Технологиялық карта: Таным - Сенсорика. Кірпіге дос табайық (І кіші топ, тәрбиеші Тлюупова Ұлдай Ерғалиқызы)

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Уақыты: 12. 11. 14ж

Тобы: І кіші топ

Тәрбиеші: Тлюупова Ұлдай Ерғалиқызы

Білім беру саласы : «Таным»

Бөлімі: «Сенсорика»

Тақырыбы : «Кірпіге дос табайық».

Мақсаты: Балаларға біріңғай заттарға сенсорикалық белгілеріне қарай ажырата, салыстыра білуді бекіту. Үлкен- кіші ұғымдарды білуге үйрету, геометриялық пішіндерді ажыратуды бекіту, ажыратуды әрі қарай дамыту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Қол моторикасын дамыту.,

Алдын-ала жүргізілген жұмыс: Балаларға кірпінің суретін көрсету. Кірпі туралы өлең оқу.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Қостілділік компонент :Ежик - кірпі.

Іс-әрекет кезеңдері: Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті: Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті: Балалардың іс-әрекеті
Іс-әрекет кезеңдері: Мотивациялық қозғаушылық
Тәрбиешінің іс-әрекеті:

Шаттық шеңбер

1. Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Баршаңызды құрметтеп

Бас иеміз біз.

2. Балалар күн қалай жылуын шашып тұр?

3. Ол бізді қалай жақсы көреді?

Балалардың іс-әрекеті:

Сәбилер қуаныштарын білдіреді.

Иіліп сәлем береді.

Жылы, жарық

Балалар бір - бірімен құшақтасады

Іс-әрекет кезеңдері: Ұйымдастырушылық-ізденіс
Тәрбиешінің іс-әрекеті:

Тәрбиеші: - Балалар ендеше мен сендерді саябаққа қыдыруға шақырамын.

Жұмбақ жасыру

Тұмсығында түймесі бар

Шаншып алған үстіне

Толып жатқан инесі бар

Ол не?

Тәрбиеші саябақтта қыдырып жүріп балалармен кірпілерді тауып алады.

Тәрбиеші: Балалалр оны қайдан тауып алдыңдар?

Тәрбиеші балаларға кірпі туралы түсінік береді.

Кірпілердің несі жоқ?

«Кірпіге көмек» ойыны

Кірқыстырғыштардың көмегі арқылы кірпінің инесін жасау.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар енді кірпінің арқасын ұстап көрейікші. Қандай болды?

Тәрбиеші: Тікенек кірпіге не үшін керек?

Еңбек: Әр қайсың кірпілеріңді орналастырыңдар және қайда орналастырғандарыңды айтыңдар.

Сергіту сәті.

«Кірпілер»

Қимылдарды орындайды

«Сиқырлы дорба» ойыны

Балалардың іс-әрекеті:

Балалар қуанады

Жауабы : кірпі.

Балалардың жауабы:

Ағаштың артынан, үстінен, қасынан.

Балалар жауабы: Инесі

Балалар өз бетімен жұмыс жасайды

Қатты, тікенек.

Қасқыр, аю, түлкіден сақтану үшін керек.

Кірпілерін ағаштың бүбіне апарып орналастырады. Алдында, артында, қасында деген сөздерді айтады.

Кірпі сияқты еңбектейді.

Аю, қасқырдың суретін қорқып қозғалмай бүгіп отырады. .

Кірпілерге дорбаның ішінен геометриялық пішіндерді алып түсін, формасын, айтып береді

Іс-әрекет кезеңдері: Рефлексивті-түзетушілік
Тәрбиешінің іс-әрекеті:

Балалар кірпілер сендерге көп рахмет айтып жатыр, олардың сендерге жасаған сыйлықтары бар екен.

Алма береді

Кірпілермен қош айтысады.

Тәрбиеші сабақты қорытады.

Балалардың іс-әрекеті:

Балалар өз әсерлерін айтады.

Рахмет айтады

Балалардың жауабы.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: үлкен-кіші, түстер, геометриялық пішіндер;

Нені игереді:дидак /ойыншықтармен дербес ойнауын; жаңа сөздердің мәнін;

Нені меңгерді:Салыстыруды .

МКҚК «Балауса балабақшасы

Ашық оқу іс-әрекеті

Сенсорика

І - кіші тобы.

Тәрбиеші: У. Е. Тлюупова

2014-2015 оқу жылы


Ұқсас жұмыстар
I кіші топ (Балапан) үшін сенсорика саласы бойынша технологиялық карталар: Кірпілер және Ұзын-қысқа
Технологиялық карта №6: Үй құстары (тауық, әтеш, балапан) - I кіші топ Балапан
Технологиялық карта №4 (I-кіші топ) Вагон сүйреген паровоз - жапсыру арқылы көлік түрлері мен геометриялық пішіндерді таныстыру
Ғажайып қалта: көкөністер мен жемістерді тануға арналған тіл дамыту технологиялық картасы (Балапан тобы, I кіші топ)
Күзгі бау-бақша: Таным (Экология) бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы (ІІ кіші топ)
I-кіші Балапан тобына арналған тіл дамыту технологиялық картасы: Біздің балалар қайда екен
І кіші топқа арналған сенсорика сабағы: Ұқсасын тап - түстер мен пішіндерді сәйкестендіру
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы: Құлыншаққа арналған жол - сенсорика, түс тану (қызыл, көк)
ІІ кіші топ: Цирк тақырыбы бойынша кеңістікті бағдарлау технологиялық картасы
Балапан тобы (I-кіші) үшін Жеміс сусыны тақырыбы бойынша шығармашылық бағыттағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz