Сұраулы сөйлем. Құрмалас сөйлем. Шылаулар

I МОДУЛЬ
Лексикалық тақырыбы: Менің отбасы мүшелерім
Грамматикалық тақырыбы: Сұраулы сөйлем.
Құрмалас сөйлем. Шылаулар
Модульге кіру
Грамматикалық
тақырып
Лексикалық тақырып
Бекіту
45
минут
«Мінездің ұнамды белгілері» мәтінімен жұмыс
Жаттығуларды орындау
45
минут
Тіл дамыту
«Мен кешірдім»
диалогі
Тірек сызбамен
жұмыс
45
минут
«Менің туыстарым» мәтінімен жұмыс Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс
Жаттығуларды орындау
45
минут
45
минут
Кіріспе бөлімі
1-сабақ Сұраулы сөйлем. Құрмалас сөйлем. Шылаулар
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Грамматикалық тақырыпты тірек сызба негізінде түсіндіру.
Құрмалас сөйлем
1. Сұраулы сөйлем бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылатын сөйлем. Сөйлем соңында сұрау белгісі (?) қойылады.
Сұраулы сөйлемнің жасалу жолдары:
1) сұрау есімдіктері арқылы (кім? не? қанша? т. б. ) ;
2) сұраулық шылаулар арқылы (ма, ме, ба, бе, па, пе, ше) ;
Мысалы: Сенің отбасыңда қанша адам бар?
2. Құрмалас сөйлем екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлем.
Мысалы: Жазда мен ауылға бардым, бір ай жақсы
демалып қайттым.
3. Шылау - сөздер мен сөйлемдерді байланыстыратын және өзі тіркескен сөзге қосымша мағына беретін сөз табы. Шылау сөздер: септеулік, жалғаулық, демеулік.
1) Септеулік шылау белгілі бір септікте тұрған сөзбен ғана тіркесіп қолданылады. Септеулік шылаулар: туралы, үшін, дейін, кейін, соң, бірге, қатар, т. б.
Мысалы: Мен ана туралы өлең оқыдым.
2) Демеулік шылау өзі тіркескен сөзге қосымша мағына үстейді.
Демеулік шылаулар: ма, ме, ба, бе, па, пе, ше; -ақ, -ау, -ай, да, де, та, те, ғана, тек, т. б.
Мысалы: Сен үйге барасың ба?
3) Жалғаулық шылау сөздер мен сөйлемдерді салыстыра, тең дәрежеде байланыстырады.
Жалғаулық шылаулар: және, әрі, да, де, немесе, өйткені, себебі, т. б.
Мысалы: Мен кешке кітап оқимын немесе кино көремін.
Оқушылар оқулықта берілген сызбаларды қарап, ережелерді оқып шығады.
V. Сөздік жұмысы.
1. Сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіру, сөздік дәптерлеріне жазу.
2. Сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру: а) мұғалімнің мәнерлеп оқуы; ә) оқушылардың дауыстап қайталауы; б) оқушылардың тізбектеп оқуы.
3. Сөздерден сөз тіркестерін құрау.
4. Сөйлем құрау.
VI. Бекіту.
1. 1-тапсырма. Жұмбақтарды шешу.
2. 2-тапсырма. Ы. Алтынсариннің өлеңін түсініп, жаттау.
3. 3-тапсырма. «Әженің таңдануы» мәтінін рөлге бөліп оқу.
4. 6-тапсырманы орындау.
VII. Сабақты қорытындылау.
VІІІ. Үй тапсырмасы. Ы. Алтынсариннің өлеңін жаттау.
Кіріспе бөлімі
1-сабақ Менің отбасым
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Грамматикалық тақырыпты тірек сызба негізінде түсіндіру.
Оқушылар оқулықта берілген сызбаларды қарап, ережелерді оқып шығады.
V. Сөздік жұмысы.
1. Сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіру, сөздік дәптерлеріне жазу.
2. Сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру:
а) мұғалімнің мәнерлеп оқуы;
ә) оқушылардың дауыстап қайталауы;
б) оқушылардың тізбектеп оқуы.
3. Сөздерден сөз тіркестерін құрау.
4. Сөйлем құрау.
1-тапсырма. Жұмбақтарды шешу.
1) Кітапты көп оқитын, қызықты тарихи оқиғаларды жақсы білетін, мақал - мәтелдерді жиі қолданып сөйлейтін, немерелерін еркелетіп, үнемі қасынан тастамай ертіп жүретін ақ сақалды кісіні кім дейміз? (Ата, ақсақал) .
2) Ол өте мейірімді, ақ шашты, дәмді тағамдар, тәтті бауырсақ пісіреді, бізг жылы қолғап, шұлық тоқиды, ұйықтар алдында ән немесе ртегі айтып береді. Бұл кім? (Әже, апа) .
VI. Бекіту.
3-тапсырма. «Әженің таңдануы» мәтінін рөлге бөліп оқу.
Берік елден келген үлкен әжесін ертіп, қаланың кең көшесімен келе жатты.
- Берік, мына жерден өтйік, - деді әжесі.
- Әже, бұл жерден өтуге болмайды. Жаяулар өтетін арнаулы орын бар, - деді Берік.
Бұлар жаяулар өтетін жерге келіп тоқтады.
- Әже, осы жерден өтеміз.
- Берікжан, енді неге өте бермейміз?
- Әже, ана бағдаршамға қараңызшы, ол «машиналар өтсін, сендер тұра тұрыңдар» деп тұр. Қазір оның жасылы жанып, бізге «өтіңдер» деп жол береді, - деп түсіндірді немересі.
Осы кезде бағдаршамның жасылы жанып, жаяулар өте бастады. Олармен бірге Беріктер де өтіп кетті.
- Ой, керемет-ай. Қалада жүріп-тұру тәртіпке салынған екен. Бәрін де білуің, бәрін де орындауың керек. Бұларды кіп-кішкентай болып қалай біле бересің? - деп таңданды әжесі.
VII. Сабақты қорытындылау.
5-тапсырма. «Менің отбасым» деген тақырыпқа сұрау есімдіктері арқылы сұраулы сөйлемдер құрап, сұрақтарға өзара жауап беріңдер. Сөйлемдерде септеулік, демеулік, жалғаулық шылауларды пайдаланыңдар.
VІІІ. Үй тапсырмасы. Ереже қайталау.
Сөйлесу бөлімі
-сабақ Мінездің ұнамды белгілері
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1. Сөздік жұмысы. Сөздік
келбет - внешность жан дүниесі - внутренний мир
көркі - вид үңілу - заглянуть
құдай сақтасын! - боже упаси! ештеңемен - ничем
жуып кетіре алмау - не смыть
2. 1-тапсырма. А. П. Чеховтың айтқан сөзін қалай түсінесіңдер? Өз пікірлерін ортаға салу. Мәтіндегі жалғаулық шылаулары бар сөйлемдерді жазып алу.
3. 2-тапсырма. «Мінездің ұнамды белгілері» мәтіні бойынша үш деңгейлі тапсырмаларды орындау.
Жеке-топтық жұмыс формасы
Құрал-жабдығы:
1. Бағалау парағы.
2. Оқулықтағы үш күрделілік деңгейдегі тапсырмалар.
3. Жауап үлгілерін мұғалімнің өзі дайындайды. Жетон дар.
Ойынның жүру барысы
I нұсқа:
Бұл сабақта оқушылар өз білім деңгейіне қарай тапсырмалар таңдай алады. Үстелде әр оқушының алдында үш деңгейлі барлық сұрақтар бар парақтар жатады (әр парақта 2-3 тапсырмадан) .
Оқушылар деңгейді таңдайды:
• III деңгей тақырып бойынша алынған ақпаратты қолданып, жеткізе білуді талап етеді.
• II деңгей сұрақтары бұл ақпаратты талдай білуін талап етеді.
• I деңгей (едеуір күрделі деңгей) сұрақтары шығармашылық сипаттағы тапсырмалардан тұрады, мұнда оқушылар ақпаратты бағалап, ол туралы өз пікірін білдіріп, оны негіздеп, дәлелдей білуі тиіс.
Жауаптар әр деңгейдің ішінде бес балдық жүйемен бағаланады.
Оқушыларға өздеріне тиісті деңгейді тандап алуға уақыт беріледі (2-3 минут) . I деңгейді тандап алған балалар бөлек отырады (оларға көбірек уақыт беріледі) . Әрбір сұраққа немесе тапсырмаға дайындалу үшін оқушыларға 5-7-10 минут уақыт беріледі. Оқушылар екі-екіден отырады. II және III деңгей тапсырмаларын тандап алғандар бір-біріне бірінші сұрақ бойынша жауап береді. Сосын мұғалімнен жауап үлгілерін алып, сыныптастарының жауабын салыстырады да, бағалау парағына бір-біріне баға қояды.
Мұғалім дайындық барысында оқушыларға көмек бере алады. I күрделілік деңгейінің тапсырмасын алған оқушылардың жауабын мұғалім өзі тексеріп, бағалайды. Бұдан әрі 2, 3-сұрақтардың жауаптары да осы үлгімен дайындалады.
Жұмыс аяқталған соң, II және III деңгей тапсырмаларымен жұмыс істеген оқушылар әр сұраққа қойылған бағалары негізінде өз сыныптастарына бір ортақ баға шығарып, оны да бағалау парағына енгізіп, мұғалімге өткізеді.
I деңгей тапсырмаларымен жұмыс істеген оқушылардың бағалау парағын мұғалім өзі толтырады.
4. 3-тапсырма. «Уәде берсең қайтпа, қолыңнан келмесе айтпа» деген ата-бабаларымыздың айтқанын қалай түсінесіңдер? Осы тақырып бойынша шағын әңгіме дайындау.
V. Сабақты қорытындылау.
VI. Үй тапсырмасы. Ережелерді жаттап келу.
-сабақ Менің отбасы мүшелерім қай тілде сөйлейді?
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
- 1-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздер мен жалғауларды қойып жазу.
Жауап үлгісі:
Мен қазақпын. Менің ана тілім - қазақ тілі. Мен қазақша сөйлеймін.
Мен орыспын. Менің ана тілім - орыс тілі. Мен орысша сөйлеймін.
Мен украинмын. Менің ана тілім - украин тілі. Мен украинша сөйлеймін.
Мен кәріспін. Менің ана тілім - кәріс тілі. Мен кәрісше сөйлймін.
2. 2, 3, 4, 5-тапсырмалар бойынша сайыс сабағын өткізу.
2-тапсырма. Берілген диалогті өз ойларыңша жалғастырыңдар, өзара сөйлесіңдер.
3-тапсырма. Көп нүктенің орнына кректі сөздерді қойыңдар.
4-тапсырма. Шылаулардың түрлрін қатыстырып, отбасы мүшелерің қай тілде сөйлейтіні туралы ауызша өз ойларыңды әңгімелеп беріңдер.
5-тапсырма. Отбасы мүшелеріңнің тілдері туралы 5-6 құрмалас сөйлемнен тұратын мәтін жазыңдар.
Сайыс сабағын жүргізбес бұрын, сынып үш топқа бөлінеді. Төмендегі кестеде берілген кезеңдер бойынша тапсырмаларды орындап, әр топ ұпай жинайды.
Сайыс аяқталған соң, ұпаймен қорытынды жасалып, оқушылар бағаланады.
Тапсырмалар
Топ
V. Сабақты қорытындылау.
Екі жұлдыз, бір тілек.
Оқушылардың тілектері мен ұсыныстары.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.
-сабақ Менің туыстарым
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1. 1-тапсырма. Мәтіннің мазмұның айтып беру. Мәтін бойынша үш деңгейлі тапсырмаларды орындау.
Сөздік жұмысы. Сөздік
отбасы мүшелері - члены семьи ағайындылар - родственники
ата - дедушка әже - бабушка
қария - старец ерлі-зайыптылар - супруги
немере - внук, внучка шөбере - правнук, правнучка
аға - брат әпке - сестра
қарындас - младшая сестра (по отношению к старшему брату)
сіңлі - младшая сестра (по отношению к старшей сестре)
тәлімгер - наставник ардақтау - проявление уважения
парыз - долг бауырлас - кровный родственник
жеңге - невестка жезде - зять (муж старшей сестры)
келін - сноха нағашы - дядя (родственник по линии матери)
жиен - племянник, племянница
Сынып 3 адамнан топтарға бөлінеді. Тақырып материалы бірнеше блоктарға бөлініп, әрқайсысына үш нұсқадағы тапсырма дайындалады. Тапсырмаларды бәрі орындайды, бір-біріне көмектеседі (мұғалімнен кеңес алуға болады) . Бірінші тапсырманы орындап болған соң, команда оны үлгі бойынша тексереді, сосын 2, 3, 4-тапсыр-маларды орындайды. Әр тапсырма бағаланып, нәтижесі бағалау парағына жазылып отырылады. Сабақ соңына барлық тапсырмаларға берген жауаптарын қорыта келіп, әр оқушыға ортақ баға қойылады.
2. 2-тапсырма. Мәтіндегі түсініксіз сөздерді сөздіктен қарап аудару.
Жауап үлгісі:
Ас - еда, бор - мел, естияр - дошколенок, кенж бала - самый младший ребнок, өзімшіл - игоист, кешірімшіл - простительный.
V. Сабақты қорытындылау.
- 3-тапсырма. Сөйлемді мағынасына қарай толықтыру.
Жауап үлгісі:
Мен ата-анама көмектестім.
Сен ініңді балабақшадан алып келдің.
Сіз немереңізге сыйлық алып бердіңіз.
Ол қарындасын мектепке апарды.
Біз туыстарымызбен қыдырдық.
Сендер нағашымды көрдіңдер ме?
Сіздер ағаммен ақылдасыңыздар.
Олар жеңгеммен хабарлассын.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.
-сабақ Нәтиже сабақ
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Тест және бақылау тапсырмаларын орындау.
I. Тест сұрақтарына жауап беру.
1. Сұраулы сөйлемнің жасалу жолын табыңдар. «Сенің отбасыңда қанша адам бар?»
A. сұрау есімдігі арқылы B. сұраулық шылау арқылы
C. көмекші сөз арқылы D. интонация арқылы
2. Берілген сөйлемге тиісті шылауды қойыңдар. «Ол ана . . . өлең оқыды. »
A. сияқты B. және C. Туралы D. әрі
3. Қате жазылған шылауды табыңдар.
A. Сіз оқисыз ба? B. Келеді ау деймін.
C. Ақ пен қара D. Сен ше?
4. «Табиғилық үшін адалдың пен шыншылдық қажет. » Берілген сөйлемдегі шылаулар түрін табыңдар.
A. септеулік, жалғаулық B. жалғаулық, демеулік
C. демеулік, септеулік D. септеулік, демеулік
5. Атаңның баласы,
Кей кезде таласып.
Қаласың әжеге
Білгенің асады кәдеге?
Ол кім?
A. анаң B. әкең C. Атаң D. әпкең
6. Толықтырыңдар: «Менің отбасым . . . тұрады. »
A. бауырмал B. тату-тәтті C. Үлкен D. ақылды
7. Отбасы мүшелерінің атауын табыңдар.
А. Әке, шеше, әже, ата. В. Мектеп, мұғалім, оқушы, бала.
C. Күзетші, суретші, жазушы. D. Аспазшы, наубайшы, жұмысшы.
8. Анаңды ардақта деген сөйлемде қойылатын тыныс белгісін табыңдар.
A. нүкте B. Үтір C. Дефис D. леп белгісі
9. Апалы-сіңлілердің баласы бір-біріне кім болады?
A. апалы-сіңлі B. ағалы-қарындасты
C. жиен D. бөле
10. Туыстық атауға жатпайтын қатарды табыңдар.
A. әже B. Нағашы C. Ұстаз D. жеңге
ІІ. Бақылау сұрақтары мен тапсырмаларды орындау.
- Құрмалас сөйлемнің неш түрі бар? Әрқайсысына мысал келтіріңдр.
- Адамның ұнамды және ұнамсыз мінездерін ажыратыңдар және өзара бір-біріңе мінездемее беріңдер.
- Шылаулардың неше мағыналық түрлері бар? Әрқайсысына мысал келтіріңдер.
- Туыстық атаулардың бір-біріне жақындықтарын түсіндіріңдер.
- «Туыстармен араласу» деген тақырыпқа диалог құраңдар.
- «Ата көрген оқ жонар, . . . ». Берілген мақалды жалғастырып, оның тәрбиелік мәнін түсіндіріңдер.
V. Сабақты қорытындылау.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.
II МОДУЛЬ
Лексикалық тақырыбы: Тәрбие отбасынан басталады
«Тілашар» мәтінімен жұмыс
Жаттығуларды орындау
«Ана тілінде сөйлеу» мәтінімен жаттығу жұмысы
Диалог бойынша жұмыс
Фонетикалық талдау жасау
«Әдеп» мәтінімен жұмыс
Сұрақтар дайындау
Жаттығуларды
орындау
1. Тест
2. Бақылау сұрақтары
Кіріспе бөлімі
1-сабақ Бауыр
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1. 1-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын түсініп, бауырлар арасында қандай қарым-қатынастың болуы керектігін анықтап, шылау сөздерді теріп жазу.
Бауыр.
- Сен Әунді ренжітпе, - деді атам мені қасына шақырып алып. «Аға - бор, іні - тас» деген мәтелді естіп пе едің? Оның мәнісі былай: сен естиярсың ғой , ол болса әлі ақылы кірмеген сәби. Сондықтан да бірді түсінсе, бірді түсінбейді және кенже бала өзімшіл болады. Жалпы, жасы кіші бауырға кешірімшіл болу керек. «Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар» дегенді ұмытпа!
(М. Қазбеков) .
2. 2-тапсырма. Мақал-мәтелдердің аудармасын тауып, мағыналарын түсіндіру. Құрмалас сөйлемдерді теріп жазып, тұрлаулы мүшелерінің астын сызу.
Дұрыс аудармасы.
3. Бес саусақ бірдей емес.
4. Ата - бәйтерек, Бала - жапырақ.
3. Пять пальцев на одной руке, и все разные.
4. Отец - дерево могучее, дети - его листья.
3. 3-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, берілген ойды өз беттерінше жалғастыру.
О бастан келе жатқан қазақ отбасының дәстүрлі құрылым жүйесі бойынша ата - ана, әке - шеше және бала - шаға бір шаңырақ астына топтасып тұратын. Осындай көп балалы отбасында өскен бала негізінен ата - әжесінің тәрбиесін көріп, ұлттық салт-сана мен халықтық қасиеттерді бойына сіңіріп өсуші еді.
(«Жаңғырған салт-дәстүрлер» кітабынан) .
V. Сабақты қорытындылау.
4. 4-тапсырма. Сөздердің мағыналарын түсіндіріп, құрмалас сөйлем құрау.
1. Бала, немере, шөбере, ұрпақ.
2. Туыс, туысқан, ағайын.
3. Ел, жұрт, халық.
4. Отбасы, шаңырақ.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.
Сөйлесу бөлімі
2-сабақ Тілашар
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1. 1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, сұрақтарға жауап беру.
Сөздік жұмысы. Сөздік
ерінбей-жалықпай - не ленясь бүлдіршін, бөпе - младенец, ребенок
жеке-жеке - отдельно шақыру - пригласить
саусақ - пальцы аты жоқ - безымянный
қабылдау - воспринимать
Сұрақтар:
1. Бүлдіршіндер алғаш дыбыс шығара бастағанда ата-ананың міндеті не?
2. Қазақ халқы баланың тілі тез шығу үшін қандай ырым жасаған?
3. Ана тілінің байлығын толық меңгеру үшін заттар қалай таныстырылған?
4. Саусақтардың атаулары қандай?
5. Қабылдауға жеңіл болу үшін қалай жаттатқызған?
2. 2-тапсырма. Берілген хабарлы сөйлемдерден сұраулы сөйлем құрау.
Жауап үлгісі:
1) Бала үшке толғанда ата-анасы оған нені үйрете бастайды?
2) Сәбиге айтылатын ертегі қалай күрделеніп отырады?
3) Балаға айтылатын тұңғыш ертегіні аталарымыз қалай айтып бастаған?
3. 3-тапсырма. Абай Құнанбаевтың жетінші қара сөзін қалай түсінесіңдер? Жазып алып, шылаулардың астын сызу.
« . . . не көрсе соған талпынып, жылт-жылт еткен болса, соған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып көріп, . . . ит үрсе де , мал шуласа да , біреу күлсе де , біреу жыласа да , тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп . . . , көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген . . . »
V. Сабақты қорытындылау.
4. 4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.
1. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
2. Шылау сөздердің түрлері қандай? Мысал келтіріңдер.
3. Отбасы тақырыбына қандай мақал - мәтелдер білсіңдер?
4. А. Құнанбаевтың жетінші қара сөзінде не айтылған?
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.
3-сабақ Ана тілінде сөйлеу
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1. 1-тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп жазып, бастауыш пен баяндауыштың астын сызу.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz