Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті

Файл қосу

Шеберліктің белгісі- түрлі әдісті болу

[pic]

1.Автордың аты-жөні (толық) Нұрсейітова Бағлан Құмарқызы

2. Туған күні, айы, жылы 1966 жыл 27 наурыз

3. Жұмыс орны «Асубұлақ орта мектебі» КММ

Толық мекен-жайы: аудан (қала) ШҚО Ұлан ауданы Асубұлақ аулы Садовская
23/2 телефон 87233878481 (үй) 87719591427 (ұялы)

e-mail bnurseyitova@mail

4. Қызметі : қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі нешінші ІІ деңгей

5. Педагогикалық жұмыс өтілі 26 жыл

6. Оқытатын пәні қазақ тілі және әдебиет

Түсініктеме

Бүгінгі күні әлемдік дамудың жаңа ұстанымдары білім беру жүйесінен күн
сайынғы әлеуметтік, экономикалық, мәдени өзгерістерге тез бейімдеушілікті
талап етіп отырғаны бәрімізге белгілі. «Өмір бойы азық боларлықтай білім
беру» идеясы енді « өмір бойы өздігінен үйрену, яғни Елбасы Н.Ә.
Назарбаевтың Жолдауындағы «өмір бойы білім алу әрбір қазақстандықтың жеке
кредосына айналуы тиіс» деген сөзінің түбінде білім беруді жаңғырту идеясы
жатқанын байқаймыз. Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында экономиканың тұрақты өсуі үшін
сапалы білім беруге қол жеткізуді қамтамасыз ету жолында білім берудің
бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адам капиталын дамыту мақсатында Қазақстан
Республикасының жалпы білім беретін мектептері мұғалімдерінің біліктілігін
арттырудың деңгейлік бағдарламасы бойынша оқуға педагог кадрларды белсенді
тарту болып табылады. (Нұсқаулық хат, 2014-2015 жыл) Сондықтан Кембридж
бағдарламасы бойынша деңгейлік курсты оқып шыққан сертификатталған
мұғалімдерге оқытудың заманауи түсінігіне сай келетін бай білімді игеріп
қана қоймай, оқушы және мұғалім құзыреттілігін жетілдіруге байланысты
оқытудың жаңа стилін іс-тәжірибесіне енгізуді қажет етеді. Соның бірі-
қазіргі кезде бағдарламаның барлық жеті модулі ықпалдастырылған
тізбектелген сабақтар топтамасы- яғни, орта мерзімді жоспарлау.

Бұл орта мерзімді жоспарлау -5-сыныптың қазақ әдебиетінен ІҮ тоқсан
бойынша 22 – сағатқа арнап жасалған. Мектепте оқытылатын пәндер жүйесiнде
орны ерекше болып табылатын әдебиет адамның өмiрге деген көзқарасы мен
эстетикалық талғамын қалыптастыруға үлкен үлес қосады. «Қазақ әдебиетін
жаңаша оқыту-шынайы ұлттық патриотизмді қалыптастырып, рухани болмысымыз
бен идеялық мұратты орнықтырудың бірден-бір тұжырымы. Пәнді оқыту барысында
шәкірттерге білім мазмұнын игертумен қатар, оларға ұлттық тәлім-тәрбиеге
негізделген мәдени құндылықтарды, әдет-ғұрып пен салт-дәстүрлерді таныту,
оқушылардың тілдік қорын байыту, әдеби білімнің жүйелілігі, үздіксіздігі,
сабақтастығы, білім мазмұнының тарихилық сипаты мен пәнаралық байланыс
ұстанымдары басшылыққа алынуы тиіс» делінген. (Нұсқаулық хат, 2014-2015
жыл)

Айтылған міндеттерді және оқушыға білім бере отырып, оның еркiндiгiн,
белсендiлiгiн қалыптастыру, өз бетiнше шешiм қабылдауға дағдыландыру
қазiргi оқытудың басты талабы болып табылатынын, оның сыни тұрғыда ойлауын
дамыту оның танымдық белсендiлiгiн, сабаққа қызығушылығын аттыруға ықпал
ететінін ескере отырылып жасалды .

Орта мерзімді жоспарлауда оқушылар нені білуі тиіс, қандай түйінді
идеяларды түсінуі керек, қандай мәселелерді зерттеп, талдаулары керек,
қандай оқу нәтижелері болу керек , сондай-ақ жеті модуль ықпалдастырылған
сабақта қандай интерактивті әдіс-тәсілдер (стратегиялар), АКТ-ны қолдануға
болатыны көрсетілді.

Бұл жоспарлау өзімнің жеке іс-тәжірибемнен алынғандықтан әр сабақта
міндетті түрде сын тұрғысынан ойлауға үйрету әдістерін қолданамын, себебі
сын тұрғысынан ойлау « Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды
болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік» (МАН, 41-бет)

Атап айтқанда жуан/жіңішке сұрақтар, ИНСЕРТ кестесі, бес жолдық өлең,
кластер құру, ой қозғау, РАФТ, галереяны шарлау, эссе жазу, тор көзді
талқылау,аялдамамен оқу, БҮҮ кестесі, Венн диаграммасын жасау және т.б
бірлескен топтық жұмыста қолданылатын ең белсенді әдістерге жатады.

Сол секілді жоспарға топтық зерттеу- бірлескен жұмыс кіргізілді. Бұл
сабақтарда оқушылар бірлесе отырып белгілі бір мәселені шығармашылықпен
графикалы түрде шешеді. Постерге түсіру кезінде қандай да бір графикалық
органайзерлер – кластер, Венн диаграммасын , Т- кестесін толтыру т.б
әдістерді ұсынған жөн. Бұл тәсіл оқушылардың шығармашылық қабілеттерін
шыңдауға, өз ойын кез келген ортада жеткізе білу машығын қалыптастыруға
көмектеседі.

Сондай-ақ, заманауи қоғамның ақпараттандыру жағдайында мұғалім АКТ-
құзыреттілігін біліп, қосымша ресурстарды пайдалана отырып, соның ішінде
интернет және пән бойынша ақпаратты табу мен өңдеу білігін оқушылардың
бойында қалыптастыруы керек. Сабақта презентация қорғау, слайд жасау,
электронды оқулықпен жұмыс, фильмнен үзінділер алу секілді тапсырма
түрлері де қамтылған.

Бағалаудың ең тиімді тәсілі ретінде эссе жазғызу да оқушының қандай білім
алғандығының және қалай жұмыс жасағанының дәлелі болады. Сондықтан
оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты эссе жазғызу да жоспарда
көрсетілді.

. «Баланы диалогка тарту белсенді жүргізілген жағдайда олардың оқуы
тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары болатыны» дәлелденіп келеді
(МАН, 46-бет) Сондықтан диалогтік оқыту арқылы оқушылардың өзара әрекетін
ұйымдастыру –сабақтың ажырамас бір бөлшегі екенін байқауға болады.

Қорыта келгенде,бүгінгі күні оқу үрдісінің негізін тек интерактивті әдіс-
тәсілдер құрауы керек, сондықтан деңгейлі бағдарламаны бітірген мұғалімдер
өздерінің әдістемесінің төрінен жоғарыда айтылған әдіс-тәсілдер көруі
қажет.

Орта мерзімді жоспарлау

5- сынып. ІҮ тоқсан

Пән: қазақ әдебиеті

« Шеберліктің белгісі- түрлі әдісті болу»

Л.Н.
Толстой

|Сабақтың тақырыбы|Оқыту және оқу |Күтілетін нәтижесі | 7 модульдің |Оқытудың белсенді |Қолданылатын |
| |мақсаттары | |енгізілуі |әдіс-тәсілдері |материалдар, |
| | | | | |көрнекіліктер |
|С. Мәуленов |Оқушылар ақын туралы| | СТО, оқыту үшін |ой қозғау, топта |Оқулық. Қазақ |
|Менің Республикам|мәлімет алады, | |бағалау және |талқылау , |әдебиеті |
| |өлеңнің мәнін |Сабаққа мақсат қоюды, |оқытуды бағалау,|аялдамамен оқу бес |Ақынның портреті |
| |түсінеді, талдау |топта ынтымақтастықпен|АКТ |жолдық өлең |Интернет -қор |
| |дағдысын жетілдіреді,|жұмыс жасауды | | | |
| |пікірлесуге, өз |жалғастырады, сын | | | |
| |ойларын айтуға |түрғысынан ойлау | | | |
| |жаттығады, Отанды |қабілеттерін | | | |
| |сүюге, Қ.Р. |жетілдіреді | | | |
| |рәміздерін | | | | |
| |қастерлеуге, | | | | |
| |елжандылыққа | | | | |
| |тәрбиелеу | | | | |
|С. Жүнісов |Жазушы туралы қысқаша|Топпен жұмыс жасай |АКТ , оқыту үшін |Презентация қорғау,|Интернет-қор |
|Ақырғы бәйге |мәлімет алады,атақты |отырып, презентация |бағалау және |талқылау, бағалау |Қосымша |
| |әнші, ақын, сал-сері |қорғауды және оны |оқытуды бағалау |«Екі жұлдыз, бір |материалдар |
| |Ақан серінің пырағы |критерий бойынша | |тілек» |Папка -жинақ |
| |Құлагердің мерт |бағалауды үйренеді | | | |
| |болуына байланысты | | | | |
| |тарихи дерек бойынша | | | | |
| |мәліметтермен | | | | |
| |танысады | | | | |
|С. Жүнісов |Әңгімені мазмұнына , |Топпен, жұппен |СТО, оқыту үшін | Жуан/жіңішке |Оқулық. Қазақ |
|Ақырғы бәйге |сюжет дамуына |жұмыс жасауды |бағалау және |сұрақтар,зерттеушіл|әдебиеті |
|Сюжеттік талдау |байланысты жеке |жалғастырады, сыни |оқытуды бағалау, |ік әңгіме, топта | |
| |бөлімдерге бөліп, әр |тұрғыдан ойлау |диалогтік оқыту |талқылау, кластер | |
| |бөлімдегі негізгі |қабілеттерін | |құру | |
| |мәселелерді |жетілдіреді | |Тор көзді талқылау | |
| |анықтайды, талдайды, | | | | |
| |өз көзқарастарын | | | | |
| |білдіреді | | | | |
|С. Жүнісов Ақырғы|Жазушының суреткерлік|Сабаққа мақсат қоюды |СТО, оқыту үшін |Постер қорғау |Оқулық. Қазақ |
|бәйге |шеберлігі, тілінің |бірлесіп жұмыс жасауды|бағалау және |(кластер, Венн |әдебиеті |
|Жазушының |көркемдігін |үйренеді |оқытуды бағалау |диаграмассы, Т- | |
|суреткерлік |талдайды,драмалық | |диалогтік оқыту |кестесі) | |
|шеберлігі |тартыс туралы | | |Критерий бойынша | |
| |трагедиялық образ | | |бағалау | |
| |туралы алғашқы | | | | |
| |қарапайым түсінік | | | | |
| |алады | | | | |
|С. Жүнісов | Мерттіккен |Эссе жазу әдісін |Дарынды және |Сұрақтан басталып, |Түрлі- түсті |
|Ақырғы бәйге |Құлагердің және |жетілдіреді, |талантты |сұрақтан аяқталатын|парақтар |
|Эссе « Аты аңыз |Ақанның трагедиялық |түсінгендерін, |балаларды оқыту, |эссе | |
|Құлагер |жан күйін қалай |түйсінгендерін, |СТО |Галереяны шарлау | |
|тұлпарым-ай» |қабылдағандарын |әңгіменің идеясын, |рефлексия жасау | | |
| |жазбаша түрде береді,|жазушының көзқарасын | | | |
| |өз ойларын көркем |жазбаша жеткізе білуді| | | |
| |тілмен жеткізе білуге|үйренеді | | | |
| |жаттығады | | | | |
|Қ. Мырзалиев |Өлеңді талдай отырып,|Сабаққа мақсат қоюды, |СТО, оқыту үшін |Жуан/жіңішке |Оқулық. Қазақ |
|Ана өлеңі |идеясын түсінеді |бірлесіп жұмыс істеуді|бағалау және |сұрақтар, талдау |әдебиеті |
| | |үйренеді, рефлексия |оқытуды бағалау, |Бес жолдық өлең | |
| | |жасауды үйренеді |АКТ, оқыту мен | | |
| | | |оқудағы жаңа | | |
| | | |тәсілдер | | |
|Қ. Жұмаділов |Әңгіменің мазмұнымен |Топпен жұмыс жасауды |СТО, АКТ, оқыту |БҮҮ кестесі, |Оқулық. Қазақ |
|Қозыкүрең |танысады, |жалғастырады, сыни |мен оқудағы жаңа |жуан/жіңішке |әдебиеті |
| |қазақ-қырғыз |тұрғыдан ойлау |тәсілдер, |сұрақтар, талқылау |Интернет қор |
| |халықтары арасындағы |қабілеттерін |оқыту үшін | | |
| |тарихи қалыптасқан |жетілдіреді |бағалау және | | |
| |қарым-қатынастың | |оқытуды бағалау | | |
| |мәнін ашады | | | | |
|Қ. Жұмаділов |Табиғат перзенті |Топпен жұмыс жасауды |СТО, АКТ, |Диалогтік |Оқулық. Қазақ |
|Қозыкүрең |жылқы малына деген |жалғастырады, сыни |оқыту үшін |оқыту-зерттеушілік |әдебиеті |
|Талдау сабағы |сүйіспеншілік |тұрғыдан ойлау |бағалау және |әңгіме, ИНСЕРТ | |
| |көзқарастың |қабілеттерін |оқытуды бағалау, |кестесі, ыстық | |
| |әңгімедегі көрінісін,|жетілдіреді, критерий |дарынды және |орындық | |
| |ұрпақтар жалғастығы |бойынша бағалауды |талантты | | |
| |туралы идеяны |үйренеді |балаларды оқыту | | |
| |талқылайды | | | | |
|Шығармашылық |Шығармадағы екі ел |Топтық бірлескен жоба |СТО, оқыту үшін |Постер қорғау |Флипчарт , |
|жұмыс |арасындағы достықтың |қорғауға үйренеді |бағалау және |(кластер, Т- |түрлі-түсті |
| |идеясын жеткізе | |оқытуды |кестесі) |маркерлер, |
| |біледі | |бағалау,оқытуды |Критерий бойынша |стикерлер |
| | | |басқару және |бағалау | |
| | | |көшбасшылық | | |
|Ж. Нәжімеденов |Өлеңдердегі сенім, |Критерий бойынша |Оқытудағы жаңа |Түсініктеме |Оқулық. Қазақ |
|Сен ақылды болсаң|өнеге - әкенің балаға|бағалауды, топта |әдіс-тәсілдер, |күнделігі, бағалау |әдебиеті |
|екен» |деген сезімін талдау |бірін-бірі бағалауды |сын тұрғысынан |критериийлері, |Электронды оқулық |
|Жаманыңды |арқылы, өз ойларын |жалғастырады |ойлау, АКТ |бесжолдық өлең | |
|көрмесем |жеткізеді, ақынның | | | | |
| |көзқарасын түсінеді | | | | |
|Н.Сералиев Аңсау |Әңгіме туралы ұғымды |Топпен жұмыс жасауды |Оқытудағы жаңа |ЖИГСО, талқылау, |Оқулық. Қазақ |
| |кеңейте отырып, |жалғастырады, сыни |әдіс-тәсілдер, |жуан/жіңішке |әдебиеті |
| |мазмұнымен танысады |тұрғыдан ойлау |сын тұрғысынан |сұрақтар, рефлексия| |
| | |қабілеттерін |ойлау, АКТ | | |
| | |жетілдіреді, критерий | | | |
| | |бойынша бағалауды | | | |
| | |үйренеді | | | |
|Н.Сералиев Аңсау-| Әңгімедегі ана |Критерий бойынша |Оқытудағы жаңа |Жуан/жіңішке |Түрлі-түсті |
|кейіпкерлерге |парасаттылығы мен |бағалауды, |әдіс-тәсілдер, |сұрақтар, талқылау |парақтар |
|талдау |бала бауырмалдығын |шығармашылықпен жұмыс |сын тұрғысынан |Хат жазу, бағалау | |
| |кейіпкерлер бейнесі |жасауды үйренеді |ойлау | | |
| |арқылы ашады | |оқытуды басқару | | |
| | | |және көшбасшылық | | |
|Т. Молдағалиев |Өлеңде көтерілген аса|Сабаққа мақсат қоюды |Оқытудағы жаңа |Презентация қорғау,|Интернет-қор |
|Бауырлар |маңызды мәселе – |бірлесіп жұмыс жасауды|әдіс-тәсілдер, |талқылау, бағалау «|Қосымша |
| |қандас бауырларды |үйренеді |сын тұрғысынан |Екі жұлдыз, бір |материалдар |
| |және оның елжандылық | |ойлау, АКТ |тілек» |Папка –жинақ |
| |мәнін түсінеді | | | | |
|Ф. Оңғарсынова |Ақын туралы мәлімет |Топпен жұмыс жасауды |Оқытудағы жаңа |Презентация-слайд, |Интернет-қор |
|«Оюлар» |алады, өлеңнің |жалғастырады, сыни |әдіс-тәсілдер, |БҮҮ, жуан/жіңішке |Қосымша |
| |мазмұнымен танысады, |тұрғыдан ойлау |сын тұрғысынан |сұрақтар, |материалдар |
| |өз беттерімен талдау |қабілеттерін |ойлау, АКТ, |Эссе «Ғасыр |Папка -жинақ |
| |арқылы өлеңнің |жетілдіреді, критерий |диалогтік оқыту |қойнауынан жеткен |Оқулық. Қазақ |
| |идеясын түсінеді, |бойынша бағалауды | |өнер» |әдебиеті |
| |тақырыпты қорытады, |үйренеді | | | |
| |өз пікірлерін , | | | | |
| |көзқарастарын білдіре| | | | |
| |отырып, ауызша | | | | |
| |қисынды сөйлеуге | | | | |
| |жаттығады, қазақтың | | | | |
| |салт-дәстүрі мен | | | | |
| |өнеріне деген құрмет | | | | |
| |сезімге тәрбиеленеді | | | | |
| | | | | | |
|М. Шаханов Отырар|Өз беттерімен көркем |Сабаққа мақсат қоюды, |СТО, оқыту үшін |Талдау, |Интернет-қор |
| |туындыны оқу, талдау,|бірлесіп жұмыс істеуді|бағалау және |сұрақ/жауап, |Қосымша |
| |бағалауға жетелеу, |үйренеді, рефлексия |оқытуды бағалау, |диалогтік оқу |материалдар |
| |шығармашылық |жасауды үйренеді |АКТ, оқыту мен |Рефлексия «Тор |Папка -жинақ |
| |қабілеттерін, өзін-өз| |оқудағы жаңа |көзді талқылау» | |
| |дамыту, іскерлігін, | |тәсілдер | | |
| |белсенділігін | | | | |
| |жетілдіреді, | | | | |
| |елжандылыққа, Отан | | | | |
| |сүйгіштікке | | | | |
| |тәрбиеленеді | | | | |
|М. Шаханов Отырар|Баллададағы Қайырхан|Топпен жұмыс жасауды |Оқытудағы жаңа | Венн |Оқулық Қазақ |
| |образы, Шыңғыс хан |жалғастырады, сыни |әдіс-тәсілдер, |диаграмасы,РАФТ, |әдебиеті |
| |мен Шағатай |тұрғыдан ойлау |сын тұрғысынан |Критерий бойынша | |
| |бейнелерін талдау |қабілеттерін |ойлау, дарынды |бағалау | |
| |арқылы өлеңнің |жетілдіреді, критерий |және талантты |Рефлексия | |
| |тарихи негізін |бойынша бағалауды |балаларды оқыту |«Бағдаршам» | |
| |түсінеді |үйренеді | | | |
|К.Ахметова |Ақын өлеңіндегі |АКТ-ны тиімді қолдану,|СТО, оқыту үшін |Сурет бойынша сыни |Интернет-қор |
|Қазағым менің |лиризм, өлеңнің |электронды оқулықпен |бағалау және |ойлау, жуан/жіңішке|Қосымша |
| |халықты сүюге, |жұмыс істеуді үйренеді|оқытуды бағалау, |сұрақтар, |материалдар |
| |бірлікке шақырған | |АКТ, оқыту мен |электронды |Папка -жинақ |
| |идеясын түсінетін | |оқудағы жаңа |оқулықпен жұмыс, |Оқулық |
| |болады | |тәсілдер |бағалау «Екі | |
| | | | |жұлдыз, бір тілек» | |
|Шығармашылық |Қазақ халқының өршіл |Сыни тұрғыдан ойлау |СТО, оқыту үшін |Эссе « Мәңгілік ел |Оқулық Қазақ |
|жұмыс- «Қазағым |рухын, көрген |қабілеттерін |бағалау және |идеясы -қазақ |әдебиеті |
|менің» |қасіретін жырлаған |жетілдіреді, критерий |оқытуды бағалау |елінің басты ұраны»| |
| |ақынның идеясын |бойынша бағалауды | | | |
| |жазбаша жеткізеді |үйренеді | | | |
|Д.Дефо Робинзон |«Мәңгілік кітаптар» |Топпен жұмыс жасауды |Оқытудағы жаңа |Фильмнен үзінді |Оқулық Қазақ |
|Крузо |қатарына жататындығын|жалғастырады, сыни |әдіс-тәсілдер, |көру және талқылау,|әдебиеті |
| |және дүниежүзілік |тұрғыдан ойлау |сын тұрғысынан |аялдаммамен оқу, | |
| |мәдениетте биік орны |қабілеттерін |ойлау, АКТ | | |
| |бар шығарма екені |жетілдіреді, критерий | | | |
| |туралы түсінік ала |бойынша бағалауды | | | |
| |отырып, мазмұнымен |үйренеді | | | |
| |танысады | | | | |
|Д.Дефо Робинзон |Кейіпкердің басынан |Топпен жұмыс жасауды |Оқытудағы жаңа |Постер қорғау |Флипчарт , |
|Крузо |кешкен оқиғалары, |жалғастырады, сыни |әдіс-тәсілдер, |(кластер, Т- |түрлі-түсті |
| |оның аралдағы өмірі, |тұрғыдан ойлау |сын тұрғысынан |кестесі) |маркерлер, |
| |еңбекке бейімділік |қабілеттерін |ойлау, дарынды |Критерий бойынша |стикерлер |
| |қасиеттерді талдау |жетілдіреді, критерий |және талантты |бағалау | |
| | |бойынша бағалауды |балаларды оқыту | | |
| | |үйренеді | | | |

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Әлімов А . Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері
Алматы 2013 жыл

2. Әлімов А, Қосанов Б.М, Базарбекова Р.Ж. Интербелсенді әдістеме
Алматы 2010 жыл

3. Жанпейісова М.М Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы
ретінде Алматы 2006

4. Мирсеитова С . Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде
Қарағанды 2011 жыл

5. Мұғалімге арналған Нұсқаулық ІІ деңгей

6.2014-2015 оқу жылында ҚР жалпы орта білім беретін ұйымдарында
ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат
2014 жыл

7.Қазақ әдебиеті . Оқу бағдарламасы 5-9-сынып 2014 жыл

8. 5-сынып. Қазақ әдебиеті

Қосымша

Топтық жұмыста қолданылатын интерактивті әдістер мен тәсілдердің
сипаттамалары

« Мені қолымнан төмен қарай тартпаңыз, жоғары да тартпаңыз, қолым
ауырады. Мен үшін қиналмай, еркін жоғары қарай көтерілетін білім
баспалдағын табыңыз»

Топтық іс-әрекет:

- оқушының оқуға деген қызығушылығының артуы
- іскерлік дағдысының дамуы
- өзіне деген сенімділігінің қалыптасуы
- өздігінен оқып, түйінді мәселелерді іріктеп алу,
сызба, моделін құрастыра алу
- мақсатқа өз бетімен ұмтылуы
- ойлау белсенділігі, тапқырлығы, шешім қабылдау
әрекетінің дамуы
- шығармашылықпен айналысуға талпынысы
- өзіндік пікір айтуы
Бес жолдық өлең, бестармақ немесе синквейн. Ақпаратты түйіндеу, күрделі
ойларды, сезімді және түсінікті бірнеше сөзбен жеткізу қабілеті – үлкен
шеберлік. Ол түсініктік қорға негізделген зерделі рефлексияны қажет етеді.
Синквейн «cing» – бес деген француз сөзінен шығады. Ол бес жолдан тұратын
өлең. Материалды синтездеу тәсілі ретінде қолданылады. Форманың ықшамдығы
ақпаратты түйіндеу, ойды бірнеше маңызды сөздермен, кең және қысқа
сөйлемдермен жеткізу қабілетін дамытады. Синквейн жеке өзіндік жұмыс
ретінде, жұппен жұмыс үшін, сирек топтық шығармашылық ретінде ұсынылуы
мүмкін. Бес жолдық өлең бес жолдан тұрады, ал әрбір жол саны және сөз
таптары белгіленген сөздерден құралу керек
Бірінші тармақ- 1 сөз (зат есім)
Екінші тармақ- 2 сын есімнен тұру керек
Үшінші тармақта 3 етістіктің болуы шарт
Төртінші жол оқушының негізгі сөзді бағалайтын кез келген сөз таптарынан
тұратын төрт сөзден тұрады
Бесінші жол негізгі атаудың басқаша баламасы, оның синонимі болуы керек
Т-кестесі- бір-біріне қарама –қарсы немесе салыстыруға болатын ақпарат пен
пікірлерді келтіруге арналған жазу кестесі.
Кластерлер («жүзім шоқтары»)- идеялар мен ақпараттардың арасындағы
байланыстарды айқындауға арналған жазба кестелер.
БҮҮ (білемін,білгім келеді, үйрендім)- сабақтың басынан аяғына дейін
қолданылатын стратегия. Оқушылар сабақты тиімді меңгеру үшін барлық
рәсімдерді жасай алады-1) не білетіндерін ойға түсіреді, 2) талдайды 3)
сабақта не үйренгендерін түйіндейді.
Венн диаграммасы – оқушыларды синтез/анализ/бағалау жоғары деңгейдегі ойлау
қызметіне әкелетін салыстыра білу қабілетін дамытуда пайдаланылатын

ЖИГСО- оқушылардың бірін-бірі оқытуда көмектесуіне арналған жұмыс түрі.
Мұнда әрбір оқушы материалды толық меңгереді. Олардың әрқайсысы басқадан
үйреніп, басқаны үйретуде белсенді рөл атқарады.

РАФТ- бұл рөл, аудитория,формат (қалып) және тақырып, яғни әртүрлі
тақырыпты тәжірибеден өткізіп, әр түрлі аудиторияға бағыттап, әр түрлі
мақсатқа жауап беріп және қалыпты таңдай отырып, оқушылардың жазу дағдысын
дамытуға мүмкіндік беретін тәсіл.

Ұқсас жұмыстар
Тарих сабағында оқытудың инновациялық әдістерін тиімді қолдану жолдары
Инновациялық технологиялар
Металдар атомының құрылысы
Технологияларды пайдалану арқылы сабақтың тиімділігін арттыру
Білім беру үрдісіне жаңа технологияларды белсенді енгізу
Дидактикалық ойындар - балалардың білімдерін арттырудың құралы
Оқыту сапасын арттыру мәселелері
Қағаз кесінділерінен құрамақтар құрастыру
Практикалық тапсырма
Ұяшықтарды бөлу командасы
Пәндер