Қазақстандағы қоғамдық-саяси қозғалыстар: Азат және Невада-Семей қозғалыстарының мақсаттары мен нәтижелері

Күні: 02. 03. 15ж. КЛ: 9а, ә Пәні: Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы қоғамдық- саяси қозғалыстар
Сабақтың мақсаты: XX ғасырдағы Қазақстанда болған Азат қозғалысының, «Невада- Семей» қозғалыстарының мақсат- міндеттері мен жеткен жетістіктерімен таныстыру
Білімділігі: Азат қозғалысы саяси күрес екендігін, Невада- Семей қозғалысының антиядролық, экологиялық қозғалыс екендігі түсіндіріледі.
Тәрбиелігі: Тақырыптың тәрбиелік мазмұнына тоқталып оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу, бойына патриоттық сезім ұялату.
Сабақтың түрі
: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік
: карта, сызба, кестелер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
• Оқу құралын тексеріп түгелдеу
• Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Бетпе-бет» әдіс бойынша
Жаңа сабақтың жоспары:
Мұғалімнің сөзі:
"Азат" азаматтық қозғалысы - қоғамдық-саяси ұйым.
- Мерзімі:Құрылтай мәжілісі Алматыда 1990 ж. 1 шілдеде өтті. Басты мақсаты:"Халықаралық Одақтық шартпен біріккен ерікті де тәуелсіз жаңа қоғамдастық шеңберінде Қазақстанның шынайы мемлекеттік егемендігіне қол жеткізу".
- Қозғалыстың 14 облыстық ұйымы бар. 1990-1993 жж. аралығында "Азат" газеті шығып тұрды.
Атқаратын қызметтері:
- Қазақстанды қазақ халқын отаршылық пен тоталитаризм зардаптарынан арылту ушін қажетті заңдардың қабылдануы, олардың дұрыс орындалуы жөнінде халыққа үндеулер таратып, үкіметке ұсыныстар жасады
- сепаратистік пиғылдағы ұйымдарға тойтарыс беру
- адам құқықтарын қорғау және т. б. ұлт мүддесін көздеген мәселелерді батыл көтере білді.
«Невада- Семей» қозғалысы
Мерзімі: 1989 ж 28 ақпан. Алматы
Жетекшісі: Олжас Сүлейменов сол кездері Семей облысының атынан КСРО депутаттарының I съезіне қатысқалы отырған О. Сүлейменов 1989 жылы 28 ақпанда ядролық сынаққа қарсы «Невада-Семей» антиядролық қозғалысын құру туралы үндеу тастады
Міндеті: Семей ядролық полигонын жабу
Сипаты: Митингілер, шерулер, республикалық- халықаралық шеңберде ғылыми мәслихаттар құрылды.
Нәтижесі: 1991 жылы Президент Н. Назарбаевтың Қаулысымен полигон толықтай жабылды. Кейіннен 29 тамыз - халықаралық ядролық қаруға қарсы күрес күні болып бекітілді, Қазақстан ядролық қарудан бас тартты.
Қорытындылау: Кестені толтыр.
Бағалау
Үйге тапсырма: 1. « Ядролық қарусыз әлем - біздің ортақ мақсатымыз» тақырыбында эссе жазу.
2. Тақырыпты түсініп оқу