Сабақ жоспары :: Қазақ тілі
Файл қосу
Мәтін түрлері. Сипаттау мәтіні
Алматы облысы Талдықорған қаласы
«М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-
гимназиясы мектепке дейінгі шағын
орталығымен» мемлекеттік мекемесінің
бастауыш сынып мұғалімі
Шаужанова Нұржанат Балатұрсынқызы
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Пәні: Қазақ тілі.......
Сыныбы: 2 « А »сынып
Сабақтың тақырыбы : Мәтін түрлері. Сипаттау мәтіні
..........................................................
Сабақтың тақырыбы : Мәтін түрлері. Сипаттау мәтіні.
Сабақтың мақсаты : 1.Мәтін және оның түрлері туралы берілген ұғымды
кеңейту,еске түсіру.Сипаттау мәтінін ажырата
білуге дағдыландыру.
2. Оқушылардың ой - өрісін дамыту,
түрлі тапсырма -
лар орындау барысында танымдық, іскерлік,есте
сақтау ,ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.
3. Оқу мен жазу арқылы оқушыларды
шығармашылық-
қа ,сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : жаңа білім
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,түсіндіру,СТО әдістері,көрнекілік,талдау.
Пәнаралық
байланыс : дүниетану,әдебиет.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
1.1Сабаққа назарларларын аудару.
Балалар ,бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болғалы тұр.Себебі , біздің
сабағымыз күндегідей емес,интерактивті тақтаны пайдалана отырып,
келген қонақтарға өз білімімізді , тәртібімізді көрсете білейік.
Олай болса, балалар сабағымызға сәттілік тілей отырып,өлең шумағынан
бастайық.
1.2. Психологиялық дайындық.
Мен оқушы баламын,
Оқу ,білім аламын.
Мәтін түрін игеріп,
Сабақта белсенді боламын.
Ендеше,отырыңдар. Әр ісімізге мұқият болайық.
II.Қызығушылықты ояту.
2.1Миға шабуыл (жедел сұрақ )
Ендеше, балалар миға шабуыл жасап өткенге көз жүгіртейік.Ол үшін менің
сұрақтарыма жауап берулерің керек.
2.2 Топтастыру
. [pic]
-Өткен сабақта қандай үлкен тақырыппен таныстық? (Мәтін )
-Мәтін неден құралады ? ( Сөйлемнен )
-Мәтін деген не ? ( Жазбаша , ауызша ойды
жеткізу )
-Мәтіннің атауын не деп атаймыз? (Тақырып )
-Мәтін тақырыбы қалай, неге сүйеніп құрылады? (Негізгі ойға ,мазмұнына )
-Қандай сөйлемдер мәтін құрайды? (Бір-бірімен байланысты сөйлемдер
ғана мәтін құрайды )
-Мәтіндегі сөйлемдердің орнын ауыстыруға бола ма? (Жоқ,Мәтіннің құрамындағы
сөйлемдердің өз орны болады )
-Мәтін қандай бөліктерден тұрады? (Басы, негізгі бөлімі,
соңы )
-Әр бөлік қалай жазылады? ( Абзацтан және жаңа жолдан басталып
жазылады.)
-Мәтіннің қандай түрлерін білеміз? (Әңгімелеу, сипаттау,пайымдау )
-Әңгімелеу мәтіні деген не?
2.3Қорытынды.Сонымен,балалар біз сендермен мәтіннің үш түрі бар екенін
білеміз?Соның ішінде әңгімелеу мәтінінде заттың не істегенін,не
қылғанын,қайткені жайлы айтылатынын білдік.Яғни әңгімелеу мәтіні дегеніміз
болған оқиғаны баяндап, әңгімелейді екен
III.Мағынаны ашу Жұмбақ жасыру
Ендеше ,бәріміз тақтаға қарайық.Сендерге мынандай жұмбақ айтқым келіп тұр.
Жұмбақтың шешуі не деп ойлайсыңдар? Үкі( сурет көрсету) [pic]
Оның үкі екенін қайдан білдіңдер ? ( Ол күн көзін көрмейді ,түнде
ғана ұшады)
-Үкі қандай құс ? (Киелі,орман ,дала құсы.)
Дұрыс айтасыңдар балалар,үкінің қанатын ырымдап, әдемілік үшін
домбыраға,бас киімдерге таққан екен.
-Жұмбақта оның жүні, тұяғы, тұмсығы қандай делінген? ( Жүні
жұмсақ,үлпілдеген,тұяғы пышақ сияқты,тұмсығы имек )
Яғни,жұмбақта үкінің қандай құс екенін сипаттап тұр.
-Бұл жұмбақты мәтіннің қай түріне жатқызуға болады? ( Сипаттау)
Ендеше ,балалар сипаттау мәтінінде заттың қандай болатыны жайлы айтылады
,қандай деген сұраққа жауап береді екен
3. 2 Ережемен таныстыру
Демек, балалар сипаттау мәтіні дегеніміз зат немесе құбылысты
суреттеп, сипаттайтын мәтінді айтамыз.
Кез келген затты түріне, түсіне,сапасына,пішініне қарай сипаттайды екенбіз.
Ендеше,балалар сипаттау мәтінін меңгеруге байланысты оқулықтағы жаттығу
жұмыстарына назар аударып,білімімізді кеңейтейік..
3.3Оқулықпен жұмыс
Ай,күнді жазу.
Көркем жазу
1- жаттығу ( Ауызша)
-Екі мәтінді салыстыру
-Қай мәтінде әтеш қызығырақ сипатталған?Оқушы жауабын тыңдау
3.4 Дәптермен жұмыс
2-жаттығу Терме диктанты [pic]
Ө. Тұрманжановтың өлеңімен танысу.
Өлеңді оқушыларға оқыту
-Өлең не туралы айтылған?
-Тиінді ақын өлеңде қалай сипаттағаны жайлы сөздерді ғана теріп
жазамыз.
5. Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Қолымызды созайық,
Бір отырып ,бір тұрып
Біз тынығып алайық,
Алақанды соғамыз ,
Орнымызға қонамыз.
3.6 Тақтамен жұмыс
-Мәтінді оқыту .
-Мәтінге ат қою.
Өз күшіктері жайлы сұрау
Ендеше балалар ,мәтінде Дәурен күшігін қалай сипаттаған .Сол сөйлемдерді
ғана жазу
Интерактивті тақтаға жазу
IV.ОЙ ТОЛҒАНЫС
4.1 Шығармашылық тапсырма
1. Мен қандаймын ? Өзін-өзі сипаттау
Мектепте Ортада Үйде
2.Бүгінгі күнді суреттеу
3.Тірек сөздерден мәтін құрау
Туған жер, Талдықорған, қала, әсем,көшелері,тамаша,табиғат,көше.таза.кең.
4.2 Кестемен жұмыс
Семантикалық карта толтыру
|Мәтін |Тақырыбы |Оқиғаны |Затты,құбылысты |Сөйлемдерден |
|түрлері |болады |баяндайды |суреттейді |тұрады |
|Әңгімелеу | | | | |
|Сипаттау | | | | |
|Пайымдау |? |? |? |? |
V.Үйге тапсырма беру.
Интерактивті тақтадан үй жануарларының суретін көрсету
-Өздеріңе ұнайтын үй жануарларының бірін сипаттап жазып келу.
VI. Бағалау.Оқушылар білімін бағалау.
Балалар, жақсы сөздер айтып ,сабағымызды аяқтайық.
-Келгендеріңізге рахмет!
-Сау болыңыздар!
Қазақ тілі 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жалқы есім және жалпы есім
Мақсаты: а) Оқушылардың зат есім жайлы алған білімдерін кеңейте
отырып, жалқы есім және жалпы есім туралы түсінік
беру.
ә)Оқушылардың ой өрісін дамыту, түрлі тапсырмалар
орындау
барысында танымдық, іскерлік, есте
сақтау,ізденімпаздық
қабілеттерін дамыту.
б)Оқу және жазу арқылы оқушыларды шығармашылыққа
баулу,
ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білім
Сабақтың әдісі: интербелсенді тақта. сұрақ-жауап,түсіндіру, СТО әдіс-
, тері,көрнекілік, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: кестелер, суреттер..
Пәнаралық байланыс :әдебиеттік оқу, дүниетану.
Сабақ барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі
1.1 Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болғалы тұр. Себебі, сабақ
күндегідей емес, интерактивті тақтаны пайдалана отырып, келген қонақтарға
өз білімімізді, тәртібімізді көрсете білейік.
1.2 Тренинг «Тілек шоғы»
Ендеше сабағымызды « Тілек шоғы» деп аталатын тренинг семинарға келген
қонақтарға арналмақ.
- Сіздерге денсаулық
-Шығармашылық табыс
-Отбасылық бірлік
-Адами қарапайымдылық
-Үлкен парасаттылық тілейміз!
Ал мен балалар сендерге сабақтарыңа сәттілік тілеймін! Әр ісімізге мұқият
болайық.
II. Қызығушылықты ояту
2.1 Миға шабуыл( жедел сұрақ)
\
Олай болса, балалар миға шабуыл жасап өткенге көз жүгіртейік.
- Сөз таптары деген не?( оқушы жауабы)
Интербелсенді тақтадан сызба көрсету.
Сөз табы
Зат есім Етістік
Сын есім Сан есім
-Зат есім деген не?( оқушы жауабы)
-Бізді қоршаған нәрселердің барлығын не деп атаймыз?( оқушы жауабы)
-Бізді қоршаған заттар қандай күйде кездеседі?
Деректі заттар, дерексіз заттар
-Деректі заттар деген не?-көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын заттар.
Дұрыс айтасыңдар балалар,айналамыздағы барлық көзбен көрінетін заттар
деректі заттар екен.Олар мұғалім,оқушы, кітап,гүл, парта,мектеп.
-Дерексіз заттар деген не?-Олар елеусіз көзге көрінбейтін, қолға ұстауға
болмайтын затттар.
Олар қандай заттар екен?-жел, ауа, ақыл, ой, арман, қиял,сезім,тілек, ән,
жыр.
Сонымен, балалар зат есім дегеніміз заттың атын, құбылысты білдіретін
сөздер екен.
Ендеше мына тақтадағы кестеге назар аударып қарайық,бұл кестеден зат есім
сөзге кім?не?кімдер?нелер?деген сұрақтары болады.
Зат есім
Сұрақтары Түрлері
Кім?Кімдер? Жалқы есім Жекеше
Негізгі
Не?Нелер? Жалпы есім Көпше
Туынды
Кісі аттары, Деректі,дерексіз
Жер-су аттары, заттар мен ұғымдарды
Жан-жануарларға білдіретін атаулар,
қойылатын аттар жалқы есімдерден басқа зат
есімдер
Бас әріппен жазылады. Кіші әріппен жазылады.
III. Мағынаны ашу
3.1 Кестемен жұмысты жалғастыру
Сонымен зат есімнің бірнеше түрі бар , соның бүгін жалқы есім және жалпы
есім деген түрімен танысамыз.
Таныспас бұрын есімізге түсірейікші, бас әріппен жазылатын қандай сөздермен
танысқан едік?( Оқушы жауабы)
Сөйлем басында,кісі аты жөні, жер-су аттары бас әріппен жазылатыны рас. Ал
бірақ неліктен кісі аты, жер-су аттары бас әріппен жазылатындығы жайлы
бүгінгі сабағымыздағы сендердің мақсаттарың олардың бас әріппен жазылу
себебін танып білу.
Интерактивті тақта. Картамен жұмыс
-Суретте не көріп тұрсыңдар?-ҚР-ның картасы
-Картада нелер бейнеленген?-Қалалар,өзен, көлдер, таулар.
-Қала, өзен, көл, тау аттарын атату.
-Үй жануарларының суреттерін көрсету.
-Осы жануарлардың қайсысына ат қоямыз?( оқушы жауабы)
Дұрыс айтасыңдар ,бұл кісі, қала , жер- су, жан-жануарға ғана тән, осы
заттарға қойылған жеке атауы екен.Осы заттарды атына қарай біз оларды
ажыратады екенбіз.
Қорытынды: олай болса балалар, кісі аты-жөні, жер-су аттары жан-жануарларға
қойылатын атаулар жалқы есім деп аталады .Яғни жалқы есімдер бас әріппен
жазылады.
-Суреттегі Астана, Алматы, Талдықорған-бұлардың жалпы атауы қалай аталады?-
қала
-Балқаш, Алакөл, Қаратал-бұлардың жалпы атауы ше?-өзен,көлдер
-Құлагер, Ақтөс, Марғау-бұлардың жалпы атауы ше?-жан-жануарлар
Қандай туыстық атауларды білесіңдер? әже, ата, аға, әпке, ата-ана т.б
Қорытынды:Сонымен, жалқы есімдерден басқа зат есімдерді жалпы есім дейміз.
Жалпы есімдер кіші әріппен жазылады екен.
IV. Жаңа сабақты бекіту, дамыту жұмыстары
4.1. Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу (Ауызша)
Өлеңді мәнерлеп оқу. Адам аттарын тауып, сұрақ қой. Олар қандай әріппен
жазылған?Аталған батырлар туралы не білесіңдер?
Топтастыру.
Ұлы Отан Жоңғар-қазақ Қазақ-ауыз әдебиеті
соғысы соғысы батырлар жырынан
- Олардың мақсаты не болды?
4.2. Дәптермен жұмыс.
Ай, күнді жазу
Көркем жазу
Аа Аа Аа
Алмас Астана Алакөл Ақтөс
2-жаттығу Терме диктант
Интерактивті тақтаға жаздыру
(мұнай жайлы не білетіндерін сұрау)
Қаныш Сәтбаев- көрнекі қазақ геологы,қоғам қайраткері, академик. Ол
еліміздің қойнауынан көптеген пайдалы қазбалар қорын тапқан.
V. Ой толғаныс.
5.1Шығармашылық тапсырма
1-қатар.Суретпен жұмыс.
Сурет бойынша жалқы есім мен жалпы есімдерді қатыстырып, сөйлем құрастырып
жаз.
2-қатар.Сұраққа жауап бер.
Не қорқақ? Не батыр?
Көз суреті -----------------, Қол суреті -------------------.
( осы сұраққа жауап беретін сөздерді табу, мақал шығуы тиіс.
3-қатар. Оқушы сөйлемдегі сөздерді дұрыс жазды ма?Неден қателесті? Қатесін
тап.
Кішкентай арман әжесімен саябаққа шықты.Биік Таулар көрді.арман әжесіне
арнап әдемі Гүл терді.
5.2 Семантикалық карта
Зат есім түрлері |сұрақтары |Кісі аты |Кіші әріппен жазылады |Жер-су аты
|Бас әріппен жазылады |Мамандық атаулары |Жан-жануар | |Жалқы есім | | |
| | | | | |Жалпы есім | | | | | | | | |Жекеше Көпше | | | | | | | | |VI.
Үйге тапсырма беру.
147-бет 5 жаттығуды орындау,ереже жаттау.
VII.Білімдерін бағалау
Олай болса балалар келген қонақтарымызға жақсы сөздер айтып, сабағымызды
аяқтайық.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz