9-сынып информатикасы: шамалармен жұмыс алгоритмі және Pascal тілінде квадрат теңдеулерді шешу (практикалық сабақ, этнопедагогикалық элементтер)

Информатика пәні 9 сынып

Шамалармен жұмыс жасау алгоритмі (практика)

Астана қаласы

Сырбай Мәуленов атындағы

№37 орта мектеп

Информатика пәні мұғалімі

Сарсекеева А. Ж.,

Сабақтың мақсаты:

  1. оқушыларды шамалар типтерімен жұмыс жасауын жалғастыру;
  2. информатиканы оқытуда қазақ этнопедагогикасы элементтерін пайдалана отырып есеп шығару барысында шамалар типтерін тиісінше қолданып, программа құруға үйрету;
  3. жауапкершілікке, компьютерлік сауаттылыққа баулу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі.

Өткізу формасы: аралас сабақ - түсіндіру, есептер шығару.

ОТҚ: проектор, дербес компьютер.

Программалық жабдықтар: Turbo Pascal программасы, жұмыс дәптері: Квадрат теңдеулер 8 сынып

Сабақ барысы
Әдістемелік түсініктеме
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру
Әдістемелік түсініктеме: Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту
Сабақ барысы:

2. Өткен сабақты пысықтау

1) Мәліметтер типі деген не?

2) Мәліметтер типтеріне мысал келтір.

3) Келесі стандарттық функцияларды Паскаль тіліне көшіріп жаз:

Sin x, cos x, tg x, , , , ln x, e x , x 3

Әдістемелік түсініктеме: Оқушылардың жауаптарын толықтырып, қорытынды жасау.
Сабақ барысы:

3. Eсептер шығару

1. есеп. Мендегі қой санын өз-өзіне көбейтсе, сол қой тұяқтарынан 15-ке кем сан шығады. Менде қанша қой бар?

Х-айнымалысы ретінде мендегі қой санын белгілеп, әр қойда сегіз тұяқ болатынын ескерсек, квадрат теңдеу құрастыруға болады. Қой санын өзіне көбейтсе (х*х) өрнегін, тұяқтар санына қатысты (8х) өрнегін аламыз, ал бұл өрнектер мәндерінің айырымы 15-ке тең болуы керек.

Сонымен х 2 =8х-15.

Программа құрастырайық:

program esep1;

uses crt;

var a, b, c, x1, x2, d:real;

begin

a:=1; b:=-8; c:=15;

d:=(b*b) -4*a*c;

x1:=((-b+sqrt(d) ) /2*a) ;

x2:=((-b-sqrt(d) ) /2*a) ;

writeln('x1=', x1:2:2, 'x2=', x2:2:2) ;

readkey;

end.

Теңдеудің екі шешімі бар 3 немесе 5 қой.

2. есеп. «Шапқыншылардың барлаушыларын байқап қалған қарауыл басшысының: «олардың бір қылышына біздің төрт қылыш қарсы, тірідей ұстайық бұларды», - деген сөзін есепсіз жүре алмайтын сарбаздардың бірі: «жаудың қолы дәл соншаға еселенгеннің өзінде бізде үш қол артық» деп қостады.

Күштерді бағала . . . ».

Математика тіліне көшу үшін «олардың қылыш санын» х десек, бізде - (4*х) қылыш болуы керек. «Жаудың қолы дәл соншаға еселенсе» олардың саны (х*х), сонымен қатар, бұл сан (4*х) -тен үшке кем. Ендеше келесі квадрат теңдеу бұл есептің моделі табылады: х 2 =4*х-3 немесе х 2 -4*х+3=0 .

program esep2;

uses crt;

var a, b, c, x1, x2, d:real;

begin

a:=1; b:=-4; c:=3;

d:=(b*b) -4*a*c;

x1:=((-b+sqrt(d) ) /2*a) ;

x2:=((-b-sqrt(d) ) /2*a) ;

writeln('x1=', x1:2:2, 'x2=', x2:2:2) ;

readkey;

end.

Теңдеудің екі шешімі бар: 1 және 3, яғни жауап: барлаушылар-үшеу, ал қарауылда 12 адам, немесе бір барлаушы және 4 қарауыл.

3. есеп. Дихан атайдың шөбересі мен шөпшегінің жастарының көбейтіндісі баласының жасының онындай. Аталардың әрқайсысы алдыңғысынан 20 жасқа кіші екені белгілі болса Дихан атайдың немересі нешеде?

Есепті шығару үшін жеті атаның атауы мен орналасу тәртібін білу керек. Ізделінді белгісізді, яғни немеренің жасын х деп белгілесек (х-20) (х-40) =(х+20) *10 теңдеудің аламыз, мұнда (х-20) - шөбере жасы, (х-40) - шөпшек жасы, (х+20) - баласының жасы.

Х 2 -70*х+600=0;

program esep3;

uses crt;

var a, b, c, x1, x2, d:real;

begin

a:=1; b:=-70; c:=600;

d:=(b*b) -4*a*c;

x1:=((-b+sqrt(d) ) /2*a) ;

x2:=((-b-sqrt(d) ) /2*a) ;

writeln('x1=', x1:2:2, 'x2=', x2:2:2) ;

readkey;

end.

Квадрат теңдеудің екі түбірі бар

х1=-10, x2=60. Бірінші түбір нақтылыққа сай емес, ендеше немересі 60 жаста.

  1. Бағалау.
  2. Үй тапсырмасы:

Еркін күнделігіндегі апта күндеріне қарап отырып:

-Дүйсенбі мен сейсенбінің «көбейтіндісі» жұмаға тең болса, дүйсенбі айдың нешінші жұлдызы?, -деп сұрады досы Ермектен.

Бұған Ермек:

-Білмеймін, менің білетінім - бұл айдың отызыншы жұлдызы - менің туған күнім, дүйсенбіге келеді, - деп жауап қайтарды. Екеуінің де есептері дұрыс болуы мүмкін бе?

Программа құрастырындар.

Түсініктеме. Дүйсенбі мен сейсенбінің көбейтіндісін былай түсіну керек: дүйсенбі 5-і болса, онда сейсенбі 6-сы және жұма 30-ы (5*6) болуы керек.

Әдістемелік түсініктеме:

Этнопедагогика элементтерін пайдалану арқылы оқушылардың математикалық және информатикалық білімдері мен дағдыларын жетілдіру

Жұмыс нәтижесін бағалау, белгі қою.


Ұқсас жұмыстар
9-сынып: Паскаль тілінде символдық және жолдық шамалармен жұмыс
9-сынып: Квадрат және биквадрат теңдеулерді шешу бойынша сабақ жоспары
9-сынып: QBasic тілінде бедербелгілік шамалармен жұмыс істеу алгоритмдері (ашық сабақ)
Паскаль тілінде сандардың цифрларымен жұмыс істеу алгоритмі: 9-сыныпқа арналған интерактивті практикалық сабақ
8-сынып: Биквадрат теңдеулерді анықтау және шешу алгоритмі
9-сыныпқа арналған сабақ жоспары: формулалар арқылы квадрат теңдеулерді шешу
9-сынып информатикасы: Бірөлшемді жиымдар және Паскаль тілінде элементтермен жұмыс
8-сынып алгебрасы: Квадрат теңдеулерді шешу тәсілдері (сабақ жоспары)
6-сынып информатикасы: тармақталу алгоритмі - анықтамасы, түрлері және практикалық тапсырмалары
8-сынып алгебрасы: Квадрат теңдеулерді шешудің әдістері (практикалық сабақ)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz