Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сауықтыру базасы Денсаулық жазығы

Білім беру саласы: Вариативтік компонент
Бөлімдері: «Шымырбектің денсаулық сатылары» профильді бағдарлама
Тақырыбы: Сауықтыру базасы: «Денсаулық жазығы».
Мақсаты: балалардың бойына денсаулықтың адам өміріндегі құндылық екенін
түсіндіру және денсаулығын күтуге ынтасын жетілдіру. Денсаулықтың
қимылмен,шынығумен байланысты екенін қалыптастыру. Дұрыс тамақтануына мақал-
мәтелдер, мысалдар арқылы ықпал ету. Танымдылық қызығушылығын, ойлау
қабілетін, қимылын дамыту. Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Өткізілу түрі: ойын-сабақ
Қостілдік құрауыш: денсаулық-здоровье , арал-остров

|Іс-әрекет кезеңдері |Тәрбиеші педагогтың әрекеті |Балалардың іс-әрекеті |
| |Қызықты бой жазу жаттығуы: | |
|Мотивациялық, |Әзір титтей бойымыз |Өлең жолдарына сәйкес |
|оятушылық кезеңі |Әзір балаң ойымыз |қимылдар жасайды |
| |Қиындықтан қашпаймыз | |
| |Шынығамыз жастай біз | |
| |Иілеміз оңға бір | |
| |Иілеміз солға бір | |
| |Мойнымызды бұрамыз | |
| |Қолымызды созамыз | |
| |Аяқтармен топ-топ басып | |
| |Орнымызды табамыз. | |
|Ұйымдастырушылық- |Тосын сәт –видео хат. |Балалар хатты мұқият |
|ізденушілік кезеңі |-Сәлеметсіңдер ме, балалар! |тыңдайды. |
| |Сендер мені таныдыңдар ма мен | |
| |дәрігер Саулықбек. Мен | |
| |сендерге «Денсаулық пен спорт | |
| |атты сауықтыру базасындағы | |
| |«Денсаулық жазығында » | |
| |көптеген жылдар бойы | |
| |«Денсаулық гүлі» өскен, ол | |
| |барлық балалардың денсаулығын | |
| |жақсартып, қадағалап отырады, | |
| |бірақ та зұлым профессор | |
| |«Микроб», сол гүлдің өскен | |
| |жерін біліп алып, сол гүлді | |
| |біздің әсем бақшамыздан жұлып | |
| |алып, күлтешелерін әр жерге | |
| |шашып тастаған. Егерде біз сол| |
| |гүлдің күлтешелерін тауып | |
| |бірін жинамасақ, барлық | |
| |балалар ауыра бастайды. | |
| |«Микроб» профессордың дауысы: | |
| |ха-ха-ха дұрыс айтасың | |
| |Саулықбек ,енді балаларыңның | |
| |барлығы ауырады, және оларды | |
| |ешкім емдей алмайды ол сиқырлы| |
| |емдік гүлден басқа ха-ха-ха |денсаулық-здоровье , |
| |.Ол үшін сендер мен жасырған |арал-остров деп |
| |күлтешелерді табыңдар, бірақ |қайталайды |
| |ол сендердің қолдарынан | |
| |келмейді. Сендер «Денсаулық | |
| |жазығын» құтқара алмайсыңдар. |балалар Шымырбекпен |
| |Т: Денсаулық-здоровье , |амандасады. |
| |арал-остров деп | |
| |Сол сәтте көмекке Шымырбек |-әрине көмектесеміз. |
| |келеді. | |
| |Шымырбек : Балалар, біз | |
| |тездетіп «Денсаулық |-гүлдің күлтешелерін |
| |жазығындағы» халыққа |іздейді |
| |көмектесуіміз қажет. | |
| |Шымырбек: Жарайсыңдар, | |
| |балалар. Көрейікші бұл жазықта|Балалар алаңнан |
| |гүлдің қандай күлтешелері |«шынығу»күлтешесін |
| |қалып қойыпты? |табады. |
| |қараңдар ,«Шынығу күлтешесі». |-Шынығу арқылы адамның |
| |-Ал, шынығу дегеніміз не, ол |ағзасындағы аурудың |
| |қалай орындалады? Ағзаны не |алдын алу қызметі |
| |үшін шынықтыру қажет? |жетілдіріледі. Шыныққан |
| |Шымырбек: Ал, шынықтырудың |адам көп ауруға төтеп |
| |қандай түрлерін білесіңдер? |береді. |
| | |-Суық сумен, таза ауамен,|
| | |күнмен шынығу. Дене |
| | |жаттығуларын уақытылы |
| | |орындау, жүгіру, секіру, |
| | |дәрумендерді қабылдау. |
| |Дидактикалық ойын: «Дұрыс па, | |
| |әлде бұрыс па?» | |
| |-Микробты ағзаға кіргізбеу | |
| |үшін үнемі қолды таза сумен |– дұрыс |
| |жуу, тазалықты ұстану керек. | |
| |-Ауруға жол бермеу үшін, |–бұрыс |
| |таңнан кешке дейін ұйықтау | |
| |керек? | |
| |-Мықты, епті, икемді болғын |- дұрыс |
| |келсе спортпен дос болу қажет | |
| |-Қыста көп ауырмау үшін көп |- бұрыс |
| |қар мен мұз жеу керек – | |
| |Шымырбек: Жарайсыңдар, біз | |
| |«шынығу күлтешенің» | |
| |тапсырмаларын орындадық. | |
| |Қараңдар, мына жерде | |
| |«Тамақтану күлтешесі» жатыр. |Балалар қатты қуанады. |
| |СӨС ұстану үшін шынығу ғана | |
| |көмектесе алмайды, бізге дұрыс| |
| |тамақтану да керек. | |
| |Дидактикалық ойын: «Пайдалы | |
| |ма, әлде зиян ба?» | |
| |Қағаз бетінде түрлі тағам | |
| |түрлері тұрады: көкөністер, | |
| |конфет, жеміс, чипсы, сүт, газ| |
| |суы, балық, балмұздақ, |Балалар пайдалы ас |
| |жұмыртқа , қара нан. |түрлерін жасыл маркермен |
| |-Енді балалар ракетаға отырып |айналдыра сызып шығады, |
| |басқа күлтешелерді тауып, |және неліктен екенін |
| |тапсырмаларды орындап келейік.|түсіндіреді. |
| |Тыныс алу және дыбыстық | |
| |жаттығу: «Ракетаның ұшуы». «У»| |
| |дыбысын шығарып, алыс-жақын |Балалар тыныс алу |
| |шыққан дыбысын шығару. |жаттығуын орындайды. |
| |Шымырбек: Міне, балалар біз | |
| |«Кірқожалақтар» жазығына | |
| |келдік. Бұл жерде профессор |Көздерін жұмып-ашып |
| |«Микроб» күлтешенің біреуін |«кірқожалақтар жазығына» |
| |жасырып қойыпты. Бұл жерде |келеді. |
| |жалаң аяқ жүру керек екен, ол | |
| |тұрғындардың шарты. | |
| |Шұлықтарымызды шешіп жазыққа | |
| |кіріп күлтешенің біреуін |Балалар шұлықтарын шешіп,|
| |тауып алайық. |жалаң аяқ жүреді. |
| |-Біз орман ішінен жүреміз – |Балалардың алдынан үйшік |
| |тізені жоғары көтеріп жүру, |көрінеді, ішінен балалар |
| |тасты жолдармен жүру, құлап |«Денсаулық пен спорт» |
| |жатқан бөренелерді аттап |күлтешесін тауып алады. |
| |өтейік, тастан-тасқа секіріп | |
| |жүрейік. | |
| |Шымырбек: Сендер орман ішінен | |
| |жүреміз деп шаршаған | |
| |боларсыңдар, мен сендерге | |
| |күштеріңді қайта қалпына | |
| |келтіру бой жазу жаттығуын | |
| |білемін: | |
| |Қиындықтан қашпаймыз, |Жаттығуды орындайды |
| |Шынығамыз жастай біз | |
| |Еркін ұстап денені | |
| |Тарсылдатпай еденді | |
| |Орнымызда тұрып- ап, Жүгірейік| |
| |бір уақыт | |
| |1,2,3-1,2,3 | |
| |Аяқты алға созайық, | |
| |Тік көтеріп қозғайық. | |
| |Тым сылбыр да болмайық | |
| |Алға қарай озбайық | |
| |Жүгірейік бір уақыт | |
| |1,2,3-1,2,3 | |
| |Бойға жинап күш. | |
| |-Күш жинап алдыңдар. Енді ары | |
| |қарай жүрейік. | |
| |-Балалар, бұл не? –шашылған |Балалар таң қалады |
| |кәмпит қағаздары, беті кір | |
| |қуыршақтар. Осы лас жердің бір| |
| |жерінде күлтеше тығылып жату | |
| |керек. | |
| |-Осылай кір, лас тұруға бола |-Жоқ, кір болып жүрген |
| |ма? |адам көп ауырады. |
| |-Профессорға көрсетейікші біз | |
| |оны жене алатынымызды. | |
| |Саусақ гимнастикасы: | |
| |Кім тісті тазаламайды |-әр саусақты бас |
| | |бармақпен амандастыру |
| |Қолды сабынмен жумайды | |
| |Сол аурушан, нәзік болып өседі|-саусақпен кішкентай |
| | |баланы көрсетеді, |
| |Қожалақпен тек дос болар |-саусақтарды жұдырыққа |
| |Еріншек пен жалқаулар. |жинау. |
| | | |
| |-Балалар біздің ақылымызды | |
| |тыңдап кірқожалақтар бізге | |
| |«Тазалық» күлтешесін тастап | |
| |кетіпті. Біз дұрыс айттық па, | |
| |«тазалық – саулық кепілі». | |
| |Шымырбек: Балалар, келесі | |
| |күлтешені алу үшін біз | |
| |конверттегі суретті | |
| |табанымызбен, башпайларымызбен|-Балалар кемпірқосақ, |
| |салу керек екенбіз. |күннің бейнесін салады. |
| |Шымырбек: Профессор «Микробқа»| |
| |біздің суреттеріміз ұнап , ол | |
| |бізге келесі күлтешені беріп | |
| |тұр. «Аурудың алдын-алу» | |
| |күлтешесі. | |
| |Видео хат: Профессор «Микроб» |Балалар таң қалып видеоны|
| |балалардан кешірім сұрап |тамашалайды |
| |«Ойын» күлтешесін береді. | |
| |Қимылды ойын: «Микробты | |
| |ортадан қу». Кім женетіні |Екі бала- бірі микроб, |
| |көрейік «Ауру-микроб па», әлде|екіншісі –СӨС. Екеуі |
| |«СӨС – денсаулық па?». |шеңбер ішінде тұрып, |
| |Профессор: Балалар енді осы |арқанды арқаға байлап |
| |«Денсаулық жазығындағы |тартысады. |
| |«денсаулық гүлін», оларды | |
| |қатты тымаудан сақтап | |
| |қалыңдар. Сендер де салауатты | |
| |өмір салтын ұстанбай, спортпен| |
| |айналыспай жүрсеңдер мен | |
| |сендерге өз аралымнан қайта | |
| |оралып келемін. | |
| |-Балалар күлтешелерді | |
| |тұрғындарға ракетаға салып |Балалар гүлдің |
| |беріп жіберейік. |күлтешелерін ракетаға |
| |Денсаулық жазығының тұрғындары|салады |
| |балаларға алғысын айтып | |
| |денсаулық гүлінің бір | |
| |кішкентай өсіндігін береді. | |
| |Психогимнастика: «Денсаулық | |
| |гүлін иіскеу» | |
| | |Балалар дем алып, |
| | |тынығады. |
|Рефлексиялық – |-Балалар, енді ракетамызға | |
|түзетушілік кезеңі |отырып өз балабақшамызға | |
| |қайтайық. |Балалар орындықтарға |
| |-Біз қандай жазыққа |отырады. |
| |көмектестік? |–денсаулық жазығының |
| |-Денсаулық жазығының гүлі |тұрғындарына. |
| |қалай аталады? |-денсаулық гүлі |
| |Қандай күлтешелерді тауып | |
| |алдық? |Балалар ауып алған |
| | |күлтешелерін атап шығады.|
| |Қоштасу сәті: | |
| |Біздің топтың ұл-қыздары |Өлең жолдарын қайталап, |
| |Тату-тәтті ойнайды |орындарына отырады. |
| |Айналаға, бар адамға | |
| |Тек денсаулық тілейміз. | |
| |Барлығымыз тазалықты сүйеміз | |
| |Үлкендердің сөзін ойға түйеміз| |
| |Денсаулықты әрқашанда | |
| |сақтаймыз | |
| |Бейбіт өмір баршамызға | |
| |тілейміз! | |

Күтілетін нәтиже:
Біледі: жаттығулардың адам денсаулығына маңызын.
Меңгереді: тыныс алу жаттығуларын, ойындардың дұрыс орындау шарттарымен
танысады.
Жасай алады: тапсырмаларды ұйымшылдықпен орындайды.

Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның көлік кешені
Гигиеналық факторлар
Салауатты өмір салтымыз
Қозғалыс белсенділігі
Тәрбиеші әдістемесі
Дені сау бала - болашақ жемісі
Мұғалжар тауының ұзындығы
Президенттік тесттердің құрылымы
Тұз жолы
Бастауыш ұйымдардағы санитарлық - қорғаныс жумыстары туралы айтыңдар
Пәндер