Ашық тәрбие сағаты: Татулық - достықтың киелі бесігі (9 сынып)

Татулық - достықтың киелі бесігі

Мақсаты:

Білімділігі: Жас ұрпақты тарихи-мәдени және рухани құндылықтарды бағалауға үйрету. Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру.
Дамытушылығы: Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлау,
сөйлеу қабілеттерін, шығармашылықтарын дамыту.
Тәрбиелігі: Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Көрнекілігі: Тақырып, Отан, бірлік, достық, ынтымақтастық туралы нақыл сөздер.
Техникалық көрнекілік: видеопроектор

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:
Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгінгі көңіл күйлеріңіз қалай? Менің де көңілкүйім тамаша.

- Балалар бүгінгі сабағымызды психологиялық «Бояулар сыры» тренингісімен бастаймыз. Сіздер алдарыңыздада тұрған түрлі түсті қағаздардан өздеріңізге ұнайтын түсті көтеріңіздер. Мен сіздерге таңдаған түстеріңізге байланысты мінездеме айтып беремін.

Сары- дархандылық,

Ақ - білімділікке құштарлық,

Ашық көк пен күрең - ержүректілік,

Жасыл- шыдамдылық,

Қызыл - ақылдылықтың белгісі.

Міне, біздің ортамызда жат мінезді, еріншек, жабырқаңқы оқушылар жоқ екен. Сондықтан сабағымызды дархандылықпен, қабілеттілікпен, білімге деген құштарлықпен бастаймыз.

ІІ. Негізгі бөлім.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Ал, оқушылар, енді қолымыздағы түрлі-түсті парақтарымызда аударып сурет бөлшектерін біріктірейік. Алдымыздағы құрастырылған сурет бойынша екі топқа бөліне қояйық. Оқушылар алдымыздағы суретке қарасақ ойымызға не келеді. Өз ойларыңызды айтыңыздаршы. Әрине балалар биыл Қазақстан халқы ассамблеясына 20 жыл толуына орай бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымыз тақырыбы: «Татулық- достықтың киелі бесігі».

ІІI. Ақпарат алу
Оқушылар, барлығымыз ұялы телефондарымыздан интернет желісіне қосылу арқылы ассамблея туралы мәліметтермен қосымша танысайық.

ІV. Постер қорғау. Ары қарай оқушылар сіздер интернет желісінен алған мілңметтеріңізді пайдаланып бойынша постер қорғайсыздар.

Екі жұлдыз, бір ұсыныс

V. Қорытындылау.

Еліміздегі татулықты, достықты, ұлтаралық келісімді биік ұстап, Отанымыздың одан әрі қарыштап дамып, көркейюіне өз үлесімізді қосайық. Сіздерді де, елге лайықты азаматы мен азаматшасы болады деген сенімдемін.

Қуағаш орта жалпы білім беретін мектебі

Тақырыбы:

Өткізген: Тасымгалиева Сая Айбаровна

9 сынып жетекшісі

2014-2015 оқу жылы


Ұқсас жұмыстар
Достықтың мәні мен тәрбиелік рөлі: ашық тәрбие сағаты (9-10 сынып)
Татулық - достық кілті: 5 А сыныпқа арналған ашық тәрбие сағаты
Киелі сандар сыры: 6-сыныпқа арналған тәрбие сағаты
8-сынып тәрбие сағаты: Достықтың мәні және дұрыс әрекет құндылығы
Достықтың тәрбиелік мәні және адамгершілік құндылықтар: сыныптық тәрбие сағаты
Татулық пен бірлік: Қазақстандағы этносаралық келісім және тәрбие
Тәуелсіздік - киелі ұғым: патриоттық тәрбиеге арналған ашық сайыс сағаты
Ашық тәрбие сағаты: Дос және достық (6А сынып)
9-сынып 17-сабақ: Татулық - бірлік бастауы
Бір халық - бір ел - бір тағдыр: татулық пен отаншылдықты тәрбиелеуге арналған тәрбие сағаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz