Ә дыбысы мен әрпі: тану және жазу


Сабақтың тақырыбы: Ә дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты : 1. Ә дыбысы мен әрпі туралы түсінік беру. Жазылу ерекшеліктеріне мән беру.

2. Ұқыптылыққа, зеректілікке баулу.

3. Оқушының ақыл-ойын, сөздік қорын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі : Сабаққа қатысты суреттер, Ә әрпінің жазу үлгісі, кеспе әріптер мен буындар, касса, жұмбақтар

Оқыту әдісі : көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

-Балалар өткен сабақта қай дыбыспен танысқан болатынбыз?

-І дыбысы қандай дыбыс?

-Ол сөздің қай жерлерінде кездеседі?

-І дыбысы бар сөздерді атау.

-Ірімшік, ін, із, тіс, тіл, іні

Оқушыларға «Ін» мәтінін оқыту

ІІІ. Мақсат қою : тақырыбын, мақсатын хабарлау

Өлең оқу

Әжем ертіп әкелді,

Әкем саты әперді.

Әйнек салды әйнекші,

Әдемілеп пәтерді.

-Өлеңнің алғашқы сөздері қай дыбыстан басталған?

-Бәріміз біргеӘ дыбысын айтып қарайық.

-Ә . . . Ә

-Ә дыбысы қалай айтылып тұр?

-Ә дыбысы қандай дыбыс?

-Бүгінгі өтетініміз дауысты дыбыс, Ә әрпі

ІҮ. Жаңа сабақ Ә әрпін хормен айтқызу.

-Оқулықтағы суретке қарап әңгіме құрау

-Әже мен немере.

-Олар не істеп отыр?

Жұмбақ жасыру

Жанды сағат,

Таң атпай айқай салады

/әтеш/

Әтеш сөзіне дыбыстық талдау жасау

Бағандағы сөздерді оқыту

Мәтін. Әже. Оқып беру.

Ү. Жаңа сабақтан түсінгенін тексеру. Өздеріңнің әжелерің туралы әңгімелеп беріп көр.

ҮІ. Білімді бекіту. Дәптермен жұмыс:

Ә әрпін ауада жазғызып, үйрету

Әә әрпін жазып үйрену

Метаграмма

Ш-дан бастап жазғанда,

Шәй қайнатып аласың.

Ш-ны алып тастасаң,

Терезеге саласың.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау:

-Бүгінгі сабақта біз қай дыбыспен таныстық?

-Ә дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?

-Ә дыбысы бар сөздерді атау


Ұқсас жұмыстар
Сабақ жоспары: Сауат ашу және жазу - З дыбысы мен әрпі
Ә дыбысы мен әрпі: оқу-әдістемелік сабақ
Х дыбысы мен әрпі: оқу-жазу дағдылары және кітапхана мәдениетіне кіріспе
Ч әрпі мен дыбысы: сауат ашу және жазу пәнінің сабақ жоспары
1-сыныптың ашық сабағы: Ә дыбысы мен әрпі
Бастауыш сыныптағы сауат ашу сабағы: Ә әрпі мен ә дыбысы
Ә дыбысы мен әрпін тану және жазуға үйрету сабағы
1-сыныпқа арналған сауат ашу сабағы: А дыбысы мен әрпі
О дыбысы мен әрпі: даярлық тобына арналған сауат ашу және жазу негізіндегі ашық сабақ
Сауат ашу сабағының конспектісі: А дыбысы мен әрпі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz