Абай Құнанбаевтың аудармалары

Ақмола облысы

Егіндікөл ауданы

Алакөл орта мектебі

Рахметова Рабиға

6 «а» сынып

Абай Құнанбаевтың аудармалары

Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және

болашаққа саяхаттық бағдар

Секция: әдебиет

Жетекшісі: Алпыспаева Гульбану Аманбаевна

Егіндікөл

2011

Мазмұны

Абстракт . . . 3-4

Кіріспе . . . 4-5

І бөлім . . . 7-11

ІІ бөлім . . . 12-14

ІІІ бөлім . . . 15-18

Қорытынды . . . 19

Қолданылған әдебиеттер . . . 20

Жетекшінің пікірі . . . 21

Рецензия . . . 22

Қосымша . . . 23

2

Абстаркт

Зерттеу мақсаты - Абайдың аударма лирикасын зерттеу

Зерттеу міндеті 1. Абай дың өмірі мен шығармашылығы туралы тереңірек білу.

2. Аударма тілін оқып үйрену

3. Абай аудармаларындағы назирагөйлік

Гипотеза Меніңше, Абайды оқымаған қазақ - қазақ емес

Зерттеу нысаны Абай Құнанбаев

Зерттеу пәні Абай аударған шығармалар

Зерттеу әдістері табылған ақпараттарға қорытынды жасау

алған ақпараттарды саралай білу

Зерттеу жаңалығы мен Абай өмірінің сан-қилы оқиғаларымен таныс болдым, оның барша қазақ баласына айтпақ тәрбиелі нақыл сөздерін ұқтым

Жұмыстың нәтижесі мен шешімі - зерттеу барысында менің үйренгенім:

  1. Пайдалы ақпараттарды өз бетіммен іздеу
  2. Архив құжаттарымен танысу
  3. Табылған ақпараттарды сараптау
  4. Шешім қабылдай алу

Зерттеу жұмысының негізгі тұжырымы:

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе,

Адалдықты көздесең, жаттап тағы көңілге . . . ». С. Торайғыров.

Зерттеу барысында Абай атамыздың асыл сөздерін оқи отырып, көңілге тоқи отырып түсінгенім, болашақ ұрпақ біздің ғана сезімімізге данышпан бабаларымыздың асыл қасиеттерін сіңіруді, Абайдай халық қамын ойлайтұғын саналы азамат болып қалыптасу, қазіргі өмір талабы біздерге, яғни жас ұрпаққа жүктеп отыр. Сондықтан, мектеп табалдырығын аттағаннан бергі осы уақыт ішінде Абай туралы бар білгенімді осымен тоқтап қалмай алдағы уақытта ары қарай ізденуді жалғастырамын.

Практика жүзінде қолданылуы: оқу конференцияларында, қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында, тарих, орыс әдебиеті сабақтарында, газеттерге мақала беруде.

3

4

Кіріспе

«Менің бабаларым мен ертеңгі ұрпағыма

Абайдан артық, Абайдан ұлы,

Абайдан киелі ұғым болмауға тиіс».

Н. Ә. Назарбаев.

Аударма - өте кең ауқымды ұғым. Өз ойыңнан шыққан сөзді басқа тілге аудару, оның ұйқасын келістіріп табу, кез келген адамның қолынан келе бермейді. Бір тілден екінші тілге өлең мен проза, драматургия мен публицистика, ғылыми кітаптар мен димломатиялық құжаттар, мақалалар мен баяндамалар, іс қағаздар мен газет бетіндегі жарнамалар, адамдардың бір-бірімен сөйлесуі мен әр түрлі ңұсқаулар, кинофильмдер . . . яғни, жазылатын және оқылатын материалдардың барлығын аударуға болатынына көзім жетті.

Бірақ мен өз зерттеуімде негізінен көркем аударма мен ең бастысы ақындық аударманы қарастырдым.

Көркем аударма - аударманың ең қиын, көп тармақты түрі. Сондықтан да зерттеушілердің көбі көркем аударманы «Жалпы аударма» курсы ретінде қарауды ұсынғандары кездейсоқ емес.

Қазақстан Республикасының егеменді ел ретінде бүкіләлемдік деңгейге көтерілуінің барысында менің болашақ өмірімде аударма жұмысы белгілі бір орынды алады деп ойлаймын. Осыған байланысты аударматанудың да деңгейі жоғарыға көтеріледі деген ойдамын.

Қазақ тіл білімі мен әдебиеттануда аударма ауқымды орынды алып жатқан жоқ. Бірақ, бұған қарап, аударманы зерттеу толық дамымаған деп айтуға болмайды. Зерттеу кезінде оқып білгенім, жалпы, бар әлемде аударматану ғылыми зерттеу негізінде ХХ ғ-дың II-ші жартысында ғана

5

бекітілген. Ал қазақ елінің аударма жұмысының негізін салушы М. Әуезов болып табылады. М. Әуезовтың соңынан аударма мәселесімен айналысқан ғалымдар мен жазушылар С. Талжанов, О. Айтбаев, Н. Сағындықова, А. Сатыбалдиев, З. Тұрарбеков, С. Нұрышев, М. Жанғалин, С. Сейітов; аударма жұмысының мәселесі туралы докторлық диссертациялар жазылды. 2007 жылға дейін филология ғылымы бойынша 2 докторлық, 28 кандидаттық диссертация аударма тақырыбы бойынша қорғалған. Бұның өзі қазақ аудармасының едуір биігіне көтерілгенін айтады.

Жалпы, менің көзқарасым бойынша, аударма жұмысына қазақ халқының ақындық өнерінің таланттары түгелдей атсалысқан. Осы таланттарымыздың арқасында ұлттық поэзияның көркемдік қоры толықтырылды. Кең ауқымды аударма жұмысы орыс халқының өлеңдерін аударумен болған, өйткені біздің орыс халқымен өмір тарихымыз ортақ. Сондықтан да орыс тілі арқылы әлемдік поэзия, халықтар поэзиясы біртұтас елді танытып отыр. Ал аударманың дамығаны соншалық, түбіміз бір түркі тілінен ғана емес, қазіргі таңда басқа да ұлттардың шығармаларымен таныс болып отырмыз.

Зерттеу жұмысымен айналысқан уақыттың ішінде мен көптеген мағлұматтармен таныстым. Осы жолда маған көп көмек көрсеткен жетекшім Алпыспаева Гүлбану Аманбаевнаға алғысымды білдіремін. Зерттеу барысында дұрыс бағыт - бағдар беріп, сан түрлі әдеби кітаптармен, ақын - жазушылардың шығармаларымен толығырақ танысуымның себебі де жетекшімнің берген кеңестерінің орындалуынан. Кітапханалардан жинаған қосымша әдебиеттерді бірге қарап, талдап, танып, білуім де жетекшімнің осы жұмысты орындау кезінде дұрыс жол сілтегенінің жемісі деп білемін.

6

І бөлім

Абайдың аударма лирикасы. Абай шығармашылығы - өте күрделі, кең көлемді. Кейде, Абайды оқи келе оның мен үшін ақын, философ, аудармашы және композитор ғана емес, былай айтқанда жақын туыс, туғанымдай сезінемін. Ұлы ақынның шығармашылығымен таныса келе көптеген нақыл сөздерді маған айтқандай, ақынмен сөйлескендей боласың. Бір сөзбен айтқанда, қуанышыңды да, қайғыңды да ақынның өлеңдерімен басасың.

Қазақ халқының Абайды құрметтеуі, қадір тұтуы соншалық, белгілі бір мәселелерді дәлелдеген уақытта «Абай атамыз былай айтқан» дегенді айтамыз. Мен, әрбір қазақтың баласы Абайдың томын қолына алып, оның өлеңдері мен шығармаларын оқып, оны өзінің жан дүниесімен сезініп, өзіне есеп берсе, қандай болар деп ойлаймын. Ұлы ақынның нақыл сөздерін оқи атырып, «Осы дүниеде қалай өмір сүремін? Абайдың айтқандарын орындап жүрмін бе, оның сөздерінен белгілі бір шешім жасадым ба, биіктерге талпындым ба, осы айтылғандардың барлығын адам баласы болып дүниеге келгендіктен дұрыс жолға нұсқадым ба?» - деп өзіне - өзі есеп беріп отырса, адамзаттың барлығы ақылдарымен дұрыс жолға түсер еді деп ойлаймын.

А. С. Пушкиннен аударғандары:

  • Онегиннің сипаты.
  • Татьянаның Онегинге жазған хаты.
  • Онегин сөзі.
  • Онегиннің Татьянаға жазған хаты.
  • Татьяна сөзі.
  • Ленский сөзінен.
  • Онегиннің өлердегі сөзі.

М. Ю. Лермонтовтан аударғандары:

  • Бородино.
  • Қанжар.
  • Альбомға.
  • Теректің сыйы.
  • Күлімсіреп аспан тұр.
  • Қайтсе жеңіл болады жұрт билемек.
  • Менің сырым, жігіттер, емес оңай.
  • Шайтан. Вадим. Жалау.
  • Асау той, тентек жиын, опыр-топыр.
  • Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз.
  • Махаббат, достық қылуға т. б.

Абай орыс әдебиетін 1882 жылдан бастап аударған. Ең бірінші аудармасы -

7

орыстың атақты ақыны Лермонтовтың «Бородино» атты патриоттық өлеңінен үзінді. Ең соңғысы - «Вадим» атты Лермонтовтың ұзақ әңгімесінің желісін, оқиғасын алып, өзінше қысқартып жазған поэма.

Абай аудармаларын зерттеушілерден оқып білгенім, қазір орыс әдебиетінен оның елуден аса аударған өлеңдері бар екен. Олардың ішінде лирикасы да, баснясы да (мысал өлеңдер), ұзақ өлеңдері де, сатиралық лирикалары да бар. (Солардың ішінде «Қарға мен түлкі» атты басня екі түрлі нұсқада аударылған) .

Орыстың атақты жазушы-ақындарын аударуда Абай тек қана қазақ емес, бүкіл шығыс елінде елеулі орын алады. Шығыс елінде 1889 жылға шейін Пушкиннің «Онегині» тек Азербайжанда ғана аударылған. Содан кейінгі аударған қазақ -Абай. Қазақпен салыстырғанда, ол кезде үлкен мәдениетті саналатын татар, өзбек, тағы басқа көршілес елдердің бәрінен Сарыарқада жатқан Абай орыстың ұлы ақыны Пушкиннің дүниежүзілік мәдениет мұрасының шаршы төрінен орын алған еңбегінің ұлылық қасиетін танып, Татьянаның үнімен даланы жаңғырықтыруы - қазақ үшін мақтанарлық іс.

Абайдың аудармаларына жалпы шолу жасасақ, ол кез келген ақындардың өлеңдерін аудара бермеген. Таңдап, талғап аударған.

Абайдың аударған өлеңдері не адамгершілік тақырыбына байланысты жаман мінез-құлықты шенеу, жақсылыққа үндеу, не патриоттық үлкен идеяны көксеген өлеңдер, не терең ой, философиялық, не үздік көркем өлеңдер болып келеді. Крыловтың мысалдары, «Теректің сыйы», «Тұтқын», «Татьянаның Онегинге», «Онегиннің Татьянаға» жазған хаттары, тағы басқа осылар тәрізді атышулы өлеңдер. Сөйтіп, Абайдың Пушкин, Лермонтов, Крылов тәрізді орыстың ұлы классиктерін аударуы кездейсоқ емес. Абай аудармаларының тарихи-әлеуметтік мәні үлкен. Өйткені, ең алдымен қазақ жұртшылығы Пушкин, Лермонтов, Толстой, Салтыков тәрізді дүниежүзілік әдебиетінің ірі тұлғаларымен бірінші рет Абай арқылы танысты. Екінші, өзінің зор талант, асқан шеберлігінің арқасында, ұлы ақындардың ұлы еңбектеріндегі үлкен идея, сұқтанар сұлулықты қазақ оқушыларының ой-сезіміне жеткізе аудара біліп, оларға жалпы қазақ халқының жүрегінен жылы орын әперді. Абайдан бергі, әдебиетті сүйетін қазақтардан хат білсін, білмесін «Татьянаның хаты», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Қанжар» (Кинжал), «Жалғыз жалау жалтылдап» өлеңдерін білмейтін қазақ аз шығар. Сөйтіп Абайдың аудармалары алдағы халықтың мәдениеті, үлкен идея, ұлы ақындары мен қазақ халқының жұртшылығы араларындағы дәнекер болды.

Абайдың жастарға үлгі ал, өнеге үйрен деген адамдары қазақ емес, Толстой, Салтыков-Щедрин, т. б. болды.

«Ойында жоқ бірінің

Салтыков пен Толстой,

Я тілмаш, я адвокат

Болсам деген бәрінде ой».

Бұл сөзден Абай өз халқын жек көрді деген ұғым тумайды.

Енді аударманың құрылысы жағына келсек, Абай аудармаларын негізінде

8

екі түрлі деуге болады. Біріншісі - дәл аударма, екіншісі - ерікті аударма. Дәл аудармалары шумақ, бунақ, буын ұйқастарына қарай өзара және екіге бөлінеді. Кейбір өлеңдерді аударғанда, Абай шумағын да, ұйқас түрлерін де берік сақтайды. Орыс өлеңдерінің ырғақ, буындары қазақ өлеңінің буындарына дәл келе бермейді. Өйткені орыс өлеңі тоникалық, не силлабо-тоникалық өлең құрылысына жатады да, қазақтікі силлаболық өлең құрылысына жатады. Сондықтан Абай аударған өлеңдерінің буынын қазақша дәл беруге мүмкін болмаса да, саны жағынан соған жақын келетін өлеңмен аударады. Кейде ұйқастарын, кейде тіпті образдарын да дәлме-дәл шығарады:

Қазақшасы:

«Қараңғы түнде тау қалғып,

Ұйқыға кетер балбырап.

Даланы жым-жырт дел-сал қып

Түн басады салбырап.

Шаңдай алмас жол дағы

Сыбдырламас жапырақ,

Тыншығарсың сен дағы,

Сабыр қылсаң азырақ . . . ». [Абай, ІІ том, 94-бет]

Орысшасы:

«Горные вершины

Спят во тьме ночной,

Тихие долины

Полны свежей мглой.

Не пылит дорога,

Не дрожат листы,

Подожди немного -

Отдохнешь и ты . . . » [227]

Осы өлеңнің, әсіресе соңғы төрт жолын алсақ, орысшасына дәлме-дәл. Әрине алдыңғы жолдарын да дәл емес деуге болмайды. Бір тілден екінші тілге аударғанда, сөз орнын ауыстыру, бір сөздің орнына басқа синонимдер алу - аударманың жалпы заңы. Оның бұдан басқа да бірнеше аудармалары - «Жалғыз жалау жалтылдап», «Қонады бір күн жас бұлт», т. б. жоғарғы келтірген мысалдар тәрізді дәлме-дәл аудармалар. Абайдың дәл аудармаларының және бір түрі деп «Онегиннің сыйпаты» (Пушкин), «Қанжар», «Жолға шықтым», «Терек сыйы», «Дұға», «Өзіңе сенбе, жас ойшыл», «Еврей күйі» (Лермонтов) атты өлеңдерін айтуға болады. Мұнда өлеңнің буын, ұйқасы сақталмайды. Орыс тіліндегі өлеңнің буындарының аз-көбіне қарамай, бәрін де қазақтың он бір буынды қара өлең ұйқастарымен аударады. Лермонтовтан аударғандарының оригиналдары шалыс ұйқас (а-в-а-в-), Абайда (а-а-в-в-) көпшілігінде - қара өлең ұйқасы. «Онегиннен» аудармасы да осылар тәрізді буын ұйқастары сақталмайды. Бірақ бұларды да дәл аудармалардың қатарына қосуға мүмкіндік беретін және бәріне тән бір нәрсе - оригиналдың өзіндегі автордың айтайын деген ойын толық сақтап, ондағы образдарға дәл келетін қазақша образды сөз табу. Жоғарғы аталған өлеңдердің қайсысын алсақ та, осы жүйені берік

9

сақтайды. Мысал үшін Онегиннің орысша, қазақша мінездемесін алалық.

Орысшасы:

«Как рано мог он лицемерить,

Таить надежду, ревновать,

Разуверять, заставить верить,

Казаться мрачным, изнывать,

Являться гордым и послушным,

Внимательным, иль равнодушным!

Как томно был он молчалив,

Как пламенно красноречив.

В сердечных письмах как небрежен!

Одним дыша, одно любя,

Как он умел забыть себя!

Как взор его был быстр и нежен,

Стыдлив и дерзок, а порой,

Блистал послушною слезой!» [228]

Қазақшасы:

«Жасынан түсін билеп, сыр бермеген,

Дәмеленсе, күндесе білдірмеген.

Нанасың не айтса да, амалың жоқ,

Түсінде бір кәдік жоқ алдар деген.

Кейде паң, кейде көнгіш орныменен,

Кейде елеусіз, кейде ынтық формыменен,

Кейде үндемей жүрсе де, сөзге баяу,

От жалындай жауапкер құрбыменен.

Ғашықтық сөзге жүйрік әсіресе,

«Дем алысым құмарым, бір сен» десе,

Жанын құрбан жолына қылған жансып,

Көз қарауы құбылар әлденеше.

Кейде ұялшақ, төменшік, кейде тіп-тік,

Қамыққансып, қайғырып орны келсе . . . »

Бұл өлеңді ұйқасы, не тармақтары (жолдары), буын саны бірдей болмағандықтан, дәл емес деуге болмайды. Мазмұны, сол мазмұнды берудегі образ, сөз мәндері дәлме-дәл. Сондықтан біз мұны дәлме-дәл аударма деп санаймыз. Дәл аударманың осы соңғы түрімен байланысты айтылған «Қанжар», «Дұға», «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз», «Терек сыйы», «Өзіңе сенбе, жас ойшыл», «Еврей күйі» бәрі де «Онегиннің сыйпаты» тәрізді ұйқас, буын сандарын сақтамағанмен, мазмұнын, образдарын бұлжытпай дәл беру әдісімен аударылған. Кейбіреулерінде шумақ, не бірнеше жолдарын Абай аудармай кететіні рас. Бірақ ол - өз алдына мәселе. Менің бұл жердегі айтпағым - ақынның неге аудармағаны емес, аударған жерлерін, өлеңдерін қалай аударғаны. «Онегиннің сыйпатынан» келтірген үзіндінің орысша, қазақшасын салыстыра оқыған адамға дәлдігі айқын. Кім аударса да, бұдан артық дәл, бұдан

артық жанды етіп аудара алуы екіталай.

10

Екінші түрі - ерікті аударма. Бұған жататындар - «Онегиннің Татьянаға жазған хаттары», Крыловтан аударған кейбір мысалдар және қара сөзден өлең еткен «Вадим» поэмасы. Бұлардың негізі ғана орысша. Абай олардың жалпы мазмұнын өз сөзі, өз ұғуынуынша әдемілеп айтып береді. Солардың үлгісін ғана алып, өзінше жазады. Бірақ жалпы сарыны, ізі сақталынады. Кейде өз жанынан сурет, баяндаулар қосып, кейбір жерлерін мүлде тастап кетеді. Кейде орыстың ол кездегі жоғарғы топтарының өмірінде аузына түспейтін сөздерді де Абай Татьянаның аузынан шығарады.

«Қаймақ еді көңілімде,

Бізге қаспақ болды жем.

Екі сөз жоқ өмірімде,

Мен де сорлы, бақыты кем . . . » [Абай, ІІ том, 81-бет]

«Қаймақ пен қаспақ» - «Евгений Онегин» романында мүлде жоғы былай тұрсын, орыстың ол топтарының адамдарының мүлде басына келмейтін сөздер. Абай аудармаларының екінші түрі - осы тәрізді ерікті аудармалы өлеңдер.

Абайдың басқа тілге

аударылған кітаптары

11

ІІ бөлім

Абай неліктен Лермонтовқа соншама ден қойды екен? Бұны біздің зерттеушілеріміз әлі күнге дейін білмей жүр. Абай Лермонтов өлеңдерін аудару барысында әлеуметтік-эстетикалық танымы мен шығармашылық нысанын білдіретін ұғымдардың аттарын аударуда ықшамдау принципін ұстанады. Түпнұсқаның негізгі мазмұнын, мағыналық өзегін сақтауда, сөйтіп автордың ойын жинақтап жеткізуде бұл принцип оңтайлы және едәуір тиімді көркемдік қызмет атқарады. Түпнұсқада үлкен мағыналық жүк көтеріп тұрған мұндай тілдік құралдардың сөзбе-сөз аудармасы аударма мәтіні жүйесіндегі «бөтен сөзбен былғануына» алып келеді. Осы тұрғыдан келгенде, аудармада ықшамдау, жинақтау принципін қолдану да бір жағынан тиімді және мұның өзі айтарлықтай шығармашылық нәтижеге алып келетінін Абай аудармаларынан байқауымызға болады.

Абай аудармаларындағы мазмұны дәлме-дәл аударылған «Менің сырым, жігіттер, емес оңай» («Я не хочу чтобы свет узнал») деген өлеңінің көлемдері екі тілде де 16 жолдан. Бұлай аудару үлкен шеберлікті танытады. Айта берсе, Абай аудармалары шетінен асқан талант иесі екенін дәлелдейді. «Көңілім менің қараңғы, бол-бол ақыл» шығармасы да осындай әсерлі өлеңдерінің бірі. Бұл - Байронның «Моя душа темна» атты туындысын еркін аударған Лермонтов нұсқасы. Абай осы өлеңнің алғашқы сегіз жолын ғана аударған. 1933 жылға дейінгі жинақтарда «бол, бол ақын» «бұлбұл ақын» болып басылып келген екен [2, 261] . Алғашқы басылымдарда «Еврей күйі» деп берілсе, кейінгі басылымдардың барлығында Лермонтовтан деп қана беріліп жүр. Мәтіндерді салыстыратын болсақ . Түпнұсқада:

Душа моя мрачна! Скорей, певец, скорей!

Вот арфа золотая:

Пускай персты твой, промчавчейся по ней,

12

Пробудят в струнах звуки рая.

И если не навек надежды рок унес,

Они в груди моей проснутся,

И если есть в очках застывших капля слез -

Они расстают и прольются.

Аудармада:

Көңілім менің қараңғы. Бол, бол, ақын!

Алтынды домбыраңмен келші жақын.

Ішек бойлап он саусақ жорғаласа,

Бейіштің үні шығар қоңыр салқын.

Егер сорым түбімен әкетпесе,

Керек қой көңілді үміт тебірентсе.

Қатып қалған көзімде бір тамшы жас

Төгілмей ме, бой жылып, ол да ерсе?!

Аударманың сәттілігін айтпаса да түсінікті. Лермонтовтың ойы, көңіл-күйі аудармада анық, дәл түпнұсқадағыдай. Абай «арфа» сөзін «домбырамен», «звуки рая» тіркесін «бейіштің үні» деп қазақ оқырманының тіліне сай етіп өте жатық аударыпты. « Пускай персты твой, промчавчейся по ней» - «Ішек бойлап он саусақ жорғаласа» деген тармақтың да баламасын ұйқасқа қарай да, мағынаға қарай да тауып қолданған. Абай аудармаларына ғалымдар қай кезде де оң пікірлерін беріп келеді. Мысалы, Қ. Бекқожин бұл туралы былай дейді: «Эти и подобные им Абаевские переводы воспроизводят художественные особенности Лермонтовских творений, сохраняют по возможности точно их содержание. «Кинжал», «Пленник», «Дары Терека», «Дума», «В альбом», «Больное сердце бьется тихо» - это те переводы, в которых мы можем особенно сильно почуствовать силу таланта Абая, тонкость его художественного восприятия, истинно поэтическую ценность переведенных им произведений». Қ. Бекқожин осындай ойдан кейін, Лермонтовты аудару арқылы Абай қазақ поэзиясында жаңа классикалық үлгіні дамытқанын айтады.

Алдымен, Лермонтовтың осы сарынына беріле үн қосуын айтпастан бұрын «Абай өзге де келелі шығармаларын аудармауының себебі не екен?»

13

деген сұрақ туындайды. Лермонтов шығармашылығындағы басты сарын - бас бостандығы болса, Абай аудармаларында мұндай ереуілді әуендер кездеспейді. Тек, «Жартастан қыз құлапты терең суға» дегені болмаса. Абай заманында, тіпті қазақ қоғамында, әйел мәселесі болмаса, жеке бастың бостандығы айырықша орын аларлық күйде болған жоқ. Құлдық, крепостнойлық секілді сұмдықтарды Абай көрмесе керек. Сондықтан мұндай сарын Абайды тебірентпесе керек. Абайға керегі, жүрегіне жақыны, жалғыздық, халық қамы:

Жарлы емеспін, зарлымын,

Оны да ойла толғанып,

Жұртым деуге арлымын

Өзге жұрттан ұялып . . .

деп «Отанымды сүйемін мен өзгеше» немесе «Қош, Россия сорынан арылмаған» деген Лермонтов сарынымен сабақтас күңіренеді. Мысалы, «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңіндегі Абай дәл бере білген тұстардан үзінді келтірсек:

Выхожу один я на дорогу:

Сквозь туман кремнистый путь блестит

Ночь тиха. Пустыня внемлет богу

И звезда со звездою говорит -

дегенді Абай былай аударған:

Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз,

Тасты жол жарқырайды бұға амалсыз

Елсіз жер тұрғандай боп хаққа мүлгіп,

Сөйлесіп, ымдасқандай көкте жұлдыз.

Абай өзінің аудармасында ақынның ойын, жан-сезімінің сәулесін, құбылысын еркін түсініп жеткізіп бере алған. Мұнда «пустыня» сөзін «елсіз жер» деп сәтті қолданған.

14

ІІІ бөлім


Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқы жайлы қара сөздері
А. Құнанбаевтың Қараңғы түнде тау қалғып өлеңі
Абай Құнанбаев поэзия
Абай құнанбаев - жазба әдебиеттің негізін салушы. 5-сынып
Абайдың шығармалар жинағы
Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу
«абай мұрасы-халық ұлағаты» (тағылымды кеш)
Сабырсыз,арсыз, еріншек. Абай Құнанбаев
Абайдың Көзімнің қарасы әні
Абай дана, абай дара қазақта (бастауыш сынып)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz