Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Табиғатым - тағдырым
«Садық Түкібаев атындағы Еңбек орта мектебі» КММ
Экологиялық сайыс
«Табиғатым - тағдырым»
(9,10 сыныптар)
Өткізген: биология пәні мұғалімі
Құдайбергенова Мадина
Айтқазықызы
2015 ж, Еңбек ауылы
Тақырыбы: Табиғатым – тағдырым
Мақсаты: 1) Оқушылардың туған жер экологиясы туралы білімдерін кеңейтіп
толықтыру.
2) Экологиялық ой-өрістерін, логикалық ойлау, өз
беттерімен жұмыс істеу, іздену, қорытындылай білу қабілеттерін дамыту.
3)Ұйымшылдыққа, табиғатты қорғауға баулу, экологиялық
тәрбие беру.
Көрнекілігі: гүлдер, шарлар, қанатты сөздер, мақтау қағаздары
Сабақтың түрі: жарыс сабақ
Шараның барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалімнің алғы сөзі:
Елбасы Н.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму
бағдарламасында «Қоршаған ортаны ластауға, экологиялық қалыпты жағдайды
бүлдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлу – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін
өзекті мәселелерінің бірі»-делінген.
Табиғат – бізді қоршаған орта, ол адам баласының санасынан тыс,
өздігінен пайда болған дүние. Табиғаттың пайда болуы – адамның пайда
болуына әкелді. Демек, адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Табиғаттың тамаша
бір қасиеті – ол өзінің бөліп шығарған қалдығынан адамның көмегінсіз-ақ
өзін тазартып алады. Ол адам баласының іс әрекеттерінің қалдығынан өзін-өзі
тазарта алмайды, табиғат уланып, ластанады. Таза табиғат үшін күрес – өмір
үшін күрес, келешек үшін күрес. Туып-өскен ортаның табиғатын қорғау үшін
әрбір адам өз жерінің табиғатын, оның ерекшеліктерін білу қажет, неден
зардап шегіп тұрғанын анықтап, сауатты түрде өз көмегін бере білу қажет деп
ойлаймын.
ІІ. Жаңа сабақ барысында оқушыларды екі топқа бөлу.
1 топ – «Ғаламшар», 2 топ – «Табиғат».
1 кезең «Бой сергіту»
1 топ «Ғаламшар» тобына берілген сұрақтар
1. Экология сөзінің мағынасы (баспана, тұрғын үй, қоршаған орта)
2. Экологиялық факторларды ата (биотика, абиотика, антропоген)
3. Биосфера терминін ғылымға енгізген кім? (Ламарк)
4. Тіршілік таралған ғаламшар (жер)
5. Биология қандай ғылым (тіршілікті зерттейтін ғылым)
6. Экология терминін ғылымға енгізген кім? (Геккель)
7. Экологиялық апатты аймақтарды ата (Арал, Семей)
8. Ауаның құрамы (оттегі, азот, көмірқышқыл)
9. Судан шықса өлетін жәндік (балық)
10. Мәңгі жасыл өсімдік (шырша)
2 топ «Табиғат» тобына берілген сұрақтар
1. Ауа-райын сипаттайтын карта (синоптика)
2. Атмосфералық қысымды өлшейтін аспап (барометр)
3. Ең кішкене құс (колибри)
4. Семей полигонын жабу туралы жарлыққа қай жылы қол қойылды (1991 жылы
29 тамыз)
5. Аң аулауға пайдаланатын құс (бүркіт)
6. Жасушаның құрамындағы ең көп зат (су)
7. Ең үлкен сүрқоректі жануар (көк кит)
8. Арқасында тауы бар жануар (түйе)
9. Қазақстанда қорық бар (9)
10. Ең ұзақ жасайтын жыртқыш құс (тазқара)
2 кезең «Атам айтқан даналық сөздер»
Табиғатты қорғауға байланысты мақал-мәтелдер, тыйым сөздер сайысы. Екі
топ бір-бірімен алма кезек айтысады.
3 кезең «Туған жерге байланысты ән жыр». Оқушылар орындары ауысып тұрған
өлең жолдарын құрап оқиды. /1 мин/
1 топ «Ғаламшар» тобына
|Күтер алдан бар үмітін туған жер, |Туған жер бар үмітін күтер алдан, |
|Алған қастерлеп қасиетіңді көтере. |Қасиетіңді қастерлеп көтере алған. |
|Ұмытамын туған жерді мен қалай, |Мен қалай туған жерді ұмытамын, |
|Сенде қалған қаны тамып кіндігім. |Қаны тамып, кіндігім сенде қалған. |
2 топ «Табиғат» тобына
|Бастауысың жер өнегенің туған жер, |Туған жер бастауысың өнегенің, |
|Басында керегенің уығымын мен. |Мен уығымын басында керегенің. |
|Анамның ұмытамын мен қалайша, |Қалайша ұмытамын мен анамның, |
|Бөлегенің бесігінде әлдилеп. |Бесігінде әлдилеп бөлегенің. |
4 кезең «Егер де мен ...» Топ басшыларына тапсырма - ойтолғау жазу.
«Егерде мен табиғатты қорғау министірі болсам...» тақырыбына. /5 мин/
ІІІ. Бекіту. Жеңген топты мадақтамамен марапаттау.
IV. Қорытынды
Қоршаған орта мен табиғатты тиімді пайдалана отырып, соны сақтау үшін
келеңсіз әрекеттер жасамау – осы кездегі ең басты бағыт. Жалпы айтқанда,
біздің бүгінгі күн мен болашағымыз, байлығымыз бен сәулетіміз – туған өлке
табиғаты. Табиғаттың тарту еткен тамаша ғажайыбы орман-тоғай, өзен-көл, оны
мекендейтін аң құстар, балықтар бәрі де халық қазынасы. Яғни, табиғатты
сақтауға өз үлесімізді қосайық. Табиғатты қорғау баршамыздың міндетіміз!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz