: Әй, балалар, балалар,

Қоңырқай күз болыпты

Қурап жапырақ солыпты

Ел егінін орыпты

Саида: Жемісі мол теретін

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген

Мансұр: Күзім-ау, күзім-ау,

Мінезің бұзық-ау

Жаңбырың сіркіреп

Келгенің қызық-ау.

Балалар тақпақтарын айтып болған соң әуен ойналып,

залға Күз ханшайымы келеді

Күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар, сәлеметсіздер ме қонақтар! Қараңдаршы, айналаның бәрін алтын түске бояп қойдым.

Б. ж. : Сәлеметсіз бе!

Күз: Сәлем, ерен достарым,

Өмірге көп қосқаным

Қымбатты сый алыңдар

Қызығыма қаныңдар

Молайтыңдар шаттықты

Ән айтыңдар бақытты.

«Күз - жомарт» әні

Жүргізуші: Қош келдің, Күз ханшайымы! Біз сені асыға күттік, біздің бақытты балаларымыздың әнін тыңдасаң, енді өзіңе арналған тақпақтары да бар, сол тақпақтарын тыңда.

Нұртас: Сап-сары ғып даланы

Бояпты ғой күз деген

Құстар қанат қағады

Қоштасқандай бізбенен

Аяулым: Мол байлық тергені

Шаттығы қаншалық

Аспанға өрледі

Құстар да ән салып

Жасұлан: Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді

Күз: Өте тамаша, рахмет. Балалар, мен де сендерге «Жемістер мен көкөністер» деген ойын ала келдім. Бұл ойынның шарты - барлығың бау-бақшаға шығып, пісіп тұрған күздің сыйлықтарын музыка әуенімен жинайсыңдар. Алдымен, ұлдар - көкөністерді, қыздар - жемістерді жинайды. Сосын, орын ауыстырып жинаймыз, келістік пе?

«Жемістер мен көкөністер» ойыны

Жүргізуші: Күз ханшайымы, сізді осы неге жомарт күз деп атайды?

Күз: Иә, мен жомартпын. Өйткені - Мереке басы - ән болар,

Береке басы дән болар, - деп дана халқымыз бекер айтпаған ғой. Мен көктемде еккен мол астықты жинап, қамбаларға толтырдым.

Еңбек қызып қырманда

Бидай толды қырманға

Алтын таулар сияқты

Сап-сары боп тұрғанда

Жүргізуші: Күз ханшайымы, ендеше, сіз ұлдарымыздың алтындай «Бидай» биін тамашалаңыз . . .

«Бидай» ұлдар биі

Биден соң ұлдар залдан шыға берісте отырған Бауырсақты алып келеді

Алихан-автор: Дастарханда шашылып,

Жатты аппақ бауырсақ.

Бауырсаққа қызығып,

Қарап тұрды көзін сап:

Алуа-қуыршақ: Қайдан келдің, бауырсақ? - деп сұрады қуыршақ.

Надира-бауырсақ: Дүкеннен келдім нан сатқан, - деді оған бауырсақ.

Алуа-қуыршақ: Дүкенге келдің қай жақтан?

Надира-бауырсақ: Наубайдан келдім нан жапқан.

Алуа-қуыршақ: Наубайға келдің қай жақтан?

Надира-бауырсақ: Диірменнен келдім ұн тартқан.

Алуа-қуыршақ: Диірменге келдің қай жақтан?

Надира-бауырсақ: Даладан келдім кең жатқан.

Жер-анам менің көсілген,

Дихандар мені өсірген

Үшеуі (Алихан, Алуа, Надира) Әй, балалар, балалар!

Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып, қастерлеп -

Торғайларға тастаңдар!

Күз: Не деген ақылды, тәртіпті де сүйкімді балалар! Мен сендерге сондай ризамын!

Жүргізуші: Иә, Күз ханшайымы, балапандарымыз сондай еңбекқор, ақылды. Енді кезекті балалардың өлең шумақтарына берейік…

Айұлтан: Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап.

Диана: Көрінеді шалғайдан

Бел-белестер сарғайған

Сары жапырақ төгілген

Тоғайды да көрдім мен

Елнұр: Астық, жеміс жиналды

Қамбамызға құйылды

Ардақты күз мың алғыс

Алдық өнім сыйыңды

Сымбат: Көбейді құт-берее

Астық толы қамбамыз

Құтты болсын мереке

Алтын күзді тойлаймыз.

Жүргізуші: Келесі кезекті енді балаларымыздың әніне берейік . . .

«Моншақтар» әні

Жүргізуші: Рахмет, балапандар! Күз ханшайымы, сізді халық неге мерейлі күз деп атайды?
Күз: Қамбаларға толған астықтан басқа, мен дәмді де тәтті дәрумендері бар көкөністер мен жемістер де күз мезгілінде піседі. Міне, көкөністерім де осында екен ғой . . .

«Көкөністер дауы» көрінісі

Айша: Өнім қандай тамаша

Көз тоймайды қараса

Сәбіз, картоп, кәдешпен

Қып-қызыл піскен қызанақ

Қырыққабатқа қарашы

Көкөністер бір кезде

Жиыла қалып дауласты

Көкөністер: Жиналып қаппыз бәріміз

Қайсымыз ең дәмдіміз

Ішімізден адамға

Тиеді көп пайдамыз

Дильназ-қызылша: Мен бір сөз айтайын

Мақтанайын сендерге

Менсіз борщ болмайды

Венегред те үстелде

Ералы-қырыққабат: Мақтанғаннан не пайда

Менсіз дәмді щи қайда

Мені қосса самсаға

Бәрі жейді тамсана

Ләйлә-қияр: Дәмім тілді үйірген

Мен тұздалған күйімде

Жаңа піскен кезімде

Жейді бәрі сүйсіне

Амина-сәбіз: Кім бар сәбіз шырынын

Жастайынан ішпеген

Мені жеген адамдар

Кен болмайды күшке де

Ұлпан-қызанақ: Піскен кезде қызанақ

Көз тартар қызыл түсімен

Бар ма адам сүйсінбей

Томат шырынын ішпеген

Алуа-пияз: Қалың киім ұнатамын

Шешіндірсең жылатамын

Пияз деген мен боламын

Боламын мен дәмдеуіш

Барлық-барлық тағамға

Көкөністер ішінен

Мен пайдалы адамға

Дарын-картоп: Мен ұялшақ картоппын

Мен емеспін мақтанар


Ұқсас жұмыстар
Мектепалды даярлық тобының Күз ханшайымы ертеңгілігінің бағдарламасы
Жаңажол НЖББМ-нің Алтын күз мерекелік ертеңгілігінің сценарийі
Алтын күз: балабақшадағы күзгі мерекелік ертеңгіліктің сценарийі мен тәрбиелік мақсаттары
Ортаңғы топқа арналған Алтын күз ертеңгілігінің сценарийі
Ортаңғы топтарға арналған Алтын күз ертеңгілігінің сценарийі
1-г сыныбына арналған Алтын күз ертеңгілігінің сценарийі
Жомарт күз мерекелік-танымдық ертеңгілігінің сценарийі - Октябрь мектеп-балабақша кешені, Белое ауылы, 2015 жыл
Астыққа бай - Алтын күз: балабақша мерекелік-білім беру сценарийі
Ересектер тобына арналған Келді міне Алтын күз ертеңгілігінің оқу-әдістемелік сценарийі
Алматы облысы Қаратал ауданы №97 балабақша Айна тобының 2010 жылғы күз мерекесінің сценарийі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz