Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Тіл – елдігіміздің іргетасы атты бүкілмектептік сап

«Тіл – елдігіміздің іргетасы» атты бүкілмектептік сап
Анамыздың ақ сүтімен бойымызға
дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл
ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.
                                            Б.Момышұлы

Мақсаты:
Тіл-қарым-қатынас құралы екенін түсіндіру. Егеменді елдің мемлекеттік тілі
қазақ тілінің мәртебесін көтеру үшін тіл мәдениетін қалыптастыру, тілдік
қорды дамыту, тіл туралы заңдарды айта отырып, білімдерін кеңейту. Би-
шешендеріміздің тіл туралы сүбелі сөздерін айта отырып, мәнін көрнекті
сөздермен ашу, ақындардың поэзиясындағы, жазушыларымыздың прозасындағы тіл
туралы ойларын өз беттерімен іздестіріп, тілді құрметтеуге, тіл мәдениетін
сақтай отырып шешендікпен сөйлеуге тәрбиелеу.

Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік
тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы
Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз.
«Адамға екі нәрсе тірек тегі,
Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», - деп Жүсіп Баласағұн бабамыз
айтқандай кез-келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да,
тірегі де сол елдің ана тілі болмақ.
«Ұлттың тілі – ұлттың ділі» демекші, қандай  ұлт пен ұлыс болмасын ең басты
байлығы – ана тілі. Тілін  жоғалтқан халықтың жеке мемлекет болып басқа
елдермен терезесі тең дәрежеде тұра алмайтындығы тарихтан белгілі.
Сондықтан сан ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, 
егеменді ел болып жатқан  сындарлы кезеңде мемлекетіміздің нышаны  ана
тілімізді бүкіл тіршілігіміздің түп қызығына айналдыру – әрбір ұлтжанды
азаматтың басты міндеті.
Ана тілім- алтын ұям, құндағым,
Ақ бесікте әлдиіңді тыңдадым,
Сенің жазың, сенің әнің айтарым
Санам сөніп, байланғанша тіл жағым.

1-оқушы:
Қымбат маған ана тілім, бал тілім,
Қымбат маған
дана тілім, ар тілім.

Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,

Ана тілім – ардақ тұтар алтыным.

Ана тілін жырлап өткен
талайлар,

Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.

Қасиетті менің ана тілімде,

Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.

Өлен-жырмен
арайланса, тау күліп,

Ардақтымды жырлап
өтем әң қылып.
Мағжан, Қасым,
Мұқағали жырларын,

Жалғастырып жаза берем мәңгілік.
2-оқушы:

   
Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,
  Туған тілім-анам тілі-өз тілім
Туған тілім-далам тілі-өз тілім
Туған тілім-адам тілі-өз тілім.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар,
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
                                                                       
  (  Д. Әбілев.)
3-оқушы: Ана тілі – асыл күні бабамның,
Қуатымсың ақ сүтіндей анамның.
Сәби шақтан бесігіме жыр тыңдап,
Туған тілді жаттап өскен баламын.
«Оң жол ізде өмірде көп ойланып,
Алдыңнан атар таңың арайлап.
Азаматы бар ел деп – бұл қазақтың,
Талай жұрт құрметтесін қарай қалып.

4-оқушы:
Сұрақтар да шаншу болып тиер кей.
Құтылмайсың барлық тілді білсең де,
Өз тіліңнің көмегіне сүйенбей...
Ана тілінде ата-баба сыры бар,
Аудармадан түпнұсқадай кім ұғар.
Өсе келе құстың тілін білсең де,
Ана тілсіз оның қандай құны бар

5-оқушы:
Сағындырған ана тілім, бармысың,
Сағындырған ана тілім, армысың.
Осы тілде бар азамат ұғысқан,
Осы тілде талай жүрек табысқан.

Су қараңғы болғанындай жанардың,
Тіл тағдыры – тағдырындай Аралдың.
Гүлін қалай таптамақпын даланың,
Тілін қалай сақтамақпын анамның.

Республикамызда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту – бүгінгі
таңдағы өзекті мәселе. Тәуелсіз Қазақстанда тіл мәселесіне айтарлықтай
көңіл бөлініп келеді. Өйткені тіл - біздің ана тіліміз - Туымыз, Ел
таңбамыз, Ән ұранымыз бен қатар біздің елдігіміздің басты белгілерінің бірі
болып саналады. Мемлекет болған жерде оның мемлекеттік тілі болуы да керек.
1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Қазақстан
Республикасындағы Тіл туралы» Заңы қабылданғаннан бері қарай Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тілі болып – Қазақ тілі белгіленеді. Осы Заң
Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін,
мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі
міндеттерін белгілейді, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге
бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етеді.

9-сынып оқушыларының орындауында ӘН

Сен ана тіл жүрегісің анамның,
Жүрек ана мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның.
Сенің арқаң қанып ішсем тұнықтан,
Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам.
Анашымды ұтытқаным емес пе,
Ана тілім егер сені ұмытсам? – деп мемлекеттік тілді насихаттауға арналған
салтанатты сапты жабуға рұқсат етіңіздер. Назарларыңызға рақмет!

Ақтүйесай орта мектебі

[pic]
(бүкілмектептік сап)

Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті
мұғалімі А.С,Хусаинова

Ұқсас жұмыстар
Конституция - дамудың негізі
Ата заңымыз – елдігіміздің асыл тірегі
«кім жүйрік» сайысы 9 сыныптың жаңа оқулығы бойынша
Мемлекеттік тілді үйретудегі сыныптан тыс жұмыстардың ықпалы
Соңғы қонырау сценарийі
Тіл - құдірет
Сынып сағаты: «Қазақстан-2050» стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр»
Бастауыш мектепте ағылшын тілін 1 сыныптан оқыту заман талабы
Тұлғаны азаматтық-патриоттық рухта тәрбиелеудегі мемлекеттік нышандардың ролі
"мемлекттік рәміздер - ұлттық мақтанышымыз!
Пәндер