Паскаль тілінің негізгі элементтері

№ 6 сабақ
Сыныбы : 9 «а, ә» Күні:6. 10. 2015ж Мұғалімі : Нусипалиева А. Ә Тексерген:
Паскаль тілінің негізгі элементтері.
Паскаль тілінің объектілері. Паскаль тілінің функциялары. Паскаль тілінің өрнектері.
Сабақтың әдісі:
Құрал - жабдықтар, көрнекті құралдар:
Сөздік қормен жұмыс:
Түсіндіру, баяндау, сұрақ жауап, әңгімелесу, жазбаша жұмыс
ДК, проектор, ЭО, тақта, оқулық, семантикалық карталар
Элемент, объект, функция
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
Сабаққа дайындықтарын тексеру.
II. Үй жұмысын сұрау
- Паскаль тілінің қандай арифметикалық функциялары бар?
- Екі бүтін санды бөлгендегі қалдықты анықтайтын функция қалай аталады? (mod)
- DIV функциясы нені анықтайды?
- Қандай логикалық функцияларды білесіңдер?
- Функция мен қызметін сәйкестендір.
Үйге осы функцияларды қолданып шешетін есептер берілген. Жұптасып бір-бірінің шығарған есептерін тексеруге болады
III. Жаңа сабақтың мақсаты
IV. Жаңа сабақтың барысы
V. Жаңа сабақты бекіту
VI. Қорытындылау
VII. Үй тапсырмасын беру
VIII. Бағалау
Жаңа сабақтың мақсаты:
Паскаль тілінің негізгі элементтерімен таныстыру
Жаңа сабақтың барысы:
Жұмысты бастау тәртібі
F10 - бас меню қатарына шығу. Керек команданы таңдап, Enter-ді басамыз
Бас меню негізгі 10 пунктен тұрады :
Fіle - файлдармен жұмыс, баспаға шығару (принтер), каталогты ауыстыру т. б.
Edіt - тексті редакциялау, текст бөліктерін көшіру, ауыстыру.
Search - қажет тексті іздеу, сөздерді ауыстыру, т. б.
Run - программаны орындау.
Compіle - программаны компиляциялау.
Debug - программаны жөндеу, түзету құралдары.
Tools - ортаның құралдардары.
Optіons - программалау ортасын баптау.
Wіndow - программалар жөндеу терезелерін басқару.
Help - көмек.
Ескерту. Бет (страница) - деп бір экран көлемін айтады (21 жол) .
Редакциялау “пернелері”
Shіft + ←, ↑, →, ↓ - белсенді терезедегі текстің фрагменттерін белгілеу .
Ctrl + Del - белгіленген тексті қалтаға түсірмей, терезеден жою.
Ctrl + Іns - белгіленген текстің көшірмесін қалтаға жіберу.
Shіft + Del - белгіленген тексті қалтаға түсіріп , терезеден жою .
Shіft + Іns - қалтадағы тексті белсенді терезеге қою .
Ctrl + L - соңғы команданы қайталау.
Ctr l+ N - курсор тұрған жол үстінен, бос жол енгізу.
Ctrl + Y - курсор тұрған жолды алып тастау.
Терезелерді басқару “пернелері”
Alt + # - мұндағы # көретін терезе нөмірі.
Alt + 0 - ашылған терезелер тізімін көрсету.
Alt + F3 - белсенді терезені жабу.
Alt + F5 - қарау, программаның орындалу нәтижесін көру, (пайдаланушының экраны) .
Shіft + F6 - артқы терезелерге шегіндіре өту.
F5 - белсенді терезені үлкейту (кішірейту) .
F6 - алдыңғы терезелерге ілгері өту.
Ctrl + F5 - белсенді терезенің өлшемін немесе позициясын өзгерту.
Турбо Паскаль ортасынан шығу тәртібі
- Alt + F - меню қатарына, Fіle командасына шығу.
- Exіtнемесе бірден:Alt +X -басуға болады.
Паскаль тілінің программасы үш бөліктен тұрады:
- Тақырып жолы
- Сипаттау жолы
- Операторлар бөлімі
Program Esep;
Сипаттау бөлімі
Begin
Операторлар бөлімі
End.
Кез келген программа Program сөзінен басталып, оның тақырыбы жазылады. Одан кейін программаның ішкі объектілерінің сипатталу бөлімі жазылады. Бұл бөлім программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап алуға көмектеседі.
Программаның соңғы және негізгі бөлімі операторлар бөлімі - болып табылады. Орындалатын іс-әрекеттер, командалар осы бөлімде орналасады. Ол begin түйінді сөзінен басталып, барлық атқарылатын операторлар (командалар) тізбегі жеке-жеке жолдарға жазылып біткен соң end түйінді сөзімен аяқталады.
Паскаль тілінің объектілері
Паскаль тілінің объектілері:
- «Сан»
- «идентификатор»
- «тұрақты»
- «айнымалы»
- «функция»
- «өрнек»
1) Сандар. Паскальда әдеттегідей ондық санау жүйесінде жазылады. Мұнда ондық үтір орнына нүкте қолданылады. Дәрежелі сандар экспонентті түрде жазылады.
2) Атау - идентификатор (identification - объектінің белгілі бір символдар тіркесіне сәйкестігін бекіту) программаны және программадағы тұрақтыларды, типтерді, айнымалыларды, функцияларды, файлдарды т. б. белгілеп жазу үшін қажет.
Идентификатор - міндетті түрде әріптен басталатын сандар мен әріптердің тізбегінен тұратын атау.
Мысалы: Х, Х1, СҮММА, Р23РН6, МТ54АР т. б.
Стандартты атауларды кейбір тіл элементтері типтерінің, шамалардың (тұрақтылар, айнымалылар), стандартты функциялардың, процедуралардың аттарын алдын ала баршаға түсінікті етіп белгілеу үшін енгізген, оларды тек сол өз мағынасында ғана қолданумыз қажет.
REAL - нақты сан
INTEGER - бүтін сан
VAR - айнымалы
CONST - тұрақты
SIN - тригонометриялық функция
COS -тригонометриялық функция
EXP - математикалық функция
LOG - математикалық функция
FALSE - логикалық жалған
TRUE - логикалық ақиқат
Бейстандартты атауды тұтынушы (компьютерді пайдаланушы адам) өзі тағайындайды. Өзіміздің айнымалыларға немесе тұрақыталға беретін атауларымыз стандартты идентификаторлардан өзгеше болуы тиіс
3) Тұрақты немесе константа деп программаның орындалу барысында мәндері өзгеріссіз қалатын шамаларды айтады.
Тұрақтыға программаның орындалу барысында бірден сандық мән берсек те немесе оны программаның сипаттау бөлімінде идентификатор түрінде белгілеп алып мән берсек те болады. Олар сандық( integer, real), символдық (char), логикалық (boolean) және тіркестік (string) мәндерді қабылдай алады. Логикалық түрдегі тұрақтылар - true (ақиқат) немесе false (жалған) мәндерінің біріне ие бола алады.
Мысалы: x=25; y=-0. 5; z=4E15; g=9. 8; pi=3. 14 т. б.
ЖАЗЫЛУЫ:
Const < «айнымалының» аты> = <мәні>
Const a=3; pi=3. 14; g=9. 8
4) Айнымалылар деп программаның орындалу барысында әр түрлі мәндерді қабылдай алатын шамаларды айтады. Олар идентификаторлармен белгіленіп, әр уақытта әр түрлі мәнге ие бола алады. Айнымалылар атауы сипаттау бөлімінде var түйінді сөзінен кейін орналасады да, атауынан кейін қос нүкте қойылып, айнымалының типі көрсетіледі.
Айнымалылар:
ЖАЗЫЛУЫ:
Var <идентификатор>:<тип>
VAR A, B:INTEGER;
Sum, baga: real;
- қарапайым -айнымалылар өз атаулары бойынша жазылады. Мысалы, delta, x, y, result.
- индексті- айнымалыларға жиым (массив) элементтері жатады.
Жиым дегеніміз - бір атаумен белгіленіп, бір өлшеммен өлшенетін шамалардың реттелген тізбегі. Индекс - жиым элементтерінің нөмірін көрсетеді және тік жақшамен жазылады.
Мәліметтердің қарапайым түрелерін стандартты типтер деп атау қалыптасқан. Паскаль тілінің стандартты типтері былай бөлінеді:
1. Стандартты
2. Пайдаланушы типтер
3. Сандардың типтері
4. Логикалық типтер
5. Символдық типтер
6. Саналатын тип
7. Диапазондық немесе ауқымды тип
Турбо Паскаль тілінде алдын ала программалары жасалып стандартты модульге жинақталып қойылған, қажет кезінде пайдалануға болатын объектілер бар. Солардың бірі стандартты функциялар болып табылады. Олар жиі кездесетін математикалық және басқа да функцияларды есептеу үшін қолданылады.
Мәліметтердің қарапайым түрлерін стандартты типтер деп аталады.
- Стандартты тип(6-кесте)
2) Пайдаланушының типтері . Бұлардан басқа программа жазушы өз типтерін де енгізуі мүмкін. Оны пайдаланушының типтері деп атайды. Қосымша типтер программаның сипаттау бөлімінде көрсетіледі. Оны TYPE түйінді сөзінің көмегімен былай жазамыз:
Type <тип атауы>=<тип мәні>;
Oryn=(sol jak, on jak)
3) Сандардың типтері (7-кесте)
- Логикалық типтер
Bolean - деп көрсетіледі. Екі мән қабылдайды:
- - Ақиқат (true)
0 - Жалған (false)
- Символдық типтер. Символдық типті CHAR деп белгілейді. Символдық шамалар апострофқа алынған бір символды ғана мән ретінде қабылда алады. Мысалы ‘a’, ‘x’, ‘n’
Var x: char; x -айнымалысы тек қана символды қабылдайтын типтен тұрады. Мәтіндері сөз немесе сөйлем болатын айнымалының типін string деп көрсетеді. Мысалы: var x:string; x:=’мектеп’; деп жазуға болады.
- Саналатын тип. Бұл тип стандартты типке жатпайды. Бұл типке жататын айнымалының элементтері өзара ретпен орналасады. Мысалы:
Atau=(1-идентификатор, 2-идентификатор, . . . n-идентификатор) ;
Kunder= (‘дүйсенбі’, ‘сейсенбі’…. . ’жексенбі’) ;
Ailar= (‘қаңтар’, ‘ақпан’…. ’желтоқсан’)
- Диапазондық немесе ауқымды типтер. Шама қабылдай алатын мәндердің алғашқысы мен соңғысы арасына екі нүкте қойып көрсетіледі. Мысалы:
Apta=1. . 7; ai=1. . 31, jyl=1. . 12; ….
Паскаль тілінің функциялары
Турбо Паскаль тілінде алдын ала программалары жасалып стандартты модульге жинақталып қойылған, қажет кезінде пайдалануға болатын объектілер бар. Солардың бірі стандартты функциялар болып табылады. Олар жиі кездесетін математикалық және басқа да функцияларды есептеу үшін қолданылады.
Стандартты функциялар:
- abs (x) - х-тің абсалют шамасы
- sqr (x) - х-тің аквадраты
- sin(x) -
- cos(x) -
- arctan(x) - элементар функциялар
- exp(x) -
- ln(x) -
- sqrt(x) - х-тің квадрат түбірі
- frac(x) -санның бөлшек бөлігі
- int(x) - санның бүтін бөлігі
- pi(3. 14) - π саны т. б
Енді программада жиі пайдаланылатын функцияларды қарастырайық.
- Арифметикалық функциялар. Арифметикалық функцияларда бүтін және нақты шамалар пайдаланылады. Олар төмендегі кестеде берілген (2, 7-кесте)
- Типтерді өзгерту функциялары. Бұл функциялар шамалардың типтерінт өзгерту үшін пайдаланылады. Мысалы, нақты санды бүтін санға, цифрлар түрінде берілген символдар тізбегін бүтін санға т. б аударады. Олар:
- Chr (x) - x санын символға аударады. Аргументтің типі (0,, ,, 255) аралығындағы бүтін сан болуы қажет.
- High(x) - хшаманың максимум мәнін береді
- Low(x) - шаманың минимум мәнін береді
- Ord(x) - саналатын (реттелген) типті бүтін типке көшіреді
- Round (x) - нақты санды бүтін санға дөңгелектейді
- Trunc(x) - нақты санның бүтін бөлігін береді
- Реттелген типтегі шамаларға пайдаланылатын функциялар. Бұл функциялар реттелген типтегі шамалар үшін пайдаланылады. Олар:
- Odd(x) -х сандық шамасының тақ екендігін тексеру. Мұндағы аргумент типіLongintтүрінде, ал сан тақ болса, нәтижеtrue(ақиқат) немесеfalse(жалған) болады.
- Pred(x) -реттелген міндер тізбегіндегі х-тің алдындағы элементін табу.
- Succ(x) -реттелген х-тен кейінгі элементті табу.
Шамаларға қоладнылатын амалдар олардың типтерін байланысты.
Бүтін сан түріндегі тип. Бүтін типтегі мәндерді қабылдайтын атаулар былай сипатталады:
amay1, amay2, …. . amayn:тип;
Мұнда тпп орнында бүтін типті көрсететін түйінді сөздің бірі жазылады. Мысалы, integer, byte, …
Бүтін типке мынандай амалдар қолданылады: +, -, *, /, div, mod. (2. 8-кестеде) операциялар және солардың операторлары мен нәтижелерінің типтері келтірілген.
Қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдары кәдімгі математикадағыдай орындалады, ал қалған екі амалға мысал келтірейік.
5 div 2 = 2 5 mod 2 = 1
8 div 3 = 2 8 mod 3 =2
7 div 2 =3 7 mod 2 =1
Төмендегі стандартты функциялар бүтін аргументтер үшін бүтін мән береді:
abs (x) - бүтін х санының абсалют шамасы;
sqr (x) - бүтін х санның квадраты;
trunc (x) - нақты х санның бүтін бөлігі;
round (x) - нақты х саны дөңгелектеніп бүтін нәтиже береді;
succ (x) - х-тан кейінгі бүтін санды береді;
pred (x) - х-тің алдындағы бүтін санды береді;
Нақты тип. Нақты типтегі мәндерді қабылдайтын атаулардың сипатталуы:
amay1, amay2, …. amayn:тип;
Мұндағы тип орнында нақты типті көрсететін түйінді сөздердің бірі жазылады, мысалы: real, single, …
Бұл типке жадтан сәйкесінше жіне 4 байттан орын қажет болады. Егер деректер мәні жоғарыда айтылған мәннен асып кетсе, онда программаның орындалуы тоқтатылада да қате туралы хабар шығады.
Нақты типтегі шамаларға: қосу, көбейту, бөлу амалдары қолданылады. Бұл амалдарда операнттар (аргументтер) бүтін сан болуыда мүмкін, бірақ нәтиже нақты сан болады.
Логикалық тип. Бұл типтегі атаулар былай сипатталады:
amay1, amay2, …. amayn: boolean;
Логикалық шамалар true және false мәндерінің бірін ғана қабылдайды.
Логикалық типтегі шамаларға мына амалдар қолданылады:
And (және), or (немесе), not (емес), xor (арифметикалық немесе) .
Бүтін сандарға not, or, shl, shr, and, xor амалдарын қолдану биттерге амалдар қолдану болып табылады.
Символдық тип. Символдық типтегі шамалар былай сипатталады:
amay1, amay2, …. amayn: char;
Жоғарыда символдық типтегі шамалардың мәндері апостроф ішіне алынып жазылады. Символдық айнымалылардың мәндері арифметикалық өрнектерде пайдаланылмайды. Әр символдың өзіне тән рет номері немесе коды болады.
Символдық шамаларға қатынас амалдары: <, <=, =, < >, >, > = қолданылады.
Символдық шамаларға төмендегі стандартты функциялар өолданылады:
Ord (x) - х/тің реттік номерін береді;
Chr (x) - х/тің реттік номеріне сәйкес символды береді;
Pred (x) - х символының алдындағы символды береді;
Succ (x) х символынан кейінгі символды береді.
Сабақты бекіту : Презентациядан бекіту жаттығуларын орындау
Жаңа сабақты қорытындылау: Сабақты қорытындылау барысында сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, қалыс қалып отырған оқушыларға ескертпелер беру арқылы білімдерін бағалау.
Үй тапсырмасын беру:
1. Материалды оқып келу.
4-есепті шығару
Бағалау:
Бүтін сан
(integer)
Нақты сан
(real)
Символдық шама
(char)
Логикалық шама
(logical)
Мәтіндік шама
(text)
Жиымдар
(array)
Файлдар
(file)
Жазбалар
(record)
Жиындар
(set)
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz