Жаңашыл әдіс-тәсілдер

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі

Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы

Б А Я Н Д А М А

Тақырыбы:

Жаңашыл әдіс-тәсілдер

Авторы: Бекишев Данияр Мырзашұлы

№2 Ш. Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебі,

физика пәнінің мұғалімі

Леңгер қаласы

Жаңашыл әдіс-тәсілдер

Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңында "Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу " деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.

Қазақстан Республикасының алдында тұрған әлеуметтік-экономикалық міндеттерінің аса күрделілігіне қарамастан, оның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуының сипаты, халықтың рухани, адамгершілік көзқарасы жастар арасындағы тәрбиеге байланысты. Ал ұрпақ тәрбиесі - Қазақстанда өтіп жатқан реформалар мен ғылыми-техникалық прогрестің алғы шарттарының бірі. Білім беру саласындағы кейбір жағымсыз әрекеттердің орын алуы, мектептердің оқу-тәрбие жүмысыньщ мазмұны, басқа да ТМД елдеріне қатысты халықтың ежелгі даму жолын анықтауда қазақ мемлекетінің білім беру және тәрбие туралы тұжырымдамаларының мақсаты - өрелі идеялар мен қағидалардың ғылыми жүйесін түзу. Бұл ретте халықтың этнопедагогикалық мұрасын ұрпақ тәрбиесінде пайдаланудың мәні зор. Алдымен, халықтық педагогиканы іс-әрекетте пайдаланып, адамгершілік сипат пен мінез-құлықты жастар арасында жаңартудың басты қағидалары: жеке тұлғалар арқылы қоғамды дамыту, демократияландыру, ізгілендіру.

Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша түрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі - маңызды мәселелердің бірі.

Бүгінгі таңда Қазақстанда Ш. Қаланованың, Ж. Қараевтың, Ш. Таубаеваның, Қ. Қабдықайыровтың, С. Лактионованың, М. Жанпейісованың, Ә. Жүнісбек пен Қ. Нағымжанованың, С. Көшімбетованың, т. б. ғалымдардың зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан-жақты қарастырылады.

Елбасымыз Н. Назарбаевтың "Қазақстан-2030" Қазақстан халқына арнаған Жолдауында "Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағын жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өкілдері болады. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады " деп көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш - білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы - бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіңдіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту - бүгінгі күннің өзекті мөселесі.

Сондықтан да оқушылардың ой-өрісін, үлттық мәдениетін, үлттық рух пен сана-сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыруда тәрбие жүйесіндегі инновациялық іс-әрекеттердің ендірілуі үлкен жетістіктерге жетелейді.

Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы өкілі ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Бүгін мектеп табалдырығын аттаған жас өркеннің ертең қандай адам болып шығатыны ата-аналар мен ұстаздар қауымының арасында мәңгілік таусылмас тақырып болып қалып отырғандығы да сондықтан. Бұл білім мен тәрбиенің егіз ұғым екенін көрсетеді. Сол себепті де білім беру жүйесінде жалпы азаматтық және ұлттық негізде жеке тұлғаны дамыту және қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар жасалуда.

Бүгінгі мақсат - әрбір оқушыларға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау.

"Инновация" ұғымын анықтайтын нақтылы анықтама әлі де жасала қойған жоқ. Ш. Таубаева мен Қ. Құдайбергенованың берген анықтамасына сүйенсек "инновация" - бұл нақты қойылған мақсатқа жетуде ойға алынған жаңа нәтиже. Нақты мақсат дегеніміз не? Нақты мақсатқа қандай әдіс-тәсілдердің көмегімен жетуге болады? Оқу мақсатының жүйесінде берілген мақсаттың негізгі категорияларын пайдалана отырып, педагог өз еңбектерінің нәтижесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік алады. Демек, мақсат пен нәтиже - жаңалыққа бет бұрудың кілті.

Инновациялық үрдістің негізі - жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл яғни, бір мұғалім үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық басқа мұғалім үшін өтілген материал тәрізді.

Инновация мәселелерімен айналысып жүрген бірқатар ғалымдардың еңбектерін, жазған анықтамаларын қарастырып, талдай келе біз бұл үғымның түп-төркінін белгілі уақыт арасында жаңашыл идеяны қайта қарау, жаңалау деп айтқанды жөн көрдік. Сөл ертерек кездің өзінде белгілі қолданылып жүрген идеялар жаңа бағытта ұсынылса, мұның өзі инновациялы деп аталған. Осыларды негізге ала отырып, инновацияны "жаңалық", "жаңа әдіс", "өзгеріс", "әдістеме", "жаңашылдық", ал инновациялық үрдісті "жаңа әдістеме құралы" деп ұғатын боламыз.

Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Кейінгі кезеңде ғалымдар өз зерттеулерінде оқу-тәрбие ісіне жаңалықтарды енгізіп, тарату мәселесін қарастырады.

Мемлекеттік білім стаңдарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Ал жаңа педагогикалық технологияның түрі, қолдану ерекшелігі, одан туындайтын ділгір мәселелер бүгінгі таңда әлі нақтыланып белгілі бір жүйеге түспеген дүние.

Қазіргі оқу орындары мен педагогикалық ұжымдар ұсынылып отырған көпнұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады.

Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асады:

I кезең - оқып үйрену; II кезең - меңгеру; III кезең - өмірге ендіру;

IV кезең - дамыту.

Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғы шарттар қажет: оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу; оқушылардың сабақтастылығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру. Оның ғылыми-әдістемелік, оқыту-әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау, жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандартымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу, оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу. Өйткені оқыту - тәрбиенің негізі.

Сондықтан оқыту да қоғамдық құбылысқа жатады. Оқытуды екі түрлі мағынада қарауға болады.

Біріншісі - мектепте арнайы пәндерді оқыту.

Екіншісі - өмірде оқыту, өмірге үйрету. Тәрбиелеу, оқыту - егіз ұғым. Оқыта отырып тәрбиелейміз, тәрбиелей отырып оқытамыз. Оқыту тәрбиеге қарағанда нақтылау. Оқыту үйрету арқылы іске асады. Бұл оқытудың маңызы. Оқыту

- тәрбиенің құрамды бөлігі, қайнар көзі, жүйелі түрі. Оқьпу арқылы тәрбиенің саналылығын, руханилығын, әсемділігін, әсерлігін, адамгершілікке баулу жолын, еңбекшілдігін, т. б. айқындап толықтыруға болады. Оқыту - тәрбиенің интеллектуалды түрі. Оқытудың инновациялық технология бойынша әдістемелік жүйесі, осы мақсатта сапалы нәтижеге жеткізуге мүмкіндік беретін танымдық іс-әрекеттер түрлерінің мазмұнымен тікелей байланысты. Сондықтан инновациялық әдіс-тәсілдерді оқыту үрдісіне енгізу барысы танымдық іс-әрекеттер түрлерінің мазмұнын, белгілі деңгейде белсенділігін көздейді. Осы екі үрдістің өзара сапалы нәтижесінде оқушының өз ісіне сенімділігін, жауапкершілік сезімін, шығармашылық қабілеттілігін қалыптастыру мақсатын жүзеге асыруға жағдай туғызатын оқытудың инновациялық негізгі түрлері анықталады.

Оқу-тәрбие үрдісінде қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген жаңа педагогикалық технологиялар мыналар: дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л. Занков, Д. Эльконин, В. Давыдов, В. Репин, В. Левин) ; оза отырып оқыту (С. Лысенкова) ; іс-әрекетті бағалау (Ш. Амонашвили, И. Волков) ; тірек және тірек конспектілері арқылы оқыту (В. Шаталов) ; саралап оқыту; шоғырландырып қарқынды оқыту жүйесі; деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту; жобалап оқыту технологиясы.

Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту; әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу; оқу үрдісін оқушының сезінуі.

Дамыта оқыту - күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субьект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады.

Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, оқу үрдісі мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым-қатынас сипатында, танып-білу үрдісін ұйымдастыру түрлерінде, т. б.

Осы міндеттерге жүгіне отырып, дәстүрлі білім беру жүйесінде де оқушы дамуына көмектесетін кейбір қажетті қасиеттерді анықтауға болады. Олар:


Ұқсас жұмыстар
Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау коучинг сабағы
Оқушының бойындағы өзгерістер
Барлық баланы оқыту
Қазақ тілі мен әдебиет пәнін оқытудағы 7 модульдің тиімділігі
Сергіту сәті
Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға жетелейтін тапсырмалар дайындай алатынымды ұқтым
Жаңа педагогикалық технологиялар
Жаңашыл мұғалім бәсекеге қабілетті жеке тұлға дайындаушы
Қазақ әдебиетін оқытуда кембридж бағдарламасының тиімділігі
Белсенділік негізі - шығармашылық ізденіс. баяндама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz