Бірінші сәбилер тобына арналған ойыншықтар туралы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: түрі, көлемі, пішіні және тілдік дамыту

Тақырыбы: Ойыншықтар сыры.

Тобы: Бірінші сәбилер тобы.

Мақсаты : Балаларды ойыншықтардың түрімен, оның көлемімен, пішіндерімен таныстыру. Ойыншықтар туралы тақпақтар айтқызу арқылы, сөздік қорын молайту.

Балалардың қабылдау, есте сақтау қаблетін дамыту. Ойындар ойнату арқылы балалардың ынтасын арттыру.

Көрнекіліктер: Түрлі-түсті ойыншықтар, үлгі суреттер, үнтаспа.

Әдіс -тәсіл: Түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, сұрақ -жауап ойыны.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы: Балалар музыка әуенімен залға қолдарын шапалақтап кіреді. Келген қонақтармен амандасады.

Тәрбиеші: Балалар, бізге күн сәулесін төгіп тұр. Қане қолымызды жоғары көтеріп күннен жылулық алайық. Осы жылуды бойымызға төмен қарай береміз. Енді бір-біріміздің қолымыздан ұстап, күліп қарап жылы лебімізді білдіриік. Осы алған жылуды бәріміз бір ортаға жинап, топты нұрландырамыз.

Осы кезде әсем әуенмен Күлдірген келеді.

Күлдірген:

  • Сәлеметсіздерме, балалар?
  • Сәлеметсіз бе?
  • Мен балалар күлдіргенмін.
  • Балалар сендердің аттарын кім?
  • Менің атым Назерке.
  • Ал сенің атың кім?
  • Менің атым Темірлан.
  • Ал сенің атың ше?
  • Менің атым Әсем.
  • Ал сенің жасың ше?
  • Менің жасым екі де.
  • Ал сенің жасың нешеде?
  • Менің жасым үште.

Ой қандай жақсы балалар аттарың да, дастарың да нешеде екенін біледі екен.

Күлдірген: Апай мен керемет сиқыршымын. Мен жүрген жердің бәрі ғажайып әлем, мен сіздің балаларыңызға керемет көрсетіп берейн бе?

Тәрбиеші: Жарайды көрейік, кереметіңді көрсетші онда. Үстел үстінде түрлі-түсті әдемі ойыншықтар тұрады, беті жабулы, Күлдирген жапқышты ашып қалғанда . . .

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы қандай керемет әдемі ойыншықтар бар. Олай болса қане балалар ойыншықтармен сырласайқ. Сендер қандай ойыншықтар көріп тұрсыңдар айтыңдаршы? Аю, қоян, ит, қой, сиыр, мысық.

Балалар, мысық қалай дыбыстайды екен?

  • Мяу-мяу дейді,
  • Қане балалар қайталаңдаршы мяу-мяу.
  • Қой қалай дыбыстайды?
  • Бә-бә дейді.
  • Ал сиыр ше?
  • Мө-мө дейді.
  • Ал ит ше?
  • Аф-аф дейді.

Балалар сендер қандай ойыншықтар жақсы көресіңдер?

  • Мен мысықты жақсы көрем.
  • Мысықтың түсі қандай?
  • Сары.
  • Бізге құлағын көрсетші?
  • Құлағы міні.
  • Дұрыс.
  • Мысық не ішеді екен?
  • Сүт ішеді.
  • Осы мысық туралы тақпақ білесің бе?
  • Иә.

Пеш түбінде мысық отыр,

Аздап көзін қысып отыр.

Тышқан етін жегісі кеп,

Тісі оның қышып отыр.

Назерке сен қандай ойыншықтарды ұнатасың?

  • Қоянды қнатамын.
  • Қоянның аяғы барма?
  • Иә.
  • Құлағы ше?
  • Иә бар, құлағы ұзын.
  • Қоян не жейді?
  • Сәбіз жейді.
  • Қоян туралы тақпақ білесің бе?
  • Иә.

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып жүгірді.

Нұрсылтан сен қай ойыншықты алдың?

  • Допты.
  • Доптың түсі қандай?
  • Көк.
  • Дотың пішіні қандай?
  • Дөңгелек.
  • Доп туралы тақпақ білесің бе, айта қойш.

Добым, добым домала,

Балшыққа сен жолама.

Бүлдіресің қолымды,

Жек көремін оныңды.

Балалар мына доп әдемі екен. Қане осы доппен ойын ойнайықшы.

Ойынның шарты : Балаларды екі топқа бөліп, бір- біріне жылдамдылықпен доп беру ойыны.

Қане балалар санаймыз бір, екі, үш дегенде бастаймыз. Енді балалар, бала-бала балақан әнімен серуен жаттығуын жасайық.

Бала-бала балақан,

Қане қайсы алақан?

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнап.

Топ-топ болайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса-жаса жарқын күн,

Жаса-жаса алтын күн.

Ойын : Күлдірген балалармен бірге пирамидалар құрастырады, балалармен бірге жарысып мұнара құрастырады.

Күлдірген: Балалар мен сендермен тағы бір ойын ойнағым келіп тұр. Күлдірген балаларға ойын шартын түсіндіреді.

Ойынның шарты: Кіші пирамидаларды құрастырп жинайды. Күлдірген әр баланың алдына жеке-жеке пирамиданы беріп, содан мұнараны құрастырп жарыстырады. Өзі де балалармен жарысып ойнайды. Тез құрастырған баланы Күлдірген мадақтайды.

Тәрбиеші : Қане балалар осы ойыешықтарға арнап ән айтайық.

Ән: Ойыешықтар.

Күлдірген : Балалар мен сендермен қоштасайын, мені басқа да топта балала күтіп тұр. Әлі де сендерге қонаққа келемін.

Тәрбиеші: Балалар біз ойыншықтар сырымен таныстық. Сендер ойыншықтар туралы көп нәрсе білесіңдер, ойыншықтар туралы өлең, тақпақ айттыңдар, ойын ойнадыңдар. Сендерге көп-көп рахмет. Балалар, енді қонақтармен қоштасайық.

Балалар: Сау болыңыздар!


Ұқсас жұмыстар
Тіл дамыту бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Үй жануарлары (Балапан тобы, ІІ сәбилер)
II кіші топ: Ойыншықтар әлеміне саяхат - тіл дамыту, дене шынықтыру және қоршаған ортаны тану бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
№97 балабақша І сәбилер тобына арналған Бақшаға серуен тақырыбындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Су - тіршілік көзі: ересектер тобына арналған валеологиялық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті (математика): 7 саны
Мектепалды даярлық тобына арналған Көктем тақырыбы бойынша тіл дамыту және құрастыруға бағытталған ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Шағын топқа арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті (тіл дамыту): Үй құстары
Ойыншықтар әлеміне саяхат: II кіші топтағы тіл дамыту, дене шынықтыру және қоршаған орта бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Менің отбасым - отбасы туралы түсінік, даму және тәрбие
Тіл дамыту мен сурет салу арқылы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қыс қызықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz