Ж дыбысы мен әрпін оқытуға арналған бастауыш сынып сабағы

А. Хасанова.
Бастауыш сынып мұғалімі.
Атырау облысы.
Құрманғазы ауданы
Абай атындағы орта мектеп.
Ж ж дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Ж дыбысы мен әрпі бойынша алған білімдерін пысықтау, сөздерді дұрыс оқуға, жазуға үйрету.
Дамытушылығы:Сөздік қорын, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі:Оқушыларды шапшаңдыққа, тапқырлыққа, ұжымдық еңбекке баулу.
Сабақтың көрнекілігі:әріптер, буындар, суреттер.
Оқыту әдісі:Түсіндіру, сұрақ-джауап.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру. Оқушыларды реттеу, зейіндерін сабаққа аударту.
Психологиялық дайындық.
Бір, екі, үш
Сынып іші тып-тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру.
Сұрақ. 1. Өткен сабақта қандай дыбыс пен әріппен таныстық?
2. Ж дыбысы қандай дыбыс, қандай үйге кіреді?
3. Ж дыбысына сөз ойла, сөйлем құрастыр.
4. Тақтадағы сөздерді кім оқиды?
5. Ж дыбысына байланысты тақпақ айтайық.
Түйін.
Ж дыбысын білейік
Аман есен жүрейік.
(Оқушыларды мадақтау)
ІІІ. Жаңа сабақ. Балалар, біз бүгін білімдерімізді пысықтау мақсатында Ж дыбысына кеңірек тоқталмақпыз.
А) «Тез, әрі сауатты оқиық. »
Жауын жарыс жылқы жарғанат
Жауап жарық жорға жапалақ
Кейбір сөздерге түсінік беру.
Жылқы---үй жануары
Жорға-жылқының жүрісі
Жарғанат-құстың бір түрі
Жапалақ-құс тамағын түнде аулайды.
Б) Сурет бойынша сөйлеу.
Жақсы-
Жаман---
Түйін.
Жақсыдан үйрен
Жаманан жирен.
(Оқушыларды мадақтау)
С) «Кім жылдам?»Сөздерді жазу, дыбыстық талдау жасау.
Жаға, жота, жаса, жорға
(Оқушыларды мадақтау)
Д) Сергіту сәті. «Қара жорға» биі.
Е) «Кім тез табады?»ойыны.
Жұмыртқа---тауық
Жапырақ-терек
Жолбарыс-тор
Жұлдыз-ай
Жіп-ине
(Оқушыларды мадақтау)
Түйін.
Оқиық та білейік,
Ойнайық та күлейік.
Ж) Сабақты қорыту
. Рефлексия. (Егер сабақ ұнаса суреттегі айдың қасына жұлдызды, сабаққа жақсы қатыстым десе терекке жапырақ, сабаққа дұрыс қатыса алмадым десе жолға жылқыны орналастырады. )
Түйін.
Әрқашанда жүздерің жұлдыздай жарқырап, күзгі жапырақтай құлпырып, алға бастаған қадамдарың жылқыдай жүйрік болып, жолымыз ашық болсын!
З) Оқушыларды мадақтау.