Абай және орыс әдебиеті: ықпал және аудармашылық қызметі

Абайтану 9-сынып

Сабақтың тақырыбы: Абай және орыс әдебиеті

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға ұлы ақынның қалыптасуына орыс зиялы қауымының, орыс әдебиетінің ықпалын жете түсіндіріп, Абайдың аудармашылық қызметімен таныстыру; сөздік қорларын байыту; қазақ тілінде таза, сауатты сөйлеуге, тіл тазалығын сақтауға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, талдау

Көрнекілігі: шығармалар жинағы

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Абайдың өмірі мен шығармашылығы бойынша мазмұндау

Абайдың өлеңдеріне тілдік талдау жасау

ІІІ. Жаңа сабақ

Абай және орыс әдебиеті

Болашақ ақынның дүниеге көзқарасының қалыптасуына оның озық ойлы орыс зиялы қауымының өкілдерімен араласуы орасан зор ықпал етті. Ол кезде өз Отанының тәуелсіздігі жолындағы ұлт-азаттық қозғалыстарға белсене қатысушылар Қазақстан аумағына жер аударылып келіп жатты. Олар, атап айтқанда, Украина мен Польшадағы зиялы қауымның неғұрлым білімді өкілдері болатын. Жер аударылып келгендердің арасында патша үкіметінің саясатына қарсы шыққан орыс зиялы қауымының өкілдері де аз емес еді. Олар Абайдың саяси көзқарасының қалыптасуына ықпал етті. Атап айтқанда, Е. Михаэлис, А. Леонтьев, С. Гросс, А. Блек, П. Лобановский, Н. Коншин, Н. Долгополов және басқалары еді.

Олар Абаймен бірге жиі-жиі қонақта болып жүрді. Қазақ ақыны солардың арқасында озық ойлы орыс мәдениетінің алып өкілдері А. С. Пушкиннің, М. Ю. Лермонтовтың және басқалардың шығармаларымен жете танысты.

Аудармашылық қызметі

Абай орыс тілін тамаша меңгерді. Мұның өзі оның орыс ақыны М. Лермонтовтың біркатар өлеңін қазақ тіліне аударуына мүмкіндік берді. Атап айтқанда, Абай М. Ю. Лермонтовтың «Шайтан» («Демон»), «Дұға» («Молитва»), «Қанжар», «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз», «Жалау» («Жалғыз жалау жалтылдап»), «Теректің сыйы» («Асау Терек долданып, буырқанып») сияқты өлендерін аударды. Абай А. С. Пушкиннің «Евгений Онегин» дастанының үзінділерін қазақы ұғымда жатық етіп еркін аударды. Абайдың Татьяна хатының сөзіне шығарған «Татьянаның қырдағы әні» қалың елдің сүйікті әніне айналды.

Абай И. А. Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне аударумен де айналысты. Қазақтар ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті жетекшісі Ә. Бөкейханов өзінің қырғыз даласындағы әр түрлі уездерде болған кезінде ондағы ақындардың Пушкин мен Лермонтовтың Абай аударған өлеңдерін жақсы білетініне, оларды домбырада әнге қосып айтатынына көз жеткізіп қайтқанын жазады. Орыс тілінен Абай аударған шығармалар қазақ әдебиетін байыта түсті. Абай орыстың ұлы акындарының 50-ден астам өлеңін қазақ тіліне аударды.

Абайдың М. Ю. Лермонтов пен И. А. Крыловтан аудармаларын оқу, талдау:

Көңілдің күйі тағы да

(М. Ю. Лермонтовтан)

Көңілдің күйі тағы да
Өмірсіз жанның алды ішін.
Аударды өлең жағына,
Нәпсінің сынған қайғысын.

Жат жерде елге қосылмай,
Сенімді доссыз жалтақтап,
Көк қанат бейіш құсындай,
Қу ағашқа қонақтап.

Ол бұтақтан қозғалмас,
Өкіріп дауыл, соқса жел.
Өзгеге бола жырламас,
Ыстық күнді жоқтар ол.

Жанымның жарық жұлдызы,
Жамандық күнде жарымсың.
Сөз болсын ескі ер сөзі,
Кейінгіге қалынсын.

Шегіртке мен құмырсқа

(И. А. Крыловтан)

Шырылдауық шегіртке (184)
Ыршып жүріп ән салған.
Көгалды қуып гөлайттап,
Қызықпен жүріп жазды алған.

Жаздыгүнгі жапырақтың
Бірінде тамақ, бірінде үй,
Жапырақ кетті, жаз кетті,
Күз болған соң кетті күй.

Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ,
Өкінгеннен не пайда?
Суыққа тоңған, қарны ашқан
Ойын қайда, ән қайда?

Оныменен тұрмады,
Қар көрінді, қыс болды.
Сауықшыл сорлы бүкшиді,
Тым-ақ қиын іс болды.

Секіру қайда, сүрініп,
Қабағын қайғы жабады.
Саламда жатып дән жиған
Құмырсқаны іздеп табады.

Селкілдеп келіп жығылды,
Аяғына бас ұра:
= Қарағым, жылыт, тамақ бер,
Жаз шыққанша асыра!

Мұның, жаным, сөз емес,
Жаз өтерін білмеп пе ең?
Жаның үшін еш шаруа
Ала жаздай қылмап па ең?

Мен өзіңдей шаруашыл,
Жұмсақ илеу үйлі ме?
Көгалды қуып, ән салып,
Өлеңнен қолым тиді ме?

Қайтсін, қолы тимепті,
Өлеңші, әнші есіл ер!
Ала жаздай ән салсаң,
Селкілде де, билей бер!

Тағы да басқа аудармаларын оқып, көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасау

Сабақты бекіту: сұрақ-жауап

Үй жұмысын беру: «Абайдың аудармалары» бойынша реферат жазу,

1 аударма өлеңін жатқа

Бағалау


Ұқсас жұмыстар
10-сынып қазақ әдебиеті сабағы: Абай Құнанбаевтың табиғат лирикасы және орыс классиктерімен салыстырмалы талдау
Абай Құнанбайұлы: өмірі, ағартушылық қызметі және шығармашылығы
Абай Құнанбаев: өмірі, шығармашылығы және ағартушылық қызметі
Ыбырай Алтынсарин және Абай Құнанбайұлы: ағартушылық қызметі мен әдеби-тарихи мұрасы
Орыс тілінде оқытылатын мектептердің 6-сыныбына арналған қазақ әдебиеті: ауыз әдебиеті мен ежелгі дәуір әдебиеті - жұмыс дәптері
Орыс сыныптарында орыс тілін оқытудың әдістемесі: коммуникативтік, жоба және жаңа технологиялық тәсілдер
Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған Абай мен Пушкин қатысқан инсценировка: аудандық орыс тілі мұғалімдері семинары мен интерактивті тақтаның тиімділігі
Жасөспірімдердің мінез-құлқындағы өзгерістерге отбасылық ықпал және мектептегі тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы
Қазанбай Ғалия Тілектесқызы: орыс тілі мен әдебиеті мұғалімінің педагогикалық тәжірибесі мен аударма-әдістемелік еңбектері
Бастауыш сыныптағы тәртіп бұзған оқушыларға педагогикалық ықпал және жазалау шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz