Сабақ жоспары :: Информатика

Файл қосу

Тақырып Компьютер

Орыс сыныптарындағы қазақ тілі
5-сынып

Сабақтың тақырыбы: Компьютер

Сабақтың мақсаты:
А) Білімділігі: топпен жұмыс істеп және жастар арасындағы интернетке
тәуелді болдырмаудың алдын алу жолдары туралы түсінік беру
Б) Дамытушылығы: медиа құралдарды пайдаланып, ойды түсіндіре отырып, өз
пікірін ашық, еркін қорғай білу дағдыларын қалыптастыру
В) Тәрбиелігі: оқушылардың тіл байлығын, ойлау қабілеттерін қалыптастыру.
Әдіс тәсілдер: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, ой қозғау, топтық әдістер.

Көрнекіліктер: слайдтар, суреттер.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, ағылшын тілі.

Сабақ барысы
І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды топқа бөлу
ІІ Үй тапсырмасын сұрау, қорыту.

1.«Дос» дегеніміз кім? – деген сұрақ қою арқылы 2 топ постер қорғайды.

2.Досымның мінезі қандай? Мінез дегеніміз не?
Мінез – адамның ішкі болмысы. Адам бойындағы көзге көрінбес қасиеттері. Осы
қасиеттердің жиынтығын мінез деп атайды.

3. Дос туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
Сабақты мақал-мәтелмен қорыту.

ІІІ. Жаңа сабақ
1.Оқушылардың қызығушылығын арттыру
Компьютер туралы слайдтан суретін көрсете отырып, түсіндіру.

Жүйелік блок – компьютердің негізгі құрылғылары жинақталған, блоктың тоқ
көзіне қосылуын қамтамасыз етеді.

Пернетақта – ақпаратты енгізу құрылғысы
Принтер – ақпаратты қағазға басып шығару құрылғысы
Монитор – ақпаратты экранға шығару құрылғысы
Тінтуір – ақпаратты жылдам енгізу құрылғысы
Процессор – ақпаратты өңдеуге арналған құрылғы

2) Сөздік жұмысын жүргізу, дәптерлеріне жаздырту.
Мышка – тінтуір, тышқан
Принтер – басып шығарғыш
Монитор – бейнебет
Интернет – ғаламтор

3) 2 топқа тапсырма беру.
І топ – компьютердің жақсы жақтары
ІІ топ – компьютердің жаман жақтары

4) 2 топтан ойларын дәлелдеу үшін тілшілер шығып, сұхбат алады.
І топ – сіз қалай ойлайсыз? Компьютердің жақсы жақтары бар ма?
ІІ топ – Ал, сіз қалай ойлайсыз? Компьютердің жаман жақтары қандай?

5) «Буриме» ойыны. Оқушылар тақырып бойынша интерактивті тақтада берілген
ұйқастың түріне өлең құрастыру керек.

........................................................ жатпаңдар,
........................................................ тастаңдар.
........................................................ жадырап,
........................................................ бастаңдар.
........................................................ әлеуметтік
желінде,
........................................................ балалардың бәріне.
........................................................ уақыт қымбат,
........................................................ кеш емес қой әлі
де!

Оқушылар осы тапсырма бойынша өлең құрастырады

6) жұмбақтар оқып, шешуін тапқызу. Шешуін орыс, ағылшын тілдерінде аударма
жасату.

1. Батырмасын басасың
Қажетті файлды ашасың
(тышқан, мышка)
2. Компьютерге енеді
Қағазды басып береді
(принтер – басып шығарғыш)
3. Мәліметті сұраған
Экранға шығарған
(монитор - бейнебет)
4. Төртбұрышты терезеден
Аласың жаңалық әлемнен
(ғаламтор - интернет)

7) Сабақты қорыту
- Міне, балалар, бүгін біз компьютер туралы, оның жақсы – жаман
жақтары туралы білдік.
Тіпті Елбасымыз Н.Назарбаевтың өзі:
«Твиттерде немесе басқа да әлеуметтік желілерде отырып, босқа
уақыттарыңды ысырап етпеңдер. Ең дұрысы өз араларыңда көп әңгіме – дүкен
құрыңдар. Өйткені, нағыз дос ғаламторда емес, жаныңда жүргенін ұмытпа.
Бүгінгі қоғамда адамдарды кітап оқитындар мен компьютерде отыратын деп екі
топқа бөлуге болады. Компьютерде отыратындар кітап оқитындарға өмір бойы
қызмет етіп жүреді», - дейді. Сондықтан да уақытпен санаспай, интернет
қызығына түсіп, басқа әлемде өмір сүргенше, шынайы өмірдің қызығын жүрекпен
сезініп, қолмен ұстап Адам деген ұлы есімді бағалай білейік. Көкірегі ояу,
жүрегі таза, денсаулығы мықты азаматтар болайық!

8) Үйге тапсырма: 1-тапсырма
9) Смайликтер арқылы оқушылардың білімін бағалау
10) Сабақты аяқтау.

Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек
кенті
Ә.Тәжібаев атындағы №36 мектеп-лицейінің
орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қосмамбетова Ақмарал Сабырқызы

Ұқсас жұмыстар
ОҚУШЫ ӘРЕКЕТІ БАҒАЛАУ
Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы жəне жіктелуі
Компьютер. компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері. 5-сынып
Дербес компьютерлер
Дербес компьютердің архитектурасының қазіргі заманғы даму тенденциялары
Компьютер. хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдер
Компьютер құрылғыларының суреттері
Компьютер құрылғылары туралы
Компьютердің меңзерін басқаратын негізгі құрылғысы
Берілгендерді ұяшыққа енгізу
Пәндер