8-сыныпқа арналған ашық сабақ: Қысқа тұйықталу және балқымалы сақтандырғыштар

Боранқұл орта мектебі мемлекеттік мекемесі

Сарықамыс негізгі мектебі

Ашық сабақ

Қысқа тұйықталу.

Балқымалы сақтандырғыштар.

Өткізген: Жанаманов Нұрбек

2014-2015 оқу жылы

Күні:16. 02. 2015 жыл Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Қысқа тұйықталу. Балқымалы сақтандырғыштар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға балқымалы сақтандырғыш құрылысы, жұмыс істеу принципі және

қыздырғыш элемент, қысқа тұйықталу туралы түсінік беру, алған білімдерін тұрмыста,

техникада, күнделікті қажеттілікке қолдана білуге үйрету.

Тәрбиелік: Іскерлікке, ұқыптылыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамытуға, өз бетімен ізденуге, шығармашылықпен

дамытуға, өздіктерінен қорытынды жасауға дағдыландыру.

Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба, сақтандырғыш, шамдар, патрон, әр түрлі геометриялық фигуралар.

Сабақтың түрі: аралас, жаңа білімді қалыптастыру, өтілген материал бойынша білімді жинақтау,

жүйелеу, қорытындылау.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, салыстыру.

Пәнаралық байланыс: математика.

Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру.

А) оқушылармен сәлемдесу

Б) сабаққа қатысын қадағалау.

Шаттық шеңберінде: амандасу

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанамыз бәріміз,

Арайлап атқан күнге.

Геометриялық фигуралар арқылы 2 топқа бөлу.

ІІ. Миға шабуыл

Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылар сурет қиындыларын құрастырып қандай қыздырғыш құралы екенін, жалпы қыздырғыш құралына байланыстының барлығын түсіндіріп береді.


Әр топтан 1 оқушы шығып өз жұмыстарын қорғайды.

1-топ. Электрқыздырғыш құралдар
2-топ. Қыздыру шамдары

2) Есеп шығару дағдыларын дамыту

Әр топтан екі оқушы үлестірмелі қағаздағы есептерді тақтаға орындайды.

І топ

№1

Кедергісі 4 Ом болатын 4 А-ге арналған реостатың кернеуі

№2

Қуаты 24 Вт кернеуі 4 В шамның ток күші

ІІ топ

№1

Кедергісі 50 Ом болатын 20 В-қа есептелген рестатың ток күші

№2

Қалта фонарына арналған шамда «3, 5 В, 0, 2 А» деп жазылған. Жұмыс режиміндегі тұтынылатын қуатты табыңыз.

ІІІ. Қызығушылықты ояту

Бір жас бала данышпанға келіп айтыпты «Мен өз өміріме қуаныш қабылдаймын» бірақ қуанғым келмейді, неге екенін түсінбеймін

Данышпан - ол жас жігіт алдына қасық, кесе, шам қойып «Нені таңдайсын» - деп сұрапты

  • Қасықты- депті жас бала
  • Данышпан оны бес рет қайтала - депті

Жас өспірім 5 рет қайталайды

  • Міне көрдіңбе бір күнде миллион есе қайталасаңда ол орындалмайды
  • Онда не істеу керек?
  • Оған қолыңды созып алу керек.
  • Сол үшін бүгін сабақта сіздер өз білімдеріңді алып, практикада қолдануларыңызды тілеймін.

Ендеше балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Қысқа тұйықталу. Балқымалы сақтандырғыштар»

І V. Жаңа сабақ.

Токтың қуатты тұтынушыларын бір мезгілде қосу желідегі ток күшін арттыратыны соншалық, сымдар кәдімгідей қызып, ал оны жауып тұрған оқшаулағыштар жанып кетуі де мүмкін. Тізбектегі ток күші мүмкін болатын шамасынан артып кеткенде, қысқа тұйықталу пайда болады.

Ток көзінің кедергісі өте аз өткізгішпен тұйықталуын қысқа тұйықталу д. а.

Қысқа тұйықталу - зиянды құбылыс. Қысқа тұйықталу кезінде электр энергиясының қажетсіз жұмсалуымен қатар ток көзі де істен шығады. Бұл кезде пайда болатын күшті токтар сымдарды қыздыратындықтан өте қауіпті, олар өрт тудыруы мүмкін. Олай болса, тұйық тізбекті құрайтын сымдар тек бір-бірінен ғана емес, сонымен қоса, еденнен, қабырғадан т. б. жақсы оқшаулануы керек. Қысқа тұйықталу кезінде өртті және ток көзінің бүлінуін болдырмау үшін электр тізбегіне балқымалы сақтандырғыштарды қосу керек. Сақтандырғыштардың міндеті ток күші рұқсат етілген шамадан кенет артып кеткенде, бірден электр тізбегін ажыратып жіберу. Балқымалы сақтандырғыштар электр құралдарына жатады. Бұлар - электр тогының тізбегіне тізбектей қосылатын өте жұқа мыс немесе қорғасын сымдар.

Тізбек тұйықталған кезде ток электр тізбегінің есептелген шамасынан артып кетсе, сақтандырғыштар тізбекті ажыратып, қысқа тұйықталу қатерін болдырмайды.

Қысқа тұйықталу

Сақтандырғыштар

(Щиттер, балқымалы сақтандырғыштар)

5 - 10 А қауіпті 0, 001 - 0, 1 А

V. Жаңа сабақ бойынша бекіту сұрақтарын қою:

«Кубизм» стратегиясы бойынша топтарда жұмыс.

1-топ. Қысқа тұйықталуға сипаттама бер

2-топ. Балқымалы сақтандырғыштарға сипаттама беру.

Сергіту сәті

Көңілімізді көтерейік

Логикалық сұрақтар

1. Қандай жолмен ешуақытта адам жүрмейді ? ( Құс жолы)

2. Елеуішпен су әкелуге бола ма? ( болады егер қар немесе мұз болса)


Ұқсас жұмыстар
8-сынып физикасы: Электр қыздырғыш құралдары, қысқа тұйықталу және балқымалы сақтандырғыштар
Электр қыздырғыш құралдар: қыздыру шамдары, қысқа тұйықталу және балқымалы сақтандырғыштар
8-сынып физикасы: электр қыздырғыш құралдар, қыздыру шамдары және қысқа тұйықталу мен балқымалы сақтандырғыштар
Тұрақты электр тогы: 8-сыныпқа арналған 12 сағаттық модуль және ашық сабақ жоспары
8-сыныпқа арналған география пәнінен ашық қысқа мерзімді сабақ жоспары: Жоңғар (Жетісу) Алатауы
8-сыныпқа арналған Физика және автомобиль құрылысы бағыттау курсының 68 сағаттық бағдарламасы
8-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары: Булану және конденсация
Квадраттық үшмүше: 8-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары
8-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары: Қазақ отбасындағы туыстық атаулары
8-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары: Статистикалық мәліметтерді топтау және талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz