Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жүрек құрылысы, жұмысы. Қантамырлар және олардың түрлері

Қуантаева Жанаргүл Тоғайбайқызы
Ақтөбе облысы Темір ауданы №1 Шұбарқұдық мектеп-гимназиясы
Биология пәні мұғалімі ІІ санат

Сабақтың тақырыбы: Жүрек құрылысы, жұмысы. Қантамырлар және олардың
түрлері.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ағзаның ішкі орта мүшелеріне сипаттама бере отырып, қанайналым
жүйесі мүшелерімен танысу, оның ішінде жүрек, жүрек қантамырлар және
олардың қызметтерімен танысу.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігінен ізденімпаздық, қызығушылық дағдыларын
қалыптастыруға тәрбиелей отырып, салауатты өмір салтын ұстану, өз ойын айта
отырып, өзгені де тыңдай білуге, және алған білімдерін өмірде қолдана
білуге үйрету
Дамытушылық: Жаңа материалды қабылдай отырып, ойлау, есте сақтау, және
танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі : 1. Электрондық оқулық-Қанайналым жүйесі: құрылысы,
жұмысы
2. Слайд
3. Жүрек (мүдде)

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Рефлексия.:
-Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сіздерге көтеріңкі көңіл-күймен келдім.

[pic]

-Ал сіздердің көңіл-күйлеріңіз қандай?
(Оқушыларға көңіл күй белгісі таратылады, әркім өзі таңдаған белгіні
алады.)
Өте жақсы Жақсы
Қалыпты
[pic] [pic] [pic]

-Оқушыларды көңіл күй белгісі бойынша топтарға бөлу.
Өте жақсы- «Алғырлар» Жақсы – «Тапқырлар» Қалыпты –
«Ойшылдар»

ІІ. «Ой қозғау» кезеңі /Үй тапсырмасын
сұрау/
-Иммунитет
«Алғырлар» тобы Табиғи иммунитет және «Тапқырлар» тобы Жасанды иммунитет
туралы айтады

[pic]
-Қан құю, қан топтары («Ойшылдар» тобы айтады)

[pic]

ІІІ. «Ой шақыру» кезеңі

Сөзтуым «Кардиология»
1. Жасушалар үшін негізгі қуат көзі (глюкоза)
2. Қанның сарғыштау түсті сұйық бөлімі (плазма)
3. Қанның қызыл түсті жасушалары (эритроцит)
4. Қан ..... ұлпасының сұйық түрі (дәнекер)
5. Қанның түссіз жасушалары (лейкоцит)
6. Қанның қызыл түсті пигменті (гемоглобин)
7. Лимфада болатын қасиеттер (лимфоцит)
8. Қан беретін адам (донор)
9. Ағзаның қорғану реакциясы (фагоцитоз)
10. Адамның ауруға қарсы тұра алатын қасиеті (иммунитет)
11. Адам қаны ұйымайтын жағдайда пайда болатын ауру (гемофилия)

ІV. «Мен үшін жаңалық» кезеңі
Жұмбақ арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтау
Жанды мотор сынбайды.
Күні- түні тынбайды,
Кейде оның жүрісін,
Дәрігерде тыңдайды. (Жүрек)
Электрондық оқулықтан тыңдау
Жүрек — іші қуыс бұлшықетті мүше. Ересек адам жүрегінің салмағы 250-300
грамм. Жүрек кеуде қуысының сол жағына таман орналасқан. Оның дәнекер
тканінен түзілген жүрек қабы қаптап тұрады. Жүрек қабының ішкі беті жүректі
ылғалдайтын және жиырылу кезінде үйкелісті кемітетін сұйықтық бөліп
шығарады. Жүрек бұлшықеті (myocardiummys — бұлшықет, kardia — жүрек) —
жүректің жүрекшелері мен қарыншаларының бұлшықет қабығы (миокард).
Жүрекшенің бұлшықет қабығы беткей және терең ет қабаттарынан тұрады. Беткей
ет қабатының кардиомиоциттері көлденеңінен орналасады. Ол оң және сол
жүрекшелерді сыртынан қаптап, оларға ортақ қабат болып келеді.

[pic]

[pic]

Қантамырлар және олардың түрлері

[pic]

V. «Тұжырымдау» кезеңі

-Есептей білсең, есің түгелденеді

І қатар: Қалыпты жағдайда жүрек 1 минутта орта есеппен 5 л қанды
тамырларға айдаса, 1 сағатта және 1 тәулікте қанша мөлшерде қан айдайды? 
60 х 5 = 300 рет, яғни 1 сағатта 300 рет соғады.
300 х 24 =7200 литр, яғни 1 тәулікте 7200 литр қан
айдайды.

ІІ қатар: Қалыпты жағдайда жүрек орта есеппен 1 минутта 70 рет жиырылып-
кеңейетін болса, 1 тәулікте қанша рет соғады?
60 х 70 = 4200 рет, яғни 1 сағатта 4200 рет соғады.
4200 х 24 = 100800 рет, яғни 1 тәулікте 100800 рет
соғады.

ІІІ қатар: 1 минут ішінде денедегі қан жүрек арқылы екі рет өтеді. Сонда
тәулігіне қанша рет өтеді?
60 х 2 = 120 рет, яғни 1 сағатта — 120 рет
120 х 24 = 2880 рет, яғни 1 тәулікте -2880 рет

-Биологиялық пошта

І қатар: Саламатсыңдар ма құрметті оқушылар! Мен бұл хатты сіздерге жолдап
отырған себебім, тәтемнің өмірбаянын сұрасам, былай жауап берді: Мен
қанайналым жүйесінің (орталық) мүшесімін. Мен кеуде қуысында, екі өкпенің
аралығында орналасқан іші қуыс (бұлшықетті) мүшемін. Менің жұмысым бірін-
бірі ырғақты түрде алмастырып отыратын (жүрек циклынан) тұрады . Және менің
қабырғам 3 қабаттан тұрады. (Жүрек)

ІІ қатар: Саламатсыңдар ма құрметті оқушылар!
Мен бұл хатты сіздерге жолдап отырған себебім, көкемнің өмірбаянын сұрасам,
былай жауап берді: Менің атым (артериялар) мен веналарды байланыстыратын
қантамыр тобымен аттас. Менің атымды (латын) тілінен аударғандағы *шаш
тәрізді қылдай* деген сөзбен ұйқастырып қойған. Менің қабырғаларым (өте
жұқа) және (эпителий жасушаларынан) тұратын бір қабаттан тұрады. Және менің
қан қысымым шамалы. (Қылтамыр)

ІІІ қатар: Саламатсыңдар ма құрметті оқушылар!
Мен бұл хатты сіздерге жолдап отырған себебім, апамның өмірбаянын сұрасам,
былай жауап берді: Менің атым (қанды) жүректен мүшелер мен ұлпаларға
тарататын қантамыр тобымен аттас. Менің атымды (грек) тілінен аударғандағы
*қантамыр* деген сөзбен ұйқастырып қойған. Менің ең ірі қантамырларым
(қолқа және өкпе артериясы) деп аталады. Және менің қан қысымым жоғары.
(Артерия қантамырлары)

-Тест сұрақтарына жауап алу
1. Ересек адам жүрегінің массасы:
а) 400 г ә) 250-300 г б) 150-180 г
в) 600 г

2. Қанның қантамырлардың бойымен тұйық түрде, яғни қанайналым шеңберімен
ағатынын ашқан ғалым:
а) Мечников ә) Досмұхамедов б) Гарвей
в) Сеченов

3. Қолқа:
а) ең ірі артерия қантамыры
ә) адам шашынан 50 есе жіңішке қылтамыр
б) артерия мен веналарды бір-бірімен байланыстырады
в) қан қысымы шамалы қылтамыр

4. Жүрекке күш түскенде соғуы ...............
а) баяулайды ә) жиілейді б) өзгермейді
в) тоқтайды

5. Жүрек қабырғасы неше қабаттан тұрады:
а) 4 ә) 2 б) 5
в) 3

VІ. Оқушылар білімін бағалау
VІІ. Үйге тапсырма беру: Оқу (түсінік
айту)

«Жылдам және дұрыс» ойыны

І топ:

1. Қан сарысуы деген не-қан ұйығының сұйықтығы
2. Қанның мөлшері қанша-4,5-5 л
3. Қан пластинкасы қалай аталады-тромбоцит
4. Гемоглобин-қанның қызыл пигменті
5. Эритроциттің диаметрі-7,5 мкм
6. Оксигемоглобин деген не-оттекті гемоглобин
7. Фагоцитоз қандай процесс-бөгде бөлшектерді сіңіру, қорыту
8. Фагоцитозды ашқан ғалым-Мечников
9. Донор-қан беруші
10. Ағзаның қорғану реакциясы-иммунитет

ІІ топ:

1. Қанның түссіз жасушалары-лейкоцит
2. Қанды қабылдайтын адам-реципиент
3. Қанды қанша уақыт сақтайды-30 күн
4. Қан ұйымайтын ауру-гемофилия
5. Қан ұю ұзақтығы-4-5 мин
6. Қанның қызыл пигемнті-гемоглобин
7. Қан ұюына қатысатын жасуша-тромбоцит
8. Қан ұюына қандай элемент қатысады-кальций тұзы
9. Қан құрамы-қан жасушасы, қан плазмасы
10. Газды тасымалдайтын қан жасушасы-эритроцит

ІІІ топ:

1. Адам лимфа түйіндерінің саны-460
2. Ядросыз қан жасушасы-эритроцит
3. Тромбоцит қызметі-қан ұю
4. Рентген сәулесінен лимфоциттер-жойылады
5. Плазма нәруыздарын ата-альбумин, глобулин, фибриноген
6. Тромбоциттің тіршілік ұзақтығы-7-10 күн
7. Лимфа түйіндерінің түсі-қызғылт-сұр
8. Иммунитет қаншаға бөлінеді-2
9. Тромб деген не-ұйыған қан
10. Қан жасушасын түзетін, уақытша сақтайтын мүше-көкбауыр

ә) Сөзтуым «Кардиология»

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Сергіту сәті:
Артериялық қан кету болса – сол қол көтеру.
Веналық қан кету болса – оң қол көтеру.
Капиллярлық қан кету болса – денені бұру.

• Ал қызыл қан ағады
• Қою қызыл түсті қан ағады
• Қан шапшып ағады
• Жарақаттанған жердің айналасу қанайды
• Жгут салу қажет емес
• Терінің беткі қабаты жарақаттанса
• Тамырдың лүпілін анықтап, қатты басу керек

Пайдалы кеңестер
Жүрек – қантамыр жүйесіне пайдалы тағамдарлың құрамында алма,
апельсин, лимонды жемістер бар. Мысалы алма қандағы гемоглобиннің
құрамындағы темірдіің көбеюіне қажет болса. Апельсин шырынын ішу қан
тамырлардың жұмысын жақартса, цитрусты өсімдіктердің барлығы қан
тамырлардың қабырғасын қатайтып, серпімділігін арттырады. Жемістерден қуат
алып, жүзіміз жадырай берсін

ІV. Сабақты бекіту
2.Адам жүрегі
A. 2қуысты
B. 3 қуысты
C. 4қуысты
D. 3 қуысты және жартылай пердесі бар
E. Екі аортасынан қан айдайды.
3.жұрек оң жақ бөлігінде:
A. Қос жақтаулы қақпақша бар
B. Плазма толы
C. Эритроциттер түзеді
D. Лимфоциттер жиналып, лимфаға өтеді
E. Үш жақтаулы қақпақша бар
4. Вена:
A. Қанды мүшелерге ағызады
B. Қанды ұлпаларға ағызады
C. Қан мүшелермен ұлпалардан жүрекке ағатын ірі тамырлар
D. Оттекке қаныққан қанды тасымалдайды.
E. Лимфа тамырларына перпендикуляр жатыр.
Сабаққты қорытындылау
Сөйлемді толықтыр.
1. Қанайналым жүйесі тұйықталған организмдерде жасушалар тікелей қан арқылы
шайылады.
2. Қанайналым жүйесі тұйықталған организмдерде қан қысымы, әдетте, жоғары
және қан ағымы жылдам.
3. Лимфа — жасушааралық кеңістікке сүзілген және одан лимфа жүйесіне өткен
плазмасынан түзілетін түссіз сұйықтық.,
4. Қанайналым қызметі: тасымалдаушы, реттеуіші, қорғаныш.
5. Жүрек бұлшық еті жүректің жиырылуына әсер ете алмайды.

[pic]
-----------------------

Көңіл күйлеріңіз қандай?

Ұқсас жұмыстар
Жүректің құрылысы. Жүрекшелер мен қарыншалардың қызметі. Жүрек қақпақшалары
Оқушылардың топпен өзара бағалауы
Қантамырлары. қанайналым шеңберлері
Қанайналым және жүрек
Қан айналу тақырыбынан сабақ жүйесі
Бұлшықет және жүйке ұлпасы. қалқанша безі. 8-сынып
Қанайналым: "қанайналымның үлкен және кіші шеңбері"
Қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері. Қанның тамырлардың бойымен қозғалуы
Қанайналым. қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері
Иммундық жүйе мүшелері топтастыру
Пәндер