2-сынып: Сый және тый сөздерінің жазылуын үйретуге арналған ашық сабақ жоспары

Қазақ тілі 19. 09. 2015жыл. 2- сынып

Сабақтың тақырыбы: «Сый, тый» сөздерінің жазылуы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сый, тый және бұлардан тараған сөздерге (ый) жазылатынын түсіндіру.

Сабақтың міндеті: Оқушыларға сый, тый және бұлардан тараған сөздерге (ый) жазылатынын түсіндіру. Оқушылардың сөздік қорын молайту, ойлау қабілеттерін дамыту. Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтағы әдіс - тәсілдер: талдау, топтастыру, әңгімелеу, сұрақ - жауап .

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, оқулық

Күтілетін нәтиже: Сауатты жазуға үйренеді. Жаттығулар орындайды. Өз бетінше

оқи алуға машықтанады. Бір- біріне көмектеседі, есте сақтау қабілеті артады.

Оқыту әдістері: Топпен жұмыс, жеке жұмыс.

Сабақтың жоспары.

Кезең
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Кезең:

Білім

4-мин

Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық

Мұғалімнің іс-әрекеті:

а/. Сәлемдесу

- Балалар, сендердің үйлеріңе қонақ келе ме?
- Сендер қонаққа бардыңдар ма?
- Қонақты қалай күту керек?
Оларға сый-сияпат, құрмет көрсетуіміз керек.
Ендеше, біз бүгінгі қонағымызға қандай сый-сияпат көрсетеміз. Бұл кісілерді жақсылап күтуіміз керек.
- Ол үшін сендер не істеулерің керек?
- Сабаққа жақсы қатысып, жақсы оқуымыз керек.
- Жарайсыңдар. «Сыйласаң сыйлы боларсың» деген сөз бар.

ә/. «Ең жақсы тілек»

Оқушылар плакатқа салынған ағаштың бұтағына өз достарына тілектер жазылған жапырақтар мен алмалар жапсырады.

Табиғат - біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Табиғатты қорғайтын,

Біз әдепті баламыз.

Оқушының іс-әрекеті:

-Балалар сәлемдесу мәтініне сәйкес қимылдарды жасайды.

-Түстер арқылы топқа бөлу.

Кезең:

Түсіну

10 мин

Сабақтың мақсатын талдау қызығушылығын ояту

Мұғалімнің іс-әрекеті:

«9 алмаз» - Сөздер жазылған қима қағаздарды үлестіремін

«Қазақстан», «Бірлік», «Ана тілі»

Дауысты, дауыссыз, жіңішке дауысты, жіңішке дауысты, дауыссыз, дауыссыз, дауыссыз

- й мен и қандай дыбыстар?

-У дыбысы қай кезде дауысты және қай кезде дауыссыз болады?

- и әрпі қай жерде жазылады?
- й әрпі қай сөздерде жазылады?
- й, и, у дыбыстары кездесетін сөздерді атаңдар.

«Жалғыстыр» ойынын

ойнаймыз.
* Не істеуге болмайды?
1. Үлкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды.

2. Кішкене баланы жылатуға болмайды.
3. Құстарды атуға болмайды.

4. Сабақтан кешігуге болмайды
5. Сыныпта айғайлауға

болмайды.

Оқушының іс-әрекеті:

Сұрақтарға жауап береді.

дауыссыз, дауыссыз,

дауыссыз, дауыссыз,

дауыссыз, дауыссыз,

дауысты, дауысты, дауысты

Оқушыларға кеспе сөздер үлестіріледі. Сол сөздерді кестелерге талдап, орнына қарай төменнен жоғары қарай орналастырады. -Ережелерді айтады.

Кезең:

Қолдану

5мин

Жаңа сабақ

1. қызығушылығын ояту

2. ой қозғау

3. мағынаны ажырату

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Мақсаты: Й, и, әріптері туралы түсінік беру.

Жаңа сабақ: «Сый - тый және бұлардан тараған сөздерге тек -ый жазылады.

лық
лы
ым
ла

Оқушының іс-әрекеті: Оқушыларға мәнерлеп оқыту, сұрақтарға жауап беру.
Кезең:

Талдау

10 мин

Жаңа сабақты бекіту

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Кітаппен жұмыс.

Өз бетімен жұмыс.

53 - жаттығу. Көшіріп жазу, жазылуын есте сақтау.

Сый, сыйлық, сыйла, сыйды.
Тый, тыйым, тыйылды.

54 - жаттығу. Сыйла, сыйды, тыйым сөздерін қатыстырып сөйлемдер құра.

(Үлкен кісінің, киімнің, малдың суреті)

55 - жаттығу. Көп нүктенің орнына и мен ый-дың тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Неліктен солай жазғаныңды дәлелде.

«Серпілген сауал» әдісі
Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасына сұрақтарды лақтыру

Оқушының іс-әрекеті:

Дәптермен жұмыс.

Жаттығумен жұмыс.

Сергіту сәті

Кім? Не? - деген сұрақтарға жауап беретін сөздер.
Орындық, көбелек, ата, бесік, әже, гүл, мысық, дәрігер, айна, ай, кітап, торғай, қыз, мектеп, күз.
(15 сөз)

Кезең:

Жинақтау

10 мин

Қорыту

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Сабақты бекіту

«Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі

Тый, сый сөздерінен таралған сөздердіқай топ кебірек жазатынын анықтау үшін жарыс ұйымдастыру. Ол үшін «топтастыру» стратегиясы пайдаланылады.

.

Ж аңа жыл. Елдің барлығы мәз- мейрам, бірін-бірі құттықтап, сыйлықтар сыйлауда. Даладан сырғанақ теуіп келіп, бөлмеме кірсем төсегімнің үстінде әдемі оралған қорап тұр. Тәрбиешімнің үйретуі бойынша қорапты ашпай ары итеріп қойдым. Бірақ екі көзім, ойым сонда болды, бұл кімнен келді деген. Мүмкін атам мен апам келген болар -деп іштей қуанып, бір жағынан өзімді кінәләп қоямын, осынша уақытқа дейін ойнамай ертерек қайтпағаныма. Шамалыдан соң тамаққа түстік, көзіммен тәрбиешімді іздеп қоямын. Мереке болғасын ертерек қайтып кеткенін білдім, аяғында шыдамай ашсам, ішінде: Сайын Мұратбековтың кітабы, жылы жемпір, бір хат бар. Хатты алып оқуға кірістім: «Амансың ба балақай? Қалың қалай? Сабақтарың қалай? Жаңа жыл мерекеңмен!. . қысылған кезіңде Мария тәрбиешіңе айтып маған хабарласуыңа болады. Сәлемнен: Н ағаң. »

Тосын сый. Менің анамның туған күні жақындап келе жатыр. Менің анам әдемі және жақсы. Оған лайықты тосын сый жасағым келіп, бүкіл дүкендерді аралап шықтым. Әдемі кружка сатып алдым


Ұқсас жұмыстар
Көгершін - бейбітшілік құсы: Ақ көгершін әнін үйретуге арналған ашық сабақ
1-сынып Өзін-өзі тану пәні сабақ жоспары: Сүйіспеншілік сый талап етпейді
2-сынып: доппен орындалатын жаттығуларға арналған ашық сабақ жоспары
5 жас даярлық тобына арналған аралас сабақ: 4 санының құрамы мен жазылуын таныстыру
Оқшау сөздердің тыныс белгілерін үйретуге арналған сабақ жоспары
С дыбысы мен әрпін үйретуге арналған сабақ жоспары
В дыбысы мен әрпін үйретуге арналған сабақ жоспары
С дыбысын дұрыс айтуға үйретуге арналған логопедиялық сабақ жоспары
6-сынып математикасы: теріс және рационал сандарды қосуды үйретуге арналған сабақ жоспарлары мен жаттығулары
Сыни тұрғыдан ойлауды үйретуге арналған коучинг сабақ жоспары (Ж.К. Жабасова, 2016)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz