9-сынып информатикасы: Паскаль тілінде мәліметтерді енгізу және шығару

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі

«» 20 ж

Пән аты: Информатика

Класы: 9

Сабақтың тақырыбы: Мәліметтерді енгізу және шығару

Мақсаты:

Оқушыларға енгізу және шығару операторлар ұғымымен таныстырып, есеп шешу арқылы білімдерін қалыптастыру;

Арифметикалық, логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;

Жеке жұмыстана білуге, ұқыптылыққа, ақпараттық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

Сабақ жоспарын экранда проекциялау, мульт. мед. жабдықтар, (кестелер), компьютер.

Өтілу әдісі: Мультитехникамен жабдықталған дәстүрлі сабақ.

Сабақтың барысы

І. Кіріспе. (2мин)

  • Оқушыларды түгелдеу, сынып бөлмесі, тақта тазалығына назар аудару;
  • Журнал толтыру;
  • Оқушылардың назарын сабаққа бұру,

ІІ. Өткен сабаққа шолу. (10мин)

  • Мазмұндарын сұрау, үйге берілген есептерін сұрау.

есеп-1: Дөңгелек ауданын табу программасын құр.

Жауабы:

const p=3. 14;

var s, r: real;

begin

readln(r) ;

s:= p*sqr(r) ;

writeln(s) ;

end.

ІІІ. Жаңа сабақ (20мин)

ПС. Математикадағы өрнектерді, мысалы бөлшектерді, дәрежелерді Паскаль-программаның ортасында компьютер экранында жазуға бола ма? Есптердік өрнектердің бәрі әріптермен белгіленген. Паскаль әріптердің орнына сандарды қалай қояды?

Оператор дегеніміз - белгілі бір шамаға жүргізілетін амалдардың орындалу жолын көрсететін нұсқау. Паскаль тілінде операторларды begin - end деген операторлық жақшалардың арасына жазылатынын біз білеміз. Паскаль операторлары бірінің астына бірі немесе бірінен кейін бірі арасы нүктелі үтірмен (; ) бөлініп жазылатынын тағыда білеміз. Енді паскаль тілінде енгізу және шығару оператоорларына тоқталып өтейік. Ол үшін мына кестеге назар аударайық:

Операторлар
Жол пішіні
Қолданылуы және пайдалануы
Операторлар: { }
Жол пішіні: { Түсініктеме }
Қолданылуы және пайдалануы: Түсініктеме операторы
Операторлар: Read (оқу)
Жол пішіні: Read (айнымалылар тізімі) ;
Қолданылуы және пайдалануы: Пернетақтадан деректерді енгізу операторы. Мысалы Read (a, b) ; - екі санның енгізілуін сұрайды.
Операторлар: Readln
Жол пішіні: Readln (айнымалылар тізімі) ;
Қолданылуы және пайдалануы: Деректер енгізілгеннен соң, меңзер жаңа жолға ауысады. Бос орын енгізу операторы - меңзердің жаңа жолға ауысуын жүзеге асырады.
Операторлар: Айнымалының аты := өрнек
Жол пішіні: Айнымалының аты := өрнек шығару
Қолданылуы және пайдалануы: Меншшіктеу операторы <<:=>> белгісі <<меншіктеу>> деп оқылады. Мысалы: a:=a+1;
Операторлар: Write (жазу)
Жол пішіні: Write (параметрлер тізімі) немесе write (‘көмекші сөз’, параметрлер тізімі) ;
Қолданылуы және пайдалануы: Деректерді экран дисплейіне шығару операторы. Тізім элементтеріне айнымалылар, сандар, мәтіндер жатады. Мысалы: а) Write (‘’, ‘x=’, x) ; ә) Write (‘x=’, x:6:2) ; - санды бекітілген нүкте түрінде шығару.
Операторлар: Writeln
Жол пішіні:

Writeln;

writeln(шығару тізімі) ;

Қолданылуы және пайдалануы: Бос шығару операторы - меңзердің жаңа жолға ауысуын жүзеге асырады. Басудан кейін меңзерді жаңа жолға көшіру.

Мысалы: ауданды есептеу программасы

Program_Audan; a b c p S

Var a, b, c, p, S: real;

Begin

Readln (a, b, c) ;

p:= (a+b+c) /2;

s:=sqrt (p*(p-a) *(p-b) *(p-c) ) ;

writeln (‘S=’, S: 6: 2) ;

end.

IV. Сабақты бекіту және бағалау: (10мин)

1-есеп:

Үш ыдыста су құйылған. Бірінші ыдыстағы V 1 л судың температурасы t 1 , екіншідегі V 2 л судың температурасы t 2 , үшіншідегі V 3 л судың температурасы t 3 . Суларды бір ыдысқа құйды. Бір ыдысқа құйылған барлық судың жалпы көлемін және орташа температурасын анықтайтын программа құрыңдар. (Температураны мына формуламен T = (t 1 +t 2 +t 3 ) /3 табуға болады)

Program esep_1;

Var V1, V2, V3, V, T, t1, t2, t3:real;

Readln (V1, V2, V3, t1, t2, t3) ;

V:=V1+V2+V3; {жалпы көлем }

T:=(t1+t2+t3) /3; {орташа температура}

writeln(V, T) ;

readln;

end.

2. Ауызша № 2 және № 5 тапсырма.

V. Үйге (3мин)

§8

ҮІ. Бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Python тілінде сандық мәліметтерді енгізу және шығару бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары
9-сынып информатикасы: Паскаль тілінде мәтіндік ақпаратты өңдеу - сабақ жоспары
Паскаль тілінде шамаларды сипаттау, енгізу-шығару және сызықтық бағдарламалар
9-сынып информатикасы: Бірөлшемді жиымдар және Паскаль тілінде элементтермен жұмыс
Мәліметтерді енгізу және шығару операторлары бойынша сабақ жоспары
9-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Паскаль тілінің құрылымы және енгізу-шығару операторлары
Паскаль программалау тілінің негіздері: алгоритмдер, синтаксис және енгізу-шығару
Сызықтық және тармақты алгоритмдер: есептер шығару және Паскаль тілінде бағдарламалау
9-сынып: Паскаль тілінде символдық және жолдық шамалармен жұмыс
9-сынып информатика: Тармақталу алгоритмдерін Паскаль тілінде программалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz