Таңбалары әр түрлі сандарды қосуға есептер шығару

Шиелі ауданы Бәйгеқұм ауылы № 251 М. Әуезов атындағы орта мектебінің ІІІ деңгейлі математика пәні мұғалімі Жакипов Ғалым Математика 6 сынып
- Таңбалары әр түрлі санды қосу тақырыбы бойынша есептер шығаруға баулу.
- Таңбалар ережесін қолданып таңбалары әр түрлі санды қосуды үйрету.
- Топта бірлесіп жұмыс жасауға, өзгенің пікірімен санасуға тәрбиелеу.
- Таңбалары әр түрлі санды қосу тақырыбы бойынша есептер шығаратын болады.
- Таңбалар ережесін қолданып таңбалары әр түрлі санды қосуды үйренеді.
- Топта бірлесіп жұмыс жасауға, өзгенің пікірімен санасуды үйренеді.
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары : (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І. Ұйымдастыру (5 минут)
1. Сыныптағы психологиялық ахуалды қалыптастыру: оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Оқушыларды топқа бөлу. (әр түрлі қорапшаларға математикалық таңбаларды салу арқылы үш топқа бөлеміз)
3. Үй тапсырмасын тексеру. (Үлгі бойынша оқушылар өздерін тексереді)
ІІ. Ой қозғау (жұмбақ жасыру, өткен тақырыптардан сұрақтар қою арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту) ( 10 минут)
Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан-жағыңа қарамай (Натурал сан)
Бүтін сан, бөлшек сан
Барлығы да бар онда
Бұл қандай сан айтыңдаршы
Оң, теріс сан бәрі сонда (Рационал сан)
Үш топқа төмендегі үш сұрақты береміз. Топтар орталай ақылдасып жауаптарын ұсынады. Жауаптарын топтар критерий арқылы бағалайды.
- Теріс сандарды қосу үшін не істеу керек?
- Таңбалары әр түрлі сандарды қосуға бола ма?
- Рационал сандарды қалай салыстырамыз?
ІІІ. Топтық жұмыс « Адасқан әріптер » (есепті шығырып әріптерді орналастыру арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады) ( 10 минут)
Мына нүктелерді тауып координаталық түзудің бойына орналастырыңдар. Бірлік кесінді екі тор көз.
І топ.
Ң(-6 + 6) ; Т (-18 + 10) ; С (11, 6 + (-5, 6) ) ; А (-2, 8 + 6, 8) ; Ы (-3, 3 + 11, 3)
Б (4, 55 + (-2, 55) ) ; А (-1, 9 + (-4, 1) ) жауабы: Таңбасы
ІІ топ.
Т (-6 + 6) ; Ә (-18 + 10) ; Л (11, 6 + (-5, 6) ) ; Р (-2, 8 + 6, 8) ; І (-3, 3 + 11, 3)
Ү (4, 55 + (-2, 55) ) ; Р (-1, 9 + (-4, 1) ) жауабы: әр түрлі
ІІІ топ.
Е (-6 + 6) ; Т (-2, 8 + 6, 8) ; Е (11, 6 + (-5, 6) ) ; Р (-3, 3 + 11, 3)
П (4, 55 + (-2, 55) ) ; С (-1, 9 + (-4, 1) ) Е (-18 + 10) ; жауабы: есептер
Жаңа сабақтың тақырыбы: Таңбалары әр түрлі сандарды қосуға есептер шығару.
ІV. Жұптық жұмыс «Кім ойшыл?» (10 минут)
Жұптаса отырып оқулықтағы есептерді шығарады.
№ 476 есеп. Бос орынға (□) теңдік тура болатындай санды қойыңдар.
№ 484 есеп. Жұлдызшаларды тиісті «+» немесе «-» таңбасымен ауыстырыңдар.
V. Жеке жұмыс «Тест» (7 минут) (сумативті бағаланады)
Бағалау критерийі:
Әр есепке 1 ұпай беріледі.
8 ұпайға - 5
6-7 ұпайға - 4
4-5 ұпайға -3
Кілті
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz