С дыбысы мен әрпі: таныстыру, дыбыстық талдау және буынға бөлу

Т. Рысқұлов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі

«Ақбота» шағын орталығы

Тақырыбы: «С» дыбысы және әрпімен

таныстыру

Орындаған: Сәрсенбаева А.

Ұзынағаш ауылы, 2015

Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Сауат ашу және жазу негіздері.

Тақырыбы: «С» дыбысы және әрпімен таныстыру.

Мақсаты: «С» дыбысы және әрпімен таныстыру, балаларға дыбыстық талдау жасауды, буынға бөлуді үйрету, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері: Мотивациялық қозғаушылық
Педагогтің іс-әрекеті:

Шаттық шеңбері:

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой

Ал кәнекей бәріміз

Сәлем дейік үлкенге

Сәлеметсіздер ме, қонақ апайлар!

-Балалар, әліпбиден бізге қонақ келіпті. Есік қағылады, әуеден сары шар ұшып келеді. Ішінде «С» дыбысының әріп таңбасы бар.

Әуеден-аспаннан

Балалардың іс-әрекеті:

Балалар қимыл жасайды.

Балалар таңдана назар аударады.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері:

Ұйымдастырушылық-ізденушілік

Рефликтикалық түзетушілік

Педагогтің іс-әрекеті:

Балалар, мына шардың түсі қандай?

-Сары сөзі қандай дыбыстан басталады?

-Міне, «С» дыбысының әріп таңбасы.

-Неге ұқсайды?

-«С»дыбысы қандай дыбыс?

-Дауыссыз дыбыстарды қандай түспен белгілейміз?

-Балалар, сендер «С»дыбысынан басталатын сайтыңдаршы! Айтқан сөздерді буынға бөлгізу.

-Балалар тақтаға қараңдаршы!

- Балалар суреттен не көріп тұрмыз!

-Сағат адамдарға не үшін қажет?

-Ал, енді мына суреттен не көріп тұрмыз?

-Сиыр қандай жануар?

-Сиыр сөзінде «С» әрпі бар ма?

-Сиырдың адамдарға пайдасы бар?

-балалар, ал мен сендерге қазір «С» әрпінен басталатын сөздерді таратып беремін.

-Тақтаға қарап сол сөздерді құрастырамыз.

-Ал, кәнекей кім енді тақтаға жазам дейді.

Диалектикалық ойын:

«Сөйлемді толықтыру»

Ойын шарты: балалар педагогтің бастаған сөйлемін жалғастырады.

-Қыздар құлағына тағатын . . .

-Уақытты көрсетеді . . .

- Ақ дәрумені көп, пйдалы сусын . . .

-Қыздардың қолына тағатын . . .

-Сызуға арналған құрал . . .

-Мектепте не оқимыз . . .

-Кітаптарды қайда саламыз . . .

- Жарайсыңдар, балалар!

Осы «С»сөзіне кім тақпақ айтады?

Сергіту жаттығуы:

Тікірейген құлағы,

Менен бұрын тұрады.

Бойын жазып керіліп,

Беті қолын жуады.

-Бүгін балалар қандай дыбыспен танысық?

- «С» дыбысы қандай дыбыс?

-Дауыссыз дыбысты қандай түспен белгілейміз?

-Балалар бүгін сабақта өте белсенді болдыңдар!

-Педагог балаларды мақтайды.

Балалардың іс-әрекеті:

-шардың түсі сары

«С» дыбысынан басталады.

-Айға, ораққа ұқсайды.

Дауыссыз дыбыс.

Көк түспен белгілейміз.

Сағат, сырға, сандық, сәбіз т. б.

Сағат

Уақытты білу үшін

Сиыр

Үй жануары

Бар

Сүт, қаймақ, айран, құрт аламыз.

Балалар тақтаға шығып жазады.

. . . сырға

. . . сағат

. . . сүт

. . . сақина

. . . сызғыш

. . . сабақ

. . . сөмкеге

Өсіретін бойыңды

Өсіретін ойыңды

Қоянға да, азықпыз

Сәбіхдермен жазықсыз.

Сыртылдайды күнімен

Сыртылдайды түнімен

Білгің келсе уақытты

Көрсетеді тілімен.

Мазмұнына қарай қимылын келтіріп жасайды.

-«С»дыбысымен таныстық.

-«С»дыбысы-дауыссыз дыбыс.

-Көк түспен белгілейміз.

Қуанады.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: Сөз ойлап айтуды, буынға бөлуді, дыбыстық талдау жасауды.

Түсінеді: «С» дыбысы жайлы берілген мәліметтерді.

Қолданады: «С» дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтіре білу дағдылары.


Ұқсас жұмыстар
М дыбысы мен әрпін оқыту: дыбыстық талдау және буынға бөлу
Бастауыш сыныпқа арналған ертегі сабақ: Б дыбысы мен әрпі - дыбыстық талдау, буынға бөлу және оқу-жазу дағдыларын дамыту
Тіл дамыту сабағы: Буынға бөлу және дыбыстық талдау
Щ дыбысы мен әрпін таныстыру: дыбыстық талдау және жазу дағдыларын дамыту
Бастауыш сынып №13 сабағы: Ы дыбысы мен әрпін таныстыру, дыбыстық талдау және жазу дағдыларын дамыту
1-сынып, Әліппе: М м дыбысы мен әрпін таныстыру және дыбыстық-буындық талдау сабағы
С с дыбысы мен әрпін таныстыру: сауат ашу пәні үшін жаңа сабақ жоспары
К дыбысы мен әрпін меңгерту: дыбыстық талдау, буындық жаттығулар және жазу-оқу тапсырмалары
Бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспарлары: С дыбысы мен әрпі және өсімдіктердің тіршілік мерзімі
М. Дулатовтың Бөрік мәтіні: буынға дыбыстық талдау және 62-64 жаттығулар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz